Сумен емдеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2013 в 20:46, реферат

Описание работы

Физиотерапияда электрмен емдеу, сумен емдеу, жылумен емдеу, механикалық әсерін тигізіп емдеу түрлері болады. Физиотерапияның жеке бөлімі болып курортология болып табылады. Осы немесе басқа физикалық фактордың қолдануына негізделген олардың әрқайсысында бірнеше емдеу әдістері бар. Минералды сумен емдеу, бальнеотерапия (лат. balneum – монша, суға түсу және грек. therapeіa – емдеу) – курорттық және курорттан тыс емдік - профилактикалық мекемелерде әр түрлі ауруларды табиғи және жасанды жолмен дайындалған минералды сумен емдеу. Минералды сумен емдеу ішкі (ішу арқылы), сыртқы (жалпы ванна суына шомылу) ем үшін пайдаланылады. Минералдық сулар сонымен бірге ауызды шаю, ингаляция жасау, асқазан мен ішекті шайып тазарту, т.б. үшін де пайдаланылады.

Файлы: 1 файл

сумен емдеу.docx

— 40.10 Кб (Скачать файл)

                           Сумен емдеу  

     Физиотерапия — табиғи және жасанды түрде жасалынатын физикалық факторлардың физиологиялық пен емдік әсерін тигізетінін зерттейтін және профилактикалық және емдік мақсаттармен оларды пайдалану әдістерін әзірлейтін медицина саласы; физикалық емдеу әдістерінің жиынтығы және олардың қолдануы.

      Физиотерапияда электрмен емдеу, сумен емдеу, жылумен емдеу, механикалық әсерін тигізіп емдеу түрлері болады. Физиотерапияның жеке бөлімі болып курортология болып табылады. Осы немесе басқа физикалық фактордың қолдануына негізделген олардың әрқайсысында бірнеше емдеу әдістері бар.

Минералды сумен емдеу, бальнеотерапия (лат. balneum – монша, суға түсу және грек. therapeіa – емдеу) – курорттық және курорттан тыс емдік - профилактикалық мекемелерде әр түрлі ауруларды табиғи және жасанды жолмен дайындалған минералды сумен емдеу. Минералды сумен емдеу ішкі (ішу арқылы), сыртқы (жалпы ванна суына шомылу) ем үшін пайдаланылады. Минералдық сулар сонымен бірге ауызды шаю, ингаляция жасау, асқазан мен ішекті шайып тазарту, т.б. үшін де пайдаланылады. Минералдық сулардың құрамында көмірқышқыл газдың, күкіртті сутектің, азоттың, тез ыдырайтын радиоактивті заттардың (радонның) болуы оларға емдік әсер береді. Олардың температуралық, механикалық факторларының мәні зор. Минералды ванналар алдымен жүрек - қан тамыр және жүйке жүйесіне әсер етіп, олардың жұмысын реттейді, организмдегі зат алмасу процесі мен ішкі секреция бездері жұмысының қалыпты жүруін қамтамасыз етеді. Жалпы және жергілікті минералды ванналарды жүрек - қан тамыр, тірек-қимыл аппараты (буын, сіңір, бұлшық ет), жүйке жүйесі, сондай-ақ гинекологиялық ауруларды емдеуге пайдаланылады. Минералды сумен шаю мұрын - жұтқыншақ, жоғары тыныс алу жолдары ауруларына, шайып тазалау мен клизма – ішек ауруларына қолданылады. Минералды суды ішкенде ауыз қуысындағы, асқазандағы рецепторларға әсер етіп, асқазан ішкі секреция бездерінің жұмысын реттейді. Сондай-ақ минералды су ішу өт жолдарының қызметін дұрыстайды, соның нәтижесінде зат алмасу процесі жақсарады. Минералды сумен емдеуді дәрігер белгілейді және оның бақылауымен жүргізіледі. Бальнеотерапиямен тромбоз және эмболияны, церебральді криздерді, қатерлі ісіктерді, глаукоманы, т.б. ауруларды емдемейді. Қазақстанда Минералды сумен емдейтін “Алмаарасан”, “Ақжайық”, “Қапаларасан”, “Жаңақорған”, “Көктем”, “Мерке”, “Мойылды”, т.б. курорт, санаторийлер жұмыс істейді.

