Ақпараттық технологиялардың дамыған жағдайындағы балалардың оқуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2014 в 20:10, доклад

Описание работы

Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан -2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының мәні де, мазмұны да ерекше.
Елбасы Н.Назарбаев Жолдауында жастарды оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға шақырды. Сонымен қатар, Ұлт Көшбасшысы Қазақстанды 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруді басты мақсат етіп белгілеп берді.

Файлы: 1 файл

Баяндама ақпараттық технология.docx

— 36.68 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

Ақпараттық технологиялардың дамыған

жағдайындағы балалардың оқуы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан -2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының мәні де, мазмұны да ерекше.

Елбасы Н.Назарбаев Жолдауында жастарды оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға шақырды. Сонымен қатар, Ұлт Көшбасшысы Қазақстанды 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруді басты мақсат  етіп белгілеп берді. 

Тәуелсіз еліміздің жаңа даму сатысында стратегиялық бағыт-бағдардан бастау алған білімді, ізденімпаз оқырмандарымыздың рухани талабын қанағаттандыруда «Бар білімнің бастауы, қайнар көзі - кітапхана» деген Елбасының сөзін басшылыққа ала отырып, біздің кітапханашыларымыз да бүгінгі  заман талабына сай жаңалыққа ұмтылуды басты мақсат етіп келеді.

ЮНЕСКО-ның Статистика институтының мәліметі бойынша, адам басына шаққандағы кітапханасының көптігі жағынан бүгінде әлем бойынша Грузия мемлекеті көш бастап тұр. Бұл елде 1 мың адамға шаққанда 16335 кітаптан келеді екен. Алғашқы ондықта бұрынғы Кеңес одағы елдері ішінен Армения, Эстония, Литва бар. Кітап қоры жөнінен Қазақстан әлем бойынша 41-орында тұр. Еліміздегі әрбір мың тұрғынға 249 кітаптан келеді екен. Бұл да жаман емес. Бірақ соны оқитын оқырман болмай тұрған жоқ па?

Дүниежүзін алаңдатып отырған оқу дағдарысынан арылудың амалы алдымен Америка Құрама Штатында қарастырылды. Анығында ХХ ғасырдың аяғында Атланттың арғы бетінен бастау алған акцияны қазақ елі де қызу қолдап тәжірибеге енгізе бастағаны қуантарлық жағдай.

Жас ұрпақты тәрбиелеуде кітапхананың орны ерекше. Бүгінгі оқырмандар  - ертеңгі ел тұтқасы. Болашақ мамандардың көзі ашық, көкірегі ояу, заман талабына сай тұлға болып қалыптасуына кітапхананың тигізер әсері мол, өйткені тәрбие мен тәлім  - егіз ұғым десек, тәрбие мен білім берудің жаңа жолын кітапханадан табамыз.

«Кітап – көп ақылдың құйылған көлі. Ол көпке таралғанда ғана көптің бойына сіңіп, игілігіне жұмсағанда ғана мүддесіне жетеді» деп жазған болатын балалар ақыны Өтебай Тұрманжанов.

Ақпарат құралдары дамыған жаңа технологиялар заманында өмір сүрсек те, кітап қашанда адамның рухани азығы болып қала бермек. Себебі кітап адамның ой-өрісіне ықпал жасап, мұқтажын қанағаттандырып, ішкі дүниесін байытатын мол қазына.

Балалар кітапханасының міндеті – баланың айнала қоршаған ортаға бейімделуін қамтамасыз ететін, кітап оқуға деген қызығушылығының қалыптасуы және дамуы үшін жағдай туғызу.

Қоғамымыздың рухани және материалдық өмірінің барлық саласына бұқаралық ақпарат құралдарымен қатар кітаптардың тигізетін әсері мол. Сондықтан кітап және кітап өнімдерінің бүгінгі қоғамның маңызды ақпараттық  құндылығы болып табылатынын ешкім жоққа шығара қоймас.

