Климат Казахстана

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 02:01, дипломная работа

Описание работы

Климаттың аудандастыру негіздері. Сендер белгілі бір аумаққа тән ауа райының ұзақ, жылдар бойы қайталанып отыратын жиынтығын климат деп атайтынын білесіңдер. Жер шарының кез келген аймағындағы климаттың қалыптасуына, ең алдымен, оның географиялық орны, атмосфера циркуляциясы, жер бедері мен төсеніш бетінің сипаты, сондай-ақ теңіздер мен мұхиттардың ықпалы себепші болады.

Содержание работы

1 Климат.......................................................................................................2
1.1 Климатология
1.2 Климатология түрлері
1.3 Климаттық белдеулер
2 Қазақстан климаты..................................................................................4
2.1 Радиация
2.2 Атмосфера айналымы
2.3 Қазақстан климаттық белдеулері
2.4 Орманды дала климаттық белдемі
2.5 Далалық климаттық белдем
2.6 Шөлейт климаттық белдем
2.7 Атмосфералық құбылыстар
3 Қорытынды.............................................................................................12
4 Әдебиеттер..............................................................................................13

Файлы: 1 файл

Ekologiya.docx

— 38.62 Кб (Скачать файл)

Жоспар

1 Климат.......................................................................................................2

    1. Климатология
    2. Климатология түрлері
    3. Климаттық белдеулер

2 Қазақстан климаты..................................................................................4

2.1 Радиация 

2.2 Атмосфера айналымы

2.3 Қазақстан климаттық белдеулері

2.4 Орманды дала климаттық белдемі

2.5 Далалық климаттық белдем

2.6 Шөлейт климаттық белдем

2.7 Атмосфералық құбылыстар

3 Қорытынды.............................................................................................12

4 Әдебиеттер..............................................................................................13

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Климаттың аудандастыру негіздері. Сендер белгілі бір аумаққа тән  ауа райының ұзақ, жылдар бойы қайталанып отыратын жиынтығын климат деп атайтынын  білесіңдер. Жер шарының кез келген аймағындағы климаттың қалыптасуына, ең алдымен, оның географиялық орны, атмосфера  циркуляциясы, жер бедері мен төсеніш  бетінің сипаты, сондай-ақ теңіздер мен мұхиттардың ықпалы себепші  болады. Жер шарындағы климаттың  қалыптасу зандылықтарын, климат пен  оның жіктелуін және антропогендік  әрекеттін климатқа әсерін зерттейтін географияның аса маңызды саласын  климатология деп атайды. Климатты жалпы географиялық заңдылықтар  тұрғысында зерттеу XIX ғасырдан басталған. Климатология ғылымының қалыптасып дамуына орыс географы А. И. Воейков, неміс жаратылыс зерттеушісі, географы А. Гумбольдт және орыс климатологы  В. Кеппен зерттеулері негіз болды.

Климатология(климат және logos – ілім) – климат және оның типтері, қалыптасуы, жер бетінде таралуы  және уақыт бойынша өзгеруі туралы ғылым. География ғылымдары жүйесіне кіреді. Климат қалыптастырушы процестердің табиғаты геофизизикалық болғандықтан, Климатология геофизизикалық ғылым  ретінде метеорологиямен тығыз  байланысты. Кейде климатологияны метеорологияның  географилық бөлімі ретінде қарастырады. Көп жылдық метеорологиялық бақылау  деректерін статистикалық өңдеуден алынған климат типтері және олардың  Жер шарында таралуы туралы нақты  материалдар климатографияның (климат және грек. grapho – жазамын, сипаттаймын) мазмұны болып табылады.

Климаттың түпкі тегі мен  физикалық жаратылысын физикалық  климатология зерттейді. Физикалық  география алдымен жер беті мен  атмосфераның жылу және су теңдестіктері  және олардың климат қалыптастырушы рөлі туралы ұғымға арқа сүйейді.

Физикалық климатологияның  ерекше тарауы – динамикалық климатология. Динамикалық климатология климаттың  Жер шарында таралуын атмосфераның жалпы айналымы процестеріне байланысты қарастырады. Атмосфераның биік қабаттарын зерттеу мәселелерімен аэроклиматология, ал ауаның жер бетіне жақын қабатының  климатын зерттеумен микроклиматология  айналысады. Өткен тарихи және геологиялық  замандардың климатын палеоклиматология  зерттейді. Ол тарихи геологияға жақын.

