Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 13:17, доклад
Білім жүйесін дамыту стратегиясының басты мақсаты – ұлттық білім моделін жасау. Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты - адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен рөліне, әлеуметтік жағдайына, психикалық даму ерекшелігіне мән беру, сол арқылы оның рухани жан-дүниесінің баюына, саяси көзқарасының, шығармашылық еркіндігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік беру.
УДК 331.39
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ
Утепқалиев С.У. - п.ғ.к., АИГИ профессоры
Білім жүйесін дамыту стратегиясының басты мақсаты – ұлттық білім моделін жасау. Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты - адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен рөліне, әлеуметтік жағдайына, психикалық даму ерекшелігіне мән беру, сол арқылы оның рухани жан-дүниесінің баюына, саяси көзқарасының, шығармашылық еркіндігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік беру.
Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда:
• білім мазмұны
жаңа біліктермен, ақпараттарды
қабылдау қабілеттерінің
• ақпараттық
дәстүрлі әдістері – ауызша
және жазбаша, телефон және радиобайланыс
– қазіргі заманғы
• баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жандүниесінің рухани баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;
• мектеп, отбасы
мен қоршаған әлеуметтік
• қоғамдық
біліммен бара-бар
Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық, педагогикалық бағыттағы негізгі ой-тұжырымдары төмендегіше сипатталады:
• есте сақтауға
негізделген оқып білім алудан,
бұрынғы меңгергендерді
• білімнің
статистикалық үлгісінен ақыл-
• оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту.
Қазір Республика оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
педагогикалық жүйе дегеніміз — белгілі бір қабілеті бар дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық әсерді ұйымдастыруға қажет кұралдар, әдістер мен тәсілдердің өзара байланысқан бірлігі. Оқыту технологиясы - оқытудың тиімді жолдарын зерттейді, ғылымда оқыту процесінде қолданылатын әдістер, тәсілдер мен қағидалар. Ол оқыту процесінде нақты жүйе кызметін атқарады /Селевко Г./
Педагогикалық технология ұғымы үш деңгейде қолданылады:
- Жалпы педагогикалық жүйе ұғымының синонимі. Оған: мақсат, мазмұн, оқытудың құралдары мен әдістері, оқыту процесінің субъектілері мен объектілерінің әрекет алгоритмі кіреді.
- Салалық /пәндік/ - бір пән шеңберіндегі оқыту, тәрбие мазмұнын жүзеге асыруға негізделген әдістер мен құралдар жиынтығы.
- Локалъдік /модулъдік/ - жеке әрекеттер технологиясы, ұғымды қалыптастыру; дара қасиеттерді қалыптастыру және дамыту сабағының технологиясы; жаңа материалды меңгерту технологиясы; қайталау және бақылауды ұйымдастыру технологиясы; жеке жұмысты ұйымдастыру технологиясы.
Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады. Сондықтан танымдылық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Бұл әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінің де (мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының) өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Мұны орындау үшін төмендегідей ұстанымдар жүзеге асуы тиіс.
1. Оқушылардың өзіндік іздену іс-әркетінің әдістерін меңгеру талап етіледі. Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни жаңа жағдайдағы "оқыту әдістемесі" деп отырғанымыз: "оқушы - мұғалім" ұстанымының өзара тығыз байланыстылығы. Демек, мұнда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады.
2. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері: оқытудың дербес және топтық түрлері болып табылады. Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат - оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту. Ал оқытудың фронтальды түрі көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады.
3. Жаңа технологияның мақсаты бойынша "оқытуды ізгілендіру" қажет. Бұл үшін оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар керек-ақ.
Оқу – тәрбие үрдісіне педагогикалық жаңалықтарды енгізу IV кезеңінен тұрады.
I кезең: Жаңа идеяны іздеу
Ақпараттандыру
және инновацияларды
II кезең: Жаңалықтарды ұйымдастыру
Оқу-тәрбие үрдісінде жаңалық енгізулерді алғашқы байқаудан өткізу, ұйымдастыру және кеңес алу.
III кезең: Жаңалықтарды енгізу
Оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.
IV кезең: Жаңалықтарды бекіту
Оқу-тәрбие үрдісінде енгізілген жаңалықтардың нәтижесін бағалау.
Инновациялық үрдістің негізі - жаңалықтарды қалыптастырып жүзеге асырудың тұтастық қызметі.
Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Мектеп өмірінде болып жатқан өзгерістер, олардың инновациялық бағытқа бет бұруы болашақ мұғалімдерді даярлаудағы әдістемелік өзгерістермен тығыз байланысты.