     Курорттарда санаторлық-курорттық ұйымдар – курорттардың, емдік-сауықтыру орындарының территорияларында да, олардан тыс жерлерде де орналасуы мүмкін, емдік және сауықтыру жұмыстарын табиғи емдік факторларды пайдалану арқылы жүргізетін әр түрлі меншік және ведомстволық қатыстылық формасындағы кәсіпорындар мен мекемелер жұмыс істейді. Бұлар – санаторийлар, емдеу пансионаттары, курорттық емханалар, емдік жағажайлар, минерал сулардың галереялары мен бюветтері, ванналық ғимараттар, радонмен емдеу орындары, балшықпен емдеу орындары, солярийлер, аэрарийлер және емдік жүзуге арналған бассейндер. Климаттық емдеу курорттарында сауықтыру демалысына арналған демалыс үйлері, пансионаттар, СПА-отельдер мен турбазалар бар. Оларда ағзаның функционалдық жағдайын түзету, жұмысқа қабілеттілігін жылдам қалпына келтіру және шынықтыру үшін климаттың әр түрлі элементтерін қолданады.

      Барлық санаторлық-курорттық мекемелердің емдік-профилактикалық жұмыстарын ұйымдық-әдістемілік тұрғыдан қамтамасыз етуді, олардың меншік формасына қарамастан, санаторлық-курорттық көмек көрсету құқығына лицензия беретін Мемлекеттік денсаулық бақылау жүзеге асырады.

       Курорттағы емдік-профилактикалық мекемелердің негізгі типі - санаторий (лат. sanare - «айықтыру, сауықтыру») – табиғи емдік физикалық факторларды жасанды факторлармен, емдік дене шынықтырумен, емдік тамақтанумен және басқа жолдармен үйлестіре отырып қолдану арқылы арнайы ұйымдастырылған режим жағдайында емдеуге, алдын алуға және медициналық сауықтыруға арналған емдік-профилактикалық мекеме. Аурулар асқынып кеткен кезде, сондай-ақ физикалық факторлардың әсерін күшейту және науқастарға контрасттық табиғи зонаға көшудің әсер етуінің алдын алу үшін санаторийдегі дәрі-дәрмекпен емдеу және төсекте жату режимі қолданылуы мүмкін.

            «Сарыағаш» санаториясындағы емдеу               стандарттары

ВАННАНЫ ҚАБЫЛДАУДАҒЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР МЕН ТАҒАЙЫНДАУЛАР

Ваннаны тағайындауда аурудын ауруын көпжақты және мұқият  тексеріп барып береді.Курортты кітапта дәрігер нақты рецепт ваннасын жазу керек, температурасын , қабылдауда минут санын. Және міндетті түрде ваннаны қабылдауда күнің қою керек.

Минералды ваннаны күннің бірінші жартысында қабылдаған дұрыс, қабылдау алдын 10—15 минут демалу керек, керек болса оданда көп.

Егерде минералды ваннаны таңғы уақытта қабылдаса, онда ашқарынға қабылдау керек, болмаса жеңіл таң асынан кейін.Бальнеоемдеу мекемесінде қатаң түрде гигиеналық тазалық болу керек,минералды ванналар мен басқа да ванналарда.        Кабиналар, демалу бөлмелерді жақсы желдету қажет,ондағы ауның ластануынан, нашар және дымқыл ауаның ,көмірқышқыл газдың пайда болуынан.Кабиналардағы ауа температурасы 18—20° С болуы керек; температураның күрт сууы мен ысуына жол жоқ

Минералды ваннаны қабылдау күнінде басқада ауыр емдеу процедуралар болдырылмайды,ол бальнеологиялық және физиотерапевтік. Үлкен ауыр процедуралар, онда лаймен емдеу, минералды ваннаны қабылдағанда ол қабылданбайды, бірақ ең соңғы бос күндері тағайындауға болады.

