Судың тұрмыс, ауыл шаруашылығы, өндіріс салаларында қолданылуы және ластануы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 00:24, реферат

Описание работы

Планетамыздағы адамзаттың тұщы суды пайдалануы, жыл сайын өсіп келеді. Ал, мұхиттардың, теңіздердің тұзды суларын шаруашылықта, оның ішінде ауыз су ретінде пайдалану тек болашақтың ғана ісі болып отыр. Дегенмен, мардымсыз мөлшердегі теңіз сулары тұщытылып, қолданылып та жүр. Біздің Республикамызда су тұщытқыш станциясы Ақтау қаласында ғана бар. Егер ерте кезде, бір адам басына шаққанда тәулігіне 12 – 8 литр су пайдаланса, ХХ ғасырда мәдениеті дамыған елдерде оның шамасы орташа есеппен 200 – 400 литрге жетіп отыр.

Файлы: 1 файл

гидрология.doc

— 89.50 Кб (Скачать файл)

Украина, Молдавия тағы да басқа елдерде, суды үнемдеудің басқа әдісі қолданылып жүр. Олар, егінді жаңбырлататын қондырғымен суарып жүр. Бұл әдіс бойынша да, жол бойы арыққа сіңіп кететін судың шығыны болмайды. Көрсетілген елдерде, егін шаруашылық жердің 60% - дайын осындай тәсілмен суару, көп мөлшердегі суды үнемдеуге мүмкіншілік берді.

Бір кездерде, қаладан  шыққан ағынды суды, егін шаруашылығында қолданудың өте пайдалы екендігі және бұл кезде өнімділіктің жоғарылайтындығы туралы ғылыми мәліметтер болған. Бірақ қазіргі күні, қаланың қолданылған ағынды суларын егін шаруашылығында тікелей қолданылғанда, белгілі проблемалар туындауы мүмкін, сол себептен бұл мәселеге өте абайлап қарау керек. Қаладан шыққан қолданылған ағынды және шайынды суларда, зиянды заттардың болу мүмкіншілігі жоғары, оның үстіне өндіріс суларының қосылып кету қауіпі де бар.

Құрамында азот, фосфор, калий тағы да басқа қажетті элементтер бар өндіріс ағынды суларын, егін суару үшін қолдану барысында  да жұмыстар жүргізілуде. Тұздылау суларды  қолдану да бірқатар жақсы нәтижелер беруі мүмкін. Бұл сулардың құрамындағы құнды элементтер мен олардың қосылыстары тыңайтқыштар ролін атқара алады. Құрамында аздаған қажетті элементтері бар тұздылау су, мал суару үшін де қолданылып, жақсы нәтижелер көрсетіп жүр.

Егін шаруашылығымен салыстырғанда, өндіріс суды аз мөлшерде қолданылады. Оның үстіне өндірісте пайдаланған су, су қоймасына қайтарылып отырады. Бірақ та осы кезде күрделі проблемалар пайда болады, себебі өндірістен қайтып оралған судың құрамында өте көп мөлшерде улы және зиянды қосылыстар болады. Әсіресе, ерітінді ретінде қолданылған судың құамында, көп мөлшерде әр түрлі химиялық элементтер, олардың улы қосылыстары және механикалық қоспалар бар. Ал, жылу беру немесе алу үшін, қолданылған су әдетте ластана қоймайды.

Әдеби мәліметтер бойынша, барлық жер бетіндегі өндірістік және шаруашылық – тұрмыстық қажеттерге жылына 150 км3 су жұмсалады екен. Бұл, планетамыздағы өзен суларының мөлшерінің 0,5%-нен де аз екен. Бірақ, теіңз суларының «тамшысындай» болатындай, осы судың мөлшері, қоршаған ортаға үлкен қауіп туғызуы мүмкін. 150 км3 суды пайдалану үшін, оны қолданудың белгілі заңдылықтары бойынша, одан төрт есе көп су, су қоймасынан алынады. Демек, жылына 600 км3 суды, су қоймасынан алып отыруымыз керек. Айырмашылығы болып табылатын 450 км3 су, өзендерге және су қоймаларына қайтарылады. Бірақ бұл суды химиялық және биологиялық қоспалардан тазаланғаннан соң да, оларды таза сумен сұйылтып отыру қажет.

