Экологияның даму тарихы. Жалпы экологияның міндеттері және құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2013 в 12:46, реферат

Описание работы

Экология-биология ғылымдарының көрнекті және қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі. Экологияны биология ғылымына енгізген австриялық ғалым-биолог Э.Геккель еді. Экология – гректің (оікоs – үй, тұрақ, мекен және logos - ғылым), қазақша тірі ағзалардың тіршілік ететін ортасы мен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым деген мағына береді. Сондай-ақ, тірі ағзалардың бір-бірімен қарым-қатынасын, қоршаған ортамен айналысын, тұрағы немесе мекенімен байланыстыра отырып зерттейтін биология ғылымдарының бірі. Уақыт өте келе экологиялық заңдылықтар ағзалардың жиынтығы – популяцияларға, бірлестіктерге, экожүйелерге соңында бүкіл тірі табиғатқа қатысты қолданыла бастады.

Содержание работы

Кіріспе
Қазіргі кездегі экология пәні мен міндеттері
Негізгі бөлім
1. Экологияның даму тарихы және құрылымы
2. Экология ғылымының қолданатын әдістері мен зерттейтін бағыттары
3. Экологияның негізгі заңдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Экологияның даму тарихы. Жалпы экологияның міндеттері және құрылымы.doc

— 92.00 Кб (Скачать файл)

Л.Долло эволюциясының  кері айналмайтын заңы: ағза (популяция, түр)  тіпті ата- бабаларының тіршілік еткен ортасы қайтып оралса да өзінің ата-бабалары іске-асырған бұрынғы күйіне қайтіп келе алмайды.

Р.Линдеманның 10 пайыз  ережесі. Экологиялық пирамиданың  бір нәрлену деңгейінен 2-не орташа қарқындылықпен 10 пайыз энергияның немесе энергетикалық заттар өтуі әдетте экожүйе мен энергиясын жоғалтатын нәрлену деңгейі үшін жағымсыз салдарларға апармайды.

Төзімділік заңы (В.Шельфорд) – ағзаның өркендеп өсуінің тежеуші факторы болып ең аз немесе ең көп түрде әсер еткен экологиялық фактор болуы мүмкін, бұл екеуінің арақашықтығы организмнің осы әсерге төзімділігінің шамасын көрсетеді.

Оптимум заңы: кез – келген экологиялық фактордың тірі ағзаларға жағымды әсер етуінің белгілі бір шектеулері бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қазіргі заманғы экология - әмбебап, зор қарқынмен дамып келе жатқан, біздің планетамыздың барлық тұрғындары үшін іс-жүзінде аса маңыз бар іргелі, кешенді ғылым болып саналады. Экология болашақтың ғылымы және адамдардың өзінің өмір сүруі осы ғылымның тікелей үдемелі дамуыа байланысты болуы да мүмкін деуге жатады.

Сонымен қоршаған ортаны қорғау жануарлармен өсімдіктер дүниесін азып-тозудан, жойылып кетуден, қазбалы кендер қорларын таусылудан, ауаны, топырақты, өзендерді, көлдерді теңіздер мен мұхиттарды ластанудан, ысырап болудан сақтау болып табылады.

Қазіргі таңда экология – күн  тәртібен түспей тұрған өзекті мәселе.  Адамзатты табиғат апаттарынан адамдардың қолымен жасалған жасанды апаттардан құтқарып, араша түсу – болашақ жас ұрпақ үшін де өзекті болып қалары анық. Елбасымыз да өзінің соңғы Жолдауында « Өзіміздің табиғи ресурстарымызды ұқыптылықпен пайдалану және қоршаған ортаның ластануы, ескірген әрі лас технологияларды бақылаусыз әкелу, қалпына келетін ресурстарды тиімсіз пайдалану секілді проблемаларды шешу үшін ықпалды заңнамалық негіз қалыптастыруы керек » деп осы мәселені өз бақылауында ұстайды. Елімізде 2005-2008 ж.ж. арналған « Жасыл ел » бағдарламасы бойынша елімізде және облыс төңірегінде қарқынды істер атқарылып жатыр, ол жалпы халыққа табиғатты қорғау және көркейту шарасын үйретуді көздейді, мұның түпкі мақсаты – табиғат байлықтарына жауапкершілікпен қарайтын, экологиялық тұрғыда саналы жеке тұлғаны қалыптастыру. 

Жалпы қорыта айтқанда табиғат байлықтарына жауапкершілікпен қарайтын, экологиялық  тұрғыда саналы жеке тұлғаны қалыптастыру. Экологиялық сауатымызды ашсақ,  экологиялық білім алсақ, өз бойымызды экологиялық мәдениет қалыптастыруға талпынсақ, адамзат алдында тұрған экологиялық апаттан құтқаратынымыз сөзсіз.

ҚР-сы Президентінің Жолдауында: «Жаһандану және күрделене түскен әлемдік  бәсекелестік жағдайында қазақстандықтар  адам дамуының басты салаларындағы таза ауыз-су және табиғатты қорғау мәселелерін шешу адамдық және азаматтық борышы екендігін адамгершілік қасиетпен сезінуі тиіс», - деп баса көрсетілген.

Экологиялық білім - экологиялық  тәрбие - экологиялық сана – экологиялық  мәдениет – жалпы халықтық міндет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. «Экология» оқулық. Г.С.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева; Алматы:2002.
  2. «Экология» Жоғарғы оқу орындарына арналған оқу құралы, А.Ж.Ақбасова, Г.Ә.Саинова; Алматы:2003
  3. «Экология негіздері» Ж.Ж.Жатқынбаев, Алматы:2003
  4. «Экология» Бейсенова, Шылдебаев, Сауытбаева; Алматы: 2001
  5. «Қазақстан географиясы және экология» журналы, Ш.Шыңғысбаева,  № 7, 2008 ж



Информация о работе Экологияның даму тарихы. Жалпы экологияның міндеттері және құрылымы