Қорықтар. Қызыл кітап. Олардың табиғатты қорғау маңыздылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 22:28, реферат

Описание работы

Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды, тіпті ядролық соғыс қауіпі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс - әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне білдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай – ақ, топырақты, су көздерін ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды.

Содержание работы

Кіріспе
Дүниежүзілік экологиялық ұйымдар
Ғаламдық проблемалар
Табиғатты қорғау саласындағы халықаралық ұйымдар.
Қорықтар. Қызыл кітап. Олардың табиғатты қорғау маңыздылығы.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Амангелди А.топыр.қорғау.docx

— 77.47 Кб (Скачать файл)

тығыз орналасуы, мегаполистердің  халық саны ондаған миллионға  жететін одан да ірі урбоареалдарға айналуы;

  • табиғатты ығыстыру, табиғи ландшафтардың жасанды

ландшафтарға ауысуы;

  • адамның табиғатпен тікелей байланысының (көзбен, иіс

сезу, түйсік, дыбыс арқылы) жоғала бастауы, табиғи сезім мүшелерінің  жағымсыз жасандыға ауысуы және олардың  қарқынды түрде өсуі;

  • адамның табиғи биологиялық ырғағына әсер (түннің шектен

тыс жарық болуы, шуыл, ұйықтау орнына түнде жұмыс істеу және т.б.).

       Қалалық орта экологиясы - қалалық ортаның проблемалары және оларды жетілдіру жолдары туралы кешенді ғылым. Осындай кең көлемдегі мәселелерді шешу оған қатысы бар адамдардың (қала басқарушылары, инвесторлар, архитекторлар, құрылысшылар, қала халқы) экологиялық білім деңгейіне, ғылыми зерттеулерге, бөлінетін субсидияға, азаматтардың қатысуына және олардың ақпаратпен қамтамасыз етілуіне байланысты. Мұндағы басты міндеттер мыналар:

  • Қалалық ортаны құруда әлеуметтік, экономикалық және

экологиялық факторларды біріктіру;

  • Сапалы өмір сүру ортасы жоғары дәрежеде болу үшін

қаланы және оның маңайын жоғары сапалы экологиялық инфрақүрылыммен  қамтамасыз ету;

  • Энергетиканы, өнеркәсіп орындарын, транспортты, суды

пайдалануды, қалдықтарды және т.б. экологияландыру;

  • Тұрғындар қажеттіліктерін экологияландыру және осы

қалалық ортаны құруға қатысы бар  барлық адамдар санасында экологиялық этика негізін құру. Қазірдің өзінде бірқатар елдерде қалалар алып жатқан территориялардың үлесі көп. Мысалы, Бельгияда - 28%, Англияда - 12%, Данияда - 11% ел территориясы қалалардың үлесіне тиеді. Мұндай үлкен урбанизацияланған аумақтарда қалалар мен табиғат арасындағы экологиялық тепе-теңдікті сақтау мүмкін емес. Әлеуметтік-экономикалық дамуы нашар басқарылатын қалалардың қоршаған ортаға тигізетін жағымсыз әсерлері көбейе түсті. 
Урбанизация қазіргі кезде негізгі әлемдік тенденция болып отыр. 1900-2000 жылдар аралығында қала халқы шамамен 0,2-ден 2,9 млрд адамға көбейді. Ал осы уақыт ішінде халық саны 1 миллионная асатын қалалар 17-ден 388-ге дейін көбейді. Қалалар Құрылықтың аз ғана бөлігін алып жатыр, алайда мұнда бүкіл халықтың жартысына жуығы тұрып жатыр. Урбанизация процесінің дамуына байланысты қалалық ортаның көптеген проблемалары (урбанистикалық, құрылыс- архитектуралық, технологиялық, әлеуметтік, экологиялық) пайда болды. Оның ішінде қала саны мен көлемінің өсуі, өнеркәсіп орындарының, транспорттың, тұрғындар санының артуы да бар. Ауыл тұргындарының қалаға көшуіне байланысты ауыл мен қала тұрғындарының саны үнемі өзгеріп отырады. Қала халқының саны және қалалар саны мен көлемдері де өсуде. Қала халқының сандық пайызы әлемнің әртүрлі аймақтарында әрқалай. Ең үлкен көрсеткіштер әлемнің дамыған елдері - Солтүстік Америка мен Европаның үлесінде (70%-дан жоғары), ал ең төменгі көрсеткіш - Азия және Африка елдерінің еншісінде. Үлкен қалалар өздерінің маңайымен және кішкене қалалармен қосылып, ұзындығы жүздеген километрге жететін урбанизацияланған ареалдардың (мегаполистердің) түзілуіне алып келді. Қазіргі кезде ең ұзын мегаполис «Босваш» (Бостон- Вашингтон) 500-дей қаланы біріктірді. Мұнда АҚШ халқының 20% (45 млн адам) тұрады. Түнгі уақытта бұл территория Жер спутниктерінен жарық дақ сияқты көрінеді. Мұндай урбоареалдардың саны әлемде 10-нан асты. Оның әрқайсысы 30- 40 агломерацияларды «жұтып қойды».

