Монреаль хаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 14:10, реферат

Описание работы

70-жылдардың соңына қарай фреондарды әлемдік өндіру көлемі және атмосфераға түсу көлемін есептей келе мамандар, егер өндіріс осы қарқынмен белес алса, онда біздер озон қабатының таусылуы туралы мәселеге кезігетін боламыз деп көрсетті. Мүмкін болатын апатты мойындай отырып, бірқатар елдердің үкіметтері: Норвегия, Швеция, Финляндия және АҚШ –аэрозольді пакеттердегі фреондарды қолдануға толық тиым салды.

Файлы: 1 файл

Монреаль.docx

— 59.64 Кб (Скачать файл)

І. Кіріспе. 70-жылдардың соңына қарай фреондарды әлемдік өндіру көлемі және атмосфераға түсу көлемін есептей келе мамандар, егер өндіріс осы қарқынмен белес алса, онда біздер озон қабатының таусылуы туралы мәселеге кезігетін боламыз деп көрсетті. Мүмкін болатын апатты мойындай отырып, бірқатар елдердің үкіметтері: Норвегия, Швеция, Финляндия және АҚШ –аэрозольді пакеттердегі фреондарды қолдануға толық тиым салды. 1985 жылы Венада озон қабатын қорғау туралы конвенция қабылданды, ал 1987 жылы Монреальда Озонды бұзатын заттардың ластауын, әсіресе, фреондарды қысқарту туралы Халықаралық хаттама қабылданды. Вена конвенциясы мен Монреаль хаттамасын Жақтардың бірінші Кеңестеріне қатысқан Үкіметтер мен Европалық қоғамдастықтар ғалымдар арасындағы қатаң реттеу шаралары қабылданбаса озон қабатының бұзылуы қазіргі және болашақ ұрпақтарға қауіп төндіреді деген кең келісімді пікірлерін еске ала отырып,  
      кейбір озон бұзатын заттар әлемдік жылуға әкеп соғатын қуатты болу жай газдар екенін түсіне отырып,  
      озон қабатын бұзатын заттардың айырбастауға экологиялық қолайлы заттарды, сондай-ақ технологияның тез және кеңінен өркендеуін еске алып және мұнда айырбастау технологияларды беруді, әсіресе дамытушы елдерге жеңілдету қажеттілігінің терең назар ала отырып,  
      бұған дейін әрекет жасамаған барлық мемлекеттерді озон қабатын қорғау жөніндегі Вена конвенциясына және оның Монреаль Хаттамасына қосылуға шақырылады.  
      Монреаль хаттамасы реттейтін ХФУ өндірісімен тұтынуды неғұрлым тез 2000-жылдан кешіктірмей кезек бойынша қысқартуға және осы мақсатта Монреаль хаттамасында келісілген кестені дамушы елдердің ерекше жағдайларын ескере отырып қатайтуға келісті.  
      Озонның бұзылуына едәуір әсер ететін галондарды, тағы басқа озон бұзатын заттардың өндірісі мен қысқартылуы мүмкін болғанда оны кезеңмен жүргізуді қамтамасыз етуге келісті. Химиялық заттар мен өнімдердің жеке технологиялардың экологиялық қолайлы айырбастағыштарын жасауды тездетуге, өздерінің қаржылары мен ресурстарына сай өнімдердің жеке технологиялардың экологиялық қолайлы айырбастағыштарын жасауды тездетуге, өздерінің қаржыларын мен ресурстарына сай жүргізуге өздеріне міндеттеме алуға келісті.  
      Дамушы елдер үшін тиісті ғылыми ақпараттарға, зерттеулердің нәтижелеріне және кадрлар даярлауға қол жеткізулерін жеңілдетуге және дамушы елдер үшін ең аз шығынмен технологияларды беру және жабдықтарды айырбастауды жеңілдету үшін тиісті қаржыландыру механизмін жасауға ұмтылуға келісті.