Педагогикалық инновациялар мағынасына, мазмұнына, нәтижесіне қарай 2 түрге бөлінеді:
• білім беру жүйесіндегі инновациялар;
• оқу-тәрбиелеу жұмысының жоспарлары мен бағдарламаларының мазмұны мен құрылысына жататын инновациялар.
Ал оқу-тәрбие үрдісінде педагогикалық инновация басқадай қаралады:
• Білім беру
мекемесін тұтастай ұйымдастыру әрекеті:
Мектеп - бала
бақша;
Мектеп- жоғары
оқу орны;
Мектеп- оқу- тәрбие жиынтығы;
•Мұғалімдер
жұмысын ұйымдастыру: оқу-тәрбие
үрдісінің ұйымдастыруымен
• Белгілі бір бағдар берушілік пен мемлекеттік білім деңгейін қамтамасыз ететін оқушылар жұмысын ұйымдастыру: жеке бас қызығушылығы мен мүмкіндіктерін дамыту мен жағдай жасау.
Оқытудың модульдік жүйесі - оқыту бағдарламасы бірнеше бөліктерге (модульдерге) бөлінетін технология болып табылады, оны төмендегі схема бойынша жүргізуге болады.
Модульдік оқыту тәсілінде пәннің барлық материалын қарастырып, оның теориялық және практикалық тапсырмаларын құрастырып, жеке тақырыптарға арналған әдістемелік материалдардың бірнеше нұсқаларын жасап шығу керек.Оқушылардың білім деңгейін және оладың өзіндік тапсырмаларын орындауын бағалау үшін рейтинглік жүйе элементтерін пайдаланған абзал. Модульдер санын таңдау үшін бағдарламаны бірнеше жеке тақырыптарға – мәліметтердің аяқталған толық блогына бөліп шығу керек, олар бір - бірімен сабақтас болып, өте үлкен немесе өте шағын болмауы тиіс.
Модульдің практикалық бөлігі оқушыларға орындайтын практикалық, өзіндік және лабораториялық жұмыстар тізімін толық қамтуы тиіс. Практикалық жұмыстар мен жеке тапсырмалар оқушылар модуль тақырыптарын өткен соң жауап беретін сұрақтарымен толықтырылады. Практикалыұқ тапсырмалар теорияны толық қарастырып, модульдің тапсырмаларын тиянақты түрде меңгеруге көмектесуі тиіс. Оған қоса модуль оқушылардың сол тақырыптарды игеруін, өз білім деңгейлерін тексере алатын өзін - өзі бақылау, тексеру тапсырмаларымен, мысалы, тестерментолықтырылуы керек. Әрбір модуль нәтижелік бақылау жұмысымен аяқталады. Модульдік жүйені енгізудің нақты нәтижесі ретіндеоқушылардың өзіндік жұмыстарға көптеп көңіл бөле бастағанын үлгерімдерінің өсуі анық көрсетеді.
Оқытудың модульдік жүйесі әрбір оқушыны керекті материалдармен қамтамасыз ететін мұғалімнің өте көп дайындалуын талап етеді, ал бұл оңай іс емес.
Оқушылардың білімге деген ынтасын, пәнге деген қызығушылығын арттыратын, соның салдарынан білім деңгейін де көтеретін тағы бір тәсіл – жобалар тәсілі болып табылады.Бұл тәсіл соңғы кездерде бүкіл әлемде кең таралып келеді. Жоба ұғымы дидактикалық мақсатқа жету үшін бір идеяны, белгілі бір бұйымды немесе өнімді жасауды, есеп шығаруды, схема құрастыруды жүзеге асыратын, жұмыс нәтижесі практикалық бір жазба, схема немесе есеп түрінде көрсетілетін жұмыс болуы керек. Жобалар тәсілі негізінде:практикалық немесе теориялық бір мәселені бастан аяқ қарастырып шығатын жобаның түпкі идеясын жүзеге асыру, бір нәтижеге қол жеткізу ісі жатады.Бұл тәсіл практикалық бір нәтиже беретін іздеу,зерттеу, таңдау тәсілдерінің кең спектрін пайдаланып, оған сыртқы факторлардың әсерін қарастыру болып табылады. Осындай жұмысты орындау барысында балалар алған білімін толық пайдаланып, өздері де жаңа бастама, идея берулері керек. Жобалар тәсілін сауатты түрде қолдана бәлу үшін алдын ала көп дайындалу, тұрақты түрде жобаны жетілдіру, толықтыру ісін жүргізе білу қажет. Жобалар әр түрлі типте – зерттеу, шығармашылық жұмыстары, ойындық түрде, ақпараттық (мәлімет жинақтау, оны талдау, өңдеу, орналыстыру, безендіру) жұмыстар, практикаға бағытталған, істер сияқты болып құрастырыла береді. Пәндік – мазмұндық аймағына байланысты моножобалар (бір пән аясында) немесе пән аралық жобалар бола береді. Үйлестіру, қадағалау сипатына қарай тікелей (нақты) немесе жасырын координациялық жобалар болды. Орындаушыларының санына байланысты жеке, жұптық немесе топтық немесе топтық жобалар да жасала береді. Атқарылу мерзіміне қарай - қысқа мерзімді, орташа немесе ұзақ мерзімді деп бөлуге,аралас немесе дистанциялық (қашықтан) халықаралық жобалар деп айтуға да болатындары бар. Бұлар қазіргі информациялық технологияларды – жергілікті (локальді) және ауқымды (глобальді) электрондық желілерді, мультимедиялық оқыту құралдарын пайдалануға, тұрмыста компьютерлерді кең қолдануға байланысты туындап отыр.
