Халықаралық деңгейдегі ғаламдық экологиялық проблемалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2015 в 16:47, курсовая работа

Описание работы

Ғаламдық проблемалардағы аспектілердің бірі геосаяси қауіпсіздік болып табылады. Геосаяси қауіпсіздік бұл белгілі бір аймақ немесе мемлекет мүдделерінің қорғаныстағы күйі. Геосаяси қауіпсіздік мәселелері ұлттық мәселелер шеңберн кеңейтетін түсінік. Өйткені, бұл белгілі бір сегменті болып табылатын жеке бір мемлекеттің қауіпсіздігін аймақтың қауіпсіздігінен тыс қарастыру мүмкін емес. Аймақтағы қаіпсіздік, тұрақытылық бетаылстары сол аймақта орналасқан мемлекеттің қауіпсіздігі мен тұрақтылығына әсерін тигізеді.

Файлы: 1 файл

курстық жұмыс.doc

— 133.50 Кб (Скачать файл)

    Кіріспе

 

Ғаламдық проблемалардағы аспектілердің бірі геосаяси қауіпсіздік болып табылады. Геосаяси қауіпсіздік бұл белгілі бір аймақ немесе мемлекет мүдделерінің қорғаныстағы күйі. Геосаяси қауіпсіздік мәселелері ұлттық мәселелер шеңберн кеңейтетін түсінік. Өйткені, бұл белгілі бір сегменті болып табылатын жеке бір мемлекеттің қауіпсіздігін аймақтың қауіпсіздігінен тыс қарастыру мүмкін емес. Аймақтағы қаіпсіздік, тұрақытылық бетаылстары сол аймақта орналасқан мемлекеттің қауіпсіздігі мен тұрақтылығына әсерін тигізеді.

Геосаяси, аймақтың қауірсіздіктің негізі – аймақтағы геосаяси балансты қамтамасыз ету болып табылады.

Қауіпсіздік пен демократия сынды ұғымдар арасында тығыз байланыс бар.

Бұл байланыс ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі болып табылатын саяси қауіпсіздік арқылы көрініс табады.

Мемлекеттің сыртқы немес ішкі қатерлеріне төтеп беру мүмкіндіктерін демократиялық даму деңгейіне байланысты.

Саяси жүйенің қатерлерге төтеп беру мүмкіндіктерін демократиялық институттардың қоғамға еніп, даму қарқындылығын анықтаушы фактор ретінде қарастыруға болады.

Биполярлық әлемнің күйреп, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін жаңадан қалыптасқан геосаясат контекстінде әлемдік күштер баланысы, жаһандануымен бірге келген беталыстар жаңа пайда болған посткеңістік кеңістіктегі Орталық Азия мемлекеттерінің дамуын айқындаушы, жаңа бағыт қалыптастырушы кезең шеңберінде демократияландыру процесін жүзеге асыру мәселесі туындады.

Өтпелі кезеңді бастан кешкен Орталық Азия мемлекеттері үшін қоғамда демократиялық институттардың пайда болып қана қоймай, қоғам дамуын жеделдетуші құрал ретінде көпфункциональды атқаруы маңызды болып табылатын құбылыс.

Демократияға өту процесі немесе демократизация бұрынғы авторитарлы жүйенің институтары мен принциптерін жоюшы құбылыс ретінде ғана емес, демократия белгілері деп танылған элементтердің үздіксіз өзгерістерге саяси жүйенің адекватты жауап қайтарып, өміршеңдігін қамтамасыз етуші процесс ретінде қарастырылуы қажет.

Демократиға өту әдістері түрлі эволюциялық көпке созылмалы, деструктивті деңгейдегі революционды көпке созылмалы болуы мүмкін.