Климатология өзге пәндермен  шекаралас бірқатар қолданбалы климатологиялық  пәндердің қалыптасуына себепші  болды. Бұл пәндерге биоклиматология (климаттың тірі табиғат пен адамға әсері туралы ғылым), агроклиматология (климаттың егіншілікке әсерін зерттейді), курорттық және медициналық климатология, техникалық климатология (онда авиациялық климатология, көліктік климатология және құрылыстық Климатология пәндері бөлек қарастырылады) жатады.

Климаттық белдеулер - Жер  шарының ендік немесе субендік бағытта  тұтаса немесе бөлініп созылып жатқан, климатқа қатысы жағынан айтарлықтай  біртекті өңірлері. Климаттық белдемділік - планетаның беткі жазықтығын климаттық  өзгешеліктері тұрғысынан бірнеше  белдемдерге болу принципі. Жер шарын  тұтасымен орап өтетін осы белдемдердің жиектері ендік сызықтармен (параллелдермен) орайлас бағышталған.

Әрбір климаттық белдем құрамында  бірнеше климаттық облыстар оқшаулануы мүмкін. Климаттық белдем деген ұғым аймақтық түсінік ретінде де қолданылады. Мәселен, таулы өңірлерге тән  түрлі биіктік деңгейлерінін, тек  өздеріне ғана тән климаттық жағдайлармен сипатталуы осы деңгейлерді дербес климаттық белдемдер ретінде  даралауға мүмкіндік береді. Климаттық  белдеулер климаттық аудандаудың  ең ірі бірлігі ретінде қарастырылады. Климаттық белдеулер

экваторлық,

субэкваторлық,

екеуден (Солтүстік және Оңтүстік жарты шарларда) тропиктік,

субтропиктік,

қоңыржай белдеулер деп,

биік ендіктерде — субарктикалық,

арктикалық,

субантарктикалық және антарктикалық  деп бөлінеді.

Оларды бөлу радиациялық  баланс пен ауа температурасы  мәндерінің полюстерден экваторға  карай өсуіне, әр ендіктердегі ылғалдылық ерекшелікгеріне және атмосфераның жалпы циркуляциясының жүйесінде  ауа массаларының ендік және субендік алмасуында басым болуына негізделген

 

 

Қазақстан климаты

Кең байтақ Қазақстан жерінде  оның географиялық орнына (яғни атмосфералық ылғалдықтың негізгі көзі – мұхиттардан  тым шалғай орналасуына) және жер  бедерінің сипатына байланысты қуаң континенттік климат қалыптасқан. Басқа  кез келген аумақты аймақтар сияқты республика климатына да радиациялық  және циркуляциялық факторлар кешені ерекше әсер етеді.

Радиация

Қазақстан аумағы үстінде  бүкіл жыл бойы жоғары қысымды  ауа қабаты үстемдік етеді, ал оған көршілес аймақтарға (солт., батыс және оңт.) төмен қысымды қабаттар тән келеді. Жалпы республика аумағының көпшілік бөлігінде антициклондық ауа райы басым. Сондықтан мұнда шұғылалы ашық күндер ұзақтығы жылына солт-тен оңт-ке қарай 2000 сағ-тан 3000 сағ-қа дейін артып отырады. Жылына солт-те 120, оңт-те 260 күн ұдайы ашық болады, бұлтты күндер саны керісінше 60 күннен 10 күнге дейін (Балқаш ойысынында) кемиді. Міне, осылардың нәтижесінде жиынтық радиация мөлшері де солт-тен оңт-ке қарай 4200-ден 5500 МДж/м2-ге дейін біртіндеп артады. Сол сияқты төсеніш беттің (жер бетінің) сәуле қайтару қабілетіне байланысты сіңірілетін радиация мөлшері де оңт-ке қарай бірқалыпты көбейеді. Сәуле қайтару қабілетін қыста тұрақты қар жамылғысы қалыптасқанда ең жоғары мәніне 70 – 80%-ға жетіп, жазда көпшілік жерде 20 – 30%-ға дейін төмендейді. Радиацияның жылдық тиімді сәулелену мәні солт-те 1500-ден оңт-те 2100 МДж/м2-ге дейін өзгереді. Теріс мәнді радиациялық баланстың маусымдық ұзақтығы солт-те 3,5 – 4,5 ай (қараша – наурыз), оңт-те – 1 ай.

