Климат Казахстана

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 02:01, дипломная работа

Описание работы

Климаттың аудандастыру негіздері. Сендер белгілі бір аумаққа тән ауа райының ұзақ, жылдар бойы қайталанып отыратын жиынтығын климат деп атайтынын білесіңдер. Жер шарының кез келген аймағындағы климаттың қалыптасуына, ең алдымен, оның географиялық орны, атмосфера циркуляциясы, жер бедері мен төсеніш бетінің сипаты, сондай-ақ теңіздер мен мұхиттардың ықпалы себепші болады.

Содержание работы

1 Климат.......................................................................................................2
1.1 Климатология
1.2 Климатология түрлері
1.3 Климаттық белдеулер
2 Қазақстан климаты..................................................................................4
2.1 Радиация
2.2 Атмосфера айналымы
2.3 Қазақстан климаттық белдеулері
2.4 Орманды дала климаттық белдемі
2.5 Далалық климаттық белдем
2.6 Шөлейт климаттық белдем
2.7 Атмосфералық құбылыстар
3 Қорытынды.............................................................................................12
4 Әдебиеттер..............................................................................................13

Файлы: 1 файл

Ekologiya.docx

— 38.62 Кб (Скачать файл)

Жазда Қазақстандағы жел  жүргісі, Еуразияның үлкен бөлігіндегідей күрт өзгереді. Жылдың бұл кезінде  қыспен салыстырғанда, ауа массаларының құрлықтың ең шеткі солт. ендіктерінен орталық аудандарға қарай басымдылықпен  ығысуы айқын көрініске ие. Жылдың жылы мезгіліндегі ауаның жоғары темп-расы және құрлықтың күшті жылынуы, жалпы  алғанда, Еуразия аумағындағы бар (қысым) өрісінің айтарлықтай қайта  құрылуына әкеп соқтырады. Алайда Қазақстандағы  бағыты бойынша басым желдер жаз  айларындағы әлсіздігі барысында  шашыраңқылығынан туындайды. Жылдың бұл  кезінде тымық күндердің көбірек  қайталануы байқалады.

Қазақстанның жазық аумағындағы  желдің жылдық орташа жылдамдығы жалпы  алғанда оңт-тен солт-ке қарай  артады (4 – 5 м/с дейін). Желдің төмен  жылдамдықтары (1 – 2 м/с) Қазақстанның оңт. және оңт.-шығысындағы тауалды  аудандарында байқалады. Күрделі жер  бедері жағдайларында жел жылдамдығының  үлкен құбылмалылығы туындайды. Мыс., егер бедердің желден қорғалған  пішіндерінде (қазаншұңқырлар, беткейлердің ық және төм. бөліктері, т.б) желдің жылдамдығы әлсіз (1 м/с дейін) болса, ал асуларда, шыңдарда және жел өткізуші дәліздерде желдің жылдық орташа жылд. 5 м/с-тан асады. Жел өткізуші дәліз – Жетісу (Жоңғар) қақпасы және Каспий т-нің шығыс жағалауы Қазақстанның ең желді аудандары болып табылады. Ондағы желдің жылдық орташа жылд. 6 м/с-тан асады.