Әлемдік экологиялық мәселелердің қауіптілерінің бірі биосфераның ластануы болып отыр. Олар - Жер шарының физикалық, химиялық биологиялық сапасының төмендеуімен және экожүйелердегі күрделі өзгерістер арқылы көрініс беруде. Жер бетіндегі мұндай өзгерістерге ірі дауылдар, су тасқындары, жанартаулар атқылауы, жер сілкінуі, теңіздер мен мұхиттар деңгейінің көтерілуі немесе тартылуы, қуыншылық, өрттер және т.б жатады. Адамның табиғатты өзгертудегі байланысты іс-әрекеттері Жер шарындағы тіршілік үшін қауіп тудыратын тоқтаусыз өзгерістерге өмірге алып келетін деңгейге жақындады.

Қоршаған ортаның ластануының артуы, табиғи және жай өмір салтына қайта келу кажеттілік идеясымен, техникалык экономикалық дамуға тиым салумен катар жүретін, «экологиялық дағдарыс» деген ерекше көңіл - күйдің туындауына әкеліп соқты.

Олар коғамдық, әлеуметтік жағдайдың дамуына, ғылым мен техниканы пайдалануда максат туралы түбегейлі сұрақтан өндірістің қозғалысының дәлелдері мен назарды әдейі басқа жаққа аудартады.

Барлық казіргі заманғы ғалымдар, кейбір жақсы көріністерге қарамастан батыста экологиялық жағдай алаңдатарлықтай екендігін түсініп отыр, осы бар мәселелерді сақтап қалудың жолы біреу  пайдасын іздестіру жөне де мүмкіндігінше тезірек қолға алу.

Жер шарындағы экологиялық жағдай күннен - күнге шиеленісе түеуде. Бұрын сонды болмаған саяси әлеуметтік, экономикалық даму үрдістерінен өзіне ыңғайлы бағыттарын таңдап, тығырықтан шығу жолы іздестірілуде. Дүниежүзілік өркениетті елдер арасындағы сауда - саттықпен қарым -қатынастардың молаюы мемлекеттік экологиялық сараптауды күшейтуді кажет етіп отыр.

Экология мен табиғат қорғау ғылымдары бірін - бірі толықтырып отырады. Экология ғылымы табиғатты тиімді пайдалану мен қорғаудың ғылыми  - теориялық негізін жасайды.

Сонымен бірге табиғат ресурстары мен оның құраушыларында экологиялық факторларды қоршаған ортамен және адамның іс - әрекетімен байланыстыра отырып зерттеп, оны жүзеге асырудың негізгі тұжырымдары бекітіледі. Ал табиғат қорғау ғылымы - экология ғылымының негізгі тұжырымдарын жүзеге асыратын мемлекеттік немесе коғамдық игі істер жиынтығы. Экология мен табиғат қорғау ғылымдары бір - бірімен үйлесімді әрекет еткенде ғана табиғат апаттарына жол бермейді. Нәтижесінде, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану меп оны қорғаудың жоспары жүзеге асады.

Соңғы жылдары дүние жүзінде экологиялық жағдайлар шиелінісе түсуде. Оның көптеген себептері бар. Негізгі факторлар, көбінесе адам іс-әрекетінен туындап отыр.

Ең басты мәселелердің бірі - жер шарындағы халық санының артуы. Нәтижесінде, Жер шарының тұрғындарын азық - түлік, шикізат, жылу энергиясы, киім-кешек және тағы басқа материалдық  игіліктермен қамтамасыз ету үшін  қаншама қыруар табиғат ресурстары қажет болып отыр. Оның үстіне соңғы ғасырда адам баласы ғылым мен техниканы игеру жағынан да бұрын - соңды болмаған жетістіктерге жетті.

Әсіресе ғылыми - техникалық прогресстің дамуы, табиғи қорларды барынша пайдалану қоршаған орта жағдайын нашарлатып, адам денсаулығын орасан зор зиян келтіруде. Қазірдің өзінде  Жер шарының көптеген елдерінде азық - түлік, шикізат, су және энергия тапшылығы сезілуде. Бұл жағдай Жер шарының ауа райы қолайсыз, құрғақшылық аймақтарында жиі байқалып отыр. Аталған проблемалар Африка, Оңтүстік Америка, Кіші Азия, Орталық Азия және т.б елдерді қамтып отырғаны белгілі.