Көптеген мектептерде дистанциялық алыстан оқыту ісінің дамуына байланысты қашықтан білім беру жобалары, олимпиадалар, конкурстар жүргізу етек ала бастады. Дистанциялық оқыту формалары оқушылардың бір – бірімен қатынасу, араласуына (коммуникация) байланысты психологиялық проблемаларды шешіп, оларға бұрынғыдан гөрі ашығырақ болуға көмектесіп отыр. Өз ойларын жүзеге асыру жолында ақпарат алмасу арқылы жұмыс жасау оқушыларға бір – бірімен арадасудың, ауызба – ауыз сөйлесудің орнын толтырады. Дистанйиялық қызмет көрсету істерінің ашық түрде атқарылуы оқушылардың дүние танымын планеталық деңгейге дейін көтерді деуге болады. Барлық елдердің және континенттердің жақын екендігін сезіну – Интернет желісіндегі электрондық пошта мен web – жүйелерін пайдалана бастаған әрбір оқушының жаңа көңіл күйлерінің ең алғашқы белгісі екендігіне дау жоқ.
Жаңа оқыту технологияларын пайдалану аясында информатика пәнін оқытуды жетілдіру, яғни әрбір оқушының өз ерекшіліктеріне, ынтасына, мүмкіндіктеріне орай білім алуын қамтамасыз ететін оқыту жүйесін жасауға ұмтылу ең басты мақсат. Осы міндеттерді атқару үшін жоғарыда айтылғандай, оқушының жеке білім алуға талпынуын, ұжымдық қасиеттерін де жетілдіретін, өзінің білім алу жолын өзі басқаратындай деңгейге жеткізетін бірнеше педагогикалық технологиялар пайдаланылып отыр.
Керекті технологиялар мен әдістемелер оқушының дайындығына, жасына және қарастырылатын пән бағдарламасының бөліміне қарай таңдалып алынады. Мысалы, Жобалар тәсілі Power Point, Fpont Page, Access және Word офистік программаларын оқып үйрену кезінде тамаша нәтижелер береді.
Ойындық элементтері араласқан “Модульдік оқыту тәсілі” программалау тілдерін оқыту кезінде жақсы нәтиже береді.
Информатиканы дербес компьютерде жұмыс істемей игеру мүмкін емес. Оқушылардың компьютерде өзіндік тапсырмаларды орындап, жеке жұмыс істеуі тиімді түрде өтуі үшін әр түрлі деңгейдегі тапсырма кәртішкелері мен үйрету кәртішкелерінің кқлемді базасы болу керек. Осы кәртішкелік базаларды тұрақты түрде пайдалану оқушылардың шығармашылық белсенділігін, өзін - өзі бақылауын арттырып, практикалық жұмыстардың да санын көбейтуге мүмкіндік береді. Ол оқушылардың білімі сапасынжетілдірудің негізі деуге болады.
Сабақтарда тестік тапсырмаларды пайдалану да жақсы нәтижелер беріп келеді. Тестерді тұрақты пайдалану мен информатикалық диктанттар өткізу білімді жүйелі түрге келтіру, осының салдарынан білім сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Автор әр түрлі тақырыптар бойынша көптеген тестер жасап шығарады.
Мысалы, программалау тілін оқытуда сабақ алдында минитест жасап, ары қарай соның қателерін талқылап отырамыз. Тестер қағазда немесе электрондық түрде беріледі. Өтілген иатериалдарды бекіту үшін минитестерден бөлек кроссвордтар пайдаланылады. Кроссвордтар – негізгі ұғымдарды, ережелерді есте сақтауға, ал минитестер – оқушылардың алған білімдерін жүйелі түрге келтіру мен оларды тереңдету мақсатында қолданылады. Соңғы бақылау кезінде электрондық тест өткізу жақсы нәтижелер береді, оқушыларға екі немесе одан да көп командалар қатынасатын ойын тестері қатты ұнайды.