Қалалардың демографиялык, және экономикалық тұрғыдан өсуі әсерінен экожүйеге техногенді әсердің артуы тек қала маңында  ғана емес, олардан біршама қашықтықтарда  да біліне бастады. Осыған байланысты қаланың экологиялық жағдайы  көптеген өнеркәсіпті қалаларда  нашарлап кетті. Қалалар планетамыздың  азғана бөлігін алып жатуына байланысты, қалған табиғаттың бөлігін аман сақтап қалуға мүмкіндік бар. Қалалар - адамзаттың болашағы. Аристотель айтқандай - «Біз қалаларды тұрғызамыз, алқалалар  бізді қалыптастырады». Урбанизацияның экожүйелер үшін жағымсыз болуы міндетті түрде емес, ал оны экологияландыру  жағымды құбылыс. Қала және қалалық  орта сонда өмір сүретін халықтың Қажеттіліктерін өтеуге, денсаулығына, өмір сапасына қатты әсер етеді. Сондықтан  қазіргі таңда қалалық ортаны экологияландыру адамзат үшін өмірлік  қажеттілік болып табылады.

     Халың санынық өсуі. ВОЗ - Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы. Ғаламшардағы адамдардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау мәселесімен және медициналық қызметкерлердің білімімен айналысады.

     Жер үшін ең үлкен проблема - тез өсіп келе жатқан халық саны. Осы процесті азайту үшін жасалған көптеген әртүрлі әрекеттер іске аспай жатыр. Қазіргі таңда Африка, Азия, Оңтүстік Америка елдерінде «демографиялық жарылыс» орын алуда. Кезінде (XIX ғасырдың бас кезінде) экономист Мальтустың өзі халық санының бақылаусыз өсуі азық-түліктің тапшылығына алып келетінін айтқан болатын. Қазіргі таңда кейбір ғалымдардың айтуынша (мысалы, ағылшындық климатолог-ғалым Джеймс Лавлок) Жер үшін 1 млрд немесе соған жақын халық саны оптималды деп есептейді. Климаттың өзгеруі бойынша үкімет аралық сарапшылар тобының (IPCC) болжамы бойынша - 2040 жылы Европада жаздың күндері 2003 жылдың жазғы күніндей температура 38°С- 48°С-ты құрайтын болады. Мұндағы негізгі мәселе адамдардың көптеп өлуі емес, өсімдіктер өспей Европада азық-түлікті өсіру тоқтаудың алдында болады - дейді. Бұл ұйым тобының есебінше, 2040 жылы Сахара шөлі Европаның ортасына, тіпті Берлинге дейін жылжиды. Әлеуметтік-экономикалың проблемалар. Азың-түлік тапшылығы. Әлем бойынша астық, ет, балық және басқа тағам түрлерін адам басына шаққанда өндірілуі 1985 жылдан бері төмендеп келеді. Болжамдар бойынша, 2010 жылға қарай бидай мен күріштің бағасы екі еседен аса қымбаттайды деп күтілуде. Бұл кедей елдерде халықтың жаппай ашаршылыққа ұшырауына алып келуі мүмкін. Азық-түлік тапшылығының басты себебі - 1956 жылдан бері адам басына шаққанда егістік жерлерінің көлемінің қысқарып, басқа мақсаттарға пайдаланылуы және топырақтың эрозияға ұшырауына байланысты. «Жасыл революцияға» байланысты 1970- ші жылдары жаңа сорттарды енгізу, суғару, тыңайтқыштар мен гербицидтерді пайдалану арқылы өнімнің төмендеуі тоқтатылды. Алайда суғару үшін судың тапшылығына байланысты Австралияда, Африкада бұл әрекеттер іске аспады. Қазіргі таңда суғару жұмыстары үшін судың тапшылығы Азияда, Америкада байқалуда. Сондай-ақ балық қоры да күрт азайды. 1950 жылдан 1989 жылға дейін әлем бойынша балық аулау 19 миллионнан 89 миллионға жетті.