Қазақстанда жылудың булануға жұмсалатын жылдық шығынының мөлшері  солт-тен оңт-ке қарай 630-дан 420 МДж/м2-ге кемиді. Шөлді өңірдің қуаңшылық  маусымында жылудың көп мөлшері  турбулентті жылу алмасуға кетеді. Тек топырақтың көктемгі ылғалға  қаныққан кезінде, сол сияқты көгалды  жерлерде буландыруға кететін жылу мөлшері ауаны турбулентті жылу алмасу жолымен қыздыратын жылу шығынынан  артық болады. Жазғы шұраттық құбылыс, яғни булану есебінен күндізгі ауа  темп-расының қала төңірегіне қарағанда  төменірек болуыАлматыда жақсы  байқалады. Радиация мен жылу балансының өзгерісі ауа темп-расын өзгертеді. Қаңтар айының орташа темп-расы Қазақстанның солт. және шығыс аудандарындағы – 18°С-тан оңт. аудандарында 3°С-қа дейін  көтеріледі. Шілденің орташа темп-расы бұл аудандарда тиісінше 19°С-тан 28 —30°С-қа дейін. Қазақстанның солт.-шығысында климаттың континенттігі тым жоғары, бұл өңірде қаңтар мен шілденің орташа темп-расының айырмашылығы 41°С-қа жетеді. Оңт. аудандарда 10 ай бойы орташа тәуліктік темп-ра 0°С-тан жоғарырақ болады. Республиканың солт-нде қыс ұзақ, қарлы әрі суық, аяз кей уақыттарда –45°С-тан –50°С-қа жетеді. Жазы қоңыржай жылы, қысқа, кейде ауа темп-расы 35°С-тан 45°С-қа дейін қызуы мүмкін. Көктемнің соңғы үсігі шілдеде, ал күздің ерте үсігі тамыздың аяғында түсуі мүмкін.

Қазақстанның оңт. аудандарының қысы жұмсақ. Бұл өңірдің қыс айларында  жиі-жиі қайталанатын жылымық құбылысы кезінде ауа темп-расының ең жоғ. деңгейі 15 – 20°С-қа дейін көтеріледі. Соған қарамастан мұнда кейбір күндері  –30 – 35°С, тіпті –40°С-тан да төмен  аяздар байқалады. Республиканың қиыр оңт-нде көктемгі соңғы үсік сәуірдің аяғында, алғашқы үсік қыркүйектің 2-жартысында түсуі ықтимал. Оңтүстік Қазақстанның таулы өңірінен тыс  бөлігінде жаз тым ыстық әрі  ұзақ. Кейбір жылдары ауа темп-расы 45 – 47°С-қа, топырақтың беткі қабаты 70°С-қа және одан да жоғары қызуы мүмкін. Күн энергиясының мұншама көп  қоры Қазақстан аумағында гелиоэнергетиканы  дамытуға мүмкіндік береді.

