Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2015 в 16:47, курсовая работа
Ғаламдық проблемалардағы аспектілердің бірі геосаяси қауіпсіздік болып табылады. Геосаяси қауіпсіздік бұл белгілі бір аймақ немесе мемлекет мүдделерінің қорғаныстағы күйі. Геосаяси қауіпсіздік мәселелері ұлттық мәселелер шеңберн кеңейтетін түсінік. Өйткені, бұл белгілі бір сегменті болып табылатын жеке бір мемлекеттің қауіпсіздігін аймақтың қауіпсіздігінен тыс қарастыру мүмкін емес. Аймақтағы қаіпсіздік, тұрақытылық бетаылстары сол аймақта орналасқан мемлекеттің қауіпсіздігі мен тұрақтылығына әсерін тигізеді.
Жер бетіндегі адамдардың көпшілігі күнделікті өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға қолайлы қалада тұратыны мәлім. Алайда қалалар негізгі экологиялық мәселелердің де орталығы болып табылады. 2001 жылы тарихта алғаш рет қалалардағы тұратын халық саны планетадағы адамдардың 50%- нан асты. Болжамдар бойынша 2030 жылға қарай қалада тұратын адамдардың саны ауыл тұрғындарының санынан 2 еседей көп болады деп күтілуде. Соңғы ғасыр ішінде қалаларға байланысты ауқымды экологиялық қиыншылықтар байқала бастады, олар:
Қалалық орта экологиясы - қалалық ортаның проблемалары және оларды жетілдіру жолдары туралы кешенді ғылым. Осындай кең көлемдегі мәселелерді шешу оған қатысы бар адамдардың (қала басқарушылары, инвесторлар, архитекторлар, құрылысшылар, қала халқы) экологиялық білім деңгейіне, ғылыми зерттеулерге, бөлінетін субсидияға, азаматтардың қатысуына және олардың ақпаратпен қамтамасыз етілуіне байланысты.
Қазірдің өзінде бірқатар елдерде қалалар алып жатқан территориялардың үлесі көп. Мысалы, Бельгияда - 28%, Англияда - 12%, Данияда - 11% ел территориясы қалалардың үлесіне тиеді. Мұндай үлкен урбанизацияланған аумақтарда қалалар мен табиғат арасындағы экологиялық тепе-теңдікті сақтау мүмкін емес. Әлеуметтік-экономикалық дамуы нашар басқарылатын қалалардың қоршаған ортаға тигізетін жағымсыз әсерлері көбейе түсті.
Урбанизация қазіргі кезде негізгі әлемдік
тенденция болып отыр. 1900-2000 жылдар аралығында
қала халқы шамамен 0,2-ден 2,9 млрд адамға
көбейді. Ал осы уақыт ішінде халық саны
1 миллионная асатын қалалар 17-ден 388-ге
дейін көбейді. Қалалар Құрылықтың аз
ғана бөлігін алып жатыр, алайда мұнда
бүкіл халықтың жартысына жуығы тұрып
жатыр.
Урбанизация процесінің дамуына байланысты
қалалық ортаның көптеген проблемалары
(урбанистикалық, құрылыс- архитектуралық,
технологиялық, әлеуметтік, экологиялық)
пайда болды. Оның ішінде қала саны мен
көлемінің өсуі, өнеркәсіп орындарының,
транспорттың, тұрғындар санының артуы
да бар. Ауыл тұргындарының қалаға көшуіне
байланысты ауыл мен қала тұрғындарының
саны үнемі өзгеріп отырады. Қала халқының
саны және қалалар саны мен көлемдері
де өсуде. Қала халқының сандық пайызы
әлемнің әртүрлі аймақтарында әрқалай.
