Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2013 в 16:10, реферат
Аршалы - Бағзы заманнан бері ауданның тарихы ескілікті аңыздармен, археологиялық қазба табыстарымен және бұрынғының үнсіз куәгерлері - мазарлармен тығыз байланыста. Кенттің солтүстік жағында, Есілдің оң жағалауындағы ескі тұрақ - адамдардың осы жерді ұнатып таңдағанының айқын кепілі. Ең бірінші рет аудан аумағы зерттелген нысан ретінде С.У.Ремезовтың географикалық атласында - «Сібірдің сызу кітабында» тіркелген. Астана қаласының тарихи-өлкелік музейінде 1914 жылы Петербург қаласында шығарылған, Есіл өзенінің арнасы көрсетілген С.У.Ремезовтың карталарының бірі сақталуда. 1870 жылға дейін облыс аумағында шаруашылық қоныстары болмаған.
Кіріспе………………………………………………………………… 3
Әдебиетке шолу………………………………………………….….. 4-8
1.Ландшафтың физикалық - географиялық құрылымы.
1.1. Ландшафтың аталуы, көлемі ……………..…………………. 9-10
1.2. Пайдалы қазбалары…………………………………………...10-11
1.3. Жер бедері……………………………………………………….. 11
1.4. Климаттық жағдайы…………………………………………… 12
1.5. Топырақ жамылғысы…………………………………............. 12
2. Ландшафтың гидрологиялық құрылымы.
2.1.Өзендері………………………………………………………… 13-16
2.2. Көлдері………………………………………………………… 16-17
3. Ландшафтың биологиялық алуантүрлілігі.
3.1. Өсімдіктер дүниесі…………………………………………… 17-19
3.2.Жануарлар дүниесі…………………………………………… .19-24
4. Ландшафт құрылымының ауданын есептеу………………...24-64
Қорытынды…………………………………………………………… 65
Қолданылған әдебиеттер……………………………………………………………66-68
J.Р.,Manteaux; Manteaux N.- ның мәлімдеулерінше Төменгі Нормания жайылымында таза қанды жылқылар жайылымы ең үлкен аумақты алып жатыр. 11 жылқы зауыты және педологиялық және флористикалық зерттеу кезінде 30 әртүрлі жайылым бөлімшелерінің шығарындылары келесідей нәтижелерді ұсынды.
1. Топырақ шығарындыларының тоқтатылуы нәтижесінде Р және К байытылады, бірақ бұл үрдіс, CaO, MgO және SO[3 ] нiң қатынасында онша айқын бейнеленбеген, ал шектен тыс жайылым кезінде топарық Mn мен байытылады.
2. Антропогендік әсердің
ықпалындағы жайылым
3. Мал жайылымына, Р және
К қоректену режиміне, жылқы зауытының
орналасуына байланысты
Топырақтың тозуымен
және өсімдіктің өсу
1.Ландшафтың физикалық - географиялық құрылымы
1.1.Ландшафтың аталуы, көлемі
Аршалы ауданы – Ақмола
облысының оңтүстік-
1 - cурет. Аршалы ауданының физикалық картасы
1.2. Пайдалы қазбалары
Аршалы ауданында көп таралған пайдалы қазбалар көздерінде жер қойнауын пайдалану операциясын жүргізу үшін, жер қойнауын пайдалануға 26 келісім шарт жасалған. Ауданда көп таралған пайдалы кен қазбаларынан құрылыс тасы, құрылыс құмы, шағыртас, құмды топырақ, ақ тас, қиыршық тас (2-сурет), кірпіш сазы (3-сурет) өндіріледі. Жалпы өнеркәсіп өнімі көлемінде өңделетін өнім үлесі 69,6% құрайды (4,9 млрд.теңге), оның ішінде 46% құрылыс индустриясының өндірісіне жатады. Құрылыс индустриясына АҚ «Қазшпал» жатады. Кәсіпорынның негізгі қызмет түрі - темірбетон жинақтарын, темір жол шпалдарын, темір жол бағыттарының брустарын өндіру. Кәсіпорын өнімдерін шығаратын кәсіпорындардың негізгі мәселелері - өндірілген өнімдерді өткізу үшін өткізім нарығын іздестіру болып табылады. АҚ «Қазшпал» кәсіпорны «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық Компаниясымен жасалған келісімнің мерзімінің аяқталуына байланысты кәсіпорын көлемін 30% азайтты, бұл ақшалай 2 млрд.теңгені құрайды. Өнімді өткізу нарығының жоқтығына байланысты «Нефрит Голд» ЖШС шағыртас өндіруді 19,5% азайтты. Шағыртас шығарудың көлемін - 1,5 есеге ұлғайтқан «Аркада Индастри» ЖШС кәсіпорнында оң серпін байқалады. Тау кен өнімдерімен айналысатын салаларға, шағыртас пен құм шығаратын ең ірі кәсіпорын ЖШС «Аркада - Индастри» және «Нефрит Голд» жатады. Шағыртас зауыттары фракциялары 05-тен 60 мм., куб тәріздесі 05-20 мм. шағыртас шығарады. Тау кен өнімдерімен айналысатын салада 1,6 млрд. теңгенің өнімі шығарылды немесе 2010 жылға қарағанда 8 % көп.