Атмосфера айналымы

Қазақстан жері қыс маусымында Сібір антициклонының тармағы мен  жаз айларында азорлық антициклондық  ядросының ықпалына жиі ұшырап отырады. Осыған байланысты республиканың солт-нде  оңт.-батыс және батыс, ал жазда солт.-батыс  бағыттан соғатын жел басым келеді. Қазақстандағы атмосф. процестер  Солт. жарты шардың Атлантика –  Еуразиясекторының 3 ірі аумақты  айналымы ықпалымен қалыптасады. Егерде циклондар мен антициклондардың алмасу жолдары ендік бағытпен өтсе, онда ол ендік бағыттағы айналым  делінеді. Ендік бағыттағы айналым  кезінде Қазақстанның көпшілік бөлігінде  жауын-шашынның мөлш. кеміп, ауа темп-расы жоғарылайды. Еуропалық айналым  кезінде республикаға суық ауа массаларының енуі жиілейді, темп-ра шұғыл төмендейді, жауын-шашын молаяды, жел күшейеді. Сібірлік айналымда – оңт-тен  тарайтын жылы ауа массалары ұлғайып, ауа темп-расы жоғарылайды, жауын-шашын  кемиді. Республика климатының қалыптасуына оның жер бетінің әр тектілігінің де әсері болады. Қазақстандағы атмосф. циркуляциялық процестерге оңт. және оңт.-шығыстағы тау жүйелері (биікт. 4000 – 5000 м-лік) мен Каспий және Арал т-дері сияқты су айдындары да ықпалын тигізеді. Табиғи кедергі  саналатын тау жүйелері атмосферадағы  ендік бағыттағы шептік белдемін солт.-шығыс бағытқа қарай ойыстырып, ауа массасының заулама ағынын күшейтеді. Осы ауа массасы сонымен бірге  тау бөктеріндегі жергілікті климатты қалыптастырушы тау аңғарлық ауа айналымын тудырады. Қазақстанның таулық және тау етегіндегі өңірлерінің термиялық режимі жапсарлас жатқан жазықтар жағдайына қарағанда мүлдем басқаша келеді. Таудағы темп-ра жазық жердегіден төмен келеді. Тау беткейлері төңірегіндегі ауа қабатының радиациялық салқындауынан және беткеймен төмен қарай ойысқан ауаның жылынуынан таулы аудандарда темп-раның ауытқу амплитудасы кеміп, темп-ра инверсиясы (жалпы биіктікке байланысты ауа темп-расының көтерілуі) қалыптасады. Инверсия қыс маусымында неғұрлым күштірек қалыптасады. Тау жоталарына жақындаған сайын тік бағыттағы ауа ағыны күшейіп, жауын-шашын шұғыл артады. Орташа жылдық жауын-шашын мөлш. жазықта 100 – 200 мм болса, тау бөктерінде 500 – 600 мм-ге дейін артады. Жазық өңірлерде жылдық жауын-шашынның максимумы жаз айларында, ал тау бөктерінде жылына 2 рет (наурыз – сәуір және қараша – желтоқсан) байқалады. Су айдындары бриздік айналымды тудырады, ол құрлықта ондаған километрге ғана таралады. Орта ендік бойындағы су айдындарының солт.-шығыс жағалауында жазда жылы ылғалды ауа ағыны үстемдік етсе, оңт.-батыс жағында атмосф. суық серпіліс пайда болады. Бұл құбылысты Арал т. мен Каспийдің солт.-шығыс бөлігінен жиі-жиі байқауға болады. Су айдындарының оңт.-батыс бөлігіне қарағанда солт.-шығысында жауын-шашын 2 – 3 есе көбірек түседі. Аумақты Каспий айдыны климаттың қалыптасуына қыста ғана ықпал жасайды. Керісінше, Арал т. атмосфера айналымына жаз айларында ғана қатысады. Көлемі шағын Балқаш көлінің де атмосфера айналымына және бұлттылыққа тигізетін әсері мол. Қазақстан жеріндегі соғатын желдің орташа жылд. 4 – 4,5 м/с, Каспий т-нің жағалауында 6 м/с-тан астам, ал Жетісу қақпасында соғатын Ебі желінің жылд. 70 м/с-қа жетеді.

Қазақстан климаттық белдеулері

Қазақстан аумағын 4 климаттық  белдеу (орманды дала, дала, шөлейт, шөл) қамтиды.

Орманды дала климаттық белдемі  республиканың ылғалы ең мол бөлігі. Орташа жылдық жауын-шашын мөлш. 242 – 315 мм-ге дейін, оның 80%-ы жылдың жылы мезгілінде жауады. 10°С-тан жоғары орташа тәуліктік ауа темп-расының жылдық жиынтық мөлш. 2100°С. Вегетациялық өсіп-өну  кезеңінің ұзақт. 160 – 170 тәулік. Ең қысқа  жыл маусымы – көктем, ұзақт. 1,5 ай, жазы 3 айға созылады. Қысы ұзақ, қазаннан сәуірдің соңына дейін.

Қуаңшылықтың орташа жылдық мөлш. 37 күн, кейбір жылдары 110 – 113 күнге  дейін созылады.