Веналық конвенция мен  Монреаль хаттамасы арқылы қабылданған  шектеу шараларына қарамастан озон қабатының бұзылуы қарқындылықпен байқалуда, жалпы құрамнан 0,5-0,7% көлемінде. Алайда, осы аталған Монреаль хаттамасында белгіленген ережелердің сақталуының өзі озон қабатының одан әрі жұқаруына тосқауыл болып отыр. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев «Қазақстан Республикасы 1987 жылғы қыркүйекте қабылданған Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль Хаттамасына қосылсын» деген қаулы жариялады.

ІІ. 1. Қазақстанның Монреаль хаттамасына қосылуы, нәтижелері. Қазақстан 1998 жылы озон қабатын қорғау туралы Веналық конвенцияға және озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына қосылды. Осы қадамы арқылы еліміз жаһандық экологиялық проблемаларды шешуге өзінің дайындығын айқындады және озонды бұзатын заттарды пайдалану деңгейін төмендету бойынша үздік тәжірибе мен қаржы ресурстарына қол жеткізді.

Конвенцияларды қабылдағаннан  кейінгі жылдары озон қабатына жүргізілген  бақылаулар оның бұзылуы қаупінің артқанын дәлелдеді. Осыған орай, мемлекеттер  Монреаль хаттамасына қосылған озонды бұзатын заттардың қосымша тізімін  реттеу туралы шешімді қабылдады. Бұндай қосымша тізімдер 1990 жылы Лондонда, 1992 жылы Копенгагенде, 1997 жылы Монреальда Хаттамаға түзетулерде қабылданды.

Қазақстан 2001 жылы озонды бұзатын  заттарды және құрамында аталған  заттар бар өнімдерді пайдалануды  шектеу үшін елдерге көмек көрсету  тетігі қарастырылған Монреаль хаттамасының Лондондық түзетуіне қосылды. Аталған  түзетуге қосылғаннан кейін Қазақстан  техникалық көмек ретінде 4,0 млн. АҚШ  доллары көлемінде қаражат алды.

Копенгагендік түзету гидрохлорфторкөміртек (ГХФК) және гидробромфторкөміртектің (ГБФК), сондай-ақ бромдық метилді  реттеудің шараларын қамтиды. Сонымен  қатар, түзетумен 2020 жылға құрамында  хлор бар көміртегін пайдаланудан шығару мерзімі енгізіледі.

Монреальдік түзету озонды бұзатын заттарды импорттауды және экспорттауды лицензиялауға талаптарды қамтиды. Сондай-ақ, Копенгагендік түзету Тараптары болып табылмайтын  елдерге бромдық метил импортына  және экспортына саудалық тыйым салынды.

Копенгагендік және Монреальдік  түзетулерді ратификациялау арқылы еліміз:

- тұтынудың қажетті түрлері  үшін озонды бұзатын заттарға, оның ішінде, ауыл шаруашылығы  өнімдерін сақтау үшін пайдаланатын  бромдық метилға қол жетімділігін  қамтамасыз ете алады;

- озонды бұзатын заттарды  тұтынуға шектеу енгізу кезінде  шағын және орта бизнеске қаржылық  шығынын төмендетуге мүмкіндік  беретін қаржылық көмек тарта  алады;

- Әлемдік қоғамдастыққа  озон қабатын қорғау мәселесін шешудегі Қазақстан әрекетінің жүйелілігін дәлелдей алады.

Қазақстанның Монреальдік  түзету бақылайтын заттарды шығармайтынын, дегенмен Орталық Азия өңірі елдерінің  ішіндегі озонды бұзатын заттарды ең көп тұтынатын мемлекет екенін атап өткеніміз жөн.

Сонымен қатар, қазіргі таңда  Монреальдік түзетуінің Тараптары  Қазақстанға Түзету тарапы емес ел ретінде бұл заттарды жеткізуге  тыйым салуы мүмкін жағдайы туындап  отыр.

Гидрохлорфторкөміртегін жеткізуді  тоқтату және сауда тыйымдарын болдырмау  үшін жоғарыда аталған Түзетулердің ратификациялануын қамтамасыз етуіміз  қажет.

