Медициналық қызмет этикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 19:34, доклад

Описание работы

Мақсаты: Денсаулық сақтау қызметкерлері алдында Елбасының жыл сайынғы Жолдауларында, ҚР Конституциясында, «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтауды дамыту туралы Кодексте», мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдардың күшін біріктіру жолымен әрбір қазақстандықтың ұлт саулығын қалыптастыруға қатысу принципіне негізделген, «Саламатты Қазақстан» деп аталатын республиканың денсаулық сақтау саласын дамытудың 2010 жылдан 2015 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру міндеттері тұр.

Файлы: 1 файл

Этика мед.docx

— 36.13 Кб (Скачать файл)

Студент Жекенбаева Назыгүл: Мейірбикелік деонтология – мейірбикелік этиканың бөлігі болып саналады, бұл ғылым дәрігердің қоғамның және науқастың алдындағы парызы, медицина қызметкерінің кәсибі жүріс тұрысы.

Жүргізуші: «Медицина қызметкерлеріне өзін өзі таза ұстау керек, таза киім кию өйткені осының барлығысы науқасқа маңызды.» деп Гиппократ атамыз жалпы медицина қызметкерінің өзін өзі ұстау мәдениетін және ол эмоциональды тұрақтылықты тәрбиелеу керек, өзін өзі ұстай білу керек деп тұжырымдаған.

Студент Хайрлина Назерке: Медицина қызметкерінің өзін өзі ұстау мәдениетін екі түрге бөлуге болады:

  1. Ішкі мәдениет. Бұл еңбекке жауапкершілікпен қарау, тәртіп сақтау, құрал жабдықтарға ұқыпты қарау, достастық пен ұжымдық.

Студент Ермекқызы  Ақтілек: Медициналық қызметкерлерінің  негізгі қасиеттері, оның ішкі мәдениеті болып саналады:

Сыпайылық – қарапайымдық, шынайлық, адамның әсемдігін және күшін білдіреді.

Шынайылық – медицина қызметкерінің ең жоғары деңгейі.Ішкі белгілерінің негізі. Цицерон айтқан, шынайылықтын екі бастауы бар, бұл: «Ешкімге зиян келтірме және  қоғамға пайда келтіру».

Шындық– медицина қызметкерінің барлық ісінің негізі болу керек.Күнделікті істеген ісінің және ойының негізі. 

Мейірім – жақсы адамның ішкі мәдениетінің негізгі қасиеті.

Жақсы адам –бұл қоршаған ортадағы адамдарға жақсы көзқараспен, олардың қайғы мұңынтүсініп қажет жағдайда көмек көрсетуге сөзімен, ісімен  дайын тұратын адам. 

 

Студент Сұпығалиева  Гүлжан:

  1. Сыртқы мәдениет. Сөйлеу мәдениеті, сыртқы көрінісі, дөрекі сөйлемеу және т.б.

 

Жүргізуші: Медицина қызметкерінің сыртқы мәдениеті дегеніміз не?

Студент Ильясова Гульмира:

1. Сыртқы көрінісі. Медицина қызметкерінің сыртқы көрінісіне және киімдеріне қойылатын талап – тазалық және қарапайымдық, бояулардың және тым сәндеуіш заттардың аздығы, аппақ халат, қалпақ және екінші ауыстыруға арналған аяқ киім. Киімі, бет әлпеті, өзін өзі ұстауы медицина қызметкерінің науқастарға мән беру қасиетін білдіреді.

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗДАР! Медициналық  киім әшекейлеуді қажет етпейді. Ол өзі адамға жақсы әсер тигізеді, міндеттерін атқарғанда тазалықты, қатандықты білдіреді. Егер дәрігердің түрі қорқынышты, отыруы сүйкімсіз, міндет етіп сөйлесе науқастарға сенім білдірмейді. Медициналық қызметкер өзін қарапайым ұстап, ұстамды және түсінікті сөйлеу керек.

2. Сөйлеу мәдениеті сыртқы  мәдениетінің екінші негізгі  бөлігі болып табылады.. Речь Медицина  қызметкерінің сөзі қатты емес, түсінікті, эмоциональды болу  керек. Науқасқа байланысты мынадай  сөздерді қолданбау керек: «апатай», «қарағым» және т.б. Кейде науқас  туралы «диабетик», «язвенник», «астматик»және  т.б. сөздерді естуге болады. Көбіне медицина қызметкерлерінің сөздері науқастардың құлағына жағымсыз болады сондықтан оларға науқастар сенімсіздікпен қарайды.  Медицина қызметкерлерінің мұндай қылықтары науқастардан алыстатып, кері көзқарас туғызады.