10 күндік емдеу курсында 5-6 ванна.  

Ваннаны қабылдаудағы ережелер.

Ваннаны қабылдау алдын бірінші сабынмен шомылып алу керек, себебі майлы пленкіні алып тастауға,ол ағзаға биологиялық активті заттарды кіргізбейді.

Ваннаны тамақ алдын қабылдау керек.

Ваннаны қабылдауда  алкогольді ішімдіктерді пайдалану қатаң түрде тыйым салынады.

        Суға түскенде бас пен жүрек маңы құрғақ болатындай түсу керек.Жүрек ауруларымен ауыратын адамдарға, кіндікке дейінгі су мөлшері бар ваннаға түсу керек.

Процедуралар уақыты қатаң шектеулі болу керек.

Қай ваннаны қабылдағанда да-емдік, косметологиялық болсын, 30 минут керуертте жатып, демалған жөн. Көрпе немесе түкті жаймамен оранып алған дұрыс

       Көпшілікке мәлімдей сумен емдеулудегі түрі- душтар: кәдімгі жаңбырлы және инетәріздес,  шотландты «Шарко» душы. «Шарко» душын функционалдық жүйке қабынуларында, зат алмасу ауруларында, әсіресесеміздікте тағайындайды.

       Циркулярлық  душ жүйке таусылу терілеріне ашушаң әсер етеді.Су  температурасы 36—38°С көрсетеді.

        Өрлеген аралық душты, геморройда, простатитте, проктитте және т.б.ауруларда пайдаланады,ауру треножерлы сақина тәріздес орындыққа отырады.Судың ағымы (температура 36—38°С) тура аралыққа барады .Оны күн ара,барлығы 5—10 процедура.

        Суастындағы душ- уқалау процедурасын көрсетеді,онда ауруға суасты шлага арқылы улкен қысымда су жіберіледі.

        Душ тағайындау мен уқалаудағы көрсеткіштер: семіздікке, тұз байлану ауыруларына, қимылдатқыш аппараттың зардаптарына, буындардың ауырулары ( туберкулезден басқа), еттер мен сіңірлерде, перефириялық жүйке жүйесінің зақымдалуында.

        Сарыағаш минералды суын ішуде: температурасы, ырғағы, мөлшері мен уақыты, асқазан секрециясымен патологиялық жағдайларға байланысты. – Емдік әсері сарыағаш минералды суының иондық құрамына байланысты. Суды ішу тәртібінде сукарбонаты асқазан сөлімен қосылады, онда көмірқышқылы пайда болып, асқазан сөлін өңдіреді, моторлы- эвакуаторлық жүйеде асқазан және ішек жолдарында, аз несеп шығуна әсер етеді.

       Қызыл егті сулауды: Стамотолог дәрігерінің кеңесінен кейін, қызылег ауыруларын, ауыз қуысының сулануына, асқазан- ішек ауыруларында,бауыр, өтайдағыш жолдарда, зат алмасу ауыруларында пайдаланады. Минералды сумен жүргізеді,су Т36-38оС, толтыру, 5мин. Күнде, курсы 8-10 процедура.

        Дуадельді зондтау 3-4 процедура, 3 күннен соң. 10 күндік курста 2-3 процедура күн ара.

 

(Д.З.механизмнің  әсері, сөлді жуады,ауруды келтіретін микробтарды жояды, сөлдің бөлінуін қалыптастырады, сөлдің көп мөлшерде бөлінбеуін қадағалайды, сөл көпіршіктерінің азаюын, өттің орын алмасуын қалыптастырады).

Қолдануға болмайды: асқазан тас ауыруларында, гастритті жарада, язвалық ауыруларда и 12 персті ішек және т.б. ауыруларда.

