Білім беру жүйесінің жаңа бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 13:17, доклад

Описание работы

Білім жүйесін дамыту стратегиясының басты мақсаты – ұлттық білім моделін жасау. Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты - адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен рөліне, әлеуметтік жағдайына, психикалық даму ерекшелігіне мән беру, сол арқылы оның рухани жан-дүниесінің баюына, саяси көзқарасының, шығармашылық еркіндігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік беру.

Файлы: 1 файл

Статья 3 - Утепқалиев С.У. Білім беру жүйесінің жаңа бағыттары.docx

— 37.42 Кб (Скачать файл)

Жеке адамға және топтарға да бағытталған тәсілдерді (жоба немесе шығармашылық тапсырма), екі бала істейтін, консультантпен бірігіп атқаратын жұмыс түрлерін сабақта жиі пайдаланған дұрыс. Тапсырмаларды тексеру кезінде кәдімгі тексеруден басқа  өзін - өзі бақылау, бірін – бірі тексеру істеріне көп көңіл бөлінеді.

Жергілікті желіге қосылған компьютер класында Интернетті, электрондық энциклопедияларды және анықтамаларды екпінді түрде пайдалану керек. Мұндай жұмыс белгілі бір дағдылар қалыптастырудан басқа балалардың мәліметті жылдам әздеп тауып , оны өңдеуін жетілдіріп , олардың шығармашылық белсенділігін арттырады.

Мысалы, “Word процессоры. Web – парақтар жасау” тақырыбы бойынша соңғы сабақта балалар өз жеріне, республикасына арналған минижобалар (Менің Қазақстаным, Алматы менің туған қалам, Қазақстан табиғаты, Қазақстаның жануар әлемі, Алматы маңы, Іле Алатауы) жасады. Осы сабақтың жоспарын “Мектептегі Интернет” әдістемелік құралынан көруге болады. Мұндай сабақтар ақпараттық технологиялардан алған дағдыларын бекітумен бірге оқушылардың өз еліне, туған жеріне деген патриоттық сезімдерді тәрбиелеуге көмектеседі.

Информатика – оқушы қолына ақпаратты өңдеу, сақтау және тасымалдау құралын беретін пән болып табылады. Мектеп қабырғасында оқытылатын информациялық технологиялар интерактивті байланыс пен компьютерлік технологиялар құралдары арқылы топтық немесе халықаралық жобаларға қатынасу мүмкіндігін береді.

Соңғы жылдары әрбір оқушы қолдана алатын Интернет әр түрлі дистанциялық жобаларға қатынасуға мүмкіндік береді. 1997 жылдан бастап оқушылармен бірге әр түрлі дистанциялық жобалар жасап, білім саласындағы халықаралық I*EARN желісінде жұмыс істеп келеміз. I*EARN – жастар мен олардың мұғалімдері бізді қоршаған орта жайлы әр түрлі тақырыптар бойынша бір – бірімен мәлімет алмасуға, қатынасуға, информацияларды компьютерде өңдеу істеріне де баға жетпес мүмкіндік алды.

Осыларға қоса Интернетті тек информатика сабағында емес, сабақтарға дайындалу кезінде де пайдалануға болады. Дүние жүзілік өрмекте көптеген білім сайттары бар, солардағы мәліметте,рді пайдалану керек. Мысалы, мектеп сайтында оқыту кәртішкеле,рі бар, оларды мұғалімдер – оқу процесінде пайдалануына, ал балалар – сабақтарға дайындалуы кезінде оларды қарауына немесе түсңнбей қалған материалдарын қайталануына болады.

Жоғарыда айтылған педагогикалық технологиялар мен тәсілдері пайдалану оқу процесін жетілдіруге,балалардың оқуға деген ынтасын арттыруға, олардың өзін - өзі бақылуына, жауапкершіліктерін арттыруына, білімдерін жетілдіруіне көп көмегін тигізеді. Осындай кездерде мұғалім балалардың жеке кемшіліктеріне, көңіл бөліп, олардың ой - өрісін дамытуға , белсенділігін арттыруға арналған шығармашылық жұмыстарымен айналасуға мүмкіндік алады. Сабаққа дайындалуға да көп уақыт бөле алатын дәрежеге жетеді.

Педагогикалық технология негізінде оқу цикілін қайта жаңғырту идеясы алынған.

Оның мазмұнына:

  1. оқытудың жалпы мақсатын қою;
  2. жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;
  3. оқышулардың білім деңгейін алдын ала (диагностикалық) бағалау;
  4. оқу әрекеттерінің жиынтығы (бұл кезеңде жедел кері байланыс негізінде түзету жүргізілуі тиіс);
  5. нәтижені бағалау енеді.

Осының арқасында оқу процесі “модульдік” сипат алып, құрылымы ортақ, бірақ мазмұны әр түрлі жеке блоктардан жасалады.

Модульдік оқыту технологиясының осы нұсқасын құруда біз толық меңгеру әдістемесінің негізгі шрттарын, құрылып жатқан технологиялардың негізгі қағидаларын ұстандық. Сонымен қатар, дидактиканың қазіргі тадаптарына байланысты бірқатар өзгерістер енгіздік: балаларды оқытуға емес, тұлғалық бағытталған, танымдық қызметін ұйымдастыруға, оқу процесін өзара сөйлесу негізінде құруға және т.б.ұмтылдық.

