Экологияның даму тарихы. Жалпы экологияның міндеттері және құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2013 в 12:46, реферат

Описание работы

Экология-биология ғылымдарының көрнекті және қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі. Экологияны биология ғылымына енгізген австриялық ғалым-биолог Э.Геккель еді. Экология – гректің (оікоs – үй, тұрақ, мекен және logos - ғылым), қазақша тірі ағзалардың тіршілік ететін ортасы мен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым деген мағына береді. Сондай-ақ, тірі ағзалардың бір-бірімен қарым-қатынасын, қоршаған ортамен айналысын, тұрағы немесе мекенімен байланыстыра отырып зерттейтін биология ғылымдарының бірі. Уақыт өте келе экологиялық заңдылықтар ағзалардың жиынтығы – популяцияларға, бірлестіктерге, экожүйелерге соңында бүкіл тірі табиғатқа қатысты қолданыла бастады.

Содержание работы

Кіріспе
Қазіргі кездегі экология пәні мен міндеттері
Негізгі бөлім
1. Экологияның даму тарихы және құрылымы
2. Экология ғылымының қолданатын әдістері мен зерттейтін бағыттары
3. Экологияның негізгі заңдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Экологияның даму тарихы. Жалпы экологияның міндеттері және құрылымы.doc

— 92.00 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының  Денсаулық Сақтау Министрлігі

Қазақ Мемлекеттік  Медицина Академиясы

 

 

 

 

« Жалпы гигиена  және экология » кафедрасы

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Экологияның даму тарихы. Жалпы экологияның міндеттері және құрылымы

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Ақбердиева Ж.Ш.

                                                           « ҚДС »102 топ.

                                                                           Тексерген: Балабаева Э.Н.

 

 

 

 

 

Астана 2008 ж

 

 

Жоспар

 

Кіріспе

Қазіргі кездегі экология пәні мен міндеттері

Негізгі бөлім

1. Экологияның даму тарихы және құрылымы

2. Экология ғылымының қолданатын әдістері мен зерттейтін бағыттары

3. Экологияның негізгі  заңдары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

« Экология – табиғат  пен қоғамдағы көп

деңгейлі жүйелердің құрылысы мен

тіршілік қызметі және олардың өзара

байлынысы туралы пәнаралық

білімдер саласы».

                                                                                                                     Ю.Одум

 

Кіріспе

Қазіргі кездегі экология пәні мен міндеттері

Экология-биология ғылымдарының көрнекті және қарқынды дамып келе жатқан салаларының  бірі. Экологияны биология ғылымына енгізген австриялық ғалым-биолог Э.Геккель  еді. Экология – гректің (оікоs – үй, тұрақ, мекен және logos - ғылым), қазақша тірі ағзалардың тіршілік ететін ортасы мен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым деген мағына береді. Сондай-ақ, тірі ағзалардың бір-бірімен қарым-қатынасын, қоршаған ортамен айналысын, тұрағы немесе мекенімен байланыстыра отырып зерттейтін биология ғылымдарының бірі. Уақыт өте келе экологиялық заңдылықтар ағзалардың жиынтығы – популяцияларға, бірлестіктерге, экожүйелерге соңында бүкіл тірі табиғатқа қатысты қолданыла бастады.

Экология барлық деңгейлердегі  ағза үстілік биологиялық жүйелердің ұйымдасуы мен тіршілік қызметі туралы ғылымға айналды.Өткен ғасырдың 60-70 – жылдарына дейін экология биологияның шеңберінде дамыды. Адам бұл жүйелерде қарастырылмады, себебі, оның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасы биологиялық емес, әлеуметтік заңдылықтарға бағынады деп есептеліп келді.

Ауаның, судың, топырақтың ластануы, қалпына келмейтін табиғи ресурстардың сарқылуы, биосфераның  тұрақтылығының бұзылуы мен алуантүрлілігінің  кемуі, адамдардың денсаулығының және өмір сүру жағдайларының нашарлауы күшейіп отыр. Адамның қоршаған ортаға мұндай айтарлықтай әсері « экологияның » анықтамасын өзгертті. Ол көптеген білім салаларына ене бастады. Экологиямен жаратылыстану және техникалық ғылымдардың гуманизациясы, экономика, әлеуметтану, мәдениет және т.б. байланыстырыла бастады. Экологиялық ойлар мен мәселелердің білімнің басқа салаларға енуін «экологизация» деп атайды.

