Экологиялық факторлар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2014 в 11:49, реферат

Описание работы

1. Организмдердің тіршілігі үшін негізгі абиотикалық факторлардың экологиялық мәні. Қоршаған ортаның экологиялық сиымдылығы.
2.В.И. Вернадскийдің биосфера және ноосфера туралы ілімі. Тірі зат тұжырымдамасы. Тірі заттың ғаламдық рөлінің анықталуы.
3.Қазіргі атмосфераның қалыптастыруда тірі организмдердің рөлі. Атмосфералық ауанық ластануының себептері мен салдары.
4.Урбандалу проблемалары.

Файлы: 1 файл

экология.docx

— 53.41 Кб (Скачать файл)

Вариант-5 
1. Организмдердің тіршілігі үшін негізгі абиотикалық факторлардың экологиялық мәні. Қоршаған ортаның экологиялық сиымдылығы.

2.В.И. Вернадскийдің биосфера және ноосфера туралы ілімі. Тірі зат тұжырымдамасы. Тірі заттың ғаламдық рөлінің анықталуы.

3.Қазіргі атмосфераның  қалыптастыруда тірі организмдердің  рөлі. Атмосфералық ауанық ластануының  себептері мен салдары.

4.Урбандалу проблемалары.

 
1.Әр тіршілік ортасы ағзаға әсер ететін факторлармен ерекшеленеді. Ағзаға әсер ететін, тіршілік ортасын құрайтын элементтерді экологиялық факторлар деп атайды. 
   Экологиялық факторлар абиотикалық, биотикалық және антропогенді болып бөлінеді. 
   Абиотикалық факторлар.  
   Жарық, температура, ылғалдылық, топырақтың тұздылығы, судың ащылығы, қысым, атмосфералық газдар сияқты өлі табиғаттың құрамды бөліктері. 
   Жарық. Күн сәулесінің спектрінде  биологиялық әсері бойынша ультракүлгін, инфрақызыл, көзге көрінетін сәулелер болып бөлінеді. Ультракүлгін сәулелер аз мөлшерде ағзаларға қажет, өйткені онық бактерияларды жоятын, өсу үрдісін және жасушалардың дамуын әрекеттендіретін, D витаминін түзілуіне әсері бар. Көп мөлшерде мутацияға себеп болуы да мүмкін. Ультракүлгін сәулелердің басым бөлігі озон қабатында шағылысып, жерге жетпейді. 
   Көзге көрінетін сәулелер – фотосинтезге энергия беретін, жердегі тіршіліктің негізгі көзі. Инфрақызыл сәулелер – жылу энергиясының көзі. 
   Өсімдіктерге күн сәулесі фотосинтез үшін энергия көзі болғаны үшін маңызды. Ортаның жарықтығына бейімделуіне байланысты өсімдіктер гелиофиттер (жарықсүйгіш), сциофиттер (көлеңке сүйгіш) және фокультативті гелиофиттер (көлеңкеге шыдамды) болып бөлінеді. 
   Жануралар күндіз немесе түнде белсенді тіршілік ететін болып бөлінеді. Олар үшін жарық – тіршілік белсенділігінің уақытын анықтайтын фактор. 
   Жарықты талап етуіне байланысты өсімдіетерді қысқа күнді (төменгі белдеуде тіршілік ететін) және ұзақ күнді (қоңыржай, биік белдеулерде тіршілік ететіндер) деп екіге бөлінеді. 
   Фотопериодизм – өсімдіктер мен жануарлардың жарықтың түсу ұзақтығына байланысты әрекеттері. Ағзалардағы маусымдық өзгерістер көбінесе жарықтың түсу ұзақтығына байланысты реттеледі. Жарықтың түсу ұзақтығының өзгеруі температура өзгеруімен бірге жүреді. Бірақ жарық температура сияқты кездейсоқ өзгере бермейді. Фотопериодизм құстардың қоныс аударуы, жапырақтардың түсуі сияқты маусымдық өзгерістердің негізі. Қоңыржай белдеулерде тіршілік ететін жануарларға күзгі күннің қысқаруы көбею жағдайына әсер етіп, тоқтатады. Ал көктемгі күннің ұзаруы жануарлардың көбеюіне жағдай жасайды. Күндізгі жарықтың ұзақ уақыт түсуі үй құстарының көбірек жұмыртқа салуына да әсер етеді. 