Копенгагендік және Монреальдік  түзетулерді ратификациялағаннан  кейін еліміз тоңазытқыш қондырғыларда  және ауа салқындатқыш жүйелерде  және жылу сорғыштарда қолданылатын озонға қауіпсіз заттарға көшуге қолдау алады.

Сонымен қатар, Бірыңғай Кедендік одақ шеңберінде Ресей Федерациясы  және Беларусь Республикасы аталған  түзетулерді ратификациялағанын атап өту қажет.

Осы заң жобасы жөнінде  Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік  комитетінің мүшесі Зейнолла Алшымбаев  қосымша түсінік беріп, бүгінгі  ұсынылып отырған құжатты ратификациялаудың  Қазақстан үшін маңызы қандай екеніне  тоқталды.

Монреаль хаттамасында озон қабатын бұзатын заттардың қосымша  тізілімі бекітілген болатын. Хаттама  негізінде озонды бұзатын заттардың  импорты мен экспортын лицензиялау  жүйелерін реттеуге мүмкіндік береді. Монреаль хаттамасы бақылайтын заттар бізде өндірілмейді. Бірақ, ОБЗ-ны, оның ішінде бромды метил мен ГХФК-ны тұтынушы болып табылады.

Қазіргі таңда осы хаттамаға  сәйкес озонды бұзатын заттарды қысқарту жөніндегі міндеттемелерді сақтай отырып, озонды бұзатын заттарға технологиялық  тәуелді құрал-жабдық тұтыну және өндірістік тоңазытқыш, кондиционер, дәнді дақылдар сақтау, т.б. заттардың әкелінуіне іркілістерді болдырмау үшін бұл құжат ратификациялануы керек. Егер ратификация жасамасақ  бромды метил мен ГХФК-ны импорттауға  тыйым салынуы мүмкін.

Айта кету керек, ратификациялау озонды бұзатын заттарды тұтынушы кәсіпорындарға қаржылық және техникалық көмек алуға  мүмкіндік береді. 2001 жылы Монреаль хаттамасының Лондондық түзетуіне  қосылғаннан кейін Қазақстанға  техникалық көмек ретінде 4,0 млн. АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлінді. Бұл гранттық көмек озонды бұзатын заттардың қауіпсіз технологиясына көшу үшін пайдалануды 90 %  қысқартуды көздейді. (71,8 т.)

2. Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасы, мазмұны.

Ендеше, осы Монреаль хаттамасына  тоқталып өтсек:

 