Соқыр зондтау (тюбаж) 2-3 процедура күнара. (Д.З.сияқты)

Асқазанды жуу:

Минералды сумен жургізіледі, ондағы су температурасы 36-38оС. Созылмалы гастритте,орта және төмен секрецияларында, холециститте, ауыздан иіс шығуда, қант диабетінде,улануда.Курста 2-3 процедура.

Ішек жуу бөлмелері (Ішек жуу гидротерапия бөлмелері)

Сумен емдеу процедурасы: Ішекті сулау курста 4-6 процедура, минералды судың температурасы мен мөлшері процедура үшін, қозғалтқыш ішек функциясының формасы мен даму сатысына қарай аңықталады. 10 күндік  түскілік курста №2 ендігі 2-3күн.   (Ішектің сөлін қалыптастырады, ауыруды тудыратын микробтарды,майларды, үлкен дәрет массасын, тұзды ауыр металлдарды,ішектегі заттардың сыртқа шығуын арттырады ;мақсаты-ішек функцияларын қалпына келтіру, ішектің тонусын,ағзадағы керекті азықтықалыптастырып, токсиндерді шығару,ішектің микрофлорасын қалпына келтіру).

 

Микроклизмалар мин. сумен, емдік шөп тұңбаларымен (қандай шөп екенін көрсету) және т.б.. Т-38оС №3-6 процедура. Созылмалы колитте, ішектің қабыну процесстерінде, проктитте тағайындайды.Курсқа 3-4 микроклизма и 6-ға дейін созылмалы емдеу курсында.

Көрсеткіштер

Тоқ ішектің  созылмалы қабынуында(қатты сырттай қозғанда)

Созылмалы іш қату.

Ағзаның улануы (дәрілер мен тамақпен жіне т.б.)

Асқазан - ішектегі паразитті микробтарды туғызатын инфекциялардан.

Өткір ішектегі тоқырау.

Жаралық колит  қатты сырттай қазғанда.

Дәреттің  қатып қалуында.

Дивертикулез.

Тері ауырулары.

Алдын алу шаралары ретінде.

    Гинекологиялық қабынуларда кіші жамбас арқылы суландыру жүргізіледі: созылмалы аднексит, эндометрит, кальпит , циститте қатты қазғанда. Минералды сумен суландыру Т-38 С, ұзақтығы ауырудың паталогиясына қарай жеке 5-10 мин.

 

 

                    

                          

 

 

 

 

                 б)Тағамдық құндылық

Тағамдық құндылық - өнімнің барлық пайдалы қасиеттерін, яғни энергетикалық, биоло- гиялық, физиологиялық, органо-лептикалық құндылығын, сіңімділігін, сапалылығын сипаттайтын күрделі қасиет. Өнімнің энергетикалық құндылығы оның құрамындағы май, белок, көмірсу мөлшерімен анықталады. Тамақ өнімдерінің энергетикалық құндылығы 100 г-ға шаққанда кило- джоульмен (кДж) немесе кило- калориямен (ккал) өрнектеледі. Адам организмінде 1 г май тотыққанда 9,3 ккал (37,7 кДж); 1 г белок — 4,1 ккал (16,7 кДж); 1 г көмірсу — 3,75 ккал (15,7 кДж) энергия бөлінетіні белгілі. Организм энергияның белгілі бір мөлшерін сол сияқты органикалық қышқылдар мен спирттер тотыққанда алады. Өнімнің химиялық құрамын біле отырып, оның энергетикалық құндылығын анықтауға болады. Өнімнің биологиялық құндылық өнімде биологиялық активті заттар мөлшерімен сипатталады: қажетті аминқышқылдары, витаминдер, макро- және микро- элементтер, полиқанықпаған май қышқылдары.