   Температура. Ортаның температурасы ағзаның температурасына әсер етеді, яғни ағзадағы зат алмасуды құрайтын барлық химиялық реакциялардың жылдамдығына әсер етеді. Негізінен ағзалар 0-(+50)0С аралығында тіршілік ете алады. Бұл цитоплазманың қасиеттеріне байланысты. Ең жоғарғы температура шегі 120-1400С (споралар, бактериялар тірі қалуы мүмкін) ең төменгі температура шегі болып – 190-(273)0С (споралар, тұқымдар, сперматозойдтар шыдай алады) болып табылады. 
   Температураға байланысты ағзаларды криофилдер (температурасы төмен жерлерді мекендейтін) және термофилдер (температурасы жоғары орталарды мекендейтін) деп бөлінеді. 
Ағзалар екі жылу энергиясының көзін қолдана алады: сыртқы күннің жылу энергиясын немесе жердің ішкі жылуын және ішкі – ағзада зат алмасу барысында бөлінетін жылу. 
   Ағзаның жылу балансын реттеуде басым қолданатын энергия көзіне байланысты оларды пойкилотермді және гомойтермді деп бөледі. 
   Пойкилотермді ағзалар – дене температурасы тұрақсыз, қоршаған ортаның температурасына қарай өзгеріп отыратын ағзалар. Олар микроағзалар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар, омыртқасыздар және кейбір омыртқалылар (балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар) жатады. әдетте олардың дене температурасы сыртқы ортаның температурасынан 1-20С - қа жоғары немесе бірдей болады. 
   Гомойтермді ағзалар – дене температурасын сыртқы ортаның температурасынан тәуелсіз тұрақты дәрежеде ұстап тұра алатын ағзалар. Гомойтермді топқа құстар мен сүтқоректілер және адам жатады. 
   Өсімдіктер төмен температураға шыдамдылығына байланысты жылылық сүйетіндер және суыққа төзімділер деп бөлінеді. Жылу сүйгіштерге жүзім, шабдалы, өрік, алмұрт жатса, суыққа төзімділерге мүк, қыналар, қарағай, шырша, самырсын т.б. жатады. 
   Әрбір жеке организмнің өзіне тән температураға деген талабы және шегі болады. Кейбір организмдер температураға төзімділік көрсетеді. Мәселен, балықтар 520С-та, ал бактериялар 800С-та қалыпты тіршілік етеді. Кейбір көк жасыл балдырлар 440С-та өмір сүре береді. Температураның қалыпты мөлшерден кемуі кез келген ағзаның денесіндегі зат алмасуды тежеп, клеткадағы биохимиялық реакцияларды бұзып, одан әрі біртіндеп жасушалар кристалданып, жалпы тіршілігі тоқтайды. 
   Күнге қарай өсімдіктер жасушасындағы цитоплазма суын азайтып, қоюланып, оның органоидтары төмен температураға бейімделіп, төзімді күйге көшеді. 
   Қыс кезінде өсімдіктер спора, тұқым, түйнек, пиязшық, тамыр, жемтамыр, түзу арқылы тыныштық күйге көшіп, төмен температураларға шыдайды. Ал ірі ағаштар жапырағын тастап, бойындағы шырынды заттар қоюланып, қысқа төзімді күйге ауысады. 
   Пойкилотермді жануарлар қолайсыз температура жағдайында қысқы ұйқыға (анабиоз) кетеді. Анабиоз кезінде организм денесіндегі зат және энергия алмасу уақытша тежеліп, баяу күйге көшіп, ең төменгі деңгейде болады. Ал ұйқыға кету кейбір организмдерде (аю) қоректің жетіспеуінен болады. 
