Сәулеленудің генетикалық әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2014 в 17:51, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Қоршаған табиғи орта – адамның өміріне, тіршілік ету жағдайына және денсаулығына әсер ететін табиғи компоненттердің жиынтығы. Қоршаған табиғи ортаның компоненттеріне атмосфералық ауа, сулар, топырақ, жер асты байлықтары, хайуанаттар және өсімдіктер әлемі жатады.
Қоршаған ортаны ластау – адамның шаруашылық қызметінің нәтижесінде — қатты, сұйық және газ тәріздес қалдықтарды табиғи ортаға: атмосфераға, гидросфераға, топыраққа шығару; қоршаған ортада қажет емес физикалық факторлардың: шудың, жылудың, сәуле шығаратын радиацияның, ультрадыбысты толқындардың, вибрациялардың және т.б. пайда болуы нәтижесінде қоршаған ортаның физикалық-химиялық қасиеттерінің өзгеруі. Қоршаған ортаның ластануы санитарлық-гигиеналық нормативтердің асып түсу деңгейімен сипатталады.

Содержание работы

1 Қоршаған ортаны ластау 2
2 Сәулеленудің генетикалық әсері 2
3 Химиялық қосылыстардың мутагенді әсері 4
4 Қоршаған ортаны қорғау 4
5 Қорытынды 8
6 Қолданылған әдебиеттер 9

Файлы: 1 файл

МБГ СРС 8.docx

— 217.40 Кб (Скачать файл)

Жоспары


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қоршаған ортаны ластау


Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне және  өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

Қоршаған табиғи орта – адамның өміріне, тіршілік ету жағдайына және денсаулығына әсер ететін табиғи компоненттердің жиынтығы. Қоршаған табиғи ортаның компоненттеріне атмосфералық ауа, сулар, топырақ, жер асты байлықтары, хайуанаттар және өсімдіктер әлемі жатады.

Қоршаған ортаны ластау – адамның шаруашылық қызметінің нәтижесінде — қатты, сұйық және газ тәріздес қалдықтарды табиғи ортаға: атмосфераға, гидросфераға, топыраққа шығару; қоршаған ортада қажет емес физикалық факторлардың: шудың, жылудың, сәуле шығаратын радиацияның, ультрадыбысты толқындардың, вибрациялардың және т.б. пайда болуы нәтижесінде қоршаған ортаның физикалық-химиялық қасиеттерінің өзгеруі. Қоршаған ортаның ластануы санитарлық-гигиеналық нормативтердің асып түсу деңгейімен сипатталады.

Елдегі экологиялық жағдаяттың нашарлауы да алаңдаушылық туғызады. Экологиялық мәселелер адамзат үшін маңыздылығымен-ақ елеусіз алдыңғы шепке шықты.

Адамдарда кездесетін кейбір патологиялық аурулардың таралуына, экологиялық факторлар тобының әсеріне бақылау жүргізгенде бірқатар мәселелер нақтыланған. Мысалы, жүйке, қан айналыс жүйесінің, асқорыту мүшелерінің патологиясына ішетін су сапасының төмендігі, атмосфераның ауыр металдар мен мұнай өнімдері буымен ластануы едәуір әсер ететіні анықталды. Қатерлі ісік ауруларының 75-80%-ы химиялық заттардың (асбест, полициклді көмірсулар, ауыр металдар) әсерінен пайда болады. Аяқ-қолдарының дамуы тежелген, мүшелері жетілмеген сәбилердің туылуы, өлі туу мен төтеннен іш тастаудың жиілігі ластанған ауадағы кейбір заттар мен дәрілік препараттарға да байланысты. Олай болса, халықтың денсаулығына экологиялық қауіп-қатерді азайту үшін қоршаған ортаны тазарту бағытындағы нақты істерге шындап кірісу қажет.

Қазiргi кезде, «Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасы шеңберiнде М.Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан Мемлекеттiк университетiмен тұрғындардың жоғары ауруы себебiн анықтау үшiн, с.i. тұрақты өсу үрдiсi бар онкопаталогиялық, (республикалық және Шығыс Қазақстан облысының көрсеткiштерiмен салыстырғанда) Солтүстiк Қазақстан облысы тұрғындарының денсаулығын және аумағын зерттеу жүргiзiлуде.

Анализ СҚО науқастық сан бойынша дем алу органдарының ауруы алда келетiнiн көрсетедi: 100 мың тұрғынға 16 181 жағдай. Оның себептерi әр түрлi болуы мүмкiн. Тұрғындардың дем алу органдары ауруының жоғары деңгейiнiң негiзгi факторы атмосфералық ауаның сапасы болуы мүмкiн.