2 - сурет. Қиыршық тас.
3 - сурет. Кірпіш сазы.
1.3. Жер бедері
Аудан аумағы Орталық Қазақстанның ұсақ дөңдер шеңберінде орналасқан, шығыс рельефі аласа таулы, орта бөлігі - қыратты жазық, солтүстік және батысы - аз толқынды жазықтық. Аршалы ауданы құрғақ дала аумағында орналасқан, Константинов және Михайлов селолық округтерінің шығыс жағында қайыңды-үйеңкілі аумақтар кездеседі.
Жер бедері абс. биікт. 400 - 600 м-ден аспайтын төбелі-белесті жазық болып келеді. Шығыс жағын Ерейментаудың ұсақ шоқылы оңт. сілемдері алып жатыр. Жуантөбе (498 м), Тастөбе (432 м), Түйетөбе (464 м) сияқты төбелер бар.
4 - сурет.Ерейментау таулары.
1.4. Климаттық жағдайы
Климаты тым континенттік, қысы суық, ұзақ. Жазы қоңыржай ыстық. Орташа темп-расы — қаңтарда 17° С, шілдеде 20° С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 300 — 350 мм. Жыл ішінде 240-280 мм жауын-шашын түседі. Оның 55-60% жылы мезгілде жауады. Тұрақты қар жамылғысы қарашаның ортасында қалыптасып, оңтүстігінде 130 – 140 күн, солтүстігінде 150 – 155 күн жатады. Қардың орташа қалыңдығы 20 – 22 см. Ылғалдың булануы жауын-шашын мөлшерінен 4 есе көп. Жазда құрғақшылық және аңызғақ құбылыстары жиі байқалады. Ауаның белсенді температура қосындысы 2300-26500. Гидротермиялық коэффицент 0,5-0,70,35.
1.5.Топырақ жамылғысы
Топырақ біркелкі емес, қара топырақтан бастап қара-қоңыр түсті, сортаң жерлер кездеседі, бонитет баллы мен тұздылығы әр түрлі. Аудан аумағы - 584,8 мың га жерді алып жатыр, оның ішінде ауыл шаруашылығына тиесілі - 456,5 мың га, олардан: жыртылатыны - 198,9 мың га, немесе 43,6%, жыртылмайтыны - 28,1 мың га. немесе 6,2%. Бонитет баллы - 25. Топырағы - қарақоңыр.
Аудан жерінде негізінен сортаң қарақоңыр топырақ тараған. Тың және тыңайған жерлерді игеру жылдары олардың көбі жыртылған. Топырақтың жел және су эрозиясына шалдықпауы үшін жиі жазық тілгіш құралдарымен өңдеу қажет. Органикалық және минералды тыңайтқыштарды, әсіресе фосфор тыңайтқыштарын және топырақтағы нитратты азот мөлшері аз танаптарда фосфор тыңайтқышына қосып азотты тыңайтқыштарды да пайдалану қажет. Жеңіл гравулиометриялық құрамды қоңыр топырақтарды эрозия қауіпі өте жоғары болып келуіне байланысты астық тұқымдас дақылдарды, сүрі алқабын көп жылдық шөптерді 50-100 м егістер ретінде кезектестіріп егу, яғни топырақ қорғау ауыспалы егіс жүйесін қолдану арқылы пайдалану қажет.
2. Ландшафтың гидрологиялық құрылымы
2.1. Өзендері
Аудан жерінен Есіл өз. және оның салалары Мойылды, Қарасу, Шортанды, Жалтыркөл, Ақтасты, Беріктал, Жыланды, Сүгір және Қызылмола, Өлеңті өзендері ағады. Бірақ олардың біразы жазда құрғап, қарасуға айналып бөлініп қалады. Мойылды өзені (5-сурет) – Ақмола облысы, Аршалы ауданындағы өзен. Есіл өзенінің оң жақ саласы. Ұзындығы 66 км, су жиналатын алабы 769 км². Бастауын Ерейментау тауларының оңтүстігінен алады. Жалпы ұзындығы 73 км болатын 36 шағын саласы бар. Ең ірісі – Тентек Қарасу (20 км). Су жиналатын алабының жер бедері жонды-белесті, жонды-төбелі денудациялық қыратты жазық. Карбонатты қара топырақ және қошқыл қоңыр топырағында бетегелі-селеулі, бетегелі-бозды-қызыл қаулы, қарағанды-бетегелі-селеулі өсімдіктер өскен. Айқын байқалатын аңғарында мойыл, талды тоғай шоғырлары кездеседі. Жоғары және төменгі ағыстарында жайылмалары байқалады. Арнасы ирелеңдеп келген. Қар және грунт суларымен толығады. Қараша айының 1-онкүндігінде суы қатып, сәуірдің 2-жартысында мұзынан арылады (140 – 180 күндей мұз құрсауында болады). Жайылмасының шалғындарын көлтабандатып суландыруға пайдаланылады.
5 - сурет. Мойылды өзені.
