Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2013 в 14:09, реферат
Табиғи ресурстар, олардың қолдану саласына қарай — ендірістік, денсаулы сақтауга қажетті, ғылыми, эстетикалык деп бөлінеді. Табиғи ресурстары сарқылмайтын және сарқылатын екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді. Соның бәрі –су. Жер шарындағы судың үлесі барлық жердің 2/3 алып жатыр. Сондықтан оның қоры үздіксіз айналымға түсіп, қалпына келіп отыр. Ал экожүйелердін таралуы уақыт пен кеңістікке қатысты салыстырмалы түрдегі айлағаны объектілер.
1. Кіріспе................................................................................................................. 2.Негізгі бөлім а) Табиғи ресурстар және оларды тиімді пайдалану.......................................... ә) Табиғат қорғаудың теологиялық негіздері...................................................... 3.Қорытынды..........................................................................................................
4.Пайдаланған әдебиеттер.....................................................................................
|
ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ШЕТ ТІЛДЕР ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК КАРЬЕРА УНИВЕРСИТЕТІ |
СОӨЖ
Тақырыбы: Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және альтернативті экология
Жоспар:
1. Кіріспе.......................
4.Пайдаланған әдебиеттер......
Табиғи ресурстарды қорғау және альтернативті энергия
1.Кіріспе
Табиғи ресурстар, олардың қолдану саласына қарай — ендірістік, денсаулы сақтауга қажетті, ғылыми, эстетикалык деп бөлінеді. Табиғи ресурстары сарқылмайтын және сарқылатын екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді. Соның бәрі –су. Жер шарындағы судың үлесі барлық жердің 2/3 алып жатыр. Сондықтан оның қоры үздіксіз айналымға түсіп, қалпына келіп отыр. Ал экожүйелердін таралуы уақыт пен кеңістікке қатысты салыстырмалы түрдегі айлағаны объектілер.
Сарқылатын қорлар өз кезегінде қалпына келетін және қалпына келмейтін деп жіктеледі. Мысалы, қазба байлықтар, мұнай, көмір қорлары қалпына келмейтін байлық көзіне жатады.
Адамзаттың күн көрісі мен тіршілік етуіне қажетгі заттар және табиғата кездесетін жаратылыс дүниелері — табиғи ресурстар деп аталады. Су, жер, өсімдік жан-жануар, тау-тас, қазба-байлық және өзге де, тікелей не өнделген күйінде түрмысқа, өндіріске қажетті дүниеліктердің бәрі де Табиғи ресурстарға жатады Табиғи ресурстарды пайдалану нәтижесінде, адамзат — азық-түлік, киім-кешек тұрмыс кажетін өтеуге керекті заттар, жанар-жағар майлар жөне өнеркәсіпке қажетті шикізаттарды алады.
Қалпына келетін қорлар да адамның ақыл-ойына тәуелді болады. Олар – топырақ , өсімдік пен жануарлар әлемі. Табиғат пайдалану қоғамдық өндірістің ерекше саласы ретінде табиғат байлығын кешенді үнемдеп пайдалану арқылы қоғамның материалдық қажетін өтеуге және табиғи ортаға өндірістің зиянды әсерін болдырмауға бағытталған.
Өндіріске қатыстырылатын табиғат байлықтары: пайдалы қазба байлықтар (минералдық шикізат),су,ауа,орман,жер,тек қана өндіріс шікізаты емес, сонымен қатар, өндіріс құралы да болып табылады.Өндірістік қатынасқа қосылмған табиғат байлығын да ұлттық байлық ретінде қарап, оның табиғи қалпының сақталуын, сапасының төмендеуін қамтамасыз ету керек.
Табиғат байлығын тиімді пайдалану өндірістің дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, табиғи ортаның тазалығын, оның қалпына келетін қорын молайту және табиғи ортаның тепе-теңдігін сақтау болып табылады. Басқаша айтқанда, табиғи орта мен ондағы өндірістің даму тепе-теңдігі сақталуы тиіс.Сондықтан табиғи ортаны, табиғат байлығын қорғау халықтың материалдық, рухани, әлеуметтік мұқтажын үздіксіз өтеуге, табиғат байлығын қалпына келтіруге, молайтуға бағытталуы қажет.
Ғарыш қорларына — күн сеулесінің радиациясы, теңіздің тартылуы мен тасуы жатады.
Климаттық қорға — атмосферадағы ауа, жел энергиясы, жауын-шашын жатады.
