Медициналық қызмет этикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 19:34, доклад

Описание работы

Мақсаты: Денсаулық сақтау қызметкерлері алдында Елбасының жыл сайынғы Жолдауларында, ҚР Конституциясында, «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтауды дамыту туралы Кодексте», мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдардың күшін біріктіру жолымен әрбір қазақстандықтың ұлт саулығын қалыптастыруға қатысу принципіне негізделген, «Саламатты Қазақстан» деп аталатын республиканың денсаулық сақтау саласын дамытудың 2010 жылдан 2015 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру міндеттері тұр.

Файлы: 1 файл

Этика мед.docx

— 36.13 Кб (Скачать файл)

                                                                                         «Бекітемін»

                                                                                                Директордың тәрбие ісі

                                                                                              жөніндегі орынбасары

 __________Г.Г.Абдрахманова

 

 

 

 

 

 

 

 

Дөңгелек үстел

Тақырыбы: «Медициналық қызмет этикасы»   

 

 

 

 

Атырау 2013ж

 

«Медициналық қызмет этикасы» - атты 268-топ, «Мейірбике ісі» бөлімі студенттерінің колледж ішілік тәрбие сағаты.

 

Мақсаты: Денсаулық сақтау қызметкерлері алдында Елбасының жыл сайынғы Жолдауларында, ҚР Конституциясында, «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтауды дамыту туралы Кодексте», мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдардың күшін біріктіру жолымен әрбір қазақстандықтың  ұлт саулығын қалыптастыруға қатысу принципіне негізделген, «Саламатты Қазақстан» деп аталатын  республиканың денсаулық сақтау саласын дамытудың 2010 жылдан 2015 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру міндеттері тұр.Дегенмен, ЖОО-ларда және медициналық колледж студенттердің деонтологиялық ғылымды игеруіне жеткілікті көңіл бөлінбейді, соның салдарынан медициналық оқу орындарының түлектері деонтология туралы қарапайым ұғымның өзін түсіне бермейді. Деонтологиялық тәрбие мен кәсіби білім беру бір-бірімен іштей байланысты.  Моральдық-этикалық нормалар, ережелер мен талаптар медбикенің сырқатпен, оның отбасымен және туыстарымен, жұмыста қызметкерлермен, әріптестерімен және жұртшылықпен өзара қарым-қатынасының күрделі ілімін игермейінше жүзеге аспайды. Сондықтан мейірбике өзінің философиялық көзқарасын нығайта отырып, өзіне мынадай этикалық міндеттерді, этикалық байлықты бағалануы, мейірбикелік адамгершілік қасиеттерін қабылдауы тиіс.

Этикалық міндеттері: ізгілік жасау, зиян тигізбеу,шындықты айту, басқалардың міндеттерін құрметтеу, берген уәдені орындау, адал болу, науқастың жеке іс-қимыл әрекеттерінің құқығын сыйлау.

Этикалық бағалануы, мейірбикенің талапты мақсаттары, ол: Кәсібишеберлік – жақсы маман болу; денсаулық-адаптация арқылы жететін қоршаған ортамен динамикалық адамдар гармониясы; тәуелсіздік және меншік; ықыласқа ие болу дербестігі.

Мейірбикенің адамгершілік қасиеттері: Адал  қызметкер болу-бұл құрметке, беделге жеткізетін мінездеменің сипаты. Жақсы мейірбике-адамдардың арасындағы жақсы мен жаманның арасын айыра білуі және білімді, іскер, шыдамды, қайырымды, алдына қойған мақсатына жете білуі қажет.

Ұйымдастырушы: Сералиева Х.Д.- № 268 топ кураторы.

 

Жауапты топ: №268-топ «Мейірбике ісі» бөлімі.

 

Жүргізуші: студент Султангалиева Гүлмира

 

Өтетін мерзімі: 20.02.2013ж

 

Уақыты: 09:00 сағат

 

Өтетін орны: 210 аудитория

 

Шараның өту түрі: Дөңгелек үстел

 

Қатысушылар: Атырау медицина колледжінің мұғалімдері, бөлім меңгерушілері, студенттер.

