Гидросфера және оның ғаламдық проблемалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 16:05, реферат

Описание работы

Гидросфера – жердiң сулы қабаты. Оған теңiз және мұхит сулары, құрлық сулары (өзендер, көлдер, батпақ, тоғандар, мұздықтар) жер асты сулары, сонымен бiрге атмосферадағы су буы жатады.
Жер – күн жүйесiнiң ең сулы планетасы. Судың негiзгi қоры мұхиттар мен теңiздерде 97% болады, және олар жер бетiнiң 70% — тең көп бөлiгiн алып жатқан дүниежүзiлiк мұхитты түзедi. Дүниежүзiлiк мұхиттың орташа тереңдегi 4000 м. Теңiз және мұхит суларында көп тұздар ерiген, сондықтан теңiз суының дәмi тұзды-қышқылды және iшуге жарамсыз. Дүниежүзiлiк мұхиттың суы буланса, оның құрамындағы тұз мұхит түбiн 60 м қабатта, ал жердi 45 м қабатта жауып қалатын едi. Теңiз суында бiз тағамға пайдаланатын ас тұзы бар, ол суға тұзды дәм берiп тұр. Ал қышқыл дәмдi магний тұздары бередi. Бiр литр теңiз суында шамамен 35 г тұз бар. Судың тұздылығының тiрi организмдер тiршiлiгiнде үлкен маңызы бар. Тұщы және тұзды су қоймаларының өсiмдiк немесе жануар дүниесi бiр-бiрiнен қатты ерекшеленедi, өйткенi барлық организмдер тұзды суда тiршiлiк ете алмайды.

Файлы: 1 файл

Гидросфера және оның ғаламдық проблемалары.docx

— 39.95 Кб (Скачать файл)

Гидросфера және оның ғаламдық проблемалары

 

 

 Гидросфера – жердiң сулы қабаты. Оған теңiз және мұхит сулары, құрлық сулары (өзендер, көлдер, батпақ, тоғандар, мұздықтар) жер асты сулары, сонымен бiрге атмосферадағы су буы жатады.    

Жер – күн жүйесiнiң ең сулы планетасы. Судың негiзгi қоры мұхиттар мен теңiздерде 97% болады, және олар жер бетiнiң 70% — тең көп бөлiгiн алып жатқан дүниежүзiлiк мұхитты түзедi. Дүниежүзiлiк мұхиттың орташа тереңдегi 4000 м. Теңiз және мұхит суларында көп тұздар ерiген, сондықтан теңiз суының дәмi тұзды-қышқылды және iшуге жарамсыз. Дүниежүзiлiк мұхиттың суы буланса, оның құрамындағы тұз мұхит түбiн 60 м қабатта, ал жердi 45 м қабатта жауып қалатын едi. Теңiз суында бiз тағамға пайдаланатын ас тұзы бар, ол суға тұзды дәм берiп тұр. Ал қышқыл дәмдi магний тұздары бередi. Бiр литр теңiз суында шамамен 35 г тұз бар. Судың тұздылығының тiрi организмдер тiршiлiгiнде үлкен маңызы бар. Тұщы және тұзды су қоймаларының өсiмдiк немесе жануар дүниесi бiр-бiрiнен қатты ерекшеленедi, өйткенi барлық организмдер тұзды суда тiршiлiк ете алмайды.    

Құрлық суларының дүниежүзiлiк мұхит суынан ерекшелiгi: олар тұщы және iшуге жарамды. Оларда да тұздар бар, өйткенi суда ағып өтетiн тау жынысы еридi, бiрақ өзендер мен көптеген көлдердiң суларында 1 л – де 1 г – нан аз тұздар бар, сонымен су бiзге тұщы дәм бередi. Дүниежүзiлiк мұхитпен салыстырғанда құрлық суы гидросфераның 3% су мөлшерiн алып жатыр, сонымен тұщы суға өте ұқыпты қарау керек, оны үнемдеп, ластамау қажет.    