2.Негізгі бөлім
2.1 Табиғи ресурстар және оларды тиімді пайдалану
Қазіргі заманғы жағдайда
Табиғи ресурстардың сапасы мен санына және санына әрбір елдің экономика деңгейі мен дамуы көптен-көп тәуелді. Сондықтан табиғи ресурстарды қорғау және оларды тиімді пайдалану қоршаған ортаны қорғау жүйесінде маңызды орын алып отыр. Табиғи ресурстар әртүрлі 3 топқа бөлінеді.
Сарқылмайтын қорларға-ғарыш, ауа, су қорлары жатады.
Ғарыш қорларына-күн сәулесінің радияциясы, теңіз тартылуы мен тасуы жатады.
Ауа-райы қорларына-атмосферадағы ауа, жел энергиясы, жауын-шашын жатады.
Су қорларына-жер бетіндегі су көздері жатады.
а) Жер беті қорларының ең басты бөлігіне топырақ жатады. Топырақ құрамы өте күрделі. Онда минералдық заттар, түрлі организмді заттар, микроорганизмдер кездеседі. Жер бетінің толық ауданы 510 млн. км2, құрлыққа тиесілі үлесі-149 млн. км2 (29,2 %).
б) Орман қорлары сарқылатын және салыстырмалы жаңғыратын қорлар жатады. Орман ағаштарының қоршаған ортаның жақсаруына, су мен жер қорларының жақсы сақталуына тигізетін әсер мол. Жер бетіндегі ағаштар 100 млрд. тонна фитомасса түзсе, оның ішінде құрлық бетіндегі көк жамылғы 64 млрд. тонна, ал орман ағаштары 38 млрд. тонна (60%) құрайды.
в) Минералдық қорлар-мұнай, газ, тас көмір, кен көздері және жер асты сулары жатады. Бұлардың барлығы сарқылатын қор түрінде жатады. Сонымен, минералдық қорларды:
1) металл қорлары.
2) металл емес қорлар деп бөлеміз.
Кейбір минералдық заттар адам тіршілігіне ауа мен судай қажет. Мысалы, ас тұзы, ізбес, құм, фосфори, калий тұздары т. б. Бұларға қарағанда, металл және мұнай-газ кен көндерінен шикі зат өндіру қарқыны жыл сайын арта түседі. Мысалы: соңғы 100 жыл ішінде-көмір, темір, марганец және никельді пайдалану мен өндіру 200-1000 есе артты.
Бұл қорлар литосфераның 17 км. тереңдікке дейінгі қабатын алып жатыр.
г) Энергетикалық қорлардың жаңғырмайтын қатарына-көмір, мұнай-газ, торф, сутегі, гелий , литийлер, ал жаңғыратын түрлеріне-фотосинтез өнімдерінің энергиясы, гидроэнергия, булану және жауын-шашын энергиясы, жел энергиясы, жылу энергиясының түрлері жатады.
Су қорлары. Су қоры деген ұғымды, тұщы су мөлшерінің қоры деп түсінген дұрыс. Адамзат тіршілігінде көп пайдаланатыны-өзен-сулар. Су жүйелеріндегі су мөлшерінің толық қалпына келуі немесе жаңғыру мерзімі әртүрлі.
Адамзат табиғи қорларды, олардағы шикізат көздерін зат айналым циклына қатыстырады. Табиғи қорларды пайдалану барысында тасымалдануы, өзгеріске ұшырауы- қордың айналымы немесе антропогенді айналым деп аталады.
Табиғаттағы зат айналымы тұйықталған тізбек бойымен іске асады. Ал қор айналымын немесе антропогенді тұйықталған тізбек бойымен іске асады деуге болмайды. Өйткені, теңізден буланған су қайтадан жауын-шашын түрінде қайта оралса, шахтада өндірілген көмір, қайтадан көмір түрінде шахтадағы кенге келіп қосылмайды.
Табиғи қорларды тиімді пайдалануда ғылым-техника саласындағы озық технологияны, инженерлік тиімді тәсілдерді пайдаланады. Жалпы инженерлік шараларға төмендегілер жатады:
1)Қоршаған ортаны жүйелі
2)Биосфераны оптимизациялау.
3)Табиғатты пайдалануды оптимизациялау.
Өнеркәсіп салалары мен шаруашылыққа шикізат өнімдерін жоспарлы түрде, белгілі мақсат үшін мемлекеттік дәрежеде шешу жолдары.
4)Шикізат өндіру қарқынынан алынатын өнім қарқынының өсуі.
5)Жаратылыс дүниелері мен техника үндестігі. Табиғат-техникалық жүйелер немесе геотехникалық жүйелер құруы.
6)Өндірісті шоғырландыру.
7)Өндірісті экологиялық қауіпсіздендіру-қалдықсыз экологияны пайдалану жатады.