  1. Сәулеленудің генетикалық әсері


Сәулелену ағзаның гентикалық жағдайына пайдалы және зиянды әсерін тигізеді.


Пайдалы әсері. Сәулеленуді биологиялық зерзаттарға қолданғандағы негізгі мақсат – жаңа қасиеті бар тірі организмдердің түрін шығарып, оларды сұрыптау және оның неғұрлым пайдалысын таңдау үшін маңызды жағдай етіп қолдану.

- Рентген және күлгін сәулелер химиялық заттар әсері арқылы антибиотиктер түзетін саңырауқұлақтардың табиғи қасиетін өзгерту үшін зерттеулер жүргізу.

- Тіршілік ету жағдайында антибиотиктер және В12 дәруменін түзетін микроорганизмдердің жоғары активті штампаларын шығару және тағы басқа.

- Сәулелену әсерінен пайда болған тұқым қуалау қасиетін жібек құрттарының өнімін, сапасын арттыру үшін сақтап, өндірісте кең пайдалану.

- Жануарлар және өсімдіктер тұқымын жақсартуда және өнімін өсіруде сәулелену қолданылады (радиациялық селекция тәсілі – метод радационной селекций).

Адам өміріне қажет, маңызды ферменттер, органикалық қышқылдарды, саңырауқұлақтарды және микробтарды сәулелендіру нәтижесінде алады (генетика және радиобиология бірлесуінен радиациялық гентика ғылым саласы адамның практикалық іс - әрекетінде талай пайдалы табыстарға жеткізуде).

Зиянды әсері. Табиғи сәулелену, кейбір химиялық құрылымдар және сыртқы ортаның температурасы тұқым қуалау қасиетінің құрылымына әсер ету нәтижесінде ұрпақтарға таралатын табиғи мутацияға келтіреді.

- Табиғи сәулелену (ғарыштық сәулелер және жердің минералдарының сәулеленуі) ядролық сынақпен қатар келгенде тіршілікке үлкен қатерлі жағдай тудырады. Яғни, Жер үстіндегі тіршілікті жойып жібереді.

- Табиғи сәулелену, кейбір химиялық құрылымдар, сыртқы ортаның температурасы және ядролық сынақ әсерлерінен өмір сүру ортасына қарай ұрпақтарда 500-ден астам түрлі аурулар пайда болғаны анықталды. Солардың ішінде, мысалы – ергежейлік, “гамофилия, - түрлі – түстіні ажырата алмау соқырлығы”, заттардың алмасуынан болатын ауру түрлері, ұрпақтардың дене және ой еңбегіне, сонымен қатар тіршілік ету қабілеті әлсірейді, өмір сүру мерзімі қысқарды және тағы басқа.

- Иондық сәулелену немесе химиялық заттар әсерінен болған мутация рецессивтілік сипатталды, бірақ адамда доминантты мутация кездеседі және ол тым жақын уақытта ұрпақта байқалады.

Өсімдіктер эволюциясы және радиоактивтілік. Жануарлардың және өсімдіктердің ең қарапайым түрлері радиация мөлшерінің деңгейі қазіргі кезге қарағанда өте жоғары болған дәуірде пайда болып, таралған. Олардың радиация әсеріне сезімталдығының төмен болуы осыған байланысты болуы мүмкін.

  1. Химиялық қосылыстардың мутагенді әсері


Химиялық заттардың жұмысшыларға әсері түрлі кәсіптік салада жұмыс жасау кезінде табиғи шикізатты өңдеу және алу, өндірістік өнімдерді дайындау мен тасымалдауда, транспортта жұмыс жасау барысында, ауылшаруашылығында және басқа да еңбек ету аясында байқалады. Әсіресе түрлі қоспалармен жұмыс жасау химиялық өндірісте байқалады,шикізат өнімдері,аралық қосылыстар жүмысшылардың денсаулығына зиянды әсерін тигізбей қоймайды. Бірақ өндірістің кейбір салаларында,тау-кен,машина жасау,мұнай,жеңіл өнеркәсіпте т.б өндірістік алқаптарда да жұмыс жасау барысында,белгілі бір химиялық өңдеуден химиялық заттар бөлінеді.Олар адам ағзасына енуімен бірге тері қабатын зақымдап, кәсіптік улану туғызуы мүмкін. Қазірде 7 млн.астам химиялық заттан түрі мәлім. Оның 600 мыңдайы ғана кең көлемде қолданыста. Халықаралық нарықта жыл сайын 500-ден 1000-ға дейін жаңа химиялық қоспалар мен қосылыстардың түрлері шығарылуда.Еңбек ету барысында адам ағзасына әсер етіп,оның жұмыс жасау қабілетін төмендететін немесе денсаулығына нұқсан келтіретін-химиялық заттардың қатарына өндірістік немесе кәсіптік улану жатады. Олар өндірістік улану немесе токсиндік заттар/токсиканттар деп аталады. «Өндірістік улану» ұғымына да кең мағынада жұмсалатын термин «зиянды зат» ұғымы. Зиянды заттар құрамында улар да, фиброгенді негіздегі аэрозолдар да кездеседі.