ОЗОН  ҚАБАТЫН БҰЗАТЫН ЗАТТАР ЖӨНІНДЕГІ  МОНРЕАЛЬ ХАТТАМАСЫ

КIРIСПЕ     

1. 1985 жылы озон қабатын  қорғау жөніндегі Вена конвенциясына,  одан кейін 1987 жылы озон қабатын  бұзатын заттар жөніндегі Монреаль  хаттамасына қол қою стратосферадағы  озон қабатын қорғау ісіндегі  әлемдік ынтымақтастықтың негізгі  нүктесі болды. Вена конвенциясы  Жақтары /Хельсинки, 1989 жылғы 26-28 сәуір мен Найроби, 1991 жылғы 17-19-маусым/ мен Монреаль хаттамасы Жақтары  /Хельсинки, 1989 жылғы 2-5 мамыр, Лондон, 1990 жылғы 27-29 маусым және Найроби, 1991 жылғы 19-21 маусым/ өткізген Кеңес  Конвенция мен Хаттаманың мақсаттарын  жүзеге асыруға көмектесуге шақырған  маңызды шешімдерді қабылдаумен  аяқталды. Монреаль хаттамасының 2-бабының  9-тармағында айтылған процедураға  сай Лондондағы Монреаль хаттамасы  Жақтарының екінші Кеңесі Хаттаманың  А қосымшасында аталған реттелетін  заттарды тұтыну мен өндіруді  қысқартуды, сондай-ақ Вена конвенциясының 9-бабының 4-тармағында айтылған  процедураға сәйкес хаттамаға  едәуір түзетулер қабылдады.  
      2. Жақтар екінші Кеңесте қабылдаған өздерінің 11/7 шешімінде ЮНЕП-тің Орындаушы-директорына Монреаль хаттамасы бойынша Басқарушы дайындауға ұсынды, онда оған енгізілген түзетулер хаттамасы мен Жақтардың түсіндіру жөніндегі шешімі болып, Жақтар Кеңесінің әрқайсысынан соң Басқарушы жаңартылып отырылады. Нұсқау-басшылықтың бірінші басылымы осы шешімге сәйкес дайындалып, 1991 жылдың 19-21 маусымында Найробиде өткен Монреаль хаттамасы Жақтарының үшінші Кеңесіне тапсырылды. Жақтардың үшінші Кеңесі Монреаль хаттамасы бойынша Басқарушылық жасауды аяқтау жөніндегі хатшылықтың күш-жігерін қуаттап, хатшылықтан оның келесі басылуын Монреаль хаттамасы Жақтарының үшінші Кеңесіне (UNEP/OZ. Рzо. 3/Рzер 2/.Дайындаушы кеңес жасаған түсініктерді ескере отырып, редакциялық өңдеуден соң шығаруды өтінді және Конвенция мен Хаттама Жақтарының бәрінің арасында мүмrіндігінше тез, Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми тілінде таратуды сұрады. Осы екінші басылым көрсетілген шешімге сәйкес дайындалды.  
           5. Хельсинки, Лондон мен Найробиде қабылданған Монреаль хаттамасы Жақтарының шешімдері тиісті баптарына сілтеме ретінде текстке қосылды. Бұл шешімдер құқықтық нормалардың маңызды қосымша құралы болып табылады. Тек қана хаттама тиісті ережеге және жұмыс істеп тұрған процедура емлесіне сай қабылданған жағдайда Жақтар үшін бұл шешімдер міндетті болып есептеліп, Жақтардан бекітуін, қолдауын, қабылдауын немесе қосылуын талап ететін Хаттамаға енгізілген түзетулерден басқалары. Монреаль хаттамасы мен Вена Конвенциясының өзара байланысы тығыз болғандықтан Хельсинки мен Найробиде қабылданған Вена конвенциясының Жақтары Конференциясының шешімдері Басқарушыға қосымша ретінде қосылды.  
     

1990 ЖЫЛЫ 27-29 МАУСЫМДА ЛОНДОНДА ӨТКЕН ЖАҚТАРДЫҢ  ЕКІНШІ КЕҢЕСІНДЕ ЕНГІЗІЛГЕН  ТҮЗЕТУЛЕРДІ ҚОСА ОЗОН ҚАБАТЫН  БҰЗАТЫН ЗАТТАР ЖӨНІНДЕГІ МОНРЕАЛЬ  ХАТТАМАСЫ ЖӘНЕ 1991 ЖЫЛҒЫ 19-21 МАУСЫМДА  НАЙРОБИДЕ ӨТКЕН ЖАҚТАРДЫҢ ҮШІНШІ  КЕҢЕСІНДЕ ЕНГІЗІЛГЕН ҚОСЫМША  ӨЗГЕРІСТЕР      