   Гомойтермді жануарлар төмен температурадан әр түрлі жолдармен қорғанып отырады. 
   Жануарлар қысы қатты аймақтардан жылы жаққа қарай қоныс ауыстырады (жыл құстары, кейбір сүт қоректілер т.б.). 
Тері жабындыларындағы жүн және май қабаты қалыңдап, қысқа дайындала бастайды (аңдар, құстар, итбалықтар және т.б.). 
Уақытша ұйқыға немесе тыныштық күйге көшеді (суыр, борсық, аю, тышқандар т.б). мұндай  гомойтермділердің дене жылуы ұйқыға кеткен кезде ортаның температурасына тәуелді болғаны үшін олардың  гомойтермділер деп атайды. 
   Су. Су ағзадағы зат алмасуда және жалпы ағзаның қызметтерін дұрыс атқаруын қамтамасыз етеді. Жасушалардағы судың құрамы шамамен 70%. 
   Ылғал көбінесе климаттық, құрылықтың температуралық белдеулеріне, табиғат белдемелеріне байланысты болады. Кей бір жағдайда  ылғал  шектеулі  фактор рөлін атқарады. Ылғалдың жетіспеуі өсімдіктерді өнімді төмендетіп жібереді. Әсіресе шөл, шөлейтті белдеулерде ылғал жетпейді. Ал орман мен батпақты жерлерде керісінше әсер байқалады.  Ылғалдың әсеріне байланысты өсімдіктердің экологиялық топтары төмендегідей жіктеледі. 
   Гидрофиттер – суды  мол қажет ететін, ылғалды ортада өсетін өсімдіктер. Мысалы: қамыс, қоға, күріш, тұғиық т.б. 
Ксерофиттер – шөл, шөлейт, дала сияқты ылғал тапшы аймақтардың өсімдіктері.  Олар қатты ыстыққа және сусыздыққа төзімді болады. Мысалы: сексеуіл, жүзген, жусан, қылша, теріскен, селеу, күйреуік т.б. 
Мезофиттер – ылғалдылығы орташа, жеткілікті аймақтарда өседі. Жапырақтары ашық әрі ірі болып келеді. Мысалы: қайың, алмұрт, шалғындардағы өсімдіктер. 
   Суккулентті – ксерофиттерден де ылғалы тапшы аймақтың өсімдіктері. Олардың жапырақтары немесе сабақтары ішінде су жинап, етжеңді болып келеді. Мысалы: кактус, алоэ т.б. 
   Гидрофиттер – судың ішінде өсетін өсімдіктер. Мысалы: элодея, балдырлар т.б. 
    Су көптеген ағзалардың тіршілік ететін ортасы болып табылады. Су ағзалары мекен ететін су қабатына және тіршілік ету түріне байланысты келесі экологиялық топтарға бөлінген: 
    Планктон – негізінен су ағынымен пассивті түрде орын ауыстыратын ағзалар. Планктонда фитопланктон (бір жасушалы балдырлар) мен зоопланктон (бір жасушалы қарапайымдылар) ажыратылады. 
    Нектон – судың орта қабатында белсенді түрде қозғалып тіршілік   ететін ағзалар. Оларға балықтар, басаяқты былқылдақ денелілер, тасбақалар, киттәрізділер жатады. 
    Бентос – судың түбін және топырақта тіршілік ететін су ағзалары. Оларды фитобентос (бекініп өсетін балдырлар және жоғары сатыдағы өсімдіктер) және зообентос (шаянтәрізділер, былқылдақ денелілер, теңіз жұлдыздары, т.б.) деп бөледі. 
   Перифитон – су өсімдіктерінің сабақтарына және жапырақтарына жабысып тіршіліе ететіндер.  
Ылғалдың жануарлар тіршілігінде маңызы зор. Жануарларға ылғал жетіспегенде, олар әр түрлі бейімделеді. Мысалы: түйе өркешінің майынан метаболиттік су алады, сарышұнақтар ұйқыға кетеді т.с.с. Ал  өсімдіктер жапырақтары транспирациясының азайтады, сексеуіл тамырларын тереңге жібереді т.с.с.

