Сәулеленудің генетикалық әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2014 в 17:51, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Қоршаған табиғи орта – адамның өміріне, тіршілік ету жағдайына және денсаулығына әсер ететін табиғи компоненттердің жиынтығы. Қоршаған табиғи ортаның компоненттеріне атмосфералық ауа, сулар, топырақ, жер асты байлықтары, хайуанаттар және өсімдіктер әлемі жатады.
Қоршаған ортаны ластау – адамның шаруашылық қызметінің нәтижесінде — қатты, сұйық және газ тәріздес қалдықтарды табиғи ортаға: атмосфераға, гидросфераға, топыраққа шығару; қоршаған ортада қажет емес физикалық факторлардың: шудың, жылудың, сәуле шығаратын радиацияның, ультрадыбысты толқындардың, вибрациялардың және т.б. пайда болуы нәтижесінде қоршаған ортаның физикалық-химиялық қасиеттерінің өзгеруі. Қоршаған ортаның ластануы санитарлық-гигиеналық нормативтердің асып түсу деңгейімен сипатталады.

Содержание работы

1 Қоршаған ортаны ластау 2
2 Сәулеленудің генетикалық әсері 2
3 Химиялық қосылыстардың мутагенді әсері 4
4 Қоршаған ортаны қорғау 4
5 Қорытынды 8
6 Қолданылған әдебиеттер 9

Файлы: 1 файл

МБГ СРС 8.docx

— 217.40 Кб (Скачать файл)

-қоршаған ортаны қорғау  және табиғатты ұтымды пайдалану  жөніндегі жобалардың конкурсын  Қазақстан Республикасының мемлекеттік  сатып алу туралы заңнамасына  сәйкес республикалық және жергілікті  бюджеттердің қаражаты есебінен  мүмкіндігінше одан әрі қаржыландыра  отырып  ұйымдастыру;

-табиғатты пайдаланушының  қоршаған ортаны қорғау жөніндегі  іс-шараларды қаржыландыруға және  ықтимал экологиялық залалға  өтемақы төлеуге жауапты болатындығын  немесе жүзеге асырылатын қызметтен  бас тартуға тиіс екендігін  білдіретін “ластаушы төлейді”  қағидатын іске асыру;

-келешекте экологиялық  стандарттарды бұзғаны үшін әкімшілік  жауапкершілікті бір мезгілде  күшейте отырып, қоршаған ортаға  берілетін эмиссия үшін ақы  төлеуден бас тартумен қоршаған  ортаға шығатын эмиссия үшін  және Қазақстан Республикасының  табиғатты қорғау заңнамасын  бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдар  төлеудің ынталандырушы сипатын  арттыру;

-қоршаған ортаға келетін  залалды экологиялық сақтандыру, сондай-ақ таратылу сатысында  өз қаражатынан қоршаған ортаны  қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды  қаржыландыру үшін кәсіпорындар  жанынан қорлар ұйымдастыру;

-экономикалық көрсеткіштерге  табиғи нысандардың орта құру  функциясын ескере отырып олардың  толық құнын, сондай-ақ табиғатты  қорғау (экологиялық) жұмыстарының (қызметтерінің) құнын қосу;

-қоршаған орта эмиссияларына  квоталармен сауда жасау жүйесін  енгізу;

-табиғатты қорғаудың  нарықтық, оның ішінде өнеркәсіп  тауарларын қайта пайдалану және  қайталама өңдеуді ынталандыратын  тетіктерін енгізу;

-халықаралық конвенциялар  және келісімдерде көзделген, қоршаған  ортаны қорғау саласындағы халықаралық  қаржы-экономикалық тетіктерді қолдану  жолымен пайдаланылатын болады.

Қоршаған ортаны қорғауды ғылыми қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғауды ғылыми қамтамасыз ету елдің орнықты даму жолдарын белгілеу жөніндегі  мемлекет қызметінің тиімділігін  арттырудағы маңызды элементтердің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылым мынадай негізгі бағыттарда дамуға тиіс:

-орнықты даму теориясын  жасау және осы салада ғылыми  зерттеулер жүргізу;

-қоршаған ортаны қорғауды  басқарудың ғылыми негіздерін  әзірлеу;

-қоршаған ортаның жай-күйі  индикаторлары жүйелерін қалыптастыру;

-экологиялық аудандастыру;

-жергілікті жерлердегі  экологиялық проблемаларды шешу  жолдарын әзірлеу;

-ресурс үнемдеуші, қалдығы  аз, экологиялық тиімді жаңа технологияларды  жасау;

-жаңартылатын биологиялық  ресурстардың (орман, су, аңшылық-кәсіпшілік, дәрілік және басқалары)   орнықты  өсіп-өнуін қамтамасыз етіп пайдаланудың  ғылыми қағидаттарын және технологияларын  әзірлеу;

