Бағдарламалау ортасының негізгі элементтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Января 2014 в 11:30, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі уақытта қоғамдық өмірде ақпараттың таралу қарқыны өте жылдам дамып келеді. Ақпараттық процесстер - адамдар арасында, тірі организмдерде, техникалық құрылғыларда, қоғамдық өмірде ақпарат тасымалдау, жинақтау мен түрлендіру процесстері.
Ақпаратты басқару компьютерлерді қолданудың негізгі саласы болып табылады және де, болашақта үлкен роль атқарады.

Содержание работы

Кіріспе 2
1 Бағдарламалау ортасының негізгі элементтері 4
1.1 Delphi-дi iске қосу. Delphi интерфейсi. Проект 4
1.2 Оқиғалар. Программалық код терезесi. әдiс 6
1.3 Компоненттер палитрасы 12
1.4 Компоненттердi пайдаланып қарапайым проект құру 14
1.5 Проектiнi сақтау және ашу 17
2 Жиындар 19
3. Delphi-де қолданылатын мәліметтер қорының түрлері 27
3.1. Delphi-де МҚ байланысты ұйымдастыру 30
3.2. TQuery компонентімен жұмыс 33
4. «МЕЙРАМХАНА ЖҰМЫСЫН АВТОМАТТАНЫДРУ» БАҒДАРЛАМАСЫН СИПАТТАУ 36
4.1. Бағдарламаның негізгі сипаты 36
4.2. Тағамды іздеу 37
4.3. Мәліметтерді қосу, өзгерту және өшіру 39
4.4. Тапсырыс беру 41
4.5. Тапсырыстар кестесі 42
ҚОРЫТЫНДЫ 43
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 44
Қосымша 45

Файлы: 1 файл

теори.doc

— 703.00 Кб (Скачать файл)

  Клиент қосымшасы BDE – мен  жабдықталған кез келген желілік  машинада болуы мүмкін.Бұл кезде  ол орналасқан каталогке басқа  желілік машиналар онымен ашық  пайдалануға мүмкімдік  жасалуы  тиіс, ал машина сервер қосымшасы  тұрған мәлімет серверімен жұмыс істеу периоды кезінде қосылуы тиіс.

Сондай – ақ мұнда мәліметті  орналастырудың файл – сервер вариантын  қолдануға болады (суретте оң жағында) Мұнда дұрыс емес мәліметтерді сервер қосымшасы кері қайтарады, мәліметтер қоры серверіне жіберілмейді.

Клиент бағдараламасында мәліметтер қорының мәліметтер бөлігінің көшірмесін білдіретін клиенттік мәліметтер теру орналасады. Барлық өзгерістер осы көшірмені өзгертеді, қажет уақытқа дейін мәліметтер қорына жіберілмейді. Сондай – ақ үлкен кестелермен жұмыс істегенде сервер қосымшасынан бір мезгілде клиент экранында орналаса алатындай порциямен локалді теруді алуға талап қоюға болады. Бұның бәрі желі жүктемесін азайтады, сұраныс нәтижесін күту уақытын азайтады.   

3.1.  Delphi-де МҚ байланысты ұйымдастыру

Delphi-де мәліметтер қорымен жұмыс істеуінің негізі Borland Database Engine (BDE)-Borlandфирмасы мәліметтер қорының процессоры болып табылады.BDE мәліметтер қоры мен қосымша арасында делдал қызметін атқарады.Ол мәліметтер қорын реализациялауда қолданушыға мүмкіндік береді.Осыған байланысты мәліметтер қоры реализациясын ауыстырғанда қосымшаны өзгертуге болады.Delphi қосымшасы ешқашан да мәліметтер қорымен тікелей жұмыс істемей, BDE арқылы ғана жұмыс істейді.

Delphi қосымшасы мәліметтер  қорымен байланысар кезде BDE-ге  барады да, мәліметтер қорының псевдонимін және ондағы қажет кестені хабарлайды.BDE динамикалық тіркестірілген кітапханалар Dle түрінде ұйымдастырылған.Олар, басқа кітапханалар сияқты IDAPI  (Integerated  Database Application Program Interface) деп аталатын API-мен Application Program Interface-қолданбалы программалар интерфейсімен қамтамасыз етілген.Бұл қосымша пайдаланатын мәліметтер қорымен жұмыс істеу процедуралар мен функциялар тізімі.