Желдің жылдамдығы жыл  бойы өзгереді. Қазақстанның үлкен  бөлігінде желдің ең үлкен жылдамдықтары  жылдың өтпелі кезеңдеріне тұспа-тұс  келсе, ал ең әлсіз желдер жазда болады. Жел жылдамдықтарының максимумы  асуларға, тау шыңдарына, жел өткізуші дәліздерге және жағалауларға (Каспий т.) тән, ал қысқы минимумдар мен жазғы  максимумдар желден қорғалған орындарға (қазаншұңқыр, тауалды аудандары, т.б.) тән. Қар жамылғысы. Қар жамылғысы  сипаттамаларының аумақтық үлестірімінде  жазықтағы ендік белдемдік және таулық бедер жағдайындағы биіктік-экспозициялық  белдемдік айқын байқалады. Қазақстанның ашық кеңістіктік жағдайында қардың тасымалдануы және бұрқасынның қайталану  үдерістерімен қар жиналудың  қайшылықтары өте зор. Еліміздің  солт.-шығыс және солт. аудандарында орнықты қар жамылғысы қарашаның  бірінші онкүндігінде қалыптасады  және наурыздың соңы – сәуірдің басында аяқталады. Қазақстанның жазық  бөлігінде қар жамылғысы қарашаның  соңы – желтоқсанның басында қалыптасады  және тұрақсыздығымен ерекшеленеді, кей жылдары қар болмауы да мүмкін. Қар жамылғысының қалыңдығы  солт-те 25 – 30 см-ден, оңт-те 6 см-ге дейін  кемиді. Тауларда тұрақты қар жамылғысы  қазанның үшінші онкүндігінде – қарашаның  басында қалыптасып, мамырға дейін  жатады, ал қар жамылғысының орташа қалыңд. 30 – 60 см болса, биік тауларда 100 – 200 см-ге жетеді. Қазақстанның ең қарлы  аудандарына наурыз – сәуірде 2600 – 2800 м биіктіктерде қалыңд. 400 см, кей  жылдары 700 – 800 см қар жиналатын  Оба және Үлбі өзендерінің алабы  жатады. Ал ең мол қар қорлары 1800 см-ден асуы мүмкін.

Атмосфералық құбылыстарға жауын-шашындар және әр түрлі тұмандар, бұрқасындар мен жаяу борасындар, электрлік құбылыстар – күн күркіреу, жарқылдар, полюстік сәулелену; долы жел, шаңды боран, шаңды борасын құйын, қара құйын, көктайғақ, мұнар, мұз инелері, қырау жатады. Тұманның Қазақстан аумағындағы үлестірімі күрделі сипатқа ие. Жер бедері кедір-бұдыр болып келетін Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары және де Қазақстанның оңт. және оңт.-шығысындағы таулы және тауалды аудандарында тұманның үлестірімі ошақтық сипатта дамыған. Тұманның ең көп жылдық қайталанғыштығы Мұғалжарда (67 күн), Алтайда (Өскемен – 51 күн), Қордайда (63 күн) байқалады. Қалалар мен өнеркәсіп орталықтарында тұманды күндердің саны көбірек байқалады (Қарағандыда – 37, Алматыда – 56, Қарсақбайда – 54).Тұмандар әсіресе шөлдерде өте сирек байқалады. Қазақстанның көпшілік бөлігінде тұманның қайталанғыштық максимумы желтоқсан және қаңтар айларында байқалады. Солт-те және батыс аудандарда тұманданудың жоғары мәні көбінесе наурызда, қар еру кезеңіне тән. Тұманды күндер тау етектеріне қарағанда жазықтарда сирек байқалады. Алматы маңындағы тау етектерінде Іле аңғарымен салыстырғанда тұманды күндердің саны 4 – 5 есеге артып, жылына 75 – 100 күнге жетеді. Тұманның ұзақтығы оңт. және оңт.-шығыстағы шөл аймағында 80 – 90 сағаттан, еліміздің оңт., оңт.-шығыс облыстарындағы тауалды және таулы аудандарында 300 – 500 сағатқа жетеді. Тұманның ұзақтығы әсіресе Мұғалжар тауларында жоғары. Онда тұман жылына 50 – 60 күнге дейін, ал кейбір жылдары 100 күнге жетеді. Ең ұзақ тұмандар қыс кезінде байқалады, ал жазда тіпті жоқ деуге болады. Бұрқасындар күшті жел кезінде, ұлпа қар болған жағдайда туындайды. Бұрқасынды күндердің орташа саны біркелкі емес, алайда орташа алғанда солт-тен оңт-ке қарай 30 – 40 күннен (кей жерлерде 51) 1 – 5 күнге дейін кемиді. Бұрқасындардың жалпы ұзақтығы солт-тен оңт-ке қарай 300 – 400 сағаттан (кей жерлерде 500 және одан да көп) 1 – 5 сағатқа дейін азаяды. Қазақстанда Атбасар, Мұғалжар, Біршоғыр, Жаңғызтөбе сияқты бұрқасындар өте ұзақ уақыт болатын бірнеше ошақ бар. Бұрқасындардың жалпы ұзақтығы солт-те 300 – 500 сағаттан (кей жерлерде 500 сағаттан да көп) оңт-те 1 – 5 сағатқа дейін кемиді.