Экотоксикология - өндірістік уларды зерттейтін пән болып табылады.Ол өндірістік улардың ағзаға әсер етуін, қауіптілігі мен зияндылық деңгейін, гигиеналық тазалық сақтау нормативтерін шараларын ұйымдастырып нұсқау беріп отырады.

Өндірістік улар қатарына көп жағдайда,шикізаттық,аралық және өндірістің қалдық өнімдері жатады, сондай-ақ қоспалар, қосалқы заттар да өндірістік улар қатарына жатқызылады. Мысалы, химиялық зауыттарда шикізат ретінде бензол, күкірт көміртегі, анилин, хлор және басқа да улы заттарды қолданады.

Улардың әсер етуі жалпы резорбтивті немесе тікелей болуы мүмкін. Жалпы әсер етуі қанға удың сіңірілуі нәтижесінде пайда болады. Мұндағы жағдайда салыстырмалы таңдау жиі болады. Сол дене мүшесінің ерекше зақымдануы болады. Мысалы, марганецпен уланған нерв жүйесі ,бензолмен уланған - қан айналым мүшелерін айтуға болады.

Тікелей әсер етуде удың тиген жерінде ұлпаның зақымдануы,ісу,тері және шырышты қабаттың іріңдеуі – әсіресе, қышқыл және сілтілік ерітінділермен және бумен жұмыс жасау барысында туындайды. Тікелей эсер ету түрі нерв талшықтарының рефлекторлық реакциялануы және ұлпа ыдырау барысындағы өнімдерді сорып алуға қатысты жалпы құбылыстармен сипатталады.

  1. Қоршаған ортаны қорғау


Қазақстан Республикасында табиғи жүйелердің өздігінен реттелу қабілетін және   антропогендік қызмет салдарының орнын толтыруды қолдау үшін жеткілікті, ландшафттық және биологиялық әралуандықты сақтау және қалпына келтіру жөніндегі ғылыми негізді шаралар жүзеге асырылатын болады.

Табиғи ортаны сақтау және қалпына келтіру  жөніндегі шаралар:

-қоршаған ортаның сапасын  басқару жүйесін оңтайландыру;

-табиғатты пайдалануды  басқаруда экожүйелік көзқарасты  пайдалану;

-мемлекеттік, өндірістік  және қоғамдық бақылау жүйесін, сондай-ақ экологиялық аудитті  жетілдіру;

-қоршаған ортаға мониторинг  жүргізу жүйесін дамыту;

-жер және су ресурстары  тозуының, ластануының, әуе алабының  ластануының алдын алу;

-Жердің озон қабаты  мен климатқа антропогендік әсерді  азайту;

-биологиялық әралуандықты  сақтау және орнықты пайдалану;

-ерекше қорғалатын табиғи  аумақтардың ауданын ел аумағының  кемінде 10%-ына дейін кеңейту;

-табиғи жүйенің тұтастығын  сақтау және қалпына келтіру, оның ішінде гидротехникалық  құрылыстарды, автомобиль және темір  жолдарды, газ және мұнай құбырларын, электр тарату және басқа да  желілік құрылыстарды салу кезіндегі  шаруашылық қызмет процесінде  оларды бөліп-жаруды болдырмау;

-антропогендік іс-әрекеттен  бұзылған аумақтарды қайта құнарландыру;

-өндірістік объектілердің  жұмыс істеу циклі аяқталысымен  табиғи ландшафтарды толық қалпына  келтіруді міндетті түрде талап  етуді қолдану;

-экологиялық апат аймақтарын, зымыран-ғарыш және әскери-сынақ  кешендерін оңалту;

Каспий теңізі қайраңы мен оған іргелес жатқан аумақтардың ластануының алдын алу;

-өндіріс және тұтыну  қалдықтарын қайта өңдеу мен  кәдеге жарату көлемін біртіндеп  ұлғайту;

-халықаралық ынтымақтастықты  кеңейту   жолымен іске асырылады.

