Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 00:24, реферат
Планетамыздағы адамзаттың тұщы суды пайдалануы, жыл сайын өсіп келеді. Ал, мұхиттардың, теңіздердің тұзды суларын шаруашылықта, оның ішінде ауыз су ретінде пайдалану тек болашақтың ғана ісі болып отыр. Дегенмен, мардымсыз мөлшердегі теңіз сулары тұщытылып, қолданылып та жүр. Біздің Республикамызда су тұщытқыш станциясы Ақтау қаласында ғана бар. Егер ерте кезде, бір адам басына шаққанда тәулігіне 12 – 8 литр су пайдаланса, ХХ ғасырда мәдениеті дамыған елдерде оның шамасы орташа есеппен 200 – 400 литрге жетіп отыр.
Судың тұрмыс, ауыл шаруашылығы, өндіріс
салаларында қолданылуы және ластануы
Планетамыздағы адамзаттың тұщы суды пайдалануы, жыл сайын өсіп келеді. Ал, мұхиттардың, теңіздердің тұзды суларын шаруашылықта, оның ішінде ауыз су ретінде пайдалану тек болашақтың ғана ісі болып отыр. Дегенмен, мардымсыз мөлшердегі теңіз сулары тұщытылып, қолданылып та жүр. Біздің Республикамызда су тұщытқыш станциясы Ақтау қаласында ғана бар. Егер ерте кезде, бір адам басына шаққанда тәулігіне 12 – 8 литр су пайдаланса, ХХ ғасырда мәдениеті дамыған елдерде оның шамасы орташа есеппен 200 – 400 литрге жетіп отыр.
Тас дәуірінің адамы, тәулігіне 10 литрден аз су қолданған. Олар суды жануарлар сияқты, шөлін қандыру үшін және жуыну үшін де қолданса керек. Еңбек дағдылары жетіліп, аң және жерді игеру жұмыстары, судың қажеттілігін көбейте бастайды (қыштан әр түрлі заттар жасау, өлтірген жануарлардың терісін илеу, егін егу т.с.с.). Цивилизацияның өсе бастауы және адамдардың жаңа қызмет - әрекеттерді игеруі, суды көп мөлшерде қажет ете бастайды. Әр адам басына шаққанда келетін су мөлшері, сол мемлекеттің даму дәрежесін көрсетеді деп түсінуге болады. 1990 жылдары, әлемдегі ең дамыған мемлекет АҚШ-та, әрбір адам басына 7000 л су қажет екен, осылай бола тұра, енді дамып келе жатқан елдерде, бұл 30 литрден көп емес, демек 200 есе аз.
Тарихи мәліметтерге жүгінсек, 98 – 117 жылдары Рим мемлекеті дамып тұрған шағында, император Троянның басқаруы кезінде, Римдегі адамдардың саны 1 млн. болғанда, адам басына шаққанда тәулігіне 1000 л су жұмсалады екен. Егер назар аударсақ, 1968 жылы бұл көрсеткіш 475 л ғана. Демек судың қолданысы, елдің немесе қаланың цивилизациясының өсуін немесе құлдырауын көрсетеді.
Әдебиеттердегі мәліметтерге сүйенсек, әлемдегі адамдардың үштен бірі теңіз жағалауларында, ал қалған үштен екі бөлігі, су бар жағалауларында: өзен, көл, каналдар, жер асты сулары шығатын жерлерде тұрады екен. Тіптен көшпенді халықтардың, өздері тұратын немесе жүретін жолдары – су бар жерлерде болған.
Су ресурсының тапшылығы,
Қазақстандағы маңызды экология
Соңғы жылдары бірқатар көлдердің тартылып қалуы, оларға құятын су мөлшерінің азаюына байланысты болып отыр. Ертіс, Іле, Сырдария сияқты бірқатар өзендердің суларын, жол бойы егін шаруашылыққа пайдаланып, бұл төменгі ағыстағы жағдайларды қиындатып отыр.
Судың меншікті жылу сыйымдылығы жоғары болғандықтан, ол жылу тарату жүйелерінде кеңінен қолданылып жүр. Сонымен қатар, өндіріс және ауыл шаруашылығы салаларында да, су көп мөлшерде қолданылады. Көптеген өндірістік процестерде – кептіру, жылыту, энергия алу, жүк үшін, су таптырмайтын ресурс көзі.
Кейбір мәліметтер бойынша, тәулігіне бір адамға - 10 л, бір ірі қара малға – 40 л, бір қойға 10 л су қажет. Әсіресе күріш өсіруге өте көп су керек, ол еккен күннен бастап піскенге дейін судың ішінде өседі. Күріш егілген бір гектар жерге – 20 мың тоннаға дейін су жұмсалады.