 

Жабдықталуы: Бейне-сурет слайдтары, буклеттер, сұраққа жауап алу.

 

Жүргізуші: Әр елдің және Қазақстанның медбикесінің этикалық кодексін этикалық қағидалар анықтайды және медбикелердің өзін өзі ұстау стандарттарымен өзін өзі этикалық бақылау стандарттары болып табылады. Этикалық қағидалармен медициналық қызметкердің профессиональды деонтологиясы үздіксіз байланыста болады. Деонтология ғылым емес, қарым қатынас пен өзін өзі ұстау қасиеті, әрбір елдің мейірбикесі, соның ішінде Қазақстанда, мейірбикелердің тәртібі мен өзін өзі басқару құралы ретінде профессионалды мейірбике үшін үлгі болып табылады. Этикалық принциптермен қатар медициналық қызметкердің профессионалді деонтологиясы, мейірбикенің деонтологиясы үзіліссіз байланысқан.

 

Медициналық этика (лат. ethica, грек тілінен алғанда ethice – адамгершілікті зерделеу), немесе медициналық деонтология (греч. deon – парыз; «деонтология» термині соңғы жылдардағы отандық әдебиетте кеңінен қолданылуда), – яғни бұл –медициналық қызметкерлердің кәсіби міндеттерін орындау барысындағы этикалық нормалар мен қағидаттар жиынтығы. Қазіргі заманғы түсінік бойынша, медициналық этикаға келесі аспектілер кіреді:

 

  • ғылыми – медициналық қызметкерлердің жұмысының этикалық және адамгершілік аспектілерін зерттейтін медициналық ғылым тарауы;

 

  • практикалық – кәсіби медицициналық қызмет барысында этикалық нормалар мен ережелерді қалыптастыру және қолдану міндеті болып табылатын медициналық тәжірибие саласы.

Медициналық этика үш негізгі  бағыт бойынша тұлғаралық қарым-қатынастардың  әртүрлі мәселелерін зерделейді және шешеді:

  • медициналық қызметкер – емделуші,
  • медициналық қызметкер – емделушінің туысқандары,
  • медициналық қызметкер – медициналық қызметкер.

Төрт этикалық қағидаттар: қайырымдылық, автономия, әділеттілік және толыққанды медициналық көмек. Қағидаттардың күнделікті қолданылуын талқыламас бұрын әрбіріне жеке сипаттама бергеніміз жөн болар.

 

Студент  Қайырғали  Ақеркеш:

Қайырымдылық  қағидаты: “Мен емделушіге мейіріммен қараймын немесе ең болмағанда зиян келтірмеймін» Қайырымдылық дегеніміз емделушіге зерек және ілтипатты көзқараспен қарау, науқас денсаулық жағайының күрделігімен барабар емдеудің оңтайлы әдістерін таңдау, емделушінің медициналық араласуға дайындығы және қабілеттілігі. Ең бастысы, медициналық қызметкердің кез келген әрекеті нақты емделушінің жағдайын жақсартуға бағытталуы шарт!

 

 

Студент Ризабекова Айжамал:

Автономия қағидаты: әрбір емделушіге және оның шешімдеріне сыйластықпен қарауды талап етеді. Кез келген адам мақсат ретінде қарастырылғанмен, сол мақсатқа жеткізетін құрал ретінде қарастырылмайды. Медициналық көмектің құпиялылықты, емделушінің мәдениетін, дінін, саяси және өзген де көзқарастарын сыйлау, медициналық шара қолдануларға ақпаратты келісім беру, күтуді бірлесе жоспарлау және жүзеге асыру, сонымен қатар, емделушінің өз бетімен шешім қабылдауы, немесе осы емделушінің заңды өкілінің шешім қабылдауы сынды аспектілері автономия қағидатымен байланысты.