Далалық климаттық белдем республиканың солт-ндегі біраз  аймақты қамтиды. Жылдық жауын-шашын  мөлш. 200 – 300 мм, оның 70 – 80%-ы жаз  айларына тән. Тұрақты қар жамылғысы 140 – 160 күнге созылады, қардың орташа қалыңд. 30 см-дей. Дүлей желді күндер көп және эрозиялық процестер  күшті дамыған. 10°С-тан жоғары ауаның орташа тәуліктік темп-расының жылдық жиынтық мөлш. 2100 – 2300°С. Вегетациялық өсіп-өну кезеңінің ұзақт. 170 – 180 тәулік. Қуаңшылықтың орташа жылдық мөлш. 69 күн. Орманды дала климаттық белдеміне  қарағанда қысы және көктемі қысқа, жазы ұзақ, күзі 1 айға жуық (қыркүйектен  басталады).

Шөлейт (шөлейтті дала) климаттық  белдем немесе қуаң дала Қазақстанның орта бөлігіндегі жазық өңірді алып жатыр. Жылдық жауын-шашын мөлш. оңт-ке қарай 279 мм-ден 153 мм-ге дейін кемиді, оның 43 – 27%-ы жылдың суық маусымында түседі. Тұрақты қар жамылғысы 120 күндей сақталады. Қар жамылғысының қалыңдығы батыстан шығысқа қарай 20 см-ден 60 см-ге дейін артады. Ауаның орташа тәуліктік темп-расы 25°С-тан  жоғары күндер саны 30 – 45, 35°С-тан жоғарғысы  – 10 – 20 күн. Вегетациялық өсіп-өну  кезеңінің ұзақт. 170 – 200 тәулік. Қысы қатал, ауа райы құбылмалы келеді, жазы ыстық, радиацияның жиынтық  мөлшері тым жоғары. Аңызақ лебі кейбір жылдары айына 27 – 29 күнге  созылады.

Қазақстанның таулы және тауалды аудандарының термикалық жүргісі  оларға іргелес жазықтардың термикалық жүргісінен күрт ерекшеленеді. Әдетте, таулардағы температура жазықтарға қарағанда төмен және де биіктеген  сайын темп-раның амплитудасы  азаяды (кемиді). Сонымен қатар тауалды  және таулы белдемдерде қыста, негізінен, радиац.-орограф. инверсиялар дамыған. Оған тіктеме бойынша ауа темп-расының  кері жүрісі мәжбүрлейді, яғни белгілі  бір биіктікке дейін темп-ра өседі. Мыс., Тянь-Шань тауларында қаңтардағы орташа инверсия теңіз деңгейінен 1300 – 1500 м биіктікке дейін таралады, одан биікте ауаның қалыпты үлестірімі қалыптасады, яғни биіктеген сайын  ауаның температурасы төмендейді. Батыс  Алтай тауларында көбінесе инверсиялық  қабаттың жоғ. шекарасы теңіз деңгейінен 700 – 900 м биіктікте жатады, алайда таулы қазаншұңқырларда инверсиялық  қабат жоғары орналасады. Жылы жарты  жылдықта мұнда климаттың жергілікті ерекшеліктері айқын көрініске  ие – таулық-аңғарлық айналым және фен секілді жылы желдер, олар ауа  темп-расының тәуліктік жүргісіне  өзіндік сипат енгізеді. Тау беткейлерінің  биіктігі мен экспозициясы, бедердің тілімдену сипаты, тау аңғарларының тереңдігі мен ені, олардың өзара  орналасуы және бірқатар өзге де факторлар  мұндағы әр түрлі микроклиматтар мен жергілікті термикалық жағдайлардың өзіндік ерекшеліктерінің қалыптасуына жағдай жасайды.

Каспий және Арал т-деріндегі, Балқаш, Жайсан, Теңіз және бірқатар өзге де көлдер секілді ірі су нысандарының ауа темп-расының жүргісіне әсері  негізінен жылдың жылы кезеңінде  байқалады. Ол әсер көбінесе бриздік  айналым әрекетінің шеңберімен шектеледі.

Өсімдіктердің жылумен қамтамасыздығы, жалпы алғанда, оңт-тен солт-ке қарай  нашарлайды. Мыс., егер Қазақстанның қиыр оңт-нде ауаның орташа тәуліктік  темп-расының жиынтығы, ауаның орнықты  темп-расы +10°С-тан жоғары кезеңде, 4200°С-тан  асады, ал солт. облыстарда (Солт. Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Ақмола облыстарының солт. бөліктері жәнеҚарағанды облысының  солт.-батыс бөлігі) бұл жиынтық 2 есе және одан да көп мөлшерде аз.

