Биыл әлемдік қауымдастықта
кеңес геологы, геология-химияның негізін
қалаушы, ғұлама ғалым Владимир Вернадскийдің
150 жылдығы атап өтілуде. Осы ретте, біздің
университетімізде де бірқатар іс-шаралар
өткізілді. Облыстық ішкі саясат басқармасының
қолдауымен биылғы жылдың қыркүйек айында
«В.И.Вернадский идеялары негізінде Қазақстан
Республикасының тұрақты дамуының маңызды
мәселелері» атты ғылыми семинар, қазан
айында «В.И.Вернадскийдің ноосфера туралы
ілімі және Қазақстан Республикасының
жаһандық энергия-экологиялық стратегиясы»
тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық
конференция, қараша айында «Академик
В.И.Вернадский идеяларын жүзеге асыруда
қоршаған ортаны қорғаудың маңызды мәселелері
және «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи
паркі қорын тиімді пайдалану» атты дөңгелек
үстел өткізу жоспарлануда.
Соңғы жылдары экология бүкіл
адамзатты толғандырып отырған күрделі
мәселелердің біріне айналып отыр. Қоғамның
өркендеп дамуы табиғат байлықтарын ұқыпты
пайдаланумен тығыз байланысты екендігі
белгілі. Осы ретте, болашақта да В.И.Вернадский
ілімін жалғастырар жас ғалымдар шоғырын
тәрбиелеу жолында ғылыми ізденістерімізбен
Қазақстанның келешегі келісті, өркениетті
мемлекет болуына өз үлесімізді қоса береміз
деген ойдамын.
В.И.Вернадский - биосфера
туралы ілімнің негізін калаушы. Биосферада
тірі заттың әлемдік ролін аныктау.
Тірі организмнің анорганикалық
материядан пайда болуы жайында тікелей
экспериментті түрде алынған материал
болмағандықтан мұны шешу ғалымдарға
оңай түскен жоқ. Идеалистер ең алдымен
діни ұғымдарды таратуға ұмтылды. Тірі
организмдер құдайдың құдыретімен пайда
болды деген терминді ұсынды. Өсімдіктерді,
жан-жанурларды, адамдарды өлі инертті
заттардан қазіргі біздің көріп жүргеніміздей
толық бейнелі түрінде құдай жаратты деп
соқты. Грек оқымыстысы Аристотель де
тірі организм өзінен-өзі кенеттен пайда
болады дегеннен саяды. Адамзат құрттар,
молюскалар немесе шіріген заттардан
пайда болды деп түсіндіреді. Бірақ Франческо
Редидің жүргізген зерттеу жұмыстары,
тірі организм өзінен-өзі кенеттен пайда
болды деген ұғымды жоққа шығарды. Ол жас
етті алып, оны стаканға салып, бетін дәкемен
жауып қойды. Ешбір тірі заттың пайда болғаны
болмайтынын дәлелдеп шықты.
Луи Пастер бактериялардың
өршитін тұқымынан микроорганизмдер дамитынын
бірден білді. Сонымен тірі организм ешқашан
да өзінен-өзі дамимайтыны белгілі болды.
Ф.Энгельс : «Табиғат
диалектикасында» материалистік тұрғыдан
тіршіліктің пайда болуының жалпы сипатын
берді. Материал еш уақытта да тыныштық
қалыпта болмайтынын, ол үнемі қозғалыста
болып, дамып отыратынын айтты. Материя
өзінің дамуында әр уақытта жаңа күрделі
түрге көшеді деп қорытынды жасады ол.
Планетадағы ағзаның барлық
жифнтығын В.И.Вернадский тірі ағза деп
атады. Оның негізгі сипаттамасы ретінде
массаның химиялық құрылымы мен энергиясының
жиынтығын қарастырады.
В.И.Вернадский биосфера заттекті
геологиялық жағынн кездейсоқ емес әр
түрлі 7 бөлшектен тұратынын атап өтсе
: тірі заттек, тіршілікті заттегі, өлі
заттегі, биологиялық енжан заттек және
т.б.
В.И. Вернадский анықтамасы
бойынша өлі енжан заттек деп түзілуіне
тірі организмдер қатынасын биосферадағы
заттектер жиынтығы заттектер.