Баланың кітап оқу процесі өте күрделі процесс. Осыған орай, соңғы кезде байқалып отырған мынадай тенденцияларды атап өтуге болады:

  • оқушылардың ақпарат пен әдебиетке деген мүдделік қажеттігінің шұғыл артуы;
  • мектеп бағдарламасы бойынша оқитын балалардың көбеюі;
  • кітапқа  қарағанда журналды көп оқитын жасөспірімдер үлесінің артуы;
  • жаппай мәдениетке балалардың,  әсіресе, жасөспірімдердің кітап оқуына әсерінің күшеюі (шым-шытырық оқиғалары, психологиялық шиеленісті триллерлер, махаббат туралы), бір сөзбен айтсақ «әсіре қызыл» әдебиеттің танымдылығының артуы;
  • мектеп жасына дейінгі баланың кітап әлеміне кеш енуі;
  • қолда оқитын кітабы жоқ төменгі сынып оқушылары мен жасөспірімдердің кейбір топтарының оқуға деген ынтасының төмендеуі;
  • балалар мен жасөспірімдердің  бос уақытында кітап оқу үлесінің қысқаруы;
  • көңіл қалауымен кітап оқудан гөрі «Іскерлік» оқудың басымдылығы арта түсті. 

Қазіргі кезде елімізде жүргізіліп жатқан сындарлы, барлық жағынан да түбегейлі сараланған мемлекеттік жастар саясатының ел тәуелсіздігі мен дамуына  қосар үлесі мол.

Кітапхана жастарға  мәдени – рухани тәрбие берудің орталығы болып табылады. Бүгінгі жастар өз ісінің білікті маманы ғана емес, сондай-ақ танымдылығы, ой таразылауы жағынан кемел,  жан-жақты жарасымды дамыған азамат болып қалыптасуы тиіс. 

Қазір қоғам индустриялдық кезеңнен кейінгі дамудың ақпараттық кезеңіне аяқ басты. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр.

Компьютерлік инфрақұрылым кітапхана қызметіне түбегейлі өзгерістер енгізуде. Арнайы жабдықталған электронды оқу залдары, жаңа электрондық оқулықтар, оқыту бағдарламалары, дүниежүзілік мәліметтер қорымен жұмыс жасау, кітапхана қорындағы жоғарғы сұраныстағы оқулықтарды электронды түрге ауыстыру (оцифровкалау), құжаттарды электронды түрде жеткізу қызметі – қордағы мерзімді басылымдар мен мақалалардың көшірмесін толықтай жеткізу, Интернет ресурстарын пайдалану мүмкіндіктері күн өткен сайын жетілдірілуде. 

Қандай да кітапхана болмасын, оның негізгі мақсаты - оқырмандардың ақпараттық сұраныстарына сәйкес қорды жинақтау, әртүрлі тасымалдағыштардағы ақпарат көздерін барынша пайдалануға толық мүмкіндік беру, сұраныстарын қанағаттандыру болып табылады.

Кітапхана ісіне жаңа ақпараттық технологияларды ендіру жедел де, қарқынды дами бастаған кезде, «Кітапхана 4.02» бағдарламасы негізінде  электронды каталогтар деректер базасын өзіміз толықтырып отырдық. Қазір  бұл іспен орталық кітапхананың Кітаптарды толымдау мен өңдеу бөлімінде қызмет ететін білікті де, білімді мамандар айналысып келеді. 

2011 жылдың  маусымында  кітапханаларға КАБИС бағдарламасының қондырғысы орналастырылды. Содан бері оқырмандарға электронды каталогтар бойынша қызмет көрсетіп келеміз.

Электронды каталогтарды пайдаланушылардың оқу-іздену  үрдісінде тигізетін үлесі зор, өйткені ол кітапхана қорындағы бар құжаттар туралы мәліметті жедел алуға, тақырып бойынша керекті оқулықтардың тізімін іріктеуге, жаңа түскен кітаптар мен газет-журналдарда жарияланған мақалалар туралы мәліметті жылдам тауып алуға мүмкіндік береді және оқырман уақытын үнемдейді. 

Ақпараттық технологиялар заманында  жастардың өскелең талабын қанағаттандыруда, рухани байлығын дамытуда мәдениет пен білім ордасы кітапханалардың атқаратын рөлі ұшан –теңіз.