Өлеңті өзені (6 - сурет) - ұзындығы 49 км. Бастауын Ерейментаудың тауаралық аңғарынан алып, ауданның оңтүстігімен ағады. Жалпы ұзындығы 25 км болатын ұсақ 9 саласы бар. Алабының жоғарғы бөлігіндегі жер бедері тектониктік эрозиялық қырқалардан, жалдар мен жондардан тұрады, төменгі бөлігі делювийлі-пролювийлі жазық. Қызғылт қоңыр топырағында бұта аралас сұлыбасты шөптесіндер өскен. Түпкі жыныстары кейбір жерлерінде жер бетіне шығып жатыр. Қар суымен толығады. Жер асты суы шығып жатқан жоғарғы бөлігінде ғана ағын суы тұрақты болып тұрады. Жазық бөлігі жаз айларында құрғап, қарасуларға бөлініп қалады. Жақын жатқан елді мекендердің жайылымдық жерлерін суландыруға пайдаланады.
6 – сурет. Өлеңті өзені.
Аудандағы 33 елді мекендердің
29 селосында сумен
7 – сурет. Арнасай су қоймасы.
Арнасай су қоймасы (8-сурет) – Қазақстанның су қоймаларының бірі, оның ұзындығы - 11км, ені - 10км. Су қоймасы Ишим өзенінің жоғарғы ағысында 1969 жылы салынған. Ауданы - 61км2, көлемі - 0,411км3 . Ол ағынның көп жыл бойы реттелуін жүзеге асырады және энергетика мен ирригация үшін пайдаланылады. 2002 жылы Қазақстан астанасы Астана қаласын сумен қамтамасыз ету үшін су қоймасына Ертіс – Қарағанды арнасынан су бұру салынды, ол Орталық Қазақстанның өнеркәсіп аудандары мен ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету үшін 1968 жылы салына бастады.
2.2. Көлдері
Ірілі-ұсақты тұщы әрі тұзды көлдер көп. Үлкендері: Үлкен және Кіші Сарыоба, Балықтыкөл, Танакөл, Байдалы, Шалқар, Қызылкөл, Шөптікөл (10 – сурет) , Шаңкөл т.б. көлдер бар.
Үлкен Сарыоба көлі (9 – сурет) — Есіл алабындағы көл. Ақмола облысы Аршалы ауданында, Сарыоба елді мекенінен батысқа қарай 5 км жерде орналасқан. Ауданы 15,17 км², ұзындығы 6,2 км, енді жері 3,6 км. Орташа тереңдігі 2,1м. Көл төбелер аралығындағы қазаншұңқырлы ойыста жатыр. 20 ғасырдың орта шенінде Кіші Сарыоба кқліне қосылып жатқан. Көлге көктемде бірнеше кішігірім өзен құяды. Жағасы тік жарлы, биіктігі 3 - 4 м. Көл айдыны таза, тек жағасынан 100 — 150 м қашықтықта су асты өсімдіктері кездеседі. Көктемде деңгейі көтеріліп, орта сулы жылдары 0,4 — 0,5 метрге, суы мол жылдары 1,0 — 1,2 метрге жетеді. Мұз қалыңд. әдетте 0,7 — 0,8 м, қатаң қыстарда 1,0 м-ге жетеді. Суының минералд. жоғары. Ауыз суына жарамайды.
3. Ландшафтың биологиялық алуантүрлілігі
3.1.Өсімдіктер дүниесі
Даласында бетеге, селеу, қылқан селеу, жусан, шығысында түрлі бұта, сұлыбас, қылқан селеу өседі. Аршалының баурайы мен шатқалдарында арша, қайың(8 - сурет), көктерек, қарағай, тобылғы, түрлі шөп, сұлыбас, қызғылт селеу, жолжелкен (9 - сурет) , өзен аңғарларында түрлі шөп, жабысқақ қандыағаш, көктем жанаргүлі, астық тұқымдас шалғын өседі. Осы өсімдіктердің ішінде көктем жанаргүлі(10 – сурет) Қызыл Кітапқа енген. Ерейментау қорықшасында (1986 ж) қорғалады.
8 – сурет. Қайың.
9 – сурет. Жолжелкен.
10 – cурет. Көктем жанаргүлі.
11 – сурет. Жусан.
3.2. Жануарлар дүниесі
Жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі (12 - сурет) , қарсақ, қоян (13-сурет), ақ қоян (14-сурет ), борсық, суыр, сарышұнақ, ақ қалақ, ақкіс кездеседі. Құстардан қаз (15-сурет), үйрек (16-сурет), ақбас тырна (17-сурет), құр, бүркіт, дала қыраны, қызылжемсаулы қарашақаз, сұңқылдақ аққу, дуадақ, қаршыға, бөктергі, лашын, сауысқан (18-сурет), бозторғай (19-сурет) т.б. мекендейді.
Осы жануарлар ішінен Қызыл кітапқа енгендері Қызылжемсаулы қарашақаз, сұңқылдақ аққу, дуадақ, ақбас тырна, дала қыраны, лашын және т.б. Бұл жануарлар мен құстар Ерейментау қорықшасында (1986 ж) қорғалады.
12 – сурет. Түлкі.