 

Студент Анарбекова Айзада:

Әділдік қағидаты: зиян келтірмеу- медицина қызметкерлерінің мәртебесіне, әлеуметтік жағдайына, мамандығына және сыртқы ахуалдарға қарамастан барлық емделушілерге бірдей қарау және бәріне бірдей көмек көрсету. Осы қағидат, сондай ақ, медициналық қызметкер қандай бір көмек көрсетсе де, оның әрекеттері емделушіге және өзге де тұлғаларға нұқсан келтірмеуі тиіс. 
Емделуші мен оның туыстары немесе өзге де медицина қызметкерлері арасындағы кикілжің туындаған жағдайларда, осы қағидатты басшылыққа ала отырып, біздер емделушінің мүддесін қорғауымыз қажет.

 

Студент Зұлпыхарова  Әнім:

Толыққанды медициналық  көмек көрсету қағидаты: кәсіби медициналық көмекті және емделушіге кәсіби көзқарасты, сапалы диагностикалау және емдеу жүргізу үшін денсаулық сақтаудың барлық мүмкіндігін қолдануды, профилактикалық шараларды және паллиативті көмек көрсетуді көздейді. Осы қағидат денсаулық сақтау саласына қатысты барлық заңнамалық нормалардың сақталуын, сонымен қатар этикалық кодекстің барлық ережелерінің сақталуын талап етеді. Медицина қызметкерінің рухани жауапкершілігі оның медициналық этиканың барлық қағидаттарын сақтауын тұспалдайды.

 

Жүргізуші: Мейірбике міндеті – тарихи құрамдастырылған нормалар жиынтығы,ол мейірбике мен науқас, мейірбике мен дәрігер, мейрбикелердің өзара қарым-қатынасы, мейірбикенің мейірбике ісіндегі ролін бақылайды. Профессионалды міндет – бір жағынан медицина қызметкерінің мораль көрсеткіші – гуманизмді (адамгершілік, адамға сүйсіну), ал басқа жағынан гуманизм мен мейірбике міндеті бір-біріне қайшы келуі мүмкін. Мейірбике алғашқы көмек көрсетуден бастартпауы қажет.

 

Студент Аженова  Айсауле  талқылайды:

 «Медбике-емделуші» арасындағы қарым-қатынастар:

  • Медициналық бике емделушімен сабырлы әрі ашық жарқын сөйлесуге міндетті. Дөрекі, тұрпайы немесе тым ресми сөйлесуге тыйым салынады. Науқастарға «Сіз» деп және аты мен әкесінің атын атап сөйлескен жөн.
  • Науқастың жанында тұрып оның диагнозын, емдеу жоспарын талқылауға, палатадағы өзге де науқастардың денсаулығын әңгімелеуге тыйым салынады.
  • Күрделі және ауырсындыратын емшараларды бастамас бұрын медбике осы емшаралардың мәнін, мағынасын және қажеттілігін түсінікті түрде науқасқа түсіндіруі және тыныштандыруы қажет.

Студент Құлманова  Жұлдыз талқылайды:

 «Медбике – емделушінің туысқандары (және жақындары)» арасындағы қарым-қатынастар:

  • Ұстамдылықты, сабырлылықты, тыныштықты және әдептілікті сақтауы қажет;
  • Күрделі науқастарды күтушілерге емшара мен манипуляцияларды дұрыс орындау тәртібін түсіндіруі тиіс;
  • Тек өз құзыреті шеңберінде сұхбаттасуы (науқастың сырқаты, болжамы жөнінде әңгімелемей, дәрігерге жолдау) тиіс;
  • Қойылған сұрақтарға сабырлы жауап беруі қажет, күрделі науқаста дұрыс күте білу ережелерін шыдамдылықпен үйретуі тиіс.