Бүгінде кітапханашылар жаңа техникалық құралдарды меңгеріп, ақпаратттық технологияның көмегімен сапалы библиографиялық қызмет көрсетіп қана қоймай, оқырман сұранысын қанағаттандыру үшін аянбай еңбек етіп келеді.

Қазіргі уақытта кітапханалардың бәрі де жаңа компьютерлермен жабықталып, Интернет желісіне тіркелген.

Бүгінде кітапханадағы ақпараттық қызмет көрсетудің мынадай негізгі бағыттары белгіленіп отыр.

  • Кітапхана оқырмандарына қызмет көрсету;
  • Интернет қызметтерін көрсету;
  • Электронды каталогты насихаттау;
  • Кітапхана сайтын насихаттау.

Кітапхана жұмысында  ақпараттық қорды, мерізімді басылымдар мен мультимедия қорын, заман талабына сай заманауи технологияны қолданып, ғаламтордан алынатын мәліметтерді оқырмандарға ұсынып қана қоймай, шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстардың біразына тоқталып өтейін.

Атап айтсақ мультимедия қорындағы  «Абай өлеңдері», Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы», Ғабит Мүсіреповтың  «Ұлпан», «Әлем халықтарының ертегілері» атты  CD дискілер оқырмандар сұранысына ие.

Кез-келген мемлекеттің дамуы жаңа технологиялармен тығыз байланысты екені баршамызға мәлім. Өркениет көшіне батыл бет бұрған қазақстандықтар  үшін мемлекеттік қызметті қол- жетімді,  жедел, әрі тиімді түрде ұйымдастыру бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі болып отыр. Ғаламдық дағдарыстарға төтеп бере алатын, бәсекеге қабілетті қоғам құру  электронды инфрақұрылымы дамыған елдерде ғана жүзеге асырылатынын ескерсек, электронды үкімет бағдарламасының еліміз үшін қаншалықты маңызды екені айтпаса да түсінікті болар.  
Сондықтан да кітапханашылар «Электрондық үкімет» www.e.gov.kz, КазНЭБ порталдарын  насихаттау мақсатында, ақпараттық қоғамды толық қалыптастыруға  өз үлестерін қосып келеді.

Пайдаланушылармен «Электронды үкімет - байланыстың жаңа түрі», «Электронды үкімет – халық үшін қызмет етеді» деген тақырыпта әңгімелер мен кеңестер жиі өткізіліп тұрды. Осындай әңгіме-кеңестердің барысында пайдаланушылар Электронды үкімет порталының көмегіне жүгіне отырып, өздерін мазалаған мәселелердің шешімін дер кезінде тауып, ұсыныстары мен сұрақтарын билік иелеріне тікелей қою мүмкіндігіне ие бола алатынына көздері жетті.

Сонымен бірге оқырмандарымыздың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру мақсатында «СИН» электрондық оқулық бойынша компьютерлік сауаттылықтарын жетілдіруге арналған консультациялық кеңестер, кітапханалық оқулар   да ұйымдастырылды. Өткізілген кеңес, кітапханалық сабақтардан соң, оқырмандар өздерінің компьютерлік сауаттылықтарын жетілдіріп қана қоймай, Интернетті де тиімді пайдалана бастады. Сонымен қатар кітапханашының көмегіне сүйене отырып, оқушылар сайттарға кіріп, тіркеліп, мәлімет алуды да үйренді.

Бүгінгі күні кітапхананың басты мақсаттарының бірі жанұямен, мектеп, арнаулы және жоғары оқу орындарымен, көпшілік ақпарат құралдарымен бірлесе отырып, жоғары талантты оқырман тәрбиелеу. Олар адамгершілігі мол, интеллектуалды, әдеби шығармалардағы тәжірибелерді ала білетін болуы керек.

Кез келген адам, ақыл иесі ретінде, өмір сүруге және оған қоса өзінің білімін жетілдіріп отыруға міндетті. Оқу әр адам үшін қажет, оқусыз өмір мағынасыз болып қалады. Кітаппен дұрыс жұмыс істей алмау біреулердің кітапқа деген сүйіспеншілігін мұқалтса, енді біреулерді жүйесіз,  ойланбай оқуға әкеліп соқтырады.