-биологиялық әралуандықты  сақтаудың тиімді әдістерін әзірлеу;

-тірі организмдердің  бөтен текті және генетикалық  өзгерген түрлерінің таралуын  талдау және осы процестерді  бақылау мен келеңсіз салдарын  азайтудың  тиісті әдістерін әзірлеу;

-экологиялық-экономикалық  бағалаудың әдіснамасы мен әдістерін  әзірлеу, оның ішінде табиғи объектілердің  орта құру функциясын ескере  отырып құнын анықтау;

-ластанудың алдын алу  және жою, қоршаған ортаны оңалту  және қауіпті қалдықтарды кәдеге  жарату құралдары мен әдістерін  әзірлеу;

-адам аурулары мен  қоршаған орта сапасының өзгерістері  арасындағы байланысты зерделеу;

-экологиялық мониторингтің  қазіргі заманғы әдістерін, сондай-ақ  табиғатты пайдалану және қоршаған  ортаны қорғау саласында мемлекеттік  басқару мақсатында ақпараттық  технологияларды әзірлеу және  дамыту.

Тұрғындардың денсаулығы олар тұратын аумақтың экологиялық жағдайының интегралды көрсеткiшi болып табылады.

Соңғы он жыл бойы Солтүстiк Қазақстан облысында онкоауру патологиясынан ауру мен өлiм-жiтiмнiң жоғары деңгейi байқалуда.

 

  1. Қорытынды


Жыл өткен сайын адамдардың радииоактивті сәулеленумен зақымдануы көбейе түсуде. Өйткені жыл сайын атом электр станциялары салынып, олар іске қосылып жатыр. Сондай-ақ неше түрлі тездеткіштер сыналып, атом бомбалары жарылып жатады. Олардан қаншама радиоактивті сәулелер бөлініп шығып, адамзат баласына неше түрлі зиян келтірді десеңізші. Сондықтан адамзат баласын  радиациядан қорғау осы кезде кезек күттірмейтін өзекті мәселеге айналып отыр.

Табиғатта адамзат баласы, жан – жануарлар дүниесі, өсімдіктер әлемі табиғи радиоактивтік сәулеленудің сыртқы және ішкі әсерімен шектелініп тұрады, яғни табиғи радиоактивтік фон деп аталатын жағдайда болады. Бұл жер бетіндегі тіршілік өмірдің табиғи қажеттілігі. Бірақ адамзат баласы өзін табиғи зат алмасу процестерінің ауқымынан шығарып, глобалды бірігей қызмет ететін жүйе ретіндегі биосферада өзінің тәртібіндегі шекті нормаларды бұзуда. Осыларды белгілі бір жүйеге келтіру кезек күттірмейтін мәселелердің біріне айналып отыр.

 Космостан келетін космостық сәулелердің практика жүзінде адамзат баласының қорғануға ешқандай мүмкіндігі жоқ. Ол 1000 км атмосфералық қабаттан лезде өтіп кетеді де жер шарына түгелдей таралады. Космонавттарды да космос сәулесін қорғау оңай шаруа емес екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Иондалған сәулеленуді ем-дом ретіндепайдаланып жатыр. Дерттерде диагностика қою үшін де таңбаланған атомды пайдаланады. Сәуле терапиясы мен қан, ауруларын емдеуге болады. Қауіпті ісіктерді де емдеу үшін бета-сәулесін пайдаланады.

Адамдарды радияциядан қорғау – Қазақстан Республикасының алдында тұрған аса қүрделі мәселе. Қазақстан Республикасында адамдардың денсаулығына өте үлкен көңіл бөлінуде. Әсіресе экологиялық апатқа ұшыраған аймақтарда да тұратын халықтардың денсаулығы қатаң бақылауға алынған. Неше түрлі экологиялық проблеммалар, әсіресе радиациялық экология өз  тұрғысынан шешімдерін тапқан жоқ.       

Сайып келгенде, біз – қазіргі жас мамандар, келер ұрпағымыздың өмірінің жарқын да мәнді болуы үшін қоршаған ортамызды, яғни Табиғат – Анамызды  аялай білуіміз қажет. Ол үшін меніңше, әр адам баласы экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелерін бір-бірімен сабақтастырғаны жөн.    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қолданылған әдебиеттер


  • Демеген А.А. , Мусаев К.М., Сүлейменова Б.С., Нұрбаева Ф.К. “Қоршаған ортаны ластайтын улы заттар мен өндіріс қалдықтары” – Ақтау: КМТжИУ, 2010 ж
  • Н.Ә.Назарбаев «Бейбітшілік кіндігі» Астана, «Елорда», 2001
  • «Радиация және өмір» З.Ж.Асқарова, Алматы, 2000.
  • www.kazakh .ru  

 


Информация о работе Сәулеленудің генетикалық әсері