Ең үлкен көрсеткіштер әлемнің дамыған
елдері - Солтүстік Америка мен Европаның
үлесінде (70%-дан жоғары), ал ең төменгі
көрсеткіш - Азия және Африка елдерінің
еншісінде. Үлкен қалалар өздерінің маңайымен
және кішкене қалалармен қосылып, ұзындығы
жүздеген километрге жететін урбанизацияланған
ареалдардың (мегаполистердің) түзілуіне
алып келді. Қазіргі кезде ең ұзын мегаполис
«Босваш» (Бостон- Вашингтон) 500-дей қаланы
біріктірді. Мұнда АҚШ халқының 20% (45 млн
адам) тұрады. Түнгі уақытта бұл территория
Жер спутниктерінен жарық дақ сияқты көрінеді.
Мұндай урбоареалдардың саны әлемде 10-нан
асты [13].
Қалалардың демографиялык, және экономикалық тұрғыдан өсуі әсерінен экожүйеге техногенді әсердің артуы тек қала маңында ғана емес, олардан біршама қашықтықтарда да біліне бастады. Осыған байланысты қаланың экологиялық жағдайы көптеген өнеркәсіпті қалаларда нашарлап кетті. Қалалар планетамыздың азғана бөлігін алып жатуына байланысты, қалған табиғаттың бөлігін аман сақтап қалуға мүмкіндік бар. Қалалар - адамзаттың болашағы. Аристотель айтқандай - «Біз қалаларды тұрғызамыз, алқалалар бізді қалыптастырады». Урбанизацияның экожүйелер үшін жағымсыз болуы міндетті түрде емес, ал оны экологияландыру жағымды құбылыс. Қала және қалалық орта сонда өмір сүретін халықтың Қажеттіліктерін өтеуге, денсаулығына, өмір сапасына қатты әсер етеді. Сондықтан қазіргі таңда қалалық ортаны экологияландыру адамзат үшін өмірлік қажеттілік болып табылады.
Жер үшін ең үлкен проблема - тез өсіп келе жатқан халық саны. Осы процесті азайту үшін жасалған көптеген әртүрлі әрекеттер іске аспай жатыр. Қазіргі таңда Африка, Азия, Оңтүстік Америка елдерінде «демографиялық жарылыс» орын алуда. Кезінде (XIX ғасырдың бас кезінде) экономист Мальтустың өзі халық санының бақылаусыз өсуі азық-түліктің тапшылығына алып келетінін айтқан болатын. Қазіргі таңда кейбір ғалымдардың айтуынша (мысалы, ағылшындық климатолог-ғалым Джеймс Лавлок) Жер үшін 1 млрд немесе соған жақын халық саны оптималды деп есептейді.
Климаттың өзгеруі бойынша үкімет аралық сарапшылар тобының (IPCC) болжамы бойынша - 2040 жылы Европада жаздың күндері 2003 жылдың жазғы күніндей температура 38°С- 48°С-ты құрайтын болады. Мұндағы негізгі мәселе адамдардың көптеп өлуі емес, өсімдіктер өспей Европада азық-түлікті өсіру тоқтаудың алдында болады - дейді. Бұл ұйым тобының есебінше, 2040 жылы Сахара шөлі Европаның ортасына, тіпті Берлинге дейін жылжиды [14].
Әлеуметтік-экономикалың проблемалар. Азың-түлік тапшылығы. Әлем бойынша астық, ет, балық және басқа тағам түрлерін адам басына шаққанда өндірілуі 1985 жылдан бері төмендеп келеді. Болжамдар бойынша, 2010 жылға қарай бидай мен күріштің бағасы екі еседен аса қымбаттайды деп күтілуде. Бұл кедей елдерде халықтың жаппай ашаршылыққа ұшырауына алып келуі мүмкін.
Азық-түлік тапшылығының басты себебі - 1956 жылдан бері адам басына шаққанда егістік жерлерінің көлемінің қысқарып, басқа мақсаттарға пайдаланылуы және топырақтың эрозияға ұшырауына байланысты. «Жасыл революцияға» байланысты 1970- ші жылдары жаңа сорттарды енгізу, суғару, тыңайтқыштар мен гербицидтерді пайдалану арқылы өнімнің төмендеуі тоқтатылды. Алайда суғару үшін судың тапшылығына байланысты Австралияда, Африкада бұл әрекеттер іске аспады. Қазіргі таңда суғару жұмыстары үшін судың тапшылығы Азияда, Америкада байқалуда. Сондай-ақ балық қоры да күрт азайды. 1950 жылдан 1989 жылға дейін әлем бойынша балық аулау 19 миллионнан 89 миллионға жетті.