       «Жасыл революция» және оның салдары.

  «Жасыл революция» ғылыми-техникалық революцияның бір көрінісі - ауыл шаруашылығының қарқынды:

  • ауыл шаруашылығын техникаландыру (машина мен

техникаларды пайдалану);

  • өсімдіктер мен жануарлардың жасанды жолмен алынған

жаңа сорттарын қолдану;

  • химияландыру (улы химикаттар мен тыңайтқыштарды

пайдалану);

  • мелиорация (суғармалы жерлердің көлемін ұлғайту)

жолдармен дамуы.

«Жасыл революцияның» екі түрі бар.

1. XX ғасырдың 60-70 жылдары пайда болды.  Оның бастамасын көтерген мексикандық  селекционер Норман Берлоуг болды.  Ол ескі сорттарға қарағанда  өнімді 3 есе көп беретін жаңа  «Мексикале» сортын сұрыптап  шығарды. Н.Берлоугтан кейін басқа  селекционерлер де жаңа жүғері, мақта, күріш сорттарын сұрыптап  шығара бастады. Тек жем-шөппен  ғана емес, витаминдермен, антибиотиктермен, сондай-ақ салмағы тез артуы  үшін - өсу стимуляторларымен өсірілген  өнімділіғі жоғары жануарлар  пайда болды. Осы революцияның  арқасында астықты дақылдардың  өнімділігі 2-3 есе артып, өнімдердің  ассортименті екі есе көбейді.  Қазіргі шығарылып жатқан өнімдердің  жартысынан көбі 1950 жылдарға дейін  шығарылмаған. Кейбір дамушы елдер,  мысалы, Үндістан астыққа деген  сұранысын өзі қамтамасыз ете  бастады. «Жасыл революция» халықтардың  тағамға деген сұранысын қанағаттандырғанмен,  көптеген жағымсыз жағдайларға:  топырақтың деградацияға ұшырауына,  ауыл шаруашылығы өнімдерінің  төмендеуіне және т.б. алып  келді.

2. 80-ші жылдардың ортасынан бастап  ғалымдар, егер ауыл шаруашылығы  антропогендік энергияны дәл  осылай жұмсай берсе екінші  «Жасыл революцияның» болатыны  туралы айта бастады. Оның негізінде  - ауыл шаруашылы дақылдарын, мал  шаруашылығы өнімдерін экологиялық  технология бойынша өңдеуге ауысу  принциптері жатыр.