       Бұл компоненттер организмнің ферменттік компоненттерімен синтезделмейді және сондықтан да басқа тағамдық заттармен алмастырылмайды. Олар алмастырылмайтын деп аталады және организмге тамақпен бірге (ет, балық, сүт өнімдерімен, т.б.) ену керек. Физиологиялық құндылық тамақ өнімдерінің адамның ас қорыту, жүйке, жүрек-қан тамыр жүйелеріне әсер ету қабілетімен және организмнің ауруларға қарсы тұру қабілетімен анықталады. Мысалы, шай, кофе, дәмдік заттар, сүт қышқылды және басқа өнімдер физиологиялық құнды. Тамақ өнімдерінің органолептикалық (түйсіктік) құндылығы сапа көрсеткіштеріне негізделген: сыртқы түрі, консистенция, иісі, дәмі, құрамы, балғындылық дәрежесі. Сыртқы түрі бойынша қолайлы тамақ өнімдері: балғын немесе аз сақталған жемістер, емдәмдік жұмыртқа, балық, жоғары сапалы шикізаттан жасалған нан-тоқаш өнімдері тәбетті жоғарылатады және тез сіңеді, себебі оларда биолоғиялық активті заттар көп. Тамақ өнімдерінің дәмі мен иісі маңызды орын алады, сондықтан кейбір жағдайда оған жету үшін белок заттарының сіңімділігін төмендетуғе негізделген өңдеу әдістерін қолданады (мысалы, балықты және шұжық өнімдерін қақтау). Күңгірт түсті, дұрыс емес формалы, беті тегіс емес және өте жүмсақ немесе қатты консистенциялы, биологиялық активті заттары аз, тағамдық құндылығы төмен тамақ өнімдерінің сіңімділігі нашар болады. Сыртқы түрі мен консистенциясында ақаулары бар өнімдерде көбінесе адам орга-низміне зиянды заттар болады. Тамақ өнімдерінің сіңімділігі өнімнің қай бөлігі организмде толығымен қолданылатынын көрсететін сіңу коэффициентімен өрнектеледі. Сіңімділік өнімнің сыртқы түріне, консистенциясына, дәміне, оның құрамында болатын тағамдық заттардың мөлшері мен сапасына, сонымен қатар адамның жасына, көңіл күйіне, тамақтану жағдайына, талғамына, өдетіне жөне т.б. факторларға байланысты. Аралас тамақтану кезінде белоктардың сіңуі - 84,5%, майдың сіңуі — 94%, көмірсулардың сіңуі - 95,6% құрайды.Тамақ өнімдерінің сапалылығы органо- лептикалық және химиялық көрсеткіштермен (түсі, иісі, дәмі, консистенциясы, сыртқы түрі, химиялық құрамы), токсиндердің (улы заттар), ауру тудырғыш микробтардың (салмонеллалар, ботулинустар және т.б.), зиянды қоспалардың (қорғасын, сынап), улы өсімдіктердің тұқымдары мен бөгде қоспалардың (металл, шыны, т.б.) болмауымен сипатталады. Сапалылығы бойынша тамақ өнімдерін кластарға жіктейді: тағайындалуы бойынша қолдануға жарамды тауарлар (ешқандай шектеусіз өткізуге рұқсат етіледі); тағайындалуы бойынша қолдануға шартты жарамды тауарлар (стандартты емес немесе жойылатын ақауы бар тауарлар); тагайындалуы бойынша жарамсыз қауіпті тауарлар (өткізуге рүқсат етілмейді жөне жойылу керек немесе белгілі бір ережелерді сақтай отырып басқа өнімге айналдыру керек).