Оқу мәдениеттілігін көтеріп, оның тиімділігін арттыруда кітапханалық библиографиялық білімнің мәні зор. Сондықтан да кітапханашылар

  • «Путешествие в сказочный город»;
  • «Кітапхана әлеміне саяхат» сияқты вертаульды саяхат ойындарын,
  • «Знание  - в книге, здоровье – в спорте» атты  әдеби - спорттық эстафеталарды,
  • «О новом, интересном в журналах и газетах» деген тақырыптарда мерізімді басылымдарға арналған электронды шолу түрлерін жиі өткізіп отырады.

Осылайша оқырманды оқу мәдениетіне тәрбиелей отырып, оның шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыруға қол жеткізе аламыз деп үміттенеміз.

Адамзаттың асыл мұраттары қайта гүлдеп, мәдениет дәрежесі мен білімділік деңгейі қоғамның өркендеуінің басты өлшеміне айналып отырған жаңа ғасырда, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызы артып келеді.

Жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, туған ел тарихын оқып-білу, патриоттық сезімін қалыптастыру мақсатында Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы жайлы 3D форматта «Поэзия шебері – ұлы ақын» атты презентация құрастырылды.

Қазақстанның халық жазушысы Қасым Қайсеновтың  өмірі мен ерлік жолына арналған тарихи- танымдық сағаты ұйымдастырылып, «Аты аңызға айналған батыр»  атты электронды викторина өткізілді.

  • Тәуелсіздігіміздің  20 жылдығына орай «Қазақ елінің батырлары - Герои земли казахской»;
  • Қазақтың батыр қызы М.Мәметованың туғанына 90 жылдығына орай «Қайсар қызы қазақтың - Мәншүк»;
  • А. Байтұрсынов туғанына 135 жыл толуына орай  «Ұлт мүддесін жақтаушы» деген   буклеттер мен жаднамалар әзірленді. 

Еліміздің әрбір азаматы өз жерінің тарихын білуге міндетті. Осыған орай кітапханалардағы өлке тарихы, өлкенің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайындағы құжаттар жоғары сұраныспен пайдаланылады. Мысалға айтар болсақ, соның бірі «Менің сүйікті қалам -Теміртау» Теміртау қаласының мәдени нысандары жайлы «Adobe Reader» бағдарламасы бойынша әзірленген вертуальды саяхат құралын кітапхана оқырмандары қызыға тамашалайды.

Ақпараттық технологияның жедел дамыған жағдайында балаларға сапалы ақпараттық қызмет  көрсету мақсатында, дәстүрлі кітап көрмелерімен қатар:

  • Ертегілер сарайында»-«Во дворце сказок»;
  • «Астана – тәуелсіздіктің тұғырлы белесі»;
  • «Ертегім арман қиялым»;
  • «Қазақтың бес арысы» т.б. виртуальды кітап көрмелері ұйымдастырылды.

Жыл сайын Елордамыз Астана күніне орай,  кітапханаларда түрлі іс-шаралар өткізумен қатар, кітапханашылар «Power Point» бағдарламасы бойынша Астананың Бәйтерек, Алтын адам, Пирамида т.б. көрнекті ғимараттарын,  көз тартарлық орындарын «Гулдене бер, ел ордасы Астана!»  деген слайд арқылы көрсетіп, балалардың өз еліне, отанына  деген патриоттық сезімдерін қалыптастыруға тырысты.

1 мамыр - Қазақстан халқының  ынтымақ күніне орай ертеңгілік өткізіліп, «Қазақстан-достық мекені» атты слайд-фильм әзірленді. Осы іс-шараның өту барысында қазақ халқының «Қонақасы» деген аңызы үнтаспаға жазылынып тыңдалынды. Сонымен бірге оқушылар байтақ елімізді мекендеген жүзден астам ұлт-өкілдерінің мәдени мұраларымен танысу мүмкіндігіне ие  болды.

Информация о работе Ақпараттық технологиялардың дамыған жағдайындағы балалардың оқуы