Халықтың денсаулығына қоршаған ортаның тигізетін қолайсыз әсерін азайту. Қоршаған орта факторларының қолайсыз әсерінен халықтың денсаулығын қорғау орнықты даму саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды элементтерінің бірі болып табылады.

Қолайсыз экологиялық факторлардан халықтың денсаулығын қорғауға:

-экологиялық тәуекелді  бағалау және оны азайту жөнінде  бағдарламалар жасау;

-елді мекендердің аумағында  қоршаған ортаның сапа нормативтерін  сөзсіз қамтамасыз ету;

-өнеркәсіп объектілерін  қоныстанатын аймақтан тысқары  жерлерге шығару арқылы қала  құрылысы шешімдеріне жаңа әдістерді  енгізу;

-су құбырына және шөлмектерге  құйылған ауыз су сапасына  қойылатын талаптарды қатайту;

-тұрғын үй ортасының, әсіресе радиоактивті параметрлер  бойынша жағдайын бақылау;

-экологиялық себептерден  болған ауруларды емдеу үшін  клиникалық орталықтар құру;

-қоршаған ортаның жағымсыз  факторларының әсерінен халықтың  денсаулығына әсер еткен дәлелденген  зардапты өтеу тәртібін енгізу  есебінен қол жеткізіледі.

Төтенше экологиялық жағдайлардың және экологиялық лаңкестіктің алдын алу. Қазақстан Республикасында төтенше экологиялық жағдайлардың  және экологиялық лаңкестіктің алдын алу мен олардың әлеуетті салдарларын жою жөніндегі қызмет:

- қоршаған орта үшін  жағымсыз салдарға әкеліп соғатын  төтенше жағдайларды болжау;

- жағымсыз экологиялық  салдарлары бар төтенше жағдайлар  кезінде халыққа жүріп-тұру ережелерін,  қорғаныс іс-қимылы мен әдістерін  оқыту;

- төтенше жағдайлардың  алдын алу және олардың салдарын  жою жоспарына міндетті экологиялық  бөлімдерді қосу;

-шаруашылық қызметінің  ерекше режимі бар аймақтарды, экологиялық апат және дағдарыс  аймақтарын белгілеуді заңнамалық  регламенттеу;

-қоршаған ортаға жағымсыз  салдары бар арандатушылық пен  техногенді авариялардың алдын  алу;

-табиғи ортаның тозуына  әкелетін химиялық заттарды әдейі  қолданудың алдын алу;

-табиғи және аграрлық  экожүйелерді құртатын қасақана  өрттердің, өнеркәсіптік қаскерліктің, өсімдік шикізаттарын заңсыз  шабу мен дайындаудың алдын  алу, сондай-ақ табиғи нысандар  мен жүйелерді бұзуға әкелетін  тірі организмдер түрін лаңкестік  мақсатта әкелу мен таратудың  алдын алу жолымен жүзеге асырылады.

Генетикалық өзгерген организмдердің пайдаланылуына және таралуына бақылау жасау, сондай-ақ карантиндік және бөтен текті зиянды организмдердің әкелінуін немесе өз бетімен енуін болдырмау. Қазақстан Республикасында генетикалық өзгерген организмдердің пайдаланылуына бақылау жасауды ұйымдастыру, сондай-ақ карантиндік және бөтен текті зиянды организмдердің әкелінуі мен таралуын болдырмауына бақылау жасау жөніндегі шаралардың  қабылдануы мынадай жолмен жүзеге асырылатын болады:

-өсімдіктер карантині  жөніндегі қызметтің тиімді жұмысын  халықаралық стандарттарға сәйкес  қамтамасыз ету;

-карантиндік және бөтен  текті зиянды организмдердің  ел аумағына енуін болдырмау, олардың таралу ошақтарын анықтау, тұйықтау және жою жөніндегі  іс-шаралар жүйесін әзірлеу және  іске асыру;

-ел ішінде жерсіндіру  жұмыстарының жүргізілуін бақылау;

-генетикалық өзгерген  организмдерді және олардың көмегімен  алынған өнімдерді бақылаусыз  әкелудің алдын алу  жөніндегі  іс-шаралардың жүйесін әзірлеу  және іске асыру.

Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық құралдары. Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық құралдары:

-қоршаған ортаны қорғау  жөніндегі іс-шараларды республикалық  және жергілікті бюджеттердің, табиғатты  пайдаланушылардың қаражаты есебінен, халықаралық заемдар, гранттар және  өзге де көздерден мамандандырылған  қорлар құру мүмкіндігімен қаржыландыру;

Информация о работе Сәулеленудің генетикалық әсері