Селекционерлер «рекордшыл» сорттарға  қарағанда қолайсыз жағдайларда, тыңайтқыштың аз мөлшерінде, арам шөптерге, зиянкестерге және ауруларға шыдамды біршама  жоғары өнім беретін сорттарды шығаруға ауыса бастады. Бұл үшін жергілікті мәдени өсімдіктер популяциясы кеңінен  қолданылуда. Екінші «Жасыл революцияның»  бір бағыты, экожүйелерге антропогендік  әсердің салдарларымен күресетін  «экологиялық таза» әдістерді қолдану. Ал негізінен - қоршаған ортаға әсерді мейлінше азайту, антропогендік энергияны төмендетіп, өсімдіктер зиянкестерімен күресу де биологиялық әдістерді пайдалану болып табылады. Гри́нпис (Greenpeace — «жасыл әлем») — 1971 жылы Канадада негізі қаланған халықаралық қоғамдық табиғатты қорғайтын ұйым.

(Басты) Негізгі мақсаты –  жаhандық (әлемдік) экологиялық  проблемаларды (мәселерді) шешу, соның ішінде билік пен қоғам  назарын аудару арқылы.

Гринпис тек қана өз жақтастарының  ғана берген қаржылық көмегімен өмір сүруде, ал мемлекеттік құрылымдар, саяси партиялар және бизнестен  қаржылай көмекті үзілді-кесілді  қабылдамайды.

Гринпис БАҚ назарын экологиялық  мәселелерге аударуға бағытталған  ірі акцияларымен белгілі

      Экологиялық қауіп. Экологиялық проблемаларды түбегейлі шешу - көптеген аспектілері және бағыттары бар жауапкершілігі мол экологиялық саясат жүргізу жағдайында ғана мүмкін. Кез- келген шаруашылық іс-әрекет нәтижесінде экологиялық зардаптардың мөлшерін минималды, мейлінше төмен жасауды білдіретін экологиялық қауіп концепциясы осы ережелердің бірі болып табылады.

Бұл жағдайда қоршаған ортаға тигізетін  зардаптың қауіптің деңгейі басты  мәселе болып табылады. Экологиялық  қауіп концепциясының талабына сәйкес алдымен адамның тұрмыс-тіршілігі  мен қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін факторлар кешенін анықтау  қажет. Осының негізінде әртүрлі  шешімдердің ішінен ең қолайлысы  таңдап алынады. Экологиялық қауіп  — бұл қазіргі кезде немесе болашақта жоспарланып отырған  адамның іс-әрекеті әсерінен, қоршаған табиғи ортаның экологиялық деградацияға немесе тұрақсыз, құбылмалы жағдайға ұшырау ықтималдығы.

Экожүйе өздігінен дамиды, табиғи тепе-теңдік пен жүйенің орнықтылығын бұзатын факторлар болмаған жағдайда өзін-өзі толтырып, қалыпқ а әкеліп отырады. Тепе-теңдікті бұзатын, қауіпті  көздер - табиғи стихиялы құбылыстар (жер  сілкінісі, топан су), тірі табиғат (эпидемиялар, эпизотиялар), сондай-ақ антропогендік  факторлар (авариялар, катастрофалар) болуы мүмкін. Экологиялық қауіп - адам қателігі, адамзат қоғамының  іс-әрекеті нәтижесінде тіршілік ағымының бұзылу ықтималдығы. Жақсартуға талпынамын деп, адам көбіне керісінше  қарама- қарсы нәтиже алып жатады. Бір  жүйені жақсартамын деп, басқа жүйелердің мүмкіншілігін ескере бермейді.

Техникалық ғимараттар мен  коммуникацияларды пайдалану кезінде  экологиялық қауіп арта түседі. Республика аумағында құбыр желілерінің  зақымдануы, темір жол апаттары, өнеркәсіптегі үлкен авариялар  жиі болып тұрады. Мәліметтер бойынша, АЭС-ғы қатерлі жағдайлардың 45%, авиаката- строфалардың 60%, теңіз катастрофаларының 80% адам Қателіктеріне байланысты. Қоршаған ортаның деградацияға ұшырау мен  болып жатқан экологиялық жағдайларға  бақылаудың жоқ екенін мысал түрінде  айта кетуге болады. 1972 жылы қант қамыстарына  зиян келтіретін көртышқандармен күрес  жүргізу үшін Ямайкаға мангустар (Herpestes) алып келінді. Бірақ ол жануарлардың тек көртышқандарды ғана емес, жергілікті фаунаның көптеген түрлерін де құртып жіберетінін ешкім ескерген жоқ. Бар болғаны 10 жыл ішінде Ямайкада биоценоздарда үлкен өзгерістер жүріп, көртышқандар өздері үшін жаңа экологиялық қуыс тауып дәл бұрынғыдай қант қамысына зиян әкелуде. Ал жергілікті жерде жануарлардлың пайдалы түрлерінің саны күрт төмендеп кетті. Шығыс Африкада леопардтарды (Panthera pardus) жаппай қыру, үй жануарларының қас жауына айналған павиандардың санының кұрт көбеюіне алып келді. 