В.И.Вернадский биосфераның
жердің ғаламдық біртұтас жүйесі ретінде
көзқарасты жасады. Бұл жүйеде геохимиялық
және энергетикалық өзгерістердің жүруі
тіршілікпен анықталады. В.И: Вернадский
тірі ағзалардың геологиялық рөлі туралы
ілімнің негізін қалады.
Тірі зат бірқатар өзіне
тән қасиеттерге ие бола отырып, биосферада
белгілі бір биогеохимиялық функциялар
атқарады.
Тірі затқа тән қасиеттер :
- Биосфералық тірі заты энергияның
үлкен қорымен сипатталады.
- Тірі және өлі заттың айырмашылығы
химиялық реакциялардың жылдамдығынан
көрінеді.
- Тірі затты құрайтын химиялық
қосылыстар-ақыздар, ферменттер және тағы
басқалары тек ағзаларда ғана тұрақты
болады.
- Ерікті қозғалу биосферадағы
кез-келген тірі затқа тән белгі.
- Тірі зат өлі затқа қарағанда
біршама жоғары морфологиялық және химиялық
көп түрлілікпен сипатталады.
- Биосферадағы тірі зат мөлшері
әр түрлі жеке ағзалар түрінде болады.
Ең ұсақ вирустардың мөлшері 20 нм-ден
аспаса, ең ірі жануар – киттердің ұзындығы
33 м-ге , ең биік ағаш секвойя 100 м-ге жетеді.
3.Атмосфералық ауаны
қорғау
Адамзат қоғамы табиғаттың
бір бөлігі, ол онымен үнемі байланыста
болған күнде ғана тіршілік ете алады.
Адамның өмірі үшін ең басты қажеттің
бірі-ауа. Өйткені, барлық тірі организмдер
атмосфералық ауамен тыныс алады. Адам
тамақсыз бес жетіге, сусыз бес күнге,
ал ал ауасыз бес минутқа ғана шыдай алады
екен. Егер адам тәулігіне 4-5 литрдей су,
тамақ ішетін болса, дем алғанда 23-24 л ауа
жұтады. Дем алатын оттегін қалай пайда
болғаны туралы толық ғылыми деректер
шамалы. Дегенмен оттегі бөлетін жасыл
өсімдіктер жер бетінде бұдан 550-570 миллион
жыл бұрын пайда болған. Бұл өсімдіктер
құрлыққа тез тарап, фотосинтез процесі
арқылы оттегі бөліп шығады. Жалпы хайуанаттар
тыныс алғанда оттегін сіңіреді де, көмірқышқыл
газін бөледі. Бір заттың маңызын жете
көрсету үшін халық «Ауадай ете қажет»
дейді. Ендеше тірі организмдердің тіршілігі
ауасыз мүмкін емес. Жерді айнала қоршап
тұған газды қабат-атмосфера деп аталады.
Ол гректің «atmoc» ауа және «cpaira» - шар деген
сөзінен шыққан. Атмосфераға адам, жануарлар
және өсімдіктер дем алатын ауа ғана емес,
сонымен бірге оған жер шарын қоршаған
газды қабаты да жатады. Оның қалыңдығы
100 километрге дейін жетеді.
Ауа — әр түрлі газдардың қоспасы.
Онын, қүрамы, негізінен, азот пен оттегінен
тұрады. Бұл газдар су мен жер қыртысында
да бар.
Жер бетіндегі тіршілік тек ауа бар жерде
ғана болады. Ауа планетаның сыртқы қабығы,
ол тіршілік атаулының бәрін космостың
ультракүлгін сәулелерінін, әсерінен
сақтайтын өзіндік ерекшелігі бар қабат.
Атмосфера төмендегідей негізгі қабаттардан
тұрады. Ауанық негізгі бөлігі (шамамен
80%) жердің төменгі тропосфера қабатында
шоғырланған. Бұл қабат жер белдеулеріне
байланысты 8—17 километр биіктікке дейін
барады. Жердің бетінен алыстағағреайын
тропосфера қабатынын. температурасы
әр шақырымда 6°С-ға темендеп отыра-ды.
Одан әрі 18—20 километрлік биіктікте температу-раның
төмендеуі тоқтап—60—70°С келемінде болып
тұрады. Атмосфераның бұл белігін тропопауза
деп атайды.