Жерасты сулары жер қыртысында орналасады. Олар тау жыныстарынан ағатын жаңбыр, өзен, көлдер, су қоймаларының суларынан түзiледi. Жерасты сулары тұщы немесе мұзды болады. Олар өте таза, iшуге пайдаланады, әсiресе өзен мен көл аз жерлерде. Топырақтағы суларды өсiмдiктер сiңiредi.    

Мұздықтар құрлықтағы мұздардың табиғи жиналуын айтады. Оларда су қатты түрде болады. Мұздықтар ауа температурасы төмен жерлерде – тау басында, Антарктида да түзiледi. Антарктида бетiн жауып жатқан мұздықтар биiктiгi 4-5 км жетедi. Мұздықтарда тұщы судың үлкен қоры бар. Тұщы және тұзды су атмосферада су буы, газды түрiнде болады. Ауада үнемi су буы бар. Бiз оны көрмеймiз. Бiрақ жоғарғы биiктiкте су буынан бұлттар түзiледi. Олар су тамшылары немесе мұз кристаллдарына айналуын келесi сабақтан бiлесiз.    

Судың жер бетiнде алатын орны орасан. Оның көмегiмен өсiмдiктер өседi, жауын-шашын түседi, гидроэлектростанциялар, фабрика мен заводтар жұмыс жасайды, сусыз адамдар мен жануарлар тiршiлiк ете алмайды. Адамдардың суға табынуы тегiн емес, оны бағалады, зерттедi, аңыздар мен жырларда айтылды.    

Гидросфера –  жердiң сулы қабаты. Оған теңiздер мен мұхиттар, құрлық суы, жерасты сулары, атмосфераның су буы жатады. Су гидросферада қатты, сұйық немесе газды күйде бола алады. Суда минералды тұздар ерiген, сондықтан солардың құрамына қарай тұщы  немесе тұзды болады.

 

Судың булануы. Су буының конденсациясы.

 

Судың булануы – су қоймасынан ылғалдың атмосфераға өту әдiсi, табиғаттағы ең үлкен процесстердiң бiрi. Су Дүниежүзiлiк мұхит, көлдер, өзендер немесе су қоймасының бетiнен буланады. Суды өсiмдiктер көп мөлшерде буландырады. Булану кез келген температурада да жүредi. Жаңбырдан соң сулар жазда да, суық күзде де кебедi, бiрақ олар жазда тез кебедi; жел олардың булануын тездетедi. Шомылып судан шыққанда, ыстық күнде салқындықты сезесiз. Булану адам немесе жануарлар өмiрiнде маңызды роль атқарады, жануарларды немесе адамды қызып кетуден сақтайды.    

Табиғатта керi процесс те өте кең тараған: су буының сұйыққа айналуы – конденсация. Егер ыстық суы бар стаканды жауып қойсақ, бiраз уақыттан соң тарелка бетiнде су тамшылары байқалады. Су буының конденсациясымен күнделiктi өмiрде кездесемiз. Ауа суыған кезде, ауадағы су буы шөптерде, жапырақта немесе басқа заттарда майда су тамшылары ретiнде жиналады — бұл шықтың түсуi. Бұлттар су буы конденсациясының нәтижесiнде түзiледi. Жер бетiнiң немесе су қоймасының бетiнен көтерiлiп, су буы ауаның суық қабаттарында майда су тамшыларынан тұратын бұлттарды түзедi. Егер ауа температурасы төмен болса, су тамшылары қатады. Мұндай бұлттардан қар, кейде бұршақ жауады.

 

 

Арал  дағдарысы 
 
Арал дағдарысы Амудария мен Сырдария өзендерінің суын дұрыс пайдаланбау себебінен туындады. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері - антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды (Шардара). 
 
Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы түздың мөлшері жылына 13—20 млн. т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда - 60%, Қазақстанда-60-70%-ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылықа зиянын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл белдемінің табиғи ландшафтарын бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда. 
Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-дәстүріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде.  
Бұрынғы теңіз түбінен 75 млн. метр куб тұз және улы шаң ұшып жатыр.  
37 жыл (1960-1997 ж) Арал теңізіне 800 км куб өзен суларын құймағандықтан теңіз тереңдігі 17 метрге, көлемі -75%, ауданы 64 мың км 2 тан-30 мың км 2 қа азайған.  
 
Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бүл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы аурулар республиканың басқа өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр. 
Оның біржола жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген Шығыс елдеріннің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек.  
Әлемдік климаттың өзгеруі, шөлге айналу, атмосферадағы ауытқу-шылықтар, антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікірталастар туғызуда. Арал мәселесі туралы халықаралык конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер. 
Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. "Арал тағыдыры - адам тағдыры" болғандықтан оны сақтап қалу аға ұрпақтың болашақ алдындағы борышы. 
 
Балқаштың және Балқаш өңірінің экологиялық   мәселелері 
 
Балқаш көлі - Қазақстандағы ең ірі экожүйелердің бірі. Көл Балқаш -Алакөл ойысында орналасқан. Ауданы - 413 мың км2, оның 113 мың кмнемесе 27 % Синзян Ұйғыр Автономдық ауданының (ҚХР)территориясына кіреді, ұзындығы - 600 км астам, ені - 9-74 км аралығында. Ал ең терең жері - 26 м. Бүл көлдің 1970 жылдардағы сипаты болса, қазір мүлдем басқаша. Жетісу өзен-дерінің ішінде Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендері Балқашқа құяды. 
Балқаш көлі шөлейт және шөл табиғат белдемдерінде орна-ласқандықтан, оның климаты шұғыл континентті болып келеді. Су айдынының булануы өте жоғары. Осыған байланысты судың деңгейі тез өзгеріп отырады. 
Ұзақ жылдар тіршілігі тұрақты болып келген су айдынының қалыпты жағдайы өзгере бастады. Балқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлау себебі Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендерінің мол суының Балқаш көліне жетпей суармалы егістерге жұмсалуынан. Оның үстіне бүрынғы кездерде Аягөз, Биен, Сарқанд және Басқан өзендері Балқашқа қүйып, оның табиғи су деңгейін сақтап отырған. Ал қазір бүл өзендер Балқашқа құймайды. 
Аталған антропогендік жағдайлар Балқаш көлінің жағдайын шие-леністіріп жіберді. Балқаш экожүйесінің одан әрі нашарлауына Іле өзені бойына салынған Қапшағай суқоймасы да әсер етеді. 1970 жылы Қапшағай суқоймасындағы Іле өзенінің суын бөгейтін Қапшағай бөгеті салынды. Оған қосымша Іле өзенін қоректендіріп отырған Шелек өзені Бартоғай бөгетімен бөгеліп, онда көлемі 300 мың мсу жинақталды. Осылайша Үлкен Алматы каналы (БАК) салынды. Каналдың салы-нуына байланысты Шелек өзені Ілеге құюын тоқтатты. 
Балқаш өңірінде Қазақстанның 16 % халқы тұрады, бұнда 24 км кв. өзен ағыны жинақталған.  
Балқаш экожүйесіндегі өзгерістер (әсіресе Қапшағайдан теменгі бөлігі) өте сирек кездесетін Іле тоғайын, өзен жағасындағы шұрайлы жайылымдар мен оның сағасындағы қамыс-қоғаның жойылуына себепші болды. Көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаң жиі көтерілді. Ауа райы өзгеріп, қуаңшылық пен аңызақ желдер үдеді.