Тағы да мысал келтіретін болсақ, 1 тонна бидай алу үшін 1,5 тонна су жұмсалады. Өнеркәсіпте, сулы ерітінділер дайындау және газ сұйықтарды жылыту не салқындату, жуу үшін қолданады. Мысалы, төмендегі заттардың 1 тонна алу үшін, қажетті орташа су мөлшері мынадай:
Шойын - 15,20м3
Күкір қышқылы - 25 -80 м3
Вискоза талшығы - 300 – 400 м3
Мыс - 500 м3
Синтетикалық каучук - 2000 – 3000 м3
Сода - 10 м3
Азот қышқылы - 80 – 180 м3
Жасанды талшық - 500 м3
Пластмасса - 500 – 1000 м3
Қуаты 300 мың кВт электр станциясының жұмыс істеуіне жылына 300 км3 су қажет.
Орташа химкомбинат, тәулігіне 1 – 2 млн м3 сапалы суды пайдаланады. Судың сапасы, оның физикалық, химиялық, биологиялық және бактериологиялық көрсеткіштеріне байланысты анықталады.
Су қолдану, оның ластануына, ал бұл суларды су қоймаларына қайтару, қоршаған ортаның ластануна және ондағы тепе – теңдіктің бұзылуына алып келеді. Сондықтан, суды ұтымды және үнемді пайдалану арқылы табиғатты ластамау, қоршаған ортаны таза сақтаудағы негізгі қағидалардың бірі болып табылады.
Су, өндірістің басқа салаларында да қолданылады: су транспорты, ағашты ағызу арқылы тасымалдау, балық шаруашылығы, гидроэнергетика.
Су, транспорт қатынасы және ағаштарды ағыза отырып тасымалдауда бұрын көп қолданылып, өте қолайлы және арзан әдістердің бірі деп есептелініп келді.
Көп жағдайда су транспортын қолдану, әлі күнге дейін өте тиімді болып отыр. Бірақ, жүк және адам тасымалдап жүзіп жүрген кеме, теплоходтар, өз ортасын мұнай қалдықтарымен ластауда. Кемелердің двигательдерінің шуы және олардың негізінде су ағындарының бағытының өзгеруі, судағы балықтарға өз әсерін тигізеді.
Су ортасы үшін ең үлкен қауіп тудыратын мұнай, мұнайды өңдеу, химиялық қосылыстарын алу, радиоактивті заттар және ауыр металдар алу өндірістері болып табылады. Мұнаймен уланудың қауіптілігі, оның концентрациясының өсуімен үдей түседі. Мұнайдың судағы 1мг/м3 мөлшері, өзінің улылық қасиетін білдіре бастайды. Ал, мұнайдың концентрациясы
200 – 300 мг/л болғанда, судағы экологиялық тепе – теңдіктер бұзылып, теңізде және өзендерде мекендейтін балықтардың кейбір түрлеріне және фаунасына қауіп төнеді.
Теңізге төгілген 1 тонна мұнай, 2,6 км2 аумақтағы судың бетін біркелкі жұқа пленкамен қаптап тұра алады (бір тамшысы, сәйкесінше 0,25 м2 шамасында). Мұнайдың мөлшеріне байланысты, мұнай пленкасының су бетіндегі қалыңдығы әр түрлі болуы мүмкін.
Мұнай суға қосылғанда, ол судың бетінде пленка түзе жайылып, атмосферадағы ауа мен су газдарының алмасуын және судың булануын қиындатады. Судың құрамындағы еріген оттегі, органикалық қосылыстарды тотықтыруға жұмсалып, мөлшері азаяды. Оттегінің мөлшерінің азаюы, судағы организмдердің тіршілігіне әсерін тигізеді. Ал мұнайдың ауыр фракциялары, судың түбіне шөгіп, құмдарды бір – біріне біріктіріп, ыдырамайтын ірі түйіршіктер түзеді. Бұл құбылыс, балықтардың және де басқа организмдердің дамып өсуіне кері әсерін тигізеді.
Кейінгі кездерде Балтық және Солтүстік теңіздерінде, судағы оттегінің мөлшерінің азайып және аммиактың мөлшерінің көбейгендігі байқалып отыр. Бір қызығы, мұнай мұзбен жақсы әсерлеседі екен; мұз өз массасының бөлігіндей мұнайды өз бойына сіңіре алады. Бұндай мұздар еріген кезде,
4.1 – кесте. Су бетіне
төгілген мұнай пленкасының
Мұнай пленкасының қалыңдығы, мкм |
Мұнайдың пленка түзілуге жұмсалатын мөлшері, л/км2 |
Судың бетіндегі пленканың түрі |
0,020 |
20 |
Бірен – саран дақтар түзіледі |
0,038 |
38 |
Су бетінде күміс түстес жарқыл |
0,075 |
75 |
---- |
0,15 |
150 |
Бірден байқалатын үсті дақтар |
0,030 |
300 |
Жарқырап тұрған түсті дақтар |
1,0 |
1000 |
Судың беті көмескі түсті |
2,0 |
2000 |
Судың беті күңгірт түсті |
5,0 |
5000 |
--- |
10,0 |
10000 |
--- |
мұхиттардың сол аумағының ластану көзі болып табылады. Егер, қажетті шұғыл шаралар қолданылмаса, суға түсетін мұнайдың мөлшері жылдан – жылға көбейіп барады.