                                Кіріспе

Гигиена – (грек. hygіeіnos – дені сау) денсаулықты сақтау, аурулардан алдын ала сақтану туралы ғылым; медицинаның бір саласы. Гигиена сөзі грекше hygіeіnos, яғни ол дені сау деген ұғымды білдіреді. Қоршаған ортаның адам организміне (денсаулығына, оның еңбек ету қабілеті мен өмірінің ұзақтығына) тигізетін әсерін зерттейді; елді мекендерді таза ұстау, мұндағы адамдардың тұрмысы мен қызмет жағдайын жақсарту жөнінде түрлі нормативтер мен ғылыми талаптар, санитарлық шаралар жүйесін жасайды.[1] Біздің заманымыздан бұрынғы 1500 ж. Мысырда, Хорезмде тазалық сақтау шаралары қолданылған. Адам денсаулығын жақсартып, нығайтатын – таза ауа мен су екенін сол кездің өзінде ежелгі грек дәрігері Гиппократ атап көрсеткен. Гиппократтың сол көзқарасын ортағасырлық ғұлама ғалым Әбу Әли ибн Сина жалғастырды. Оның әлемге әйгілі «Дәрігерлік ғылымның каноны» деген энциклопедиялық еңбегінде денсаулықты күні бұрын сақтап, дұрыс тамақтана білудің теориялық негіздері баяндалған. Сол кезде Үргеніш, Самарқан, Отырар, Тараз, т.б. қалаларда мал сою, сүт сату, балық сақтау, ауыз суды тазарту істеріне жергілікті билік органдары тарапынан бақылау жасалып отырған. Қазақ халқы ежелден денінің саулығын, тазалығын сақтап, дұрыс тамақтануға қатты көңіл бөлген. Қазақ жерінде тазалық сақтау туралы мағлұматтар да ертеден белгілі. Атап айтқанда 15 ғасырда жазылған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты энциклопедиялық-анықтамалық қолжазбасында халық медицинасы, адамның он екі мүшесін күту (мысалы, тері, көз, т.б.), тазалық сақтау туралы мол мәліметтер келтірілген. Осындай мәліметтер, сондай-ақ Халел Досмұхамедұлының «Оқушылардың саулығын сақтау» (1925), «Адамның тән тіршілігі» (1927) атты еңбектерінде айтылған.Гигиена ғылымы эксперименталдық және клиникалық медицина, оның ішінде кәсіби аурулар мен жұқпалы ауруларды зерттейтін ғылыми бағыттарды, биология, химия, физика, климатология, т.б. ғылым салаларының жаңалықтары мен жетістіктерін пайдаланады. Гигиена саласындағы зерттеулерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау агенттігі, Профилактикалық медицина академиясы үйлестіріп отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      

                            а) Тамақтану     

        Тамақтану – ағзаның өмірлік қажеттілігі болып саналады. Ол адамды сумен, энергия мен қамтамасыз етеді. Клеткаларды құру үшін , сол себепті әр түрлі жағдайда емдем-терапиасы қолданылады. Су адамның бір тәуіліктегі тиімдді тамақтану рационы(1280-3000ккал) бұл өмір сүру деңгейіне байланысты. Азықпен адам жалпы тіршілікке қажетті белок, май, көмірсутегі, минералды тұз, су, витаминдер мен тыеандарды қалпына келтіріуге, енергия шығынын және ағзаның қажеттерін толтыруға арналған басқа да заттар алады. Осы заттардың барлығы күрделі алмасу үрдісіне қатысады. Ақуыздар, көірсулар, майлар, ағзаны енергия мен қамтамасыз етуде басты қызмет атқарады. Метаболизм үрдісі кезінде ақуыздан, майдан, көмірсулардан енергия бөледі. Олар құнарлықпен өлшенеді. Ағзадағы1kg ақуыздың тотығуынан -4kkal, 1g майдан -9kkal, 1kg көмірсудан -4kkal энергия түзіледі. Тағам құнарлығы арнайы кестемен көрсетіледі. Дені сау адамға тәуіліктік үлестегі жануар ақуызының мөлшері көрсетілген қалыпқа сайкес құрастырылуы керек. Өсімдік -40g, жануар майы-85-90g көмірсулар-400g-500g , төріт мезгіл тамақтануда жалпы тамақ салмағы 3kg дейін жетуі қажет. Физикалық жұмыс пен айналыспайтын ауруханада жатқан науқастарда тағамның құнарлығы қалыптан аспауы керек. Төсек тартып жатқан ауруларда енергияға қажеттілік біршама төмен болады. Ақуыздар, майлар, минералды заттар, ұлпалар мен тіндердің қызметін қалпына келтіру үшін “құрылыстық” заттар болып табылады. Сау адам қалыпты жағдайда 4мезгіл тамақ ішіп отыруы керек.

Информация о работе Сумен емдеу