Атмосфераның ластануы, жыл сайын ауа
температурасының көтерілуі полюстердегі
мәңгілік мұздардың еруіне алып келіп,
соның салдарынан мұхит суларының деңгейі
көтеріліп, жағалау бойына жыпырлай орналасқан
ірі қалалар, елді мекендер су астында
қалады деген қауіп айтыла бастады. Бұл
алдымен адамның табиғатқа тигізіп жүрген
залалын ойланбастан жасаған шаруашылық
қызметінің салдары, көмірқышқыл газы
мен метанның ауаға шамадан тыс бөлінуінің
әсері деген ғалымдар пайымдауы біраз
жайды аңғартты. Шынында да, жыл сайын
әуеге көтерілген метан мен көмірқышқыл
газы жерді қатты қызып кетуден сақтайтын
инфракүлгін сәулелерді жұтып, планета
температурасының көтерілуіне алып келді.
Әсіресе, жылу, жарық беретін стансалардан,
қаладағы кәсіпорындардан бөлінген көмірқышқыл
газы атмосфералық қабатқа өтетін газдың
1/3 бөлігін құрап, қауіптің деңгейі өсе
түсті.
Планетадағы жасыл алқаптар –
ормандар бұл газдың біраз бөлігін қажетіне
жаратқанымен, барлығын жұтуға шамасы
жетпейтін болды. Ғалымдар планетадағы
климат жылылығы 2 градусқа жоғарылағанның
өзінде Жер шарында 500 млн. адам ауыз судан
тапшылық көреді, 3 градусқа жылығанда
3 млрд. адам ауыртпалық тартады деп есептейді.
Мұз көлемінің азаюы мен жұқаруының Солтүстік
мұзды мұхитындағы ағыстар мен Арктикаға
ғана емес, Солтүстік Атлантикаға да әсері
бар екендігі айтылады. Ғалымдар арада
30-40 жыл өткенде Солтүстік мұзды мұхитының
жылдың жылы мезгілдерінде толығымен
мұз құрсауынан босанатындығын алға тартады.
Әлемнің ең биік мұзарт шыңды Гималай
тауларының да мұздақтарына еру қаупі
ұлғайып келеді. Егер дәл бүгінгі қарқынмен
ол әрі қарай жүре берсе, онда 2060-жылдары
мұздақтардың үштен екісі, ал 2100 жылдары
барлығы да еріп кетуі мүмкін.
Атмосфералық ауаның
жағдайы мен оны ластау статистикасының
негізгі мақсаты адамның шаруашылық қызметінің
атмосфералық ауаға антропогендік ықпалы,
атмосфераны ластайтын стационарлы көздерінен
шығатын зиянды заттардың қалыптасуы,
оларды ұстау (зиянсыздандыру), кәдеге
жарату және шығару бойынша ақпаратты
жинау, жалпылау және жариялау болып табылады.
Ластау әртүрлі белгілер бойынша жіктеледі:
-шығу тегі бойынша (табиғи және антропогенді
(жасанды));
-пайда болу көзіне байланысты; өндірістік,
ауылшаруашылық, транспорттық;
- әсер ететін аумағына байланысты: ғаламдық,аймақтық,жергілікті.
- қоршаған ортаның элементтері бойынша
атмосфера,топырақ,гидросфера;
- әсер ететін жеріне байланысты; қала
ортасы, ауыл шаруашылық ортасы, өнеркәсіп,
пәтер;
- әсер ету сипатына байланысты;
- химиялық, физикалық, биологиялық;
- әсер ету периодтылығына байланнысты;
- өнеркәсіп қалдықтары, смогтар;
- тұрақтылық дәрежесі бойынша ;
Бірінше ретті жүз және мың жыл (азот, оттегі,
аргон, инертті газдар, екінші ретті 5-25
жыл (СО2, СН4, су буы т.б).
Табиғат ресурстарын пайдалану жылулық
ластанумен яғни жер маңы кеңістігінде
қосымша энергияның жиналуымен байланысты.