Қорытынды
Экологиялық проблемаларды түбегейлі шешу - көптеген аспектілері және бағыттары бар жауапкершілігі мол экологиялық саясат жүргізу жағдайында ғана мүмкін. Кез- келген шаруашылық іс-әрекет нәтижесінде экологиялық зардаптардың мөлшерін минималды, мейлінше төмен жасауды білдіретін экологиялық қауіп концепциясы осы ережелердің бірі болып табылады.
Бұл жағдайда қоршаған ортаға тигізетін зардаптың қауіптің деңгейі басты мәселе болып табылады. Экологиялық қауіп концепциясының талабына сәйкес алдымен адамның тұрмыс-тіршілігі мен қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін факторлар кешенін анықтау қажет. Осының негізінде әртүрлі шешімдердің ішінен ең қолайлысы таңдап алынады. Экологиялық қауіп — бұл қазіргі кезде немесе болашақта жоспарланып отырған адамның іс-әрекеті әсерінен, қоршаған табиғи ортаның экологиялық деградацияға немесе тұрақсыз, құбылмалы жағдайға ұшырау ықтималдығы.
Экожүйе өздігінен дамиды, табиғи тепе-теңдік пен жүйенің орнықтылығын бұзатын факторлар болмаған жағдайда өзін-өзі толтырып, қалыпқ а әкеліп отырады. Тепе-теңдікті бұзатын, қауіпті көздер - табиғи стихиялы құбылыстар (жер сілкінісі, топан су), тірі табиғат (эпидемиялар, эпизотиялар), сондай-ақ антропогендік факторлар (авариялар, катастрофалар) болуы мүмкін. Экологиялық қауіп - адам қателігі, адамзат қоғамының іс-әрекеті нәтижесінде тіршілік ағымының бұзылу ықтималдығы. Жақсартуға талпынамын деп, адам көбіне керісінше қарама- қарсы нәтиже алып жатады. Бір жүйені жақсартамын деп, басқа жүйелердің мүмкіншілігін ескере бермейді.
Техникалық ғимараттар мен коммуникацияларды пайдалану кезінде экологиялық қауіп арта түседі. Республика аумағында құбыр желілерінің зақымдануы, темір жол апаттары, өнеркәсіптегі үлкен авариялар жиі болып тұрады. Мәліметтер бойынша, АЭС-ғы қатерлі жағдайлардың 45%, авиаката- строфалардың 60%, теңіз катастрофаларының 80% адам Қателіктеріне байланысты. Қоршаған ортаның деградацияға ұшырау мен болып жатқан экологиялық жағдайларға бақылаудың жоқ екенін мысал түрінде айта кетуге болады. 1972 жылы қант қамыстарына зиян келтіретін көртышқандармен күрес жүргізу үшін Ямайкаға мангустар (Herpestes) алып келінді. Бірақ ол жануарлардың тек көртышқандарды ғана емес, жергілікті фаунаның көптеген түрлерін де құртып жіберетінін ешкім ескерген жоқ. Бар болғаны 10 жыл ішінде Ямайкада биоценоздарда үлкен өзгерістер жүріп, көртышқандар өздері үшін жаңа экологиялық қуыс тауып дәл бұрынғыдай қант қамысына зиян әкелуде. Ал жергілікті жерде жануарлардлың пайдалы түрлерінің саны күрт төмендеп кетті. Шығыс Африкада леопардтарды (Panthera pardus) жаппай қыру, үй жануарларының қас жауына айналған павиандардың санының кұрт көбеюіне алып келді. Ал Колорадо штатында койоттарды (Canis latrans) қыру фермерлер үшін үлкен проблемаға айналған қояндардың көбеюіне алып келді.
Информация о работе Халықаралық деңгейдегі ғаламдық экологиялық проблемалар