Қазақстанда соңғы 50 жылда (1954 – 2003) ауа температурасының өсу үрдісі байқалады. Орташа алғанда, Қазақстандағы  ауаның жылдық орташа темп-расы жоғарыда көрсетілген кезеңде 1,5°С өскен және өсуі бірқалыпты емес. Орташа жылдық темп-раның  ең үлкен өсімі (2,0 – 2,5°С-қа) Қазақстанның солт.-шығысында (Павлодар), шығысында (Семей) және оңт-нде (Қызылорда) байқалады. Тек Қазақстанның оңт.-батысында (Ақтау) темп-раның 50 жылдағы өсімі 0,7°С-ты құрады.

Тянь-Шаньның таулы аудандарында жылдық жауын-шашын жиынтықтары, теңіз  деңгейінен биіктікке және беткейлердің экспозициясына байланысты кең ауқымда  өзгереді (400-ден 900 мм-ге дейін). Алтайдың батыс беткейлерінде жылына 1000 мм-ге дейін жауын-шашын жауса, ал оның шығыс беткейлері құрғақ күйде қалады. Жауын-шашынның жылдық мөлшері теңіз  деңгейінен 1800 – 2000 м биіктіктерге дейін өседі де, бұл деңгейден  биікте, шамалы азаюы байқалады. Қыста, бұлттылықтың биіктігінің төмендеуіне  байланысты жауын-шашынның ең көп жауатын  белдемі теңіз деңгейінен 1000 – 1500 м биіктікте орналасады, ал жазда  теңіз деңгейінен 300 м биіктікке  дейін жауын-шашын мөлшерінің жер  биіктігіне тікелей тәуелділігі  байқалады.

Жауын-шашынның жылдық жүргісінде республика аумағының геогр. орнына байланысты елеулі айырмашылықтар байқалады. Солт. Қазақстанда ең мол атмосф. жауын-шашын жазда байқалса, ал оңт. пен оңт.-шығыста – көктемде Қазақстанның солт. жартысында жауын-шашынның жылдық жиынтығының шамамен 70 – 80%-ы жылдың жылы кезеңінде жауады да, оңт-ке қарай  жылжыған сайын суық кезеңдегі жауын-шашын  мөлшері өсе түседі. Жазда кейбір жылдары оңт-те жауын-шашын 2 – 3 ай бойы жаумайды. Мұндай кезеңдерде жаңбыр тамшылары жер бетіне жетпей буланып кететін «құрғақ» жаңбыр жауады. Жазғы жауын-шашын кезінде күннің күркіреуі жиі байқалады.

Қазақстандағы соңғы 50 жылдағы (1954 – 2003) атмосф. жауын-шашынның өзгеруіндегі жалпы үрдіс оң. Жауын-шашын мөлшерінің ең көп өсуі (50 жылда 60 мм-ден астам) Қазақстанның солт. облыстарында (Қостанай, Павлодар, Ақтөбе) анықталған. Тек Шығыс  Қазақстан және Ақмола облыстарындағы жауын-шашын мөлшерінің өзгеру үрдісі теріс болды және бұл жерлерде жауын-шашын мөлшерінің азаюының орташа көрсеткіші 15 – 60 мм-ді құрады. Қазақстандағы  жел жүргісі, негізінен, қысымдық-айналымдық жағдайларымен анықталады. Жылдың суық кезінде жел жүргісі, негізінен, Сібір антициклонының батыс сілемі ықпалымен қалыптасады. Осы сілемнің барлық топография карталары бойынша  жақсы байқалатын климаттық осінен, қыс айларында республиканың  солт-не және оңт-не қарай ауа қысымы төмендейді, ал жер бетіне жақын  изобаралар негізінен солт.-шығысқа  және оңт.-шығысқа қарай шашырайды. Қыстың барлық жағдайында Қазақстанның басым бөлігінде орталық аудандардан  ауа массаларының шеткі облыстарға қарай шашырай ағуы байқалады. Осыған байланысты Қазақстанның батыс бөлігі және Алтайдың кейбір аудандарын есептемегенде, бағыты бойынша қарама-қарсы дерлік басым желдер қалыптасатын екі үлкен  белдемдер ерекшеленеді.

Информация о работе Климат Казахстана