Атмосфералық ауаның ластануы адам деңсаулығына және қоршаған табиғи ортаға түрлі әсерін тигізеді.

Қазіргі таңда біздің елімізде халық жағдайын жаксартуға, калалардың жабдыкталу деңгейін көтеруге аса зор көңіл бөлініп отыр. Қалалардың орталықтандырылған жылу және су жабдықтарымен жоғары дәрежеде камтамасыз етілуі, көгалдандырылуы, спорттық – сауықтыру мекемелерінің салынуы халыктың әлеуметтік - тұрмыстық жағдайын жақсартады жэне салауатты өмір салтын қүруға себеп болады.

 

1 Халықаралық деңгейдегі ғаламдық экологиялық проблемалар

1.1  Халықаралық ғаламдық экологиялық проблемалар

Ғаламдық экологиялық проблемалар-әлемді тұтас қамтитын табиғи,табиғи-антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар. Осы құбылыстардың даму процесі жаһандану деп аталады   [1].                                        

Қазіргі танда Халықаралық деңгейде мынадай ғаламдық экологиялық проблемалар бар:

  • Ресурстар проблемасы;
  • Азық-түлік немесе ашаршылық проблемасы;
  • Энергетикалық проблема;
  • Демографиялық проблема;
  • Климаттың өзгеруі;
  • Экологиялық проблемалар;
  • «Үшінші әлем» елдерінің артта қалуын жою;
  • Қауіпті ауруларды жою;
  • Әлемдік мұхит пен космосты игеру;
  • Қылмыспен және терроризммен күрес;
  • Наркобизнеспен күрес.

  Ғаламдық экологиялық проблемаларды ерекше білім саласы - глобалистика зерттейді.

  Аталған ғаламдық проблемалар  өзара тығыз байланысты және  барлығы іс жүзінде жердегі  экологиялық дағдарыстың даму  процесімен қамтылады. Әрбір ғаламдық проблеманы міндетті түрде шешу қажет, өйтпесе оның дамуы апатқа - өркениеттің жойылуына дейін апарып соғады. Ғаламдық проблемаларды шешу үшін ғаламдық, аймақтық, ұлттық бағдарламалар жасалады, бірақ оларға келісушілік және үйлестірушілік жетіспейді. Ғаламдық проблемаларды шешуге жұмсалатын шығындардың жартысына жуығын экологиялық проблемаларды шешу шығындары құрайды. Өйткені басқа проблемалардың ішінде ғаламдық экологиялық проблемаларды ең артықтау проблема деп санайды [2].

  Ғаламдық экологиялық проблемалар - ғаламдық, аймақтық және ұлттық  деңгейлерде айқындалған экологиялық проблемалар кешені. Зор геосаяси проблеманың экологиялық қауіптілігінің мынадай көріністері бар: табиғи экожүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, Әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық әралуандылықтың азаюы және т.б. Олар тек қана барлық елдердің қатысуымен, БҰҰ-ның басқаруымен шешілуі мүмкін. Экологиялық проблемалардың ғаламдығы оны шешу үшін барлық елдердің жігерін жұмылдыру қажеттігін тудырып отыр; қарудың барлық түрлерін азайтпай экологиялық дағдарыстан айырылу мүмкін еместігі; биосфераның жалпыға ортақ ластануына қарай ядролық соғыс ғана емес, тіпті жай соғысты жүргізудің мәнсіздігі; қазіргі өркениеттің технологиялық құрылымын қайта құру, өмір негізі болатын табиғатпен өзара іс-әрекеттің жаңа сапалы әдістері мен құралдарын жасау; қоршаған ортаны қорғау проблемасы бойынша БҰҰ органдары жұмысының тиімділігін арттыру және оларга төтенше өкілеттік беру.