Балқаш көлі соңғы жылдары 2 метрге жуық темендеп отыр. Сонымен көл жағалаулары батпақтанып, сорланып, тақырлар мен шөлдерге айналуда. 
Балқаш экожүйесінің фаунасы мен флорасы зардап шегуде. Балық аулау соңғы жылдары 5 есе төмендесе, уылдырық шашу (Қапшағай су қоймасы) тіпті азайды. Сонымен қатар балықтардың Іле бойындағы егіс, көкөніс алқаптарына пайдаланылған пестицидтер, гербицидтер және минералды тыңайтқыштар қалдықтарымен улануы жиі байқалуда. 
Балқаш алабы ит тұмсығы батпайтын тоғайлар, кішігірім көлдер, аралдар, аңдар мен қүстар мекені болатын. Әсіресе 1960 жылдары жылына 1,5 млн-ға жуық бұлғын терісі дайындалатын болса, қазір бұл шаруашылық жойылған. 

Іле бойында және көл жағасындағы  тіршілік ететін кұстардың түрлері  де азайып кеткен. "Қызыл кітапқа" енген аққу, бірқазан, көкқұтан, т.б. құстар қазір өте сирек кездеседі. 
Бұл өңірдегі экологиялық ірі мәселелер қатарына Балқаш көлі бойындағы Балқашмыс комбинаты, Приозер, Ақсүйек кен рудаларын 
1999 жылы "Балқаш көлін құтқару, оның бүгінгісі мен болашағы" атты халықаралық деңгейде экологиялық форум өтті. Онда Балқаш көлін құтқару мәселелері қаралып, нақты шешімдер кабылданды. Оның негізгілері: 
1. Іле өзені бойындағы ендіріс орындарында суды тиімді пайда-лануды реттеу.

2. Қапшағай суқоймасынан Балқашқа  жіберілетін судың үлесін түрақтандыру.

3. Ақдала және Шарын массивтеріндегі  күріш алқаптарын азайту.

4. Жер асты суларын пайдалануды жүзеге асыру.

5. Суармалы жерлердің көлемін шектеу.

 

 

Әлемдік мұхит проблемалары.


Жер бетінің 2/3 бөлігін алып жатқан Әлемдік мұхит - суының салмағы 1,4-1021 кг-ды құрайтын үлкен резервуар. Мұхит суы планетадағы су қорының 97%-ын құрайды. Сондай-ақ Әлемдік мұхит  планета халқының тағам ретінде  пайдаланатын барлық жануарлар белоктарының 1/6 бөлігімен қамтамасыз етеді. Жер  бетіндегі тіршілікті сақтауда негізгі  роль мұхитқа, оның ішінде мұхиттың жағалаудағы  аймақтарына жатады. Өйткені планета  атмосферасына түсетін оттегінің 70% планктондарда жүретін фотосинтез процесінің нәтижесі. Әлемдік мұхит  биосферадағы тепе-теңдікті сақтауда үлкен роль атқаратын болғандықтан, оны қорғау халықаралық экологиялық  өзекті мәселелердің бірі.

Әлемдік мұхиттың зиянды және улы заттармен, мұнаймен және мұнай  өнімдерімен, радиоактивті заттармен  ластануы үлкен алаңдатушылық тудырып  отыр. Ластанудың масштабын мына мәліметтерден  көруге болады: жағалаудағы суларға  жыл сайын 320 млн тонна темір, 6,5 млн тонна, фосфор, 2,3 млн тонна  қорғасын бөлінуде. 1995 жылы тек Қара теңіз бен Азов теңіздерінің өзіне  ғана 7,7 млрд/м3 лас тұрмыстық және өнеркәсіптік ағын сулар төгілген. Әсіресе Персия және Аден шығанақтарының сулары және Балтық теңізі мен Солтүстік  теңіздің сулары да қатты ластанған. 1945-1947 жылдары кеңес, ағылшын және американдық команда басқармалары қолға түскен және өздерінің улы  заттары бар (иприт, фосген) 300 мың  тонна оқ-дәрілері суға батырылды. Суға батыру операциялары асығыс, экологиялық  қауіпсіздік нормалары сақталмай  жасалды. Судың әсерінен қазіргі  кезде химиялық оқ - д ә р і  л е р д ің корпустары қатты  зақымдалды, ал мұның арты жақсылық қа апармайтыны белгілі.