 Осы Хаттама Жақтары  
      Вена конвенциясының озон қабатын қорғау жөніндегі Жақтары бола тұра,  
      озон қабатын өзгертетін немесе өзгертуге мүмкін адамның іс әрекетінің нәтижесінде пайда болатын немесе пайда болуы мүмкін жағымсыз салдардан айналадағы қоршаған орта мен адам денсаулығын қорғау үшін өзінің Конвенцияға сай тиісті шараларды қабылдау жөніндегі міндеттемесін есте ұстай отырып,  
      айналадағы қоршаған орта мен адамның денсаулығы үшін жағымсыз зардабы қауіпті кейбір озон бұзатын заттардың дүние жүзі көлеміндегі шығуы озон қабатын едәуір дәрежеде әлсіретіп немесе басқа түрде әлсірететінін мойындай отырып,  
      осы заттарды шығарудың климатқа жасайтын әлеуметті есеп туралы есте ұстап,  
      озон қабатының бұзылуын қорғау мақсатында қабылдап жатқан шаралардың негізі техникалық және экономикалық үйлесімдерді қоса қолданатын ғылыми білімдер екенін есте ұстап,  
      дамушы елдердің дамуына байланысты мұқтаждарын ескере отырып, техникалық және экономикалық ерекшелігін ескере отырып, және ғылыми білімдердің негізінде олардың жойылуына қол жеткізу мақсатында  
оның заттарын бұзатын барлық әлемдік шығарылуын тиісінше реттеу жөніндегі ұластыру шараларын қабылдау жолымен озон қабатын қорғауды қамтамасыз етуге өздерінің бел шешіп, дайын екендіктерін білдіріп,  
      дамушы елдердің /осы заттарға/ мұқтаждығын қанағаттандыруда, қосымша қаржы ресурстарын берумен тиісті технологияны пайдалануға рұқсат берілуін қоса және қажетті құралдардың көлемін айта алатын және осы құралдар дүние жүзі қауымының озонның ғылыми негізде бұзылу проблемасы мен ондай бұзылудың зиянды салдарын шешу үшін едәуір өзгерістер беретін құралдарды пайдалануда ерекше орын алатын қажеттігін мойындай отырып,  
      ұлттық және аймақтық деңгейде қабылданған және қабылданып жатқан хлорфторкөміртегінің кейбір шығуларын реттеу шараларын ескере отырып,  
      Халықаралық ынтымақтастық үшін озон қабатын бұзатын заттарды  шығаруды қысқартып, реттеуге қатысты балама технологияны беру және зерттеулер /ғылыми-техникалық зерттеулер мен талдаулар/ мен талдаулардың жәрдемдік маңызын ескере отырып,  
      МЫНА КЕЛІСІМГЕ КЕЛДІ:

1-БАП:  АЙҚЫНДАУ      

 Осы хаттаманың мақсаттары  үшін:  
     "Реттелуші зат" осы Хаттаманың А қосымшасындағы немесе В қосымшасындағы /көрсетілген/ өз алдына немесе аралас тұратын әрбір затты білдіреді. Бұл түсінікке тиісті қосымшаларда көрсетілген, бірақ әрбір /ондай/ заттар мен қоспаларға қатысты емес, дайын өнімінің негізгі бөлігі болып табылатын, аталған заттарды тасымалдау немесе сақтау үшін қолданылатын ыдыстан басқа түрі бар заттардың изомерлері қосылады.  
      1/ Жақтардың бірінші Кеңесі Монреаль хаттамасы 1/12 А шешімінде 1-бабының 4-тармағындағы реттелетін заттарды /заттар қоспасы бойынша/ анықтаудың мына түсініктерімен келісуге қаулы алды:  
      а) Монреаль хаттамасының 1-бабы "Реттелуші заттар" қатарында өз алдына немесе қоспа ретінде қолданылатын және оның тасымалдануы мен сақталуында пайдаланылатын ыдысы дайын өнімнен басқа түрі бар кез келген аталған заттың қаралуын есептемейді.  
      б) Хаттаманың мақсаттары үшін реттелуші заттың немесе реттелуші заттар қоспасының кез келген саны, осы затты пайдалану жүйесінің бөлігі болып табылмақ, реттелуші зат /яғни химиялық шикізат/ болып есептеледі.  
      с) Егер де қандай болмасын зат немесе қоспа ең алдымен жүк контейнерінен басқа контейнерге, ыдысқа немесе одан әрі мақсатты түрде пайдалану үшін жабдыққа тиеледі; ал бірінші контейнер, іс жүзінде, сақтаумен немесе тасымалдауға қолданылады, оның ішіндегі зат немесе қоспа Хаттаманың 1-бабындағы 4-тармақтың ықпалына жатады.  
      д) Егер де, басқа жағынан, контейнерден өнімді өз алдына босату осы затты мақсатты түрде пайдалануды көздесе.  
      е) 1-баптағы 4-тармақтың мақсаттары үшін өнім ретінде қаралатын пайдалану жүйелеріне, соның ішінде, мыналар жатады:  
      I/ аэрозоль балоны;  
      II/ тоңазытқыш немесе тоңазытқыш қондырғысы, желдеткіш немесе желдеткіш қондырғы, жылусорғыш және т.б.