Delphi       қосымшасы


 

 

Borland  Database                      Engine(BDE)



 

Paradox          Paradox               ODBC               ODBC- ті


     Драйвері          Драйвері           Драйвері              интерфейс                            

     



  Мәліметтер        Мәліметтер        Мәліметтер                  SQL

  Қоры                  қоры                      қоры                     сервері


 Кесте      Кесте       кесте     кесте               Мәліметтер   қоры   


                                                            кесте           кесте     


BDE  псевдоним арқылы көрсетілген  мәліметтер қорына сәйкес драйвер  табады.Драйвер – бұл қандай  да бір анықталған типті мәліметтер  қорымен қалай хабарласу керек  екенін көрсететін көмекші программа.Егер BDE-ның мәліметтер қорын басқару жүйесіне сәйкес келетін өзінің драйвері бар болса, онда BDE мәліметтер қорымен және ондағы қажет кестемен байланысады, қолданушы сұранысын өңдейді және қосымшаға өңдеу нәтижесін хабарлайды.BDE Microsoft Access, Fox Pro, Paradox, dBase сияқты мәліметтер қорына өздігінен ене алады.

Егер BDE-нің өзінде қажет мәліметтер қорын басқару жүйесінің драйвері болмаса, онда ODBC драйвері қолданылады.ODBC (Open Database Connectivity)- бұл BDE функцияларына  аналогты DLL, бірақ Microsoft өзінің офистік өнімдеріне ODBC қолдануын қосқан соң және ODBC үшін барлық мәліметтер қорын басқару жүйесі драйверлер қосылғандықтан, Borland фирмасы ODBC-ты қолдануға мүмкіндік беретін BDE қосты.Шындығында ODBC арқылы жұмыс жасау BDE-ге қосылған мәліметтер қорын басқару жүйесінің өз драйверіне қарағанда жәй жүргізіледі.Бірақ ODBC-пен қатынасқа байланысты Delphi масштабы үлкейіп, қазір Delphi кез-келген мәліметтер қорын басқару жүйесімен жұмыс жасай алады.

BDE  SQL- сұраныстардың стандарт  тілін қолдайды, ол Sybase, Microsoft SQL, Oracle, InterBase сияқты SQL- серверімен мәліметтер алмасуға мүмкіндік береді.Бұл мүмкіндік клиент/сервер платформасында жұмыс кезінде кеңінен қолданылады.

Database  Desctop   программасы

Database Desctop  BDE Administrator сияқты Delphi қойылымына кіреді. Ол жаңа мәліметтер қорын құруға және бар мәліметтер қоры кестелерін редакциялауға, сонымен қатар визуальды және SQL сұраныстарымен және мәліметтер қоры псевданимімен жұмыс жасауға арналған.

Мәліметтер қорының жаңа кестесін құруды қарастыру. Database Desctop программасы қосылады. Енді оның басты менюінен мына пункттерді таңдаймыз: FileàNewàTable (ФайлàҚұруàКесте). Осыдан кейін құрылатын кесте типін таңдайтын (1-суреттегі) диалогты терезе пайда болады. Келісім бойынша программа Paradox 7 типін ұсынады.Егер dBase IV типі таңдалып, ОК батырмасы басылса, кесте құрылымын құратын жаңа терезе (2-сурет) ашылады.

   1-сурет.  Жаңа  кестені құру терезесі.

 

2-сурет   Кесте құрылымын құру терезесі.

Бұл терезенің мынадай  мүмкіндіктері бар:

  • Өрістерді құру және сипаттау;
  • Кілттік өрістерді беру;
  • Индекстерді беру;
  • Өрістер мәніне шектеулер қою;
  • Параллельдер беру (егер олар қолданылса);
  • Қолданылатын тілдік драйверді көрсету;
  • Мәнді таңдау үшін кестені беру.

Реляциялық кестеде ең болмағанда бір өріс болуы керек.Кесте құрылымында өрісті анықтау үшін кесте құрылымын құру терезесіндегі Field Name (өріс аты) мәтіндік өрісіне кесте өрістерінің атын енгіземіз. Содан соң Type (Tun) өрісінде мәліметтердің типін көрсетеміз. Ең соңында Size (өлшемі) мәтіндік өрісінде өріс өлшемін береміз.

Құрылымы анықталған соң индекстік  өріс беріледі. Ол үшін кесте құрылымын  құру терезесінің оң жағындағы Table Properties (кесте қасиеттері) төгілмелі тізімінде Indexes (индекстер) пункті таңдалады  ашылған  тізім астындағы Define (анықтау) батырмасы басылады.

Индекстік өрісті таңдап, ондағы мәннің қайталанбауын Unique (уникальды)-ге жалауша  қою арқылы қамтамасыз етіледі.ОК басылады.Енді құрылған таблицаны сақтауға болады, әзірше онда мәліметтер жоқ.Сақтау үшін Save As… батырмасы басылады.

Бұл құрылған кестені енді программада  қолдануға болады.Оны ашып, ішін қарауды Database Desctop арқылы жасауға болады.Ол үшін Database Desctop программасының басты  менюінен таңдалады. FileàOpenàTable…

(Файл  à Ашу à Кесте)

Тікелей жаңа кесте құрылымын құрумен қатар, бар кесте құрылымын пайдаланып, оны жаңа кестеге көшіріп алуға болады. Ол үшін кесте құрылымын беру терезесіндегі Boorrow… (меншіктеп алу) батырмасы қолданылады.

Өріс құрылымы туралы мәліметтерді көшіріп алғаннан бөтен, қосымша информацияны да көшіруге болады.

3.2.  TQuery компонентімен жұмыс

TQuery компоненті қасиетінің ерекшелігі  реляциялық мәліметтер қорымен  жұмыс істеуге арналған арнайы  тіл SQL-ді пайдалану болып табылады. Бұл тіл көмегімен программа  SQL-сұраныстарды құрады, оны TQuery мәліметтер қоры машинасы BDE-ге береді.Машинада SQL құрылған интерпретаторы болады, ол сұраныста сипатталған іс-әрекеттерді орындайды.

Егер сұраныс BDE көмегімен құрылған қажет мәліметтерді мәліметтер қорынан  алуды талап етсе, мәліметтер программаны іске қосу каталогінің уақытша файлы түрінде желілік кестеге салынады да, TQuery осы кестенің үстінен қарайтын болады.Уақытша кестедегі мәліметтер TDataSource делдал-компанент арқылы визуальді компаненттерге беріледі де, оларды TTable компанентінен алынған сияқты көрсетіледі.Бірақ TTable-ден айырмашылығы қолданушы оларды өзгерте алады, себебі олар анық мәліметтердің тек көшірмесі болады. Мәліметтер қорында сақталып тұрған информацияларды өзгерту үшін TQuery BDE-ге беретін арнайы сұраныстар қалыптасады. Бұл жағдайда BDE жаңаларын қалыптастырмайды, және алдында құрылған уақытша кестелерді пайдаланбайды да, тек сұраныста орындап, программаға оның нәтижесін хабарлайды. Демек мәліметтер жүйесінің модификациясы жағдайында сұраныстың программалық өзгеруін талап ету TQuery-дің TTable-ден өзгешілігін көрсетеді.

SQL-сұранысқа кейбір шектеулер  қойғанда TQuery ”тірі” мәліметтер  жүйесін құруы мүмкін, яғни оған  енгізілген BDE өзгертулері мәліметтер  қоры кестесінде TTable компоненті  жасайтындай көрсетіледі.

Желілік немесе файл-серверлік мәліметтер қорымен жұмыс кезінде TQuery-дің мәліметтерге ену жылдамдығы жалпы жағдайда, TTable-ге қарағанда аз болады, себебі TQuery өзімен жұмыс кезінде уақытша кестелер құрады. Бір жағынан SQL-дің қуатты мүмкіндіктері TQuery көмегімен TTable көмегімен алынбайтын мәліметтер жүйесін қамтамасыз етеді (мысалға, мәліметтер жүйесінде мәліметтер қорының бірнеше кестелерін біріктіру). Серверлі мәліметтер қорымен жұмыс кезінде TTable-дің қажеттілігі төмендейді, себебі бұл жағдайда ол төменгі мәліметтер қорының барлық серверлердің желілік көшірмесі болатын уақытша кесте құрады, содан соң барып одан қажет мәліметтер қорын құрады. Үлкен жергілікті кестелерді құруда уақыттың көп кетуі мен күрделі мәліметтер қорын алуға қатысты TTable-дің аз мүмкіндіктері оның клиент-сервер қосымшаларымен жұмыс істеуін алып тастайды.

 

 

4. «МЕЙРАМХАНА жұмысын автоматтаныдру» бағдарламасын СИПАТТАУ

4.1.  Бағдарламаның негізгі сипаты

Бұл бағдарламада негізгі 4 негізгі  функция бар: іздеу, мәліметтерді басқау (қосу,өзгерту және өшіру), тапсырыс беру және тапсырыстар кесесін шығару. Бұл функционалды командаларды қолдану өте оңай, себебі оларды ыстық пернелерді көмегімен немесе құрал-саймандар қатарынан іске қосуға болдаы.