Мұхитты қатты ластаушылардың бірі мұнай жоне мұнай өнімдері. Әлемдік мұхитқа жыл сайын  орта есеппен 13-14 млн тонна мұнай  өнімдері төгілуде. Мұнаймен ластанудың екі түрлі қаупі бар: біріншіден, су бетінде теңіз фаунасы мен  флорасына қажетті оттегіні жібермейтін  пленка түзіледі; екіншіден, мұнайдың өзі жартылай ыдырауы ұзақ уақытқа  созылатын улы зат болып есептеледі. Судың құрамында мұнайдың мөлшері 10- 15 мг/кг жағдайда планктон мен майда  шабақтар қырылып қалады. Үлкен танкерлердің апатқа ұшырауы кезінде мұнай  өнімдерінің суға төгілуін нағыз  экологиялық катастрофа деп айтуға болады.

Әсіресе радиоактивті қалдықтарды (РАҚ) көму кезіндегі радиоактивті ластану  өте қауіпті болып табылады. Алғашында  радиоактивті қоқыстардан арылудың жолы РАҚ-ды мұхиттар мен теңіздерде көму болды. Әдетте бұлар 200 литрлік  бөшкелерге салынып, үстіне бетон құйып  теңізге тастайтын белсенділігі төмен қалдықтар болды. Алғашқы  РАҚ-ды АҚШ Калифорния қаласынан 80 км қашықтықта көмді. 1983 жылға дейін  РАҚ-ды ашық теңіздерге көмуді 12 ел жүргізіп келді. Тынық мұхит суына 1949- 1970 жылдары  арасында РАҚсалынған 560 261 контейнер  көмілген.

Соңғы уақытта Әлемдік  мұхитты қорғауға арналған бірнеше  құжаттар қабылданды. 1972 жылы Лондонда жоғары және орташа деңгейдегі радиациялар  қалдықтарымен теңіздерді ластауды тоқтату бойынша Конвенцияға  қол қойылды. Орташа және төмен деңгейдегі радиоактивті қалдықтарды көму тек  арнайы рұқсатпен жүргізілетін болды. 70-ші жылдардың басынан бері 10 теңізді  бірге игеретін әлемнің 120 мемлекетін біріктіретін БҰҰ-ның «Аймақтық  теңіз» экологиялық бағдарламасы жұмыс  жасап келеді. Аймақтық көпжақты: Солтүстік-Шығыс  Атлантика теңіз ортасын қорғау Конвенциясы (Париж, 1992 ж.); Қара теңізді  ластану дан қорғау бойынша Конвенция (Бухарест, 1992 ж.) және бірқатар басқа  да келісімдер жасалды.

Мұхит ластануы


Мұхит ластануы, Дүниежүзілік мұхиттың ластануы – адамдардың әрекеті нәтижесінде мұхит (теңіз) суларындағы табиғи процестердің бұзылуы. Ластаушы заттардың өте көп мөлшерде жиналуы салдарынан жылдан-жылға мұхиттың өзін-өзі тазарту мүмкіншілігінің төмендеуі – онда тіршілік ететін организмдердің құрып кетуіне немесе шектен тыс көбеюіне алып келеді. Мысалы, теңіз жұлдызының (Asteroіdea) тым көбейіп кетуінен Австралия жағалауындағы Үлкен Барьерлі рифтің түбінде “тікенді шеңбер” қалыптасуда. Сондай-ақ Дүниежүзілік мұхиттың, әсіресе мұнай өнімдерімен ластануы әлемдік мұхит пен атмосфера арасындағы газ алмасу процесіне кері ықпал етеді, соның салдарынан Жератмосферасындағы газ қоспаларының концентрациясы үздіксіз артуда; жағалауға жақын және атыраулық аймақтарды қоса есептегендегі теңіздік ортаға заттардың немесе энергияның тікелей не жанама жолмен түсуі теңіз биотасының дамуына кедергі келтіріп, судың сапасын нашарлатады. Бұл жағдай тірі организмдер мен адамның денсаулығына қауіп төндіреді.