Экология ғылымдарының осы кездегі мазмұны мен міндеттері өте күрделі. Дара ағзасы мен айналаны қоршаған ортаға бейімделу (адаптация), популяциялар арасындағы қарым-қатынастар биоценоз, биоценологиялық зерттеулер биология ғылымдарымен ұштасып жатса, табиғи ортаның өзгерістері, жылу белдеулері мен географиялық белдеулер, топырақтың физикалық, химиялық және биологиялық құрамы, абиотикалық факторларға байланысты ағзалардың бейімделуі биологиялық зерттеулерге ұласады. Ал антропогендік факторлар экожүйелердің өзгерісі, биосфера шегіндегі климаттық ауытқулар әлемдік экологиялық зерттеулерге әкелсе, адам – биосфера – қоғам арасыедағы қарым-қатынастарды зерттеу, бақылау және баға беру оның айналаны қоршаған ортамен байланысын зерттеу адам экологиясының үлесіне тимек. Бұдан біз экология ғылымының осы кездегі мазмұнының күрделі әрі ауқымды екеніне көз жеткіземіз.

Экология – ағзалардың арасында болатын (особьтар, түр, түр-аралық, популяция аралық, биоценоз, биогеоценоз) қарым-қатынастарды айналаны оршаған табиғи ортамен байланыстыра отырып, зерттеумен қатар, биосферадағы өзгерістерді, құбылыстарды, табиғи заңдылықтарды, биосфера шегінде әлемдік ауытқуларды адамның іс-әрекеттерімен үйлестіре отырып зерттейтін комплексті ғылымдар жиынтығы.

Ал экология пәнінің ең басты мақсаты - биосфера шегіндегі әлемдік жағдайда бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау. Адам-қоғам-биосфера арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың адам-нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу.

Қазіргі таңда экология – күн тәртібінен түспей тұрған өзекті мәселе.  Адамзатты табиғат апаттарынан адамдардың қолымен жасалған жасанды апаттардан құтқарып, араша түсу – болашақ жас ұрпақ үшін де өзекті болып қалары анық. Елбасымыз да өзінің соңғы Жолдауында                        «Өзіміздің табиғи ресурстарымызды ұқыптылықпен пайдалану және қоршаған ортаның ластануы, ескірген әрі лас технологияларды бақылаусыз әкелу, қалпына келетін ресурстарды тиімсіз пайдалану секілді проблемаларды шешу үшін ықпалды заңнамалық негіз қалыптастыруы керек » деп осы мәселені өз бақылауында ұстайды. Қазіргі кезеңде экология кең, әлі толық қалыптасып бітпеген іргелі және қолданбалы пәндер комплексіне айнылып отыр. Оны Н.Ф.Реймерс 1992 жылы « Улкен экология » деп атады.

Стратегиялық тұрғыдан алғанда экология адамзаттың өзінің тіршілігін сақтауы және экологиялық дағдарыстан шығуы туралы ғылым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Экологияның даму тарихы және құрылымы

Қоршаған ортаны танып білуге деген құштарлық сонау адамзат дамуының ақ таңы атқан кезден басталда деуге болады. Алғашқы қауымдастық қоғамының өзінде-ақ адамдар өздерімен бірге қатар өмір сүріп келе жатқан кейбір аңдардың қарсылығына тап келгені белгілі. Оларды адамдар жеке-жеке емес, бірлесіп, қауымдасып күрескенде ғана жеңе алатындығына, сөйтіп өздеріне азық етуіне болатындығына көздері жетті. Олардың бұл әрекеттерін біз бүгінде тас бетіне түсірген суреттерінен және археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу барысында тастан ағаштан жасаған қаруларын табу арқылы көзімізді жеткізіп отырмыз. Экологияның элементтері сонымен қатар көнеден келе жатқан халықтардың эпикалық швығармаларында да кездеседі. Мәселен үнділердің «Махабхаратта» жырында су тасқыны мен жер сілкінісі туралы деректер келтіріледі. Дәл осындай мәліметтер антик дүние ғалымдары Гераклиттің, Гиппократтың, Аристотельдің еңбектерінде келтіріліп, экологиялық факторлар талданады.