 

  1. Озон қабатының (озоносфераның) бұзылуы

 

Атмосферадағы озонның мөлшері бар болғаны 0,004%-ды құрайды.Стратосферада(10-50 км биіктіктегі) қалыңдығы 2-4 мм-ді құрайтын қабат. Атмосферада электр зарядтарының, Күннің ультракүлгін радиацияларының әсерінен оттегінің молекуласынан (02) озон молекуласы (О3) түзіледі. Озон қабаты биосфераның жоғарғы шекарасы болып есептеледі. Одан жоғары орналасқан қабаттарда тіршілік нышаны білінбейді. Жер бетіндегі барлық организмдердің тіршілігіне қауіпті Күннің өте қысқа ультракүлгін сәулелерін сіңіріп отыруына (6500 есе) байланысты озон қабатын «қорғаныш қабаты» деп те атайды. Озон қабатының 50%-ға бұзылуы ультракүлгін радиацияларды 10 есеге көбейтеді. Озон қабатынан күннің ұзын толқынды ультракүлгін сәулелері (290-380 нм) өтіп кетеді. Біраз мөлшерде тіпті бұл сәулелер адам үшін пайдалы да: терімізді қарайтып күйдіреді, организмнің қорғаныштық қызметі артады. Тал түсте ультракүлгін сәулелердің концентрациясы көп болғандықтан, күнге күйіп қыздырыну процесін шаңқай түске дейін жүргізген жөн [3].

Озоносфераның бұзылуы орны толмас жағдайларға, тері ісік ауруының күрт көбеюіне, көз катарактасына, жүйке жүйесінің әлсіреуіне, мұхиттағы планктонның жоғалуына, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің мутациясына алып келеді.

1980 жылдары Антарктидадағы ғылыми  жұмыс станцияларында жүргізілген  зерттеулерден атмосферадағы озон  құрамының төмендегені байқалған. Осы құбылыс- «озон тесігі» деген атау алды. 1987 жылдың көктемінде Антарктиданың үстіндегі «озон тесігі» барынша үлкейіп, оның ауданы шамамен 7 млн км² -ді құрады, яғни, ауадағы мөлшері қалыпты нормадан 30-50%-ға төмендеген. Антарктидадағы бұл құбылыс қыркүйек- қараша айларында байқалып, маусымның басқа кездерінде озонның мөлшері нормаға жақын болады. Кейін анықталғандай, атмосферадағы озонның мөлшері Солтүстік жарты шардың орта және жоғары ендіктерінде қыс-көктем (қаңтар-наурыз) айларында, әсіресе Европа, АҚШ, Тынық мұхит, Ресейдің европалық бөлігінде, Шығыс Сібір, Жапония үстінде жылдан- жылға азайып келеді. 1992 жылы Оңтүстік Америка құрылығы мен оған жақын кеңістіктерде озон құрамының айтарлықтай төмендегені (50%-ға) тіркелді. 1995 жылы көктемде Арктиканың озонды қабаты шамамен 40%-ға дейін азайған. Сонымен бірге Канаданың солтүстік аудандарында және Скандинавия түбегінің, Шотландия аралдарының, Қазақстанның, Якутияның үстінде «мини-тесіктер» қалыптасқаны тіркелген. Озон қабатының бұзылуы, яғни, «озон тесігінің» пайда болуы биосферада елеулі өзгерістер тудыруы мүмкін. Сондықтан бұл жағдай күрделі экологиялық мәселенің бірі. Озон қабатының бұзылу процесіне ғарыштық аппараттар, дыбыстан да жылдам ұшатын ұшақтар және ондағы толық жанып бітпеген отын өнімдері және ядролық жарылыстардан бөлінген заттар әсер етеді.