III/ Полиуретандық форполимер  немесе пенопласт, оның реттелуші  заты бар немесе оның негізінде жасалған;

IV/ Өртсөндіргіш /деңгелекті  немесе қолдағы/ немесе /автоматты  немесе қолдағы/ шашқыш жүйесі бар тұрақты контейнер;

V/ Реттелетін заттар бар  тұтынушыларға реттелуші заттар  мен қоспаларды жөнелту үшін  қажет жүк контейнерлері, оның  ішінде /сыйымдылығы мысал үшін  көрсетілді/ мыналар енеді:

I/ Кемелердегі цистерналар;

II/ Темір жол цистерналары /10-40 метрлік тонна/;  
      III/ Автомобиль цистерналары /20 метрлік тоннаға дейін/;  
      IV/ Сыйымдылығы 0,4 кг-дан бір метрлік тоннаға дейінгі канистрлер;  
      V/ Бөшкелер /5-300 кг/.  
      О) Барлық өлшемдегі контейнерлер шикізатпен дайын өнімді тасуда пайдаланылғандықтан олардың өлшем принциптерін айыру-шектеу Хаттамада анықтауға жатпайды. Онымен қатар шикізат немесе дайын өнім үшін контейнерлер көп рет немесе бір-ақ рет пайдаланылатын мүмкіндігі болса, олардың көп рет қолданылған мүмкіндік нышаны айқындалған қоным үшін жеткілікті емес.  
      Һ) Егер де Хаттамада көрсетілгендей контейнерді қолдану мақсаты айқындау негізі есебіне алынса, оның ішінде ХФУ немесе галондары бар, ол алып жүретін немесе қолдағы бар болсын бәрі бір, аэрозоль балондары мен өртсөндіргіштер айқындауға енбейді, өйткені мұндай контейнерлерден заттың өз алдына шығуы пайдаланудың мақсатты түрде екенін көрсетеді.  
      

2А-БАП: ХФУ      

1. Осы Хаттама күшіне енгеннен кейінгі жетінші айдың алғашқы басталған күні, он екі ай мерзім ішінде және одан кейінгі он екі айдың әрбір мерзімінде А қосымшасындағы І-топтың реттелуші заттардың тұтыну деңгейі оның 1986 жылғы тұтынудың есепті деңгейінен аспауын әрбір Жақ қамтамасыз етеді. Осы заттың бір немесе бірнешеуін өндіретін әрбір Жақ осы мерзімнің аяғына дейін, ол жатқан осы заттардың есепті деңгейі оның 1986 жылы өндірілген деңгейінен аспауын қамтамасыз етеді, бірақта бұл деңгей 1986 жылғы деңгеймен салыстырғандағыдан он проценттен аспай өсе алады. Мұндай өсім 5-баптың шеңберінде жұмыс істейтін Жақтардың  негізгі ішкі тұтынуын қанағаттандыру үшін және Жақтардың арасында өнеркәсіптік өндірісті тиімді болу мақсаты үшін қажет болған жағдайда ғана бола алады.  
      2. 1991 жылғы 1 шілдеден 1992 жылдың желтоқсанына дейінгі мерзімде әрбір Жақ А қосымшасының І-тобына қосылған өзінің реттелуші заттарының өндіру мен тұтынудың есепті деңгейі 1986 жылы осы заттарды және тұтынудың есепті деңгейінен 150 процент аспауын қамтамасыз етеді. 1993 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл реттелуші заттар үшін 12 айлық реттелу мерзімі әрбір жылдың 1 қаңтары мен 31 желтоқсан аралығын болып белгіленеді.      

Информация о работе Монреаль хаттамасы