Биосфераның жылулық балансының бұзылуын
атмосфераның шаңдануының артуы, өсімдіктердің
булануының өзгеруі, топырақпен су қоймаларының
бетінен ластануының өзгеруін қамтамасыз
етеді. Осылардың салдарынан ғалымдардың
болжауы бойынша ауаның жылдық температурасы
1-30С –ға артады. Ал бұл биосфераның жылулық
жағдайына өтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.
Атмосфералық
ауаға ластайтын заттардың шығарындылары
Адам баласы үшін орасан
зор пайдалы ауа бассейіні соңғы жылдары
күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Ең
бастысы ауаның ластануы. Атмосфера ауасының
сапалық күйінің көрсеткіштері оның ластану
дәрежесі болып саналады. Егер атмосфера
ауасында ластағыш заттардың шекті мөлшерлі
концентрациясы қалыпты құрамнан асып
кетсе, онда ауаны ластанған деп санайды.
Ластағыш заттардың негізгі көздері -
өнеркәсіп, автокөліктер, зауыт, жылу энергетикасы,
соғыс қаруларын сынау , космос корабльдері
мен ұшақтар т.б. Жоғарыда аталған обьектілерден
атмосфераға түскен заттар ауа құрамындағы
компоненттерінің қатысуымен химиялық
немесе фотохимиялық өзгерістерге ұшырайды.
Содан соң пайда болған химиялық өнімдер
суға, жерге түсіп, барлық тірі организмдерді,
ғимараттарды, құрылыс материалдарын
бүлдіреді.
Осы көрсеткіш қоршаған ортаға
зиянды заттар шығарындыларының бар және
болуы мүмкін (күтілетін) антропогендік
ықпалының дәрежесін айғақтайды, сондай-ақ
мақсатты мәндердің жетістіктерінің дәрежесін
анықтауға мүмкіндік береді.
Осы көрсеткіш тұтастай
атмосфералық ауаға антропогендік салмақтың
дәрежесін анықтауға, сонымен қатар, стационарлы
және жылжымалы көздердің, соның ішінде
экономикалық қызмет түрлері (энергетика,
транспорт, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы
және қалдықтармен жұмыс жасауға қатысты
қызметтер (қарекеттер)) бойынша, сондай-ақ
үй шаруашылықтарының қоршаған ортаға
ықпалын бағалауға мүмкіндік береді.
Бұл көрсеткішті ескере
отырып ұлттық экологиялық саясатты, мысалы,
шығарындылардың бекітілген нормативтерін
және олардың негізінде берілген қоршаған
ортаға жағымсыз әсер ететін қызмет түрлеріне
лицензиялар мен рұқсаттамаларды қайта
қарау жолымен, сондай-ақ экономикалық
құралдарды қолдануды жетілдіру және
қоғамды бар проблема мен оны шешу жолдары
туралы қолжетімді түрде тұрақты ақпараттандыру
жолымен түзетуге (корректировка жасауға)
болады.
Ластайтын заттардың
шығарындылары туралы ақпарат, сондай-ақ
ауаны трансшекаралық ластауды бағалау
және осы проблеманы шешу мақсатында халықаралық
қарым-қатынастарды нығайту үшін қажет.
4.Урбандалу проблемалары.?
Урбандалу (латынша urds - қала)
дегеніміз - қалалар мен қала халқының
әншейін көбеюі емес, сонымен қатар олардың
рөлінің күшеюі, қалалық өмір салтының
кеңінен дамуы.
Қазақстан
халқының динамикалық аймақтар бойынша
едәуір айырмашылықтары байқалады. Соңғы
екі халық санағының арасында еліміздің
аймақтарының 80% -да (78,6%), оның ішінде Павлодар
облысында 85,6%, Ақмола облысында -78,6%-ға
дейін,Солтүстік Қазақстан аймағында
едәуір халық санының төмендегені байқалады.
Тек Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан
облыстарында халықтың бұрынғыдай дәстүрлі
өсу тенденциясы сақталуда. Бірақ бұл
облыстарда да халық саны салыстырмалы
азаюда. Екі халық санығының арасындағы
он жылда халық саны недәрі 5,3%-ға ғана
өсті. Халық санының және оның аймақтарының
төмендеу тенденциясы еліміздің экономикасы
тұрақталмайынша, халықтың тұрмыс жағдайы
жақсармайынша біраз уақыт сақталуы мүмкін.