Бағдарламады барлығы бес форма бар. Атап айтар болсақ: негізгі форма, тапсырыстар кестесі, мәліметтерді қосу/өзгерту, тапсырыс беру және программа туралы. Олардың әрқайсысы белгілі бір жұмысты атқарады, соларға тоқталып кетер болсақ:

      • Негізгі форма – мұнда аталған командалардың бәрі қамтылған. Негізгі атқаратын жұмысы – іздеу, есеп беру.
      • Тапсырыстар кестесі – мұнда осы уақытқа дейінгі тапсырыстар туралы ақпарат алынады.
      • Мәліметті қосу/өзгерту  негізінде бұл екі команда жеке орындалады.
      • Тапсырыс беру – мұнда тапсырыс берушінің сұранысын жазуға арналған.
      • Программа туралы – программа авторы туралы.

    • меню қатары – негізгі командаларды жүйелеп орналастырдым;
    • құрал саймандар қатары – командаларды оңай орындау үшін;
    • іздеу қатары – іздеу параметрлерін беріп, нәтижені көру үшін;
    • нәтиже алаңы – қолданушының сұрауы бойынша алынған нәтижені шығаратын контейнер;
    • қалып күй қатары – бағдарламаның негізгі қалып-күйін көрсететін қатар.

Бағдарламаның негізгі артықшылықтары:

    • ыстық пернелердің болуы;
    • интерфейстің қарапайымдылығы;
    • әр түрлі форматта есеп алу;
    • көлемі және файлдар шағынан шағындылығы;
    • аз форма пайдаланып, есесіне көп функцияның ықшамадлуына себеп болу.

Сонымен, 4 негізгі функцияға тоқталатын болсақ.

4.2.  Тағамды іздеу

Жалпы ақпаратты-іздестіру жүйелері пайда болған кезде оның жылдам түрде  нәтиже беру жағы көп қарастырылды. Ал біздің бағдарламада оған ешқандай алгоритмнің қажеті жоқ, себебі мен мәліметтер қорын пайдаландым, ал онда қарайпайым өзінің дайын функциялары арқылы табамыз.

Жалпы қай болмасын іздеу жүйесін  алатын болсақ, олардың бәрі де «немесе» критериін пайдаланады, яғни бірнеше сөздің ішіндегі барлық сөздермен жеке жеке іздеп шғып, барлық нәтижелерді қосады. Осы уақытқа дейін ең жылдам іздейтін жүйе Google болса, қазір оны көптеген жұмыс пен милиардтаған қаржының арқасында MSN іздеу жүйесі алға шығып отыр.

Windows операциялық жүйесінің файлдармен бумаларды іздеу жүйесі бас кезінде өте көп уақыт алатын болды. Қазір Windows XP жүйесінің индекстеу тәсілі арқылы көп уақытты қажет етпейді. Ал Windows Vista жүйесінде іздеу жүйесі өте жылдам. Сөзді қалай енгізесіз солай нәтижені шығарады.

Сонымен бағдарламаға келетін болсақ, үш өріс бойынша іздейді. Алдымен  аты бойынша іздеуді қарастыратын болсақ.

Тағамның толық атын енгізбей-ақ оның орнына тағам атының ішінде кездесетін сөзді енгізуге де болады. Мысалы, барлық пица түрін іздегіңіз келсе, пица сөзін енгізіп <Enter> немесе «Іздеу» юатырмасын басыңыз. Алдымен сұраныс бойынша неше тағам түрі табылған көрсететін терезе пайда болады.

Содан соң тағамның тізімі өзгереді.

Дайындалу уақыты бойынша іздеу, яғни дайындалу уақыты енгізесіз. Санның алдына <=, >=, >,< символдарын енгізуге болады. Егер бұл символдарды енгізбесе үнсіз келісім бойынша = символы енгізледі.

Мысалы, тағамның дайындалу уақыты 30 минуттан үлкен немес тең тағамдарды іздесек:

4.3.  Мәліметтерді қосу, өзгерту және өшіру

Алыдымен құрал-саймандар қатарындағы  батырмасына не болмаса Мәліметтер à Жаңадан қосу не болмаса <Ctrl+A> ыстық пернелер көмегімен Жаңадан қосу диалогтық терезесін ашыңыз:

 

 

Ашылған терезеде тағамның  мәліметтерін толтырып, оны Қосу батырмасы арқылы МҚ-на қосыңыз.

Ал өзгерту үшін алдымен өзгеркіңіз келген тағамның мәліметтер қорынан тауып алыңыз. Содан соң құрал-саймандар қатарындағы батырмасына не болмаса Мәліметтер à Мәлметтерді өзгерту не болмаса <Ctrl+Ins> пернесін басыңыз. Тағамды өзгерту сұқбат терезесі пайда болады:

Информация о работе Бағдарламалау ортасының негізгі элементтері