Алайда озон қабаты үшін ең қауіпті заттар - үй тұрмысы мен өнеркәсіпте пайдаланатын мұздатқыштар мен аэрозольді баллондарда пайдаланатын фреондар. Осы заттар атмосфераның жоғарғы қабаттарына көтерілгенде қарқынды түрде озонды бұзатын хлор немесе басқа галогендердің атомын түзетін фотохимиялық ыдырауға ұшырайды, ал олар әрі қарай озонның оттегіне айналу процесін жылдамдатады. Дүние жүзі бойынша шамамен 1,3 млн тонна озон ыдыратушы заттар өндіріліп отырған. Оның 35%-ын АҚШ, 40%-ын Европа елдері, 10-12%-ын Жапония, 7-10%- ын Ресей өндіреді [4].

Озон қабатының бұзылуы адам денсаулығы мен қоршаған ортаға өте зиян екендігі ресми түрде де айтылуда. Озон қабатын сақтау үшін халықаралық келісімдер қажет. 1987 ж. Монреаль хаттамасында фреондарды өндіру және пайдалануды бақылау жайында 70 мемлекет арасында келісім жасалды. Ол құжат бойынша озон қабатына қауіпті фреондарды өндіру 2010 жылға дейін тоқтатылуы керек болатын.

 

2.1 Парникті эффект(жылу эффекті)

 

Жанғыш қазбаларды өртеу және басқа да өнеркәсіптік процестер әсерінен бөлініп, атмосферада жинақталатын көмір қышқыл газ (С02), көмірсутектер, яғни, метан (СН4), этан (С2Н6) және т.б. (жоғары концентрациясы болмаса бұл заттар жекелей аса қауіпті емес) газдары парникті эффектінің пайда болуына алып келеді. Парникті эффектінің механизмі қарапайым. Бұлтсыз ауа райы ашық кезде күн сәулелері Жер бетіне оңай жетіп топырақ, өсімдіктер жамылғысымен сіңіріледі. Жер беті қызған соң жылу энергиясын ұзын толқынды сәулелену түрінде атмосфераға қайта береді. Алайда бұл жылу энергиясы атмосферада шашырамай жоғарыда айтылған газдардың молекулаларымен сіңіріліп (С02 жылу энергиясының 18%-ын сіңіреді), молекулалардың қарқынды қозғалысына және температураның көтерілуіне алып келеді. Атмосфералық газдар (азот, оттегі, су парлары) жылу сәулелерін сіңірмей, керісінше оларды шашыратады. С02-нің концентрациясы жыл сайын 0,8-1,5 мг/кг-ға көтерілуде. Зерттеулер бойынша СО2-нің мөлшері ауада екі есе көбейсе, орташа температура 3°С-5°С-қа көтеріледі. Бұл өз кезегінде климаттың ғаламдық жылуына, яғни, Антарктидадағы мұздықтардың жаппай еруіне, Әлемдік мұхиттың орташа деңгейінің көтерілуіне, көптеген жердің су астында қалуына және басқа да жағымсыз жағдайларға алып келеді [5].

 Климаттың ғаламдық жылуы - биосфераның антропогендік ластануының бір көрінісі. Бұл климаттың және биотаның өзгеруі: экожүйедегі өнімділік процестерінің, өсімдіктер қауымдастықтары шекараларының, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігінің өзгеруінен білінеді. Әсіресе климаттық өзгерістер Солтүстік жарты шардың жоғары және орта ендіктерінде қатты байқалады. Бұл аймақтардың табиғаты әртүрлі әсерлерді қабылдағыш келеді, сондықтан да оның қайта қалпына келуі өте баяу жүреді. Болжамдар бойынша, температураның көтерілуі дәл осы жерлерде жоғары болады. Тайганың аумағы кей жерлерде солтүстікке қарай 100-200 км-ге, кей жерлерде одан азырақ жылжиды. Температураның көтерілуіне байланысты мұхиттардың деңгейі 0,1- 0,2 м көтеріледі. Бұл өз кезегінде үлкен өзен аңғарларының (әсіресе Сібір өзендерінің) су астында қалуына алып келеді.

Информация о работе Халықаралық деңгейдегі ғаламдық экологиялық проблемалар