     Қоршаған  ортаны қорғау мәселелерін шешуге  БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) үлкен үлес қосып отыр. Табиғатты қорғау қызметіне БҰҰ-ның барлық басты органдары мен мамандандырылған мекемелері: Бас Ассамблея, Экономикалық және әлеуметтік кеңес (ЭКОСОС), Аймақтық экономикалық комиссиялар (мысалы, Еуропалық экономикалық комиссия), Халықаралық еңбек ұйымы (MOT), Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО), Халықаралық реконструкция және даму банкі (МБРР), Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ), Халықаралық теңіз ұйымы (ИМО), Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ВМО) және т.б. қатысады.      

 Негізгі  бақылауды БҰҰ шеңберіндегі қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі жаңа үкіметаралық орган — Қоршаған орта жөніндегі БҰҰ бағдарламасы, (ЮНЕП) жүзеге асырады. ЮНЕП — БҰҰ-ның негізгі көмекші органы болып табылады. 1975 жылы өзінің қызметінің алғашкы кезінде ЮНЕП қоршаған ортаға байланысты мынадай бірінші кезектегі алты міндетті айқындады: елді мекендер және денсаулық сақтау; құрлықтың экологиялық жүйелері; қалалардың қоршаған ортасы; мұхиттар; қуат; дүлей апаттар.  

 ЮНЕП үш деңгейде  жұмыс істейді:

  • Бірінші деңгейде коршаған ортаның бәсекелес мәселелері жөнінде және осы салада атқарылып жатқан шаралар жөнінде ақпарат береді. БҰҰ-ға мүше мемлекеттер жыл сайын қоршаған ортанын ахуалы туралы баяндамалар тапсырады, осы баяндамалардан аталған ақпараттар алынады.
  • Екінші деңгейде жекелеген елдерге, халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарға қатысты бүкіләлемдік көлемде бағдарламалық шараларды жүзеге асырудың міндеттері мен стратегиясын белгілейді. Осы денгейде қажетті шаралар мен олардың орындаушылары туралы мәселелер шешіледі, нақты бағдарламалар жасау үшін әдістемелік негіз қамтамасыз етіледі.
  • Одан әрі, екінші деңгейде қолдау тапқан бағдарламалар мен жобаларды Қоршаған ортаны қолдау қоры қаржыландырады. Қолдау мөлшері тиімділікке, яғни қаржылық көмектін бағдарламанын түпкі мақсатын іске асыруға қаншалықты ықпал ете алатындығына байланысты болады. Толық қаржыландыру ерекше жағдайларда ғана, яғни жобанын орындалуы аса ірі жоба бойынша әзірлік жұмыстарын жүргізумен тұтас келетін болса, іске асырылуы мүмкін.

 

   ЮНЕП өзі қызмет істеген жылдары көптеген табиғат қорғау шараларын жүзеге асырды. Қоршаған ортаның аса ауқымды мониторинг жүйесі құрылды және оның құрамдас бөліктері ретінде — қоршаған орта бойынша ақпарат көздерінің Халықаралық анықтама жүйесі (ИНФОТЕРРА) және әуелетті уытты химиялық заттардың халықаралық тіркеушісі құрылды.   

Информация о работе Қорықтар. Қызыл кітап. Олардың табиғатты қорғау маңыздылығы