Кейбір мәліметтер бойынша бүгінгі күнге дейін, әлемдік мұхиттарға қосылған мұнайдың мөлшері шамамен 60млн. тонна.
Мұнайдың судағы концентрациясы 800 мг/м3-ден жоғары болғанда, көптеген организмдер өмірін тоқтатады. Теңіз балдырларының оттегін өндіру мүмкіншілігі азаяды. Мұхиттардағы өсімдіктер, жердегі тіршілікке қажетті оттегінің 50%-ын береді екен.
Фенол қосылыстары, суда
жүретін өте қажетті
Мұнай тасымалдайтын
танкерлердің апатқа ұшырауы, өкініш кетпес
катастрофалық зардаптарға алып
келеді. Мұнай тасымалдайтын
Ағаштарды сумен тасымалдау негізінде де, судың ластануы байқалады. Терең емес өзендерде, ағаштарды тасымалдаған, 30%-дайы жететін жеріне жетпей батып кетеді, осының өзі үлкен зиян емес пе? Оның үстіне бұл барлық шаруашылығына үлкен зиянын тигізеді. Сондықтан ағаштарды су арқылы ағыза отырып тасымалдау әдісі, біртіндеп оларды кемелермен тасымалдауға алмастырылып келеді.
Суды қолданудағы ең «таза» шаруашылық – ол балық аулау жұмыстары. 1970 жылдары Кеңес үкіметінде, тек ішкі су қоймаларының өзінен – 9 млн. центнер балықтар ауланатын.
Көптеген әр түрлі өндірістердің суды ластануы, балық шаруашылығына үлкен зиянын тигізуде.
Су ресурстарын компексті қолдануда – гидроэнергетиканың орны ерекше. Өзеннің арнасын, бағытын өзгерте отырып электр энергиясын алуға болады. Судың, энергетика саласында кең масштабта қолданылатындығы мына фактыдан байқауға болады: тек АҚШ-тың электростанцияларының трубиналарынан күнделікті 12,6 км3 су өтіп отырады.
Гидросатанцияларда, жоғарыдан төмен қарай құлап ағып жатқан су энергиясы пайдаланады. Гидроэлектрстанцияларды салу кезінде, су белгілі бір аумақта жинақталып, көптеген жерлер су астында қалып кетеді; олар әдетте егінді немесе шөп өсетін жерлер. Сөйтіп, электростанциялардың жұмыс істеуі, көптеген аумақты жайлап жататын, терең емес су қоймаларының пайда болуына мүмкіншілік туғызады. Осындай терең емес су қоймаларында, өте көп мөлшерде, өте майда өсімдік – көкжасыл балдырлар пайда болып, олар еліміздің халық шаруашылығына орасан зор залалын тигізуде. Осы, өте майда организмдердің жүзден көп түрлері болады. Олардың ішіндегі көкжасыл балдырлардың 9 түрі, суды өте қатты ластандыруда, бұл құбылысты «судың гүлденуі» деп атап жүр.
1960 жылдары, көптеген
дамыған мемлекеттерде де, өзендер
өндіріс қалдықтарымен
Австралияның Кремс химиялық өндірісі Дунай өзеніне бірнеше тонна улы химикаттар жіберіп, өзеннің 70 км-ден астам бойында балықтар қырылып қалды. Жарты жылдан кейін ғана, су тазаланып, өз қалпына келген.
Жапониялық «Тиссо» химиялық өндірісі, Кюсю аралығында Миномата шығанағына ұзақ уақыт сынап қосылыстары бар қалдықтарды төккен. Бұл улы қалдықтар балықтар арқылы адам организміне өтіп, жүйке тамырларына зиянды әсерін тигізді. Ауырған адамдар сөйлей алмай, көздері көрмей, құлақтары естімейтін болып, жүру координациялары бұзылған. Қылмысты адамдар сотқа тартылды. Сот үкімі шыққанға дейін 60 адам өліп, 344-і мүгедек болып қалды. Осыдан кейін бұл елде, таза емес қалдықтарды суларға тастауға қатаң тыйым салынған.
Су, суармалы егін шаруашылығында кеңінен қоланылып жүр. Совет үкіметі кезінде 20 млн. гектардан астам жерде суармалы егін – шаруашылық пайдаланылып, оған 250 км3 су жұмсалған екен.
Суармалы егін шаруашылығында
судың шығыны өте көп болады, себебі
судың көпшілігі егіннің
Информация о работе Судың тұрмыс, ауыл шаруашылығы, өндіріс салаларында қолданылуы және ластануы