Сумен емдеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2013 в 20:46, реферат

Описание работы

Физиотерапияда электрмен емдеу, сумен емдеу, жылумен емдеу, механикалық әсерін тигізіп емдеу түрлері болады. Физиотерапияның жеке бөлімі болып курортология болып табылады. Осы немесе басқа физикалық фактордың қолдануына негізделген олардың әрқайсысында бірнеше емдеу әдістері бар. Минералды сумен емдеу, бальнеотерапия (лат. balneum – монша, суға түсу және грек. therapeіa – емдеу) – курорттық және курорттан тыс емдік - профилактикалық мекемелерде әр түрлі ауруларды табиғи және жасанды жолмен дайындалған минералды сумен емдеу. Минералды сумен емдеу ішкі (ішу арқылы), сыртқы (жалпы ванна суына шомылу) ем үшін пайдаланылады. Минералдық сулар сонымен бірге ауызды шаю, ингаляция жасау, асқазан мен ішекті шайып тазарту, т.б. үшін де пайдаланылады.