Студент Абишева  Гульмира талқылайды:

«Медбике-дәрігер» арасындағы қарым-қатынастар:

  • Сұхбаттасу кезінде дөрекі сөйлесуге тыйым салынады;
  • Дәрігерлік тағайындаулар уақытында нақты, нақты және кәсіби орындалуы тиіс;
  • Науқастың денсаулық жағдайындағы кенеттен болған өзгерістер туралы дәрігерге жедел хабар берілуі тис;
  • Тағайындалған дәрігерлік емді қолдану барысында күмән туындаған жағдайда , науқас жоқ уақытта, сыпайы түрде, осы жөнінде дәрігермен мән-жайды талқылауы қажет.

Студент Туралиева  Жайнагүл талқылайды:

«Медбике-медбике» арасындағы қарым-қатынастар:

  • өз ұжымдастарымен жұмыс істеу барысында дөрекілікке, тұрпайылыққа жол берілмеуі тиіс;
  • Қандай да бір ескертулер, науқас болмаған уақытта, әдепті түрде айтылуы тиіс;
  • Тәжірибиелері мол медбикелер жас мамандарға тәлімгерлік көмек көрсетулері қажет;
  • Қиын жағдайларда бірі біріне көмектесулері тиіс.

Студент Ертаева  Жайнагүл талқылайды:

«Медбике-кіші медицина қызметкері» арасындағы қарым-қатынастар:

  • өзара сыйластықты сақтаулары тиіс;
  • кіші медицина қызметкерінің жұмысын сыпайы түрде бақылауы қажет;
  • Әдепсіздікке, дөрекілікке, тәкаппарлыққа жол беруге болмайды;
  • Науқастар мен келушілердің көзінше ескертулер жасауға болмайды.

Жүргізуші: Өз денсаулығын мейірбикеге  сенген науқас оның білікті маман екеніне және адалдығына ғана емес, сонымен қатар шынайлылығына,мейірімділігіне, қамқорлығына, сенімді болуы керек. Сондықтан да науқастар, халық, аурулар дәрігерге, мейірбикеге моральді, құлықтық қасиеттеріне жоғары талап қойған және моральді заңда дәстүрлерге бағынған.

Жалпы сұрақ:

1.Медицина дегеніміз не? (Медицина - адам дерті мен оның емі жайлы ғылым.)

2.Этика дегеніміз не? (Этика - құлықтылық туралы ілім, моральдың мағынасы мен маңызы жайында қарама қарсы ойлар жүйесі.  )

3. Медициналық этика принциптері?

(Медициналық этика принцитері медицина қызметкерлерінің күнделікті іс әрекетінде сақталуы керек. Ережелер, дәстүр, негізінде мораль мен этикалық категориялардың жалпылама мағыналары қалыптасқан: парыз, абырой, ар ұят, бақыт).

4.Деонтология, ол қандай ғылым? (Деонтология — өз өмірін ең игілікті іске — адам денсаулығына қамқорлық жасауға өзін арнаған дәрігердің моральдық, этикалық және зиялылық бейнесі, дәрігер мен сырқаттың, оның туыстарының арасындағы өзара байланыстың қандай болуы керектігі туралы ғылым).

Жүргізуші: Республикамызда тұрғындарға медициналық көмектің сапасы мен мәдениетін көтеру, оның мамандандырылған түрлерін дамыту және кең ауқымдағы профилактикалық шараларды жүзеге асыру көп ретте медициналық деонтология — медицинадағы қажеттілік ілімі туралы таным принциптерін сақтаумен анықталады.

Студент Ажигалиева Рысканым: Деонтология (парызтану) бұл -медицина қызметкерлеріне жоғары гуманистік, моральдық-этикалық талаптар, кәсіби деңгейін ұдайы жетілдіру, патриотизмге тәрбиелеу мен қалыптастырудың, халыққа, өз ісі пен парызына берілгендік негізі болып табылады. Сырқатты емдеу барысында дәрігердің деонтологиялық әдістерді оңтайлы қолдануы емделушінің бойында дертінің емге көнетіндігі туралы сенім мен үмітті нығайтады, сондай-ақ медицина қызметкерінің жоғары кәсіби дайындығының дәлелі болып есептеледі.

Информация о работе Медициналық қызмет этикасы