2.2 Табиғатты қорғаудың теориялық негіздері
Табиғатты қорғаудың методологиялық негізі ретінде табиғат пен қоғамдағы заттар мен құбылыстардың жалпы өзарабайланыстылығы мен өзаратәуелділігі туралы материалистік диалектика заңы қызмет атқарады. Осы заңға сәйкес табиғаттағы ешбір құбылыс көптеген басқа заттар мен құбылыстардың әсерінсіз жүзеге аспайды. Әрбір құбылыс немесе зат табиғаттағы бүтіннің бір бөлігі.
Ерте заманнан әртүрлі ғылымдар
саласында табиғаттағы
Табиғат пен қоғамның өзараәсерлерінің нәтижелері көп жағдайда табиғатта болатын өзарабайланыстарға тәуелді. Оларды есепке алу қоғамның табиғатқа және табиғаттың қоғамға әсер ету процессін басқару үшін қажет. Табиғат пен қоғамдағы заттар мен құбылыстардың өзарабайланыстарының сапалық және сандық ерекшеліктерінен табиғат қорғау жұмыстарының, оның принциптері мен әдістерінің сипаты тәуелді.
Табиғатты тиімді пайдалану және қорғау
тәжірибесінде табиғи процестерді
және оларды адамзат қоғамы мүддесіне
пайдалануды басқаратын заңдылықтарды
ескеру қажет. Осындай негіз табиғатты
қорғаудың методологиялық принципі
болып табылады. табиғат қорғаудың
жаратылыстану-тарихи негіздері болған,
бірақ жаратылыстанумен табиғаттағы
нақты өзарабайланыстар, табиғи кешендер
іс-жүзінде ұзақ уақыт ашылмаған.
Тек ХІХ ғасырдың соңында К.Маркс
пен Ф.Энгельстің идеялары негізінде
жаратылыстану ғылымының үлкен
жетістіктері мен өндірістік күштердің
дамуы арқасында табиғаттың жеке
құраушылары арасындағы байланыстарды
зерттеу, географиялық орта туралы жаңа
кешенді ғылымды жасау
Табиғатты қорғау ісі үшін маңызы бар, қоғам мен табиғаттың өзарабайланысынан бірнеше ережелер шығады:
1. барлық табиғат құбылыстарының көптеген әмндері бар;
2. рационалдық ереже;
3.жанамалық қорғау, біреуін басқасы арқылы қорғау ережесі,кешенді міндет.
Организмдердің бір түрлі тобы және әр түрлі тобы белгілі бір жерде қоныстанып, өмір сүреді, сол ортада табиғатпен және өзара байланыстар жасайды. Қоршаған табиғи ортаға адамдар , жануарлар , өсімдіктер басқа да тірі организмдер өмір сүретін мекен-жай, жылы мен суық , ас пен қорек , олардың достары мен жаулары кіреді.
Қоршаған орта тірі және өлі табиғаттан құралған , өзара тығыз байланыстары бар біртұтас жүйе. Табиғатта болатын барлық құбылыстар мен өзгерістер осында өтеді.
Қоршаған ортаның күрделі
Экология терминін ғылымға бірінші болып енгізген 1866 ж. белгілі табиғат зерттеушісі, дәрігер, аса дарынды неміс ғалымы Эрнест Геккель. Э.Геккель экологияға мынандай анықтама берді . Экология табиғаттың экономикасын білу, сонымен қатар тірі организмдердің осы ортаға басқа органикалық және органикалық емес заттардың ара қатынасын, өсімдіктер мен жануарлардың, олардың достары мен жауларының бір-бірімен байланыстарын зерттеу.
Экологияның даму ағымы өте ерте кезеңді қамтиды. Организмдердің ортамен байланыстары және олардың қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі туралы пікірлер антикалық философтардың еңбектерінде кездеседі. Өсімдіктер туралы осындай жоспарда Эмпедокл және Теофраст (IIIғ.б.э.д) жазған , ал жануарлар туралы - Аристотель (Ivғ.б.э.д) жазған.
Экология ғылымының дамуына А. Гумбольдтің, Ч. Дарвиннің, К.Рулье, Н.Северцов және басқалардың еңбектері үлкен үлесін қостыА.Гумбольдтың (1769-1859) еңбектері өз уақыты үшін өте елеулі болды. Ол өз бетімен жеке Солтүстік және Оңтүстік Американы , Орталық Европаны, Сібірді , Алтайды, Каспий жағалауларын зерттеді. Сөйтіп ол өсімдіктер географиясын қалыптастырды, жер бетіндегі өсімдіктер дүниесінің таралу заңдылығы туралы рекше ғылым ретінде және өсімдіктер тіршілігін зерттеуде экологиялық бағыттың негізін салды.
Информация о работе Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және альтернативті экология