Жүргізуші:Мейірбикелік  этика және  деонтологияның негізгі  принциптері Флоренс Найтингейлдін антында, халықаралық мейірбикелер кеңесінің кодексінде берілген. Бұл, бәрінен бұрын:

  • Адамгершілік пен қайырымдылық, махаббат пен қамқорлық.
  • Аяушылық білдіру.
  • Тілектестік.
  • Риясыздық.
  • Еңбекқорлық.
  • Кішіпейілдік.

Медицина әлемінде көпшілік мақұлдаған жұмыс принципі және медбикенің адамгершілігі халық менталитетіне, тарихына, салт дәстүрлеріне, даму дәрежесіне, діни, білім беру және экономикалық институттарыныа байланысты әр елде өз ерекшеліктері бар:

1.Келісілген информация алу принципі.

1)Ұсынылған емнің мақсаты мен мінезі туралы;

2)Онымен байланысты қауіп қатер туралы;

3)Сол емнің альтернатива мүмкіндігі туралы науқасқа хабарлау болып табылады.

Студенттер талқылайды: Мұтайыр Жаңылсын, Сұпығалиева Гүлжан, Рзиева Алмагүл.

2.Қайрымдылық  принципі – «қайырылымдылық жасау» деген мағынаны білдіреді. Оның құрамына қайғыдағы адамдарға мейірімділікпен қарау.

3.Қызметтік құқық бұзушылықты болдырмау принципі. Бұл «зиян келтірме» принципі дәрігер мен медицина қызметкеріне басқаларды қауіп қатерден сақтау, өзінің компетенттілігінің шегінде ауырсыну мен қайғыны басуға міндеттейді.

4.Әділеттілік принципіне адамзат теңдігіне сыйластық, жетіспейтін заттарды тең бөлу жатады.

5.Шынайылық принципі (науқасқа шындықты айту). Науқас пен медициналық орталық арасында ашық қарым қатынас пен медицина орталығының өз міндеттерін орындаудың негізін қалайды.

 

Жүргізуші: . Денсаулық сақтау қызметкерлері алдында Елбасының жыл сайынғы Жолдауларында, ҚР Конституциясында, «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтауды дамыту туралы Кодексте», мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдардың күшін біріктіру жолымен әрбір қазақстандықтың  ұлт саулығын қалыптастыруға қатысу принципіне негізделген, «Саламатты Қазақстан» деп аталатын  республиканың денсаулық сақтау саласын дамытудың 2010 жылдан 2015 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру міндеттері тұр.Дегенмен, ЖОО-ларда және медициналық колледж студенттердің деонтологиялық ғылымды игеруіне жеткілікті көңіл бөлінбейді, соның салдарынан медициналық оқу орындарының түлектері деонтология туралы қарапайым ұғымның өзін түсіне бермейді. Деонтологиялық тәрбие мен кәсіби білім беру бір-бірімен іштей байланысты.  Моральдық-этикалық нормалар, ережелер мен талаптар медбикенің сырқатпен, оның отбасымен және туыстарымен, жұмыста қызметкерлермен, әріптестерімен және жұртшылықпен өзара қарым-қатынасының күрделі ілімін игермейінше жүзеге аспайды. Сондықтан мейірбике өзінің философиялық көзқарасын нығайта отырып, өзіне мынадай этикалық міндеттерді, этикалық байлықты бағалануы, мейірбикелік адамгершілік қасиеттерін қабылдауы тиіс.

Этикалық міндеттері: ізгілік жасау, зиян тигізбеу,шындықты айту, басқалардың міндеттерін құрметтеу, берген уәдені орындау, адал болу, науқастың жеке іс-қимыл әрекеттерінің құқығын сыйлау.

Этикалық бағалануы, мейірбикенің талапты мақсаттары, ол: Кәсібишеберлік – жақсы маман болу; денсаулық-адаптация арқылы жететін қоршаған ортамен динамикалық адамдар гармониясы; тәуелсіздік және меншік; ықыласқа ие болу дербестігі.

Мейірбикенің адамгершілік қасиеттері: Адал  қызметкер болу-бұл құрметке, беделге жеткізетін мінездеменің сипаты. Жақсы мейірбике-адамдардың арасындағы жақсы мен жаманның арасын айыра білуі және білімді, іскер, шыдамды, қайырымды, алдына қойған мақсатына жете білуі қажет.

 

 

 

 

ЖүргізушіJ  Қорытынды сөз кезегін Атырау Медицина  колледжінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абдрахманова Гүлбарам Гинаятовнаға және бөлім меңгерушісі Жетібаева Алданыш Сралиевнаға сөз береміз.

 

 

 

 


Информация о работе Медициналық қызмет этикасы