Қоршаған ортаның экологиялық сиымдылығы.?

 

   2. В.И. Вернадскийдің  биосфера және ноосфера туралы ілімі.  Жердiң барлық экожүйелерi планетаның бетiн алып жатқан бiр үлкен экожүйенiң құрамдас бөлiгi болып табылады. Бұл әлемдiк экожүйенi биосфера деп атайды. Биосфера туралы iлiмдi орыс геохимигi В.И. Вернадский жасады. Ол алғаш рет тiршiлiктiң физикалық табиғатқа әсер ету масштабын бағалады.

    В.И. Вернадскийдiң айтуы бойынша, биосфера — жалпы планеталық қабықша, тiрiшiлiгi бар және оның әсерiне ұшырап отырған Жер бөлiгi. Биосфера құрлықтың, теңiздiң және мұхиттың барлық ауданын алып жатыр, және тiрi организмдер қызметiмен жасалынған жыныстары бар Жер бөлiгi кiредi.

   Атмосферада тiршiлiктiң жоғарғы шегi озонды экранмен анықталады — озон газының 16-20 км биiктiгiндегi жұқа қабат. Ол Күннiң қауiптi ультракүлгiн сәулесiн ұстап қалады. Мұхитта тереңдiгi 10-11 км-ге дейiн тiршiлiк бар. Жердiң қатты бөлiгiнiң 3-7 км тереңдiгiне дейiн белсендi тiршiлiк болады (мұнайлы жердегi бактериялар). Организмдердiң қызметiнiң тұнбалы жыныстар түрiндегi нәтижесi одан ары қарай тереңдiкте де болады.

   Тiрi организдердiң миллиард жылдар бойы белсендiлiгi, зат алмасу, өсуi, көбеюi бiздiң планетамыздың осы бөлiгiн өзгерттi. Барлық түрлер организмдерiнiң барлық массасын В.И.Вернадский Жердiң тiрi заты деп атады. Тiрi заттың химиялық құрамына да өлi табиғат құрамына кiретiн атомдар кiредi, бiрақ мөлшерi әртүрлi. Тiрi заттар зат алмасу барысында химиялық элементтердi табиғатқа шығарады. Сөйтiп, биосфера химизмi өзгередi.

  В.И.Вернадский жер бетiнде үздiксiз қызмет ететiн химиялық күш жоқ, сондықтан тұтас алынған тiрi организмдерден басқа өте құдiреттi күш жоқ деп жазды. Миллиардтаған жыл бойы фотосинтездеушi организмдер Күн энергиясының көп мөлшерiн байланыстырып, химиялық жұмысқа айналдырады. Оның қорының бiр бөлiгi геологиялық даму барысында таскөмiр және тағы басқа тыңайған жерiне жиналды. Фотосинтез нәтижесiнде атмосфераның оттегiсi жиналды. Ертедегi Жердегi атмосферада басқа газдар: сутегi, метан, аммиак, көмiрқышқыл газы болды. Оттегi нәтижесiнде озонды экран түзiледi. Бұл газдың молекуласы оттегiнiң 3 атомынан тұрады және молекулярлы оттегiге ультракүлгiн сәулесiнiң әсерiнен түзiледi. Сонымен, тiршiлiктiң өзi атмосферада бұл сәулелердiң көп мөлшерiн ұстап қалатын қорғаныш қабатын түздi.

    Қазiргi атмосфераның көмiрқышқыл газының көп бөлiгi көптеген тiрi заттардың тыныс алу процесiнде немесе органикалық жануда түзiледi. Атмосфералық азот тiршiлiк қызметiнiң нәтижесiнде, яғни бiрнеше топырақ бактерияларының белсендiлiгi нәтижесiнде түзiледi.