Дүние жүзі бойынша ластанған  суды сұйылтып залалсыздандыру үшін, жылына 5500 км3 таза суды жұмсау қажет. Бұл, жердегі барлық өзен суларының мөлшерінің 30% құрайды. Сөйтіп, өндірісте қолданылған су қайтусыз жоғалып кетпейді, бірақ табиғи сулардың ластануына мүмкіншілік туғызады. Бұл, қазіргі күнде негізгі қауіп төндіріп тұрған проблемалардың бірі. Оның үстіне жылдан – жылға өндірістердің саны және олардың қуаты өсіп келеді. Соған байланысты өндірісте қолданылған ағынды судың да көлемі өседі.

Өндірістік ағынды суды тазалаудың әр түрлі технологиялық  әдістері жетілдіріп келе жатқанымен, қоршаған ортадағы табиғи сулардың ластану мөлшері катастрофалық жағдайда өсіп барады.

Химиялық элементтердің  су құрамында болуы, адам өміріне  және жануарларға, өсімдіктерге үлкен  қауіп тудырады. Тірі организмдердің бойында химиялық элементтер, заттардың  алмасуына қатыса алмай, жинақталап отырады. Сондықтан, өсімдіктердің, жануарлардың және адамдардың бойындағы элементтердің мөлшері, олардың судағы мөлшерімен салыстырғанда жүздеген, тіптен кейбір жағдайларда миллион есе көп бола алады.

Судың құрамындағы зиянды заттар, адам организміне тікелей немесе басқаша жолдармен енуі мүмкін. Мысалы, таза емес сумен суарылған шөптердің бойында жинақталған химиялық элементтер, бұл шөпті жеген малдар арқылы, адам организміне ене алады. Организмде жинақталаған элементтер және олардың қосылыстары мөлшеріне байланысты, адам денсаулығына әрқилы кері әсерін тигізіп, өміріне қауіп тудырады.

ХХ және ХХІ ғасырдағы  өндірістердің жедел дамуы, қоршаған ортадағы сулардың ластануына елеулі әсерін тигізіп отыр. Әдеби деректерге жүгінсек, егер, шұғыл және мардымды шаралар қолданылмаса, елу жылдан кейін судағы және топырақтағы темір оксидінің мөлшері екі есе, мырыш пен қорғасын – 10 есе, сынап, кадмий, стронций – 100 есе, мышьяк – 250 есе өседі екен.

 

Элементтер

Элементтердің мөлшері, мг/кг

Жинақталу коэффициенті

Теңіз организмдері

Теңіз суында

Органимзде

Ванадий

0,002

560

280000

Балдырлар

Темір

0,01

1000

100000

Балдырлар

Қорғасын

0,00003

700

20000000

Балық сүйектері

Мырыш

0,1

10000

1000000

---

Мыс

0,03

3000

1000000

---

Йод

0,06

50

30000

Балдырлар


   

     Биосфераға лақтырылып тасталып жатқан көптеген элементтердің және олардың қосылыстарының қайда кетіп, қандай жерлерге жинақталып жатқандығы, олардың организмге әсері туралы мәліметтер жоқтың қасы деуге болады.

Қоршаған ортадағы табиғи суларды ластамаудың ең эффективті шешімдерінің бірі – ол өндірісте қолданылған суларды тазалап, оларды қайта – қайта қолданылып, сыртқа шығармау. Ал таза суды, жоғалып кеткен сулардың орнын толтыру үшін ғана қолдану керек.

Мүмкіндік болғанша суды аз немесе тіптен оны қолданбайтын технологиялар жасап, оларды өндіріске ендіру. Мысалыға, көпшілікке белгілі, қолданылып жүрген технология бойынша – 1 тонна қағаз алуға 250 тонна су қажет. Кейінгі кезде көптеген елдерде, оның ішінде Ресейде, АҚШ-та, Англияда, Францияда және Жапонияда қағазды алудың, суды қолданбайтын технологиясы іске асырылды. Бұл әдістің кереметтілігі сонда, құрамында улы қосылыстар бар ағынды су тіптен болмайды, оның үстіне алынатын қағаздың да сапасы жоғары. Осындай технологияларды қолдану арқылы, табиғаттың өте құнды байлығының бірі – таза суды сақтап қалуға болады.

