Ақпараттық технологиялардың дамыған жағдайындағы балалардың оқуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2014 в 20:10, доклад

Описание работы

Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан -2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының мәні де, мазмұны да ерекше.
Елбасы Н.Назарбаев Жолдауында жастарды оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға шақырды. Сонымен қатар, Ұлт Көшбасшысы Қазақстанды 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруді басты мақсат етіп белгілеп берді.

Файлы: 1 файл

Баяндама ақпараттық технология.docx

— 36.68 Кб (Скачать файл)

Мәншүк Мәметованың 90 жылдық мерей тойына арналған тарихи-танымдық сағатын өткізу барысында 7-9 сынып оқушыларына «Мәншүк батыр – ел есінде шарықта» атты слайд әзірледік. Осы слайд презентацияны көру кезінде оқушылар Мәншүктің өмірі жолы, ерлігімен танысып, қазақтың осындай қаһарман қызының Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп, жас болса да қасықтай қанын қиған қайсарлығына тағзым етті.

Бүгінде орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Web-сайты – мағынасына қарай жүйеленген, әр алуан өзекті материалдармен қамтылған ақпараттық ресурс ретінде пайдаланушылармен кері байланыс жасау құралы болып табылады.

Kulturatem.kz @ mail.ru сайты пайдаланушы жастарды  жылдам, әрі сапалы ақпаратпен  қамтамасыз ету мақсатында «Вертуальды анықтама», «Психолог кеңесі» атты қызмет түрлерін ұсынады. 

Сонымен қатар сайт беттерінен  ай сайын өткізілген іс-шаралардың сценарийлері, кітапханаларда ұйымдастырылған  виртуальды көрмелерін де көре аласыздар.

Жуырда кітапханашылар mail.ru пошта жәшігін пайдалана отырып, жаңа  және қызықты кітаптар туралы жарнамаға «Өз ой-пікіріңді білдір», «Балаларға базарлық» деген тақырыптар бойынша болгтар құрастырды. Блогтарды құрастырудың  мақсаты пайдаланушыларды кітапханаға келіп түскен жаңа әдебиеттермен таныстыру, осы кітаптар туралы өзара пікір алмасуды ұйымдастыру. Алдағы уақытта сайтты пайдаланушылар блог беттерінен өздері оқыған кітаптары жайлы жазған құрбы-құрдастарының пікірлерін де оқи алады.

Осылайша ұйымдастырылған өзара пікір алмасу процессінің негізінде олардың кітап оқуға деген қызығушылығын оятуға мүмкіндік туады деп үміттенеміз.

Кітапханалардың осындай сипаттағы   ақпараттық ресурсы көпшілік пайдаланушылар үшін әрі тиімді, әрі қызықты екенін сайтты пайдалану статистикасынан көруге болады.

Сөзімді қортындылай келе, айтарым болашақта кітапты ғаламтор ауыстырады деп байбалам салудың еш қажеті жоқ сияқты. Экономикасы қарқынды дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, ақпараттық технологиялардың жаппай таралуы кітап оқу дағдыларына  бұдан да үлкен талаптар қоюы мүмкін. Ақпараттандыру саласы күшті дамыған елдер күн өткен сайын кітапқа жақын ұрпақты өсіруге және бала бойында әдебиет пен кітап оқуға деген құштарлықты тәрбиелеуге үлкен назар аударуда.

 Кітап оқу жоғары  даму сатысында тұрған  және  әлеуметтік құнды адамның қасиеттерін  қалыптастырады. Мұндай қасиетке ие адам болашақта да кеңінен ойлайтын, алыстан шолып, жақыннан болжайтын, шапшаң шешім қабылдауға бейімді, тілі шешен, қаламы жеңіл, есте сақтау қабілеті жоғары адам ретінде танылмақ.

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Ақпараттық технологиялардың дамыған жағдайындағы балалардың оқуы