   Тiрi заттар көмегiмен Жердiң көптеген тау жыныстары түзiлдi. Организмдер кейбiр элементтердi қоршаған ортадағы мөлшерiне қарағанда, көп мөлшерде сiңiрiп, жинақтайды. Мысалы, көптеген теңiз түрлерi қаңқаларында кальций, кремний немесе фосфорды жинайды, және суқоймаларының түбiнде тұнба жыныстарын: әктас, бор, кремнилi сланц, фосфориттердi түзедi. Мұндай жыныстар органогендi деп аталады, өйткенi оларды тiрi организмдер түзедi.

    Тiршiлiк құрлық бетiнде топырақ қабатын түзедi. Топырақта минералды компоненттер, органикалық заттар және көптеген микро — және микроорганизмдер өзара байланысқан, оны В.И. Вернадский табиғаттың биокосты денелерiне жатқызды. Мұндай биокосты құрам дүниежүзiлiк мұхит суында да бар, ол жерде зат алмасу өнiмдерi мен мекендеушiлер өте көп.

   Тiрi организмдер құрлықтағы тау жыныстарының желденуi мен бұзылуында үлкен роль атқарады. Олар — өлi органикалық заттардың негiзгi бұзушылары. Сөйтiп, тiршiлiк өзiнiң өмiр сүру кезеңiнде Жер атмосферасын, мұхит суынының құрамын өзгерттi, озонды экран, топырақ, көптеген тау жыныстарын түздi. Жыныстардың желдену жағдайы өзгердi, өсiмдiк жамылғысы жасайтын микроклимат үлкен роль атқара бастады, Жер климаты да өзгердi.

 

2.Жер ғаламшарындағы органикалық дүние эволюциясының бірнеше кезеңдерін ажыратады. Бірінші кезең — заттардың биологиялық айналымы пайда болып, биосфераның қалыптаса бастауы. Екінші кезең — тіршіліктің күрделене түсіп, көп жасушалы организмдердің пайда болуы. бұл екі кезеңді ғылымда биогенез, яғни тіршіліктің толық мәнінде пайда болу кезеңі деп атайды. Биосфера эволюциясының үшінші кезеңі — адам қоғамының пайда болуымен ерекшеленеді.

   Биосфера эволюциясының келесі жаңа кезеңі — қазіргі деңгейі. Мұны ғылымда ноосфера кезеңі деп атайды. Грекше "noos" ақыл-ой, сана, "sphaira" — шар деген ұғымды білдіріп, "саналы қабық" деп аталады. Ноосфера — адамның санасы, ақыл-ойы шешуші рөл атқаратын биосфераның жаңа эволюциялық деңгейі.

Ноосфера ұғымын ғылымға 1927 жылы француз ғалымдары Э.Лepya мен П.Тейяр де Шарден енгізді. Олардың ұғымы бойынша ноосфера биосферадан да жоғары деңгейдегі, бүкіл ғаламшарды қамтитын "ойлау қабығы".

   1930—1940 жылдары В.И. Вернадский ноосфера туралы ілімді дамытып, терендете түсіндірді. Ол ноосфераны биосфера эволюциясының жаңа сапалы деңгейі, биосфера мен адам қоғамының байланысында пайда болған деп қорытынды жасады.

В.И. Вернадскийдің пікірі бойынша: "Ноосфера — табиғат пен қоғам заңдылықтары өзара бірігіп әсер ететін біртұтас жоғары жүйе". Биосфераның ноосфераға ұласуы кезінде бүкіл адамзат бірігіп шешетін мәселелерге ерекше көңіл бөлу қажеттігін ғалым атап көрсетті.

   Ноосфера кезінде бүкіл адам баласының ақыл-ойы, санасы, ғылымы және әлеуметтік еңбегі бір арнаға түсуі керек. Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты адамның саналы ақыл-ойы басқарған кезде ғана жеңіске жетеді деп атап көрсетті. Ноосфера кезінде табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыс айқын байқалады. Бұл кезде бүкіл адамзат үшін ғылымды дамытып, табиғаттың да, қоғамның да бір-бірімен үйлесімді өркендеуіне жол ашылу керек. Бұл кезде әрбір жеке тұлғаның да өсуіне көңіл бөлінеді.