Өндірістік ағынды суды технологиялық циклде қайталап қолдану  және оларды қоршаған ортаға тастар алдында  зиянды қоспалардан қазіргі жетілдірілген  технологияларды қолдану арқылы тазалау, планетамыздағы тұщы су проблемаларын шешуде белгілі роль атқарады. Бұл жер бетіндегі судың сапасының жақсаруына үлес қосады.

Бірақ, судың ластануының  басқа да көздері бар. Олар – ормандар, ауыл шаруашылығы пайдаланатын жерлерден  қоқыс үйінділері арқылы ағып өтетін жаңбыр және қардың еріген сулары. Жердің бетіндегі жинақталған әр түрлі күл – қоқыстарының құрамындағы зиянды заттарды өзінде ерітіп өзендерге, көлге ағып келіп қосылып отыратын жаңбыр және еріген қар сулары қоршаған ортаны белгілі мөлшерде улы қосылыстармен ластап, судың сапасын күрт төмендетеді. Осылайша, ластаған суларды тазалау технологиялары, бүгінгі күні жоқ деп айтуға да болады.

1970 жылдары АҚШ-та, ауыл  шаруашылық саласында жылына, құрамында  400 тонна сынап бар улы химикаттарды  пайдаланған. Осы улы химикаттар қолданылған жерлерден ағып өткен ақаба ағынды сулар, өзендер мен көлдерге қосылып оларды ластады.

Сол кезде, Американың кейбір штаттарындағы өзендерде пестицидтердің бір куб метр судағы мөлшері – 5 мг-ға дейін жеткен. Хлорорганикалық пестицидтер биологиялық ыдырауға түспей, тұщы және теңіз суларында көптеген жылдар бойы сақталады. Ал олардың кейбіреулері мұнай өндіріс қалдықтарында еріп, су бетінде мұнаймен бірге жинақталады. Пестицидтер, адам организміне «балдырлар – балықтар – адам» тізбегі түрінде еніп, өзінің зиянды әсерін тигізеді.

Сонымен, өндірісте қолданылған  ағынды суларын 100% тазалап және оларды циклді түрде қайталап қолданып отырғанның өзінде - өзен, көл суларының ластануын  тоқтату өте қиын. Сондықтан, таза тұщы су проблемесы көп сырлы, оны өндіріс, қала, ауыл шаруашылығы, транспорт және т.б. салаларын жан – жақты қарай отырып шешу керек. бүгіннен бастап өндіріс ағынды суларын сыртқа шығармай тұйық циклде қолданып және ауыл шаруашылығында улы емес заттарды пайдалануға көшкеннің өзінде, бірнеше жылдар бойы өзен мен көлдердің ластануы тоқтай қоймайды. Жүздеген жылдар бойы жер бетінде жинақталған, миллиондаған тонна әр түрлі өндіріс қалдықтары өз залалын тигізуін көпке дейін жалғастырады.

Жоғарыдағы мәліметтер – планетамыздағы су ресурсын сақтап қалу үшін, көптеген әр түрлі мәселелерді шешу керек екендігін көрсетеді. Бұл проблемеларды ғылымның кейінгі жетістіктерін қолданып, табиғат заңдылықтарын түсіне және олармен байланыстыра отырып шешу қажет. Бұл бүгінгі кезек күттірмейтін негізгі проблемелардың бірі.

 

 

 

 

 

Қолданған әдебиеттер тізімі:

 

1. Баешов А. «Экология  және таза су проблемасы»

Қ.А. Яссауи атындағы халықаралық  қазақ – түрік университеті

«Дәнекер» халықаралық  құқық және халықаралық бизнес институты

Алматы «Дәнекер», 2003ж

 

 




Информация о работе Судың тұрмыс, ауыл шаруашылығы, өндіріс салаларында қолданылуы және ластануы