Мұхит шарасы


Мұхит шарасы – Дүниежүзілік мұхит түбі бедерінің және геологиялық құрылымының басты элементтерінің бірі. Мұхиттың абиссаль белдемін қамтиды, жер бетінің ең төменгі гипсометрлік деңгейін (орташа тереңдігі – 4000 м, ең терең жері – 7000 м) алып жатыр. Мұхит шарасының аум. 185 млн. км2-ден астам; бұл – Дүниежүзілік мұхит түбінің 50%-ы. Мұхит шарасы бедерінің аса ірі элементі – мұхит шұңғымасы (орташа тереңдігі 5000 м). Шұңғыма түбінің 80%-ы – төбелі, абиссаль бедерлі аймақ, қалған бөлігі – құрлықтар етегіне ұласатын, тегіс және көлбеулене келген абиссаль жазықтар. Мұхит шарасының жоталық жер бедері негізінен күмбез тәріздес, мұхит көтерілімдерінен құралады. Кейбір су астындағы жоталардан жанартаулар тізбегі кездеседі. Тропиктік айдындардағы мұхит жоталарының шыңдарына теңіз маржандары шоғырланады да, бірте-бірте шағын аралдарға айналады. Көлемді аймақты қамтитын, беті тегістелген көтерілімдер мұхиттық үстірт, терең сулы науаларды қоршап жатқан өңірлер шеткі жондар деп аталады. Мұхит шарасы бедерінен жер қабығының мыңдаған км-ге созылған ірі жарылыстарын (мысалы, Тынық мұхиттың солтүстік-шығыс шұңғымасындағы субендіктік жарылыстар жүйесі) байқауға болады

 

Экологиялық қауіп. 

Экологиялық проблемаларды  түбегейлі шешу - көптеген аспектілері  және бағыттары бар жауапкершілігі мол экологиялық саясат жүргізу  жағдайында ғана мүмкін. Кез- келген шаруашылық іс-әрекет нәтижесінде экологиялық  зардаптардың мөлшерін минималды, мейлінше төмен жасауды білдіретін экологиялық  қауіп концепциясы осы ережелердің  бірі болып табылады.

Бұл жағдайда қоршаған ортаға тигізетін зардаптың қауіптің деңгейі  басты мәселе болып табылады. Экологиялық  қауіп концепциясының талабына сәйкес алдымен адамның тұрмыс-тіршілігі  мен қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін факторлар кешенін анықтау  қажет. Осының негізінде әртүрлі шешімдердің ішінен ең қолайлысы таңдап алынады. Экологиялық қауіп — бұл қазіргі кезде немесе болашақта жоспарланып отырған адамның іс-әрекеті әсерінен, қоршаған табиғи ортаның экологиялық деградацияға немесе тұрақсыз, құбылмалы жағдайға ұшырау ықтималдығы.

Экожүйе өздігінен дамиды, табиғи тепе-теңдік пен жүйенің орнықтылығын бұзатын факторлар болмаған жағдайда өзін-өзі толтырып, қалыпқ а әкеліп отырады. Тепе-теңдікті бұзатын, қауіпті  көздер - табиғи стихиялы құбылыстар (жер  сілкінісі, топан су), тірі табиғат (эпидемиялар, эпизотиялар), сондай-ақ антропогендік  факторлар (авариялар, катастрофалар) болуы мүмкін. Экологиялық қауіп - адам қателігі, адамзат қоғамының  іс-әрекеті нәтижесінде тіршілік ағымының бұзылу ықтималдығы. Жақсартуға талпынамын деп, адам көбіне керісінше  қарама- қарсы нәтиже алып жатады. Бір  жүйені жақсартамын деп, басқа жүйелердің мүмкіншілігін ескере бермейді.

Информация о работе Гидросфера және оның ғаламдық проблемалары