   Биосфераның ноосфераға ауысу кезеңіне орыс ғалымы М.И.Будыко терең талдау жасаған (1984 ж.). Ол биосфераның қалыптасуында адамзат қоғамының біртұтас екендігін ұмытпау керектігін ерекше ескертті. Қазіргі кезде ғылыми-техникалық прогресс бүкіл Жер шарын қамтып отыр. Энергияның жаңа көздерін бүкіл адамзат бірлесе отырып, пайдалануға басты назар аудару көзделуде. Ноосфера кезінде Жер бетіндегі барлық халықтың тіршілік деңгейін және қоғамның қажетін көтеру үшін биосфераның қалыпты жағдайын сақтауға айрықша көңіл бөлінеді.

   Соңғы жылдары экологиялық мәселелер — бүкіл адамзатты толғандырып отырған күрделі мәселелердің біріне айналып отыр. Қоғамның өркендеп дамуы, табиғат байлықтарын ұқыпты пайдаланумен тығыз байланысты. Қазір табиғат байлықтарын дұрыс пайдаланбаудан және технологиялық процестердің жетілмегендігінен қоршаған ортаның ластануы адамның денсаулығына да қауіп төндіруде. Адам денсаулығын сақтау, адамның үзақ өмір сүруіне кажетті жағдай жасау — қоғамның басты міндеті. Ол үшін қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімді байланысқа ерекше назар аударылады. Осыған сәйкес казіргі кездегі әлеуметтік экология ғылымының басты мәселесінің бірі—адам денсаулығына зиянды жағдайларды болдырмау.

XX ғасырдың 60-жылдарынан  бастап ауқымды түрде экология  ғылымы да қалыптасып келеді. Оның зерттейтін басты бағыттарына  да әлеуметтік экология және адам экологиясы жатады.

   В.И.Вернадский ноосфера туралы ілімді дамытып, тереңдете түсіндірді. Ол ноосфераны биосфера эволюциясының жаңа сапалы деңгейі, биосфера мен адам қоғамының байланысында пайда болған деп қорытынды жасады. Ғалым биосфераның ноосфераға ұласуы кезінде бүкіл адамзат бірігіп шешетін мәселелерге ерекше көңіл бөлу қажеттігін айрықша атап көрсетті.

   Ұлы Отан соғысы жылдары В.Вернадский Бурабай кентінде өмір сүріп, осы өңірде еңбек етті. Бұл Қазақстан мен Вернадский арасындағы тағы бір дәстүрлі сабақтастықты білдірсе керек. Біздің өңір Кеңес Одағы кезінде өздерінің тың идеяларымен еліміздің дамуына ерекше серпін берген ғалымдардың еңбек етуіне жағдай туғызды. Бұл туралы ол өз күнделігінде Бурабайдың көркем табиғаты мен тұрғындарының ғылыммен айналысуыма игі ықпал етті деп жазады.

   В.Вернадский Қазақстанда ғылымның дамуына, ғылыми идеяларының өркендеуіне дем беруші тұлға ретінде зор беделге ие болды. Осы жылдары ол «ХХ ғасырда ғылым дамуында жердің геологиялық құбылыстарындағы кеңістік жағдайы туралы»,          «Ноосфера туралы» сияқты белгілі еңбектерін жазды. Сондай-ақ, ол академик Қаныш Сәтбаевтың Қазақ ғылым академиясының тұңғыш президенті болып тағайындалуына бірден-бір ықпал етті. Тарих оның осы шешімінің дұрыстығын дәлелдеді, көрнекті ғалым Қаныш Сәтбаев елімізде геология, геохимия ғылымдарының дамуына зор үлес қосты. Оның еңбектерінің арқасында қазіргі күні ел экономикасы үшін стратегиялық маңызға ие болып отырған кен орындары ашылды.