Әзірше
елімізде және оның аймақтарында халықтың
сыртқа жаппай қоныс аударуы байқалып,
туу деңгейі төмендеуде.
Экономикалық
реформалармен байланысты болған өзгерістер
(өнеркәсіп, оның ішінде өндеуші салалар
кәсіпорындарының жабылуы) урбандалу
үрдісіне едәуір әсер етті. Еліміз және
оның аймақтарында қала халқы санының
өсуі баяулап, оның керісінше жедел төмендеуі
байқалуда. Жалпы алғанда Қазақстан бойынша
халық саны екі халық санағының арасында
8,85%-ға төмендесе, еліміздің өнеркәсібі
дамыған аймақтарында қала халқының саны-
Алматы облысында 13,3%-ға Ақмола облысында
-24,3%-ға азайды.
Қала
халқы санының қысқаруы орташа және шығыс
қалаларда көбірек болды. Олардың халық
саны қысқарып қана қоймай, кейбір шағын
қалалар тіршілігінің тоқталуы байқалды.
Халықтың саны 10 мың болатын қалалар (1989ж.
67 болса, 1999ж. 60-қа түсті). Ал халқының саны
20 мың болатын қалалық елді мекендер он
жылда 17 мыңға дейін төмендеп, Қазақстандағы
орташа қалалар 42%-ға күрт азайды. 12 қаланың
орнына 1999 жылы 7 ғана қала қалды. Сондай-ақ
ірі қалалар саны да, азайды. Республикадағы
осы қатардағы 25 үлкен қаланың орнына
бүгінде бір ғана Алматы қаласын қалды.
Реформа кезеңінде 500 мыңнан төмен тұрғыны
бар қалалар Қарағанды қаласы жатты (1989
жылы 507,3 мың адам, ал 1999 жылы — 436,9 мың
адам).
Халық
санағы аралығы кезеңінде қала халқы негізінде
елімізден тысқары жерлерге көшіп-қонуы
есебінен қысқарды.Қызылорда мен Оңтүстік
Қазақстан сияқты екі аймақтағы халықтың
бір шама өсуі-табиғи өсу және халықтың
ауылдан қалаға, республика ішілік қоныс
аударуы есебінен жүзеге асуда. Экономиканың
құлдырауы, еліміз аумағы бойынша салыстырмалы
түрде халықтың орналасуын біркелкі ете
отырып, қала халқының шоғырлануының бұзылуын
(декоцентрация ) күшейтуде.
Ауылдық
қоныстану үрдесі қалыптасуының едәуір
аймақтың айырмашылығы байқалады. 1999жылғы
статистикалық мәліметке сүйенсек, ауыл
халқының ең жоғарғы үлес салмағы Алматы,
Оңтүстік Қазақстан облыстарына келеді.
Осы екі облыстар үлесіне ауылдық мекендер
тұрғындарының 35,6% келеді. Қазақстанның
жеке аймақтарында ауыл халқы санының
өзгерісі әрқалай. Мысалы, 1989-1999жылдар
аралығында Солтүстік Қазақстан облыстарында
орташа ауыл халқының саны 19,5%-ға азайды,
Қарағанды облысында-21,2%-ға Шығыс Қазақстан
облысында -14,2%-ға азайғандығы байқалды.
Ауылдан
халықтың қалалық мекендерге кетуін жалпы
шаруашылық тұрмысынан қарасақ, ауыл халқының
кемуі заңды болып табылады. Бірақ Қазақстанда
соңғы жылдардағы ауыл шаруашылығы саласындағы
дәлелсіз реформалар салдарынан (фермерлік
шаруашылықтың жедел дамуы) көші-қонның
жеделдеуімен байланысты ауылдық мекендердің
елсізденуі орын алуда. Солтүстік Қазақстан,
Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары
ауылдық мекендерінен халықтың кетуі
соншалықты, ауылда еңбекке жарамды адамдар
қалмауда. Сондықтан мемлекет мүддесіне
сай келетін бұл аудандарда халықтың ауылдық
көші- қонуын реттеу мәселесі орын алуда.
Халықтың динамикасы мен құрлымы ерекшілігін
анықтайтын негізгі элемент туу болып
табылады. Қазіргі кезіңде туу мыналармен
анықталынады: