Желі архитектура

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 22:15, реферат

Описание работы

Желілік архитектуралар – бұл желінің жұмыс қабілеттілігін жасауға қажетті стандарттар, топологиялар және хаттамалар комбинациясы.
Бүгінгі күні ең белгілі желілік архитектура –– Ethernet. Берілген архитектура архитектура 10 Мбит/с жылдамдықты тар жолақты беруді, «шина топологиясын, коллизияны анықтайтын көптеген қатынау әдісін пайдаланады. (CSMA/CD). 100 Мбит/с жылдамдығымен жұмыс істейтін Ethernet желісі, Fast Ethernet деп аталады.

Содержание работы

Кіріспе
1. Желі архитектурасы
1.1. Желіні қолданудың артықшылықтары
1.2. Желілердің архитектурасы
1.2. 1. Терминал – негізгі компьютер архитектурасы.
1.2. 2. Бір рангті архитектура
1.2. 3. Клиент – сервер архитектурасы
1.3. Мәліметтерді тасымалдаудың физикалық ортасы.
1.4. Кабельдік жүйелер.
1.5. Apple Talk желілік технологиясы.

Қолданылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

реферат КЖ.doc

— 294.00 Кб (Скачать файл)

Thinnet кабелі RG-58 ретінде танымал болған, мәліметтерді танымалдаудың физикалық түрінде кеңінен қолданылады. Желілер қосымша құрылғы сұрамайды және өте қарапайым, әрі арзан. (Thin Ethernet) жұқа коаксиалды кабелі қалың кабельге қарағанда ақпаратты қысқа қашықтыққа ғана жібере алады. Бірақ жұқа кабельмен қосылу үшін СР-50 типтегі BNC разъем стандарттары қолданылады және ол барлық ЛВС офистарға стандарт болып табылады. Төменде сипатталатын Ethernet 10Base2 технологиясында да қолданылады. Қалың коаксиалды кабель (Thick Ethernet) кедергілерге қарсылығы өте жоғары, механикалық сапалы, бірақ кабельді орнату кезінде ЛВС-ке қосылу үшін арнайы қажеттіліктерді талап етеді.Ол жұқа кабельмен салыстырғанда біршама қымбат,және майысқақ емес. Төменде сипатталатын Ethernet 10Base5 технологиясында қолданылады..ARCNet желісі әдетте RG-62 А/U кабелін қолданады.

Оптикалы-талшықты кабель

Оптикалы-талшықты кабель(Fiber Optic Cable) алысқа ақпаратты өте үлкен жылдамдықпен жібереді және олар тыңдау құрылғыларына жарамсыз. Оптикалы-талшықты кабельмен ақпарат жөнелту үшін жарық қолданылады.Жарық өткізгіш қызметін атқарып тұрған талшық ақпаратты алысқа әрі үлкен жылдамдықпен жіберуге көмектеседі, бірақ ол өте қымбат және онымен жұмыс істеу өте ауыр.

Оптикалы-талшықты кабель жуандығы бірнеше микрон ғана болатын орталық шыны жіпшеден тұрады.Оның сырты жалпылай шынымен жабылған.Мұның бәрі сыртқы қоғаныс қабатының ішінде орналасады. Оптикалы-талшықты линиялар өте сезімтал.Мұнда жарық көзі ретінде жарық диодтары қолданылады (LED - Light Emitting Diode), ал ақпарат жарықтың интенсивтілігінң өзгеруі арқылы кодталады.Кабельдің қабылдайтын ұшында детектор желілік импульстарды электрлік сигналдарға айналдырады. Оптоталшықты кабельдердің екі түрі бар: бір модтық және көпмодтық. Бірмодтықтардың диаметрі кішкентай ,қымбат және ақпаратты жіберу қашықтығы жоғары. Жарық импульстары бір бағытта қозғала алатындықтан оптоталшықты кабельдер базасындағы желілердің әр сегмент үшін кіретін және шығатын кабельдері болуы керек. Оптоталшықты кабельдер арнайы коннекторлерді және жоғары квалификациялық орнатуды талап етеді.

Apple Talk желілік технологиясы

Apple Computer, Inc компаниясы 1983 жылы Apple Talk-ті кішігірім топтарға арналған «фирмалық» желілік архитектура ретінде ұсынды. Желілік функциялары Macintosh компьютерлерінің ішінде орналасқандықтан, Apple Talk желісі басқа желілермен салыстырғанда қарапайым орындалады.

Apple Talk желісінің негізгі сипаттамалары:

  • дәстүрлі топологиясы       шина немесе бұтақ
  • беріліс типі                           таржолақты
  • ену әдісі                                CSMA/CA
  • деректердің беріліс жылдамдығы     2 кбит/с
  • кабельдік жүйесі          UTP, оптикалық талшықты кабель

Apple Talk клиент-серверлі таратылған жуйе ретінде құрылған болатын. Басқаша айтқанда, қолданушылар желілік ресурстарды (файлдар және принтерлер сияқгы) ортақ пайдаланады. Бұл ресурстарды қамтамасыз ететін компьютерлер қызмет көрсетуші немесе қызметші құрылымдар деп (servers), ал желілік қызметші құрылымдардың ресурстарын пайдаланатын компьютерлер клиенттер (clients) деп аталады. Қызметші құрылымдармен әрекеттесу қолданушы үшін айтарлықтай дәрежеде айқын болып табылады, себебі қажетті материалдың орнын компьютердің өзі анықтап, қолданушының қатысуынсыз оған хабарласады. Таратылған жүйелер қарапайым болумен қатар, барлығы тең басқа жүйелерге қарағанда экономикалық артықшылығы бар, себебі маңызды материалдар көп жерлерде емес, бірнеше жерде ғана орналасуы мүмкін.

LocalTalk - Apple компаниясының патенттелген таратушыға енуші жүйесі. Ол жүйе кіруге мүмкіндік алуға бәсекелестікке негізделген, біріктіруші топологиясы шина және сигналдар негізгі жолақ бойынша беріліске (baseband signaling) түседі, таратушысы - 230,4 Кбит/с жылдамдықты экрандалған шиыршықталған жүп. LocalTalk сегменттері 300 метр қашыктыққа таралуы мүмкін және 32 түйінді қамтамасыз ете алады.

Apple Talk бірнеше желілік объекгілерді теңестіреді. Ең қарапайымы - Apple Talk желісіне қосылған кез-келген құрылым болып табылатын түйін (node). Ең кең таратылатын түйіндер Macintosh компьютерлері мен лазерлік принтерлер, бірақ басқа да көптеген компьютерлер IBM PC, Digital Equipment Corparation VAX және әртүрлі АЖО (автоматтандырылған жұмыс орындары) Apple Talk-пен байланыс орната алады. Apple Talk аныктаған келесі объект желі болып табылады. Apple Talk желісі жеке логикалық кабельді қурайды. Бұл логикалық кабель көбінесе жеке физикалық кабель болғанымен, кейбір есептеу орталықтары бірнеше физикалық кабельдерді қосу үшін көпірлерді пайдаланады. Соңында, Apple Talk-тьщ аймағы - (zone) бір-бірінен алыс жатқан, бірнеше желіден тұратын логикалық топ.

Arc Net ортасы — Datapoint Corporation компаниясының 1977 жылы құрылган өнімі. Бұл - қарапайым, арзан және икемді, жұмыс тобы аумағына арналған желілік архитектура.

Arc Net желісінің негізгі сипаттамалары:

  • дәстүрлі топологиясы           жұлдызша - шина
  • беріліс типі    таржолақты
  • ену әдісі     маркерлік беріліс арқылы
  • деректердің беріліс жылдамдығы  2,5 – 20 Мбит/с
  • кабельдік жүйесі   коаксиал кабель

Arc Net маркерлік берілісті қолданатьш болгаңдықтан, Arc Net жедісіндегі компьютер деректер берілісін бастау үшін, маркерді қабылдауы керек. Маркер компьютерлердің физикалық орналасуына катыссыз өзіне тағайындалған реттік нөмір бойынша бірінен-екіншісіне өтеді.


Информация о работе Желі архитектура