Орта ғасырлар дәуірінде табиғатты зерттеу жөніндегі жұмыстар жүргізу біршама тоқырап қалды. Өйткені құдайға құлшылық етуге едеуір назар аударылғандықтан, жалпы қоршаған орта мен организмдердің құрылымдық байланысы бар екендігін ешкім ашып айта алмады. Барлық нәрсе тек құдайдың құдіреті мен жасалған деген ұғым көптеген көзі ашық адамдардың өзінің ерік жігерін тұсап тастаған болатын. Бұл кезең осылай мың жылдай мерзімдік уақытқа созылды. Орта ғасыр дәуірінің соңғы кезеңінде ғана ғылымға жаңа бетбұрыс жасауға Альберт Великийдің еңбектері қозғау салды. Ол өзінің өсімдіктер туралы кітабында өсімдіктердің өсуіне топырақтан басқа оларға күн жылуының да әсері болатындығын және олардың қысқы ұйқыға кетуі өсімдіктердің өніп - өсуіне, көбеюіне айрықша ықпал тигізетіндігін, бұл құбылыстардың бір-бірімен өте тығыз байланыстары бар екендігін ашып көрсетіп берді.

Қайта өрлеу дәуіріндегі географиялық жаңалықтардың ашылуы және бұрын белгісіз болып келген жерлердің елдендірілуі әсіресе биологиялық ғылымның дамуына кең жол ашты. Танымал ағылшын химигі Р.Бойль тұңғыш рет экологиялық жағдайларға байланысты тәжірибелерді жүзеге асырды. Әр алуан жануарларға төменгі атмосфералық қысымның әр түрлі әсер ететіндігін дәлелдеді. 

Экология – биология ғылымдарының негізінде 19 ғасырдың ортасында айқындала болғанымен оның өз деңгейіне көтерілуі 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басы болып саналады. Алғашқы экологиялық зерттеулердің элементтерін біз ерте ғасырларда өмір сүрген Эмподоко, Гиппократ, Аристотель, Теофраст сияқты философтар мен табиғат зерттеушілерінің еңбектерінен көреміз.

Алайда экология деген терминді ғылымға алғаш рет енгізу неміс ғалымы Э.Геккльдің еншісіне тиді. Экология бастапқы кезде биологиялық ғылымның құрамына енген болса, қазіргі кезде экологияның шеңбері одан әрі кеңіп, көптеген ғылымдармен атап айтқанда, география, геология, агрономия, химия, архитектура, математика, физика генетика, медицина, қысқасы ғылымның барлық салаларымен араласып кетті.

Экология құрылымы мына элементтерден  тұрады:

Аутэкология – жеке ағзалар арасындағы қарым-қатынастарды оны табиғи ортасымен  байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді.

Геоэкология – экологиялық  дүниелерді биосфералық деңгейде зерттейді.

Қолданбалы экология – экология ғылымы жүргізген ғылыми-зерттеу  жұмыстарынан қорытындыларды қалай пайдаланудың тәсілдерін көрсетіп беруді қарастырады.

Ғаламдық экология –  табиғи және табиғи іс-әрекетінен пацда  болатын биосфера шегіндегі күн  жүйесіндегі әлемдік экологиялық, биоэкологиялық өзгерістер мен құбылыстарды зерттейді. Адам экологиясы – ауыл елді пункттер, село, қала тұрғындары мен жер жүзінің халықтарының қарым-қатынастарын сандық жіне сапалық құрылымын зерттеу, экологиялық мәдениет, этика және этноэкологиялық проблемаларды жан-жақты қарастырады.

 

 

Қазіргі заманғы экологияның құрылымы

 

 


















 

 

 

 

2. Экология ғылымының қолданатын әдістері мен зерттейтін бағыттары

Экология ғылымының  қолданатын әдістері: далалық және лабороториялық. Далалық зерттеу методикасын табиғи жағдайларда ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген кезде қолданады. Ал лабороториялық жағдайда алынған материалдарды эксперимент арқылы зерттеп оларға тәжірибелер жүргізіледі. 