Желдің жылдамдығына тәуелді  атмосф. құбылысқа шаңды дауыл  жатады. Далалық белдемдегі шаңды  дауылды күндердің саны жылына 20 – 38 күнге тең, ал топырақ бетінің  жағдайына тәуелді шөлдерде (Арал маңы және Балқаш маңында) 50 – 60 күнге  дейін жетеді. Найзағай зор будақты-жауынды  бұлттардың дамуымен тығыз байланысты, сондықтан найзағай кезінде күшті  долы желдер, нөсерлі жаңбырлар жиі  байқалады және бұршақ ұруы да сирек  емес. Қазақстанның солт-ндегі жазық  бөлігінде найзағайдың қайталанғыштығы  жоғары, онда жылына орташа есеппен 20 – 25 күн найзағайлы болып келеді. Қиыр оңт-те найзағайлы күндердің саны жылына 8-ге дейін төмендейді. Таулы аудандарда найзағайлы күндердің саны 30 – 35 күн  аралығында құбылады, кей жерлерде 55 күнге дейін жетеді. Қазақстанда  найзағай көбінесе жылдың жылы мезгілінде байқалады. Қыста найзағай өте сирек  кездеседі. Тауалды және таулы аймақтарда жазықпен салыстырғанда, найзағайдың  жиілігі айтарлықтай жоғары. Мыс., Іле Алатауындағы найзағайлы күндердің  саны жылына орта есеппен 30 – 35 күнге  жетеді.

 

 

Қорытынды

Қазақстанның климаты  шұғыл континентті. Климаттың континенттігі  оның өзіндік ерекшеліктерінен көрінеді. Оларға: қыс пен жаз температураларының үлкен айырмашылық жасауы, ауаның құрғақтығы, республиканың көп жерінде  атмосфералық жауын-шашынның әркелкі  түсуі, кыстың солтүстікте ұзак әрі  аязды, оңтүстікте қысқа әрі жұмсақ болады. Қазақстан өзі орналасқан географиялық ендігі бойынша климаты  ылғалды субтропиктік Жерорта теңізі елдеріне және қоңыржай континентті  орталық Еуропаға сәйкес келеді. Бірақ  еліміз орасан зор Еуразия құрлығының ортасында орналасқандықтан климатының шұғыл континенттігімен ерекше. Өйткені  Дүниежүзілік мұхиттардан мыңдаған километр кашық жатқандықтан олардың  климат жұмсартарлық әсері өте аз. Қазақстан коңыржай климаттық белдеудің оңтүстігінде жатыр, сондықтан жылдың төрт мезгілі (жаз, күз, қыс, көктем) айқын білінеді. Қыста Сібірдің катты суығы келеді. Жазда Орта Азияның жылы, тіпті ыстық ауасының әсері жақсы байқалады. Жыл мезгілдерінің арасындағы температуралық айырмашылықтар климаттың континенттігін арттырады. Кең байтақ Қазақстан жерінде оның географиялық орнына (яғни атмосфералық ылғалдықтың негізгі көзі – мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедерінің сипатына байланысты қуаң континенттік климат қалыптасқан. Басқа кез-келген аумақты аймақтар сияқты республика климатына да радиациялық және циркуляциялық факторлар кешені ерекше әсер етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер

http://kk.wikipedia.org/wiki/Қазақстанның_климаты

http://kk.wikipedia.org/wiki/Қазақстан_климаты

http://kk.wikipedia.org/wiki/Климаттық_белдеулер

http://kk.wikipedia.org/wiki/Климат_және_оның_жіктелуі

 

 

 

 

 
 


Информация о работе Климат Казахстана