    Тұрақты даму тұжырымдамасының мәні – жаңғыртылған және жаңғыртылмаған табиғи ресурстарды тиімді пайдалану. Яғни, ноосфера туралы ілімнің негізі биосфера және адамзат бірлігі болып табылады. Табиғат адамға өз әсерін тигізіп қоймайды, қарама-қарсы әсер де бар. Бұл әсер адамзат арқылы дұрыстап ойластырылған жағдайда ноосфераға өтуіне негізгі фактор болып табылады. Ноосфера туралы ілімнің негізі биосфера және адамзат бірлігі болып табылады. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Ол әрқашан табиғаттың құрамында болады, табиғат адамға өзіндік әсерін тигізеді. Бұл жағдай адамзаттың тарихи дамуының биосфера эволюциясындағы рөлін, оның ноосфераға өту мүмкіндігін көрсетеді.

Топырақ құнарлылығын жақсарту мақсатында университетімізде Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығы маңызындағы жерлерді тиімді пайдаланудың 2012-2015 жылдарға арналған бағдарламасы жасалды. Аталған бағдарламада өңірдегі топырақ қабатының жағдайына сараптама жасалды, егістік жерлердегі топырақ қабатының нашарлауы мен топырақтың қолайсыз факторларға тұрақтылығының төмендеуінің негізгі себептері анықталды, топырақ құнарлылығын сақтау және ауыл шаруашылығы маңызындағы жерлерді тиімді пайдалануға байланысты шаралар жүргізілді.

   Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің 2012 жылдың 27 желтоқсандағы №11-8/г-1813 және Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігі Ғылым комитетінің 2012 жылдың 30 қаңтарындағы №26/04-5 шешімімен университетімізде В.И.Вернадский атындағы «Ноосфера» Еуразиялық даму орталығы құрылды. Қазір қоғамның тұрақты дамуы тікелей экономика мен саяси жағдайларға байланысты екені белгілі. Ал, экономика ғылымсыз дамымайтыны анық. Сол себепті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті отандық ғылымды дамытуда кешенді жұмыстарды қолға алып, көптеген жобаларды жүзеге асырып келеді. Бұл ретте біздің орталыққа жүктелген міндеттің салмағы ауыр екенін түсінеміз. Өйткені, оқу орнының қабырғасында тәлім алған жастар ертеңгі күні үлкен азамат болып, елтұтқаға айналары сөзсіз.

Оқу орнының студенттері мен магистранттары В.Вернадскийдің шығармашылық мұрасын зерттеуге өз үлестерін қосып келеді. Жыл сайын ғылыми-практикалық  конференциялар өткізіледі. Студенттер Әлия Назарбаеваның «Жандану» атты деректі фильмін талқылауға арналған семинарға қатысты. Осы семинарда мен аталған тақырыпта  баяндама жасадым.

  «Экология» мамандығы бойынша бакалавриат және магистратура оқу бағдарламасы шеңберінде «В.И.Вернадскийдің биосфера және ноосфера туралы ілімі» тақырыбында лекция оқылады. Университет ректоры С.Елубаевтың басшылығымен халықаралық Темпус бағдарламасы шеңберінде бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Осы ретте, В.Вернадский атындағы «Ноосфера» Еуразиялық тұрақты даму орталығын  университетіміздің  жаңа жобасы деуге әбден негіз бар. «Ноосфера» орталығының мақсаты – ерекше қорғауға алынған табиғи аймақтарды қорғау және осы аймақтардағы қоршаған ортаның жай-күйіне байланыс-ты бірыңғай жүйелі мониторинг жүргізу,  мемлекеттік  табиғи-қорық қорын «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағын қорғау және қалпына келтіру, экологиялық қауіпсіздік және табиғатты тұрақты пайдаланудың маңызды мәселелері бо-йынша толыққанды ғылыми зерттеулермен қамтамасыз ету.

Информация о работе Экологиялық факторлар