Экологияда қазіргі  кезде кең қолданылатын әдістердің бірі – математикалық әдістер мен модельдеу. Бұл әдістер бойынша белгілі бір популяцияға берілген экологиялық сипаттаманың дұрыстығы мен бұрыстығы, ауытқу мүмкіндіктері, биомасса сапасының сандық мөлшері нақты тексеруден өткізіледі. Осы уақытта экологиялық зерттеулерде информация теориясы, кибернетика, мүмкіндіктер теориясы, сандар теориясы, интегралдық есептеулер жиі қолданылады. Кейінгі кезде биоэкологиялық зерттеулер мен құбылыстарды модельдеу жиі қолданылып отыр. Экологиялық модельдердің мақсаты- теориялық тұжырымдарды, биологиялық-химиялық және физикалық жүйелердің жұмыс істеу функцияларын жасанды жолмен эксперимент арқылы дәлелдеу.

Экологиялық мониторинг – болжамдар жасау әдісі жиі  қолданылады. Болжамдар жасауда  да модельдеу принципі арқылы іске асып отырады. Мониторинг – биосфераның ортаның барлық өзгерістеріне, биологиялық, химиялық және физикалық жағдайларына бақылау жасап, баға беру және болжау жасау.

Экология ғылымының  негізгі зерттейтін бағыттары:

  1. Ағзалардың бір-бірімен қарым-қатынастары мен айналаны қоршаған табиғи ортасы.
  2. Биоценоз, экожүйелердегі уақыт пен кеңістікке байланысты туындайтын өзгерістері.
  3. Табиғат ресурстар оны тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми теориялық негіздері.
  4. Адам – биосфера-қоғам арқасындағы гармониялық байланыстарды реттеу.
  5. Биосфера шегіндегі биологиялық заңдылықтардың тұрақтылығын сақтауды қамсыздандыру.
  6. Биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтаудың әлемдік нооэкологиялық деңгейге көтеру болып есептелінеді.

 

3. Экологияның негізгі заңдары

Кез-келген ғылым сияқты экологияда зерттелетін процестердің жүру заңдылықтарын айқындап, оларды шағын логикалық және практикамен тексерілген ережелер – заңдар түрінде қалыптастырады. Экологияның бірқатар негізгі заңдарын қарастырайық, олардың барлығы – заңдар, заңдылықтар, ережелер, принциптер шамамен 250 – дей. (Реймерс, 1994).

Биосфераның ауысымсыздық заңы: бұл тіршілік кту ортасының  кез-келген ауытқуларға қарамастан қамтамасыз ететін жалғыз жүйе. Қоршаған ортаның тұрақтылығын табиғи топтар сияқты қамтамасыз ететін жасанды топтар жасауға болады деп үміттенуге ешбір негіз жоқ.

Атомдпрдың биогенді миграциясы заңы (В.И.Вернадский)- жер  бетінде және жалпы биосферада химиялық элементтердің миграциясы тірі заттың тікелей қатысуымен жүзеге асырылады.

Тірі заттардың физикалық  –химиялық бірілігінің заңы: жалпы биосфералық заң – тірі зат физикалық-химиялық тұрғыдан біртұтас, тірі заттардың әртүрлілігіне қарамастан олардың физикалық-химиялық ұқсастығы соншалық, біріне зиян заттың екіншісіне де, қатысы бар.

«Ағза – орта» бірлігінің заңы: тіршілік өмір-орта мен оны мекендеген ағзалардың біріккен жиынтығындағы энергия тасқынының негізінде тұрақты зат және ақпарат алмасудың нәтижесінде дамиды.

Энергия ағымының бір  бағыттылығы заңы: қауымдастық алатын және продуценттер сіңіретін энергия  ыдырайды немесе олардың биомассасымен бірге консументтерге, сосын әрбір нәрлену деңгейінде ағымдардың түсуімен редуценттерге беріледі;

Информация о работе Экологияның даму тарихы. Жалпы экологияның міндеттері және құрылымы