Осыдан келіп мұғалімнің оқу процесін құрудағы жұмысының өзгеруі туындайды. Толық меңгеру әдістемесінде (Дж.Блок, Л.Андерсен және басқалар) әрбір оқу бірліктері ауқымында мұғалімнің қызметі төмендегіше құрылады:

  1. Балаларды оқу мақсаттарымен таныстыру.
  2. Сыныпты берілген тарау (оқу бірлігі) бойынша жалпы оқыту жоспарымен таныстыру.
  3. Оқытуды жүргізу (негізінен мұғалімнің оқу материалын өзі баяндауы түрінде).
  4. Диагностикалық тестіні ағымдағы тексеру.
  5. Тексеріс нәтижелерін бағалау және тарау мазмұнын толық меңгерген оқушыларды айқындау.
  6. Толық меңгере алмаған оқушылармен түзете оқытуды жүргізу.
  7. Диагностикалық тест өткізу және оқу бірлігін толық меңгерген оқушыларды айқындау.

 

             Біздің нұсқамызда  бұл әрекеттердің реті біршама басқаша:

  1. Балаларды оқу мақсаттарымен тан.ыстыру.
  2. Сыныпты мазмұны жақын тақырыптар тобы (блогі) немесе тарау бойынша жасалған жалпы үлгімен (модульмен) тангыстыру.
  3. Мұғалімнің оқу материалын қысқаша баяндауы (белгілер жүйесі – сызбалар, сұлбалар, кестелер және т.б. негізінде).
  4. Өзара сөйлесу негізінде оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру және әрбір оқушының  қызмет нәтижесін әр сабақта бағалап отыру.
  5. Жалпы тақырыпқа, тарауға (“өсу” бағытымен) 4-7 рет қайта оралу негізінде оқу материалын оқып үйрену.
  6. Тұтас тақырып бойынша тестілеу.
  7. Тақырып бойынша қалыпты немесе “релелік” сынақ (немесе диктант, бақылау жұмысы және т.с.с.)  жүргізу.

Қайта жаңғыртылатын оқу циклі ретінде оқу модулі үш құрылымдық бөлімінен: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімінен тұрады.

Сызба түрінде көрсетсек, оқу модулі былайша болады: 

 

 

  

 

 

Кіріспе бөлімі

(модульге, тақырыпқа енгізу)

Сөйлесу бөлімі

(оқушылардың танымдық  қызметін

өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру)

 

Қорытынды бөлімі

(бақылау)


 

 

Әрбір оқу модулінде сағат саны әртүрлі. Бұл оқу бағдарламасы бойынша тақырыпқа, тақырыптар тобына, тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Неғұрлым тиімдісі 7-12 сағаттан тұратын оқу модулі. Алайда эксперимент жүргізген мұғалімдерде модульге бөлінген сағат саны 4 сағаттан (“Қазақстан тарихы” курсында) 22 сағатқа (“Математика” бойынша) дейін ауытқыды.

Алдында айтып өткеніміздей, оқу модулінің ерекшелігі – жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе бөлімгесабақтың 1-2 сағаты, қорытынды бөлімге 2-3 сағаты беріледі. Қалған уақыт (3-тен 17 сағатқа дейінгі оқу уақыты) сөйлесу бөліміне қалдырылады. 

Мысалға, мұғалім оқу модулін 9 сағатқа жоспарлап отыр делік. Оның бір сағаты модульдің бірінші бөлімі –кіріспеге, екі сағаты – қорытынды бөлімге, қалған 6 сағаты – сөйлесу бөліміне беріледі.

Модульді 12 сағатқа әзірлегенде  де модульдің 1 және 3 бөлімдеріне берілетін сағат саны өзгеріссіз қалып, сөйлесу бөлімінің уақыты өзгереді – яғни, ол 9 сағат болады.

Оқу мазмұнына “өсу” бағытымен – қарапайым нан күрделіге, репродуктивті тапсырмалардан шығармашылық ізденіске (кей жағдайларда – зерттеушілік қызмет элементтеріне) қарай бірнеше мәрте қайта оралу әрбір оқушының оқу материалын қарапайым білім деңгейінен “білімді бағалау” деңгейіне дейін меңгеруіне ммкіндік береді. Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс негізінен сыныпты шағын топтарға (4-7 адамнан) бөлу арқылы оқушылардың өзара әрекеті негізінде, осы бөлімге түрлі ойынтехнологияларын енгізе отырып құрылады. Мұғалім негізінен фасилитатор, кеңесші және оқушылардың танымдық процесін ұйымдастырушы рөлінде болады.

Оқу модулін құрудың тағы бір ерекшелігі – мұғалімнің даярлық жүйесі.

Мұғалім бір оқу модуліне бөлінетін сағат санын анықтап алғаннан соң, оның мақсатын, мазмұнын және нәтижелерін, сондай0 – ақ осы модуль сабақтарын ұйымдастырудың формасын ойластырып, оқу модулін құрады.  

 

Мұғалімнің алдын – ала жұмысы төмендегідей

әрекет – қадамдардан тұрады: 

 

1-қадам:Берілген тарау, блок немесе тақырып бойынша бағдарламада меңгерілуі тиіс деп көрсетілген міндетті білім, білік және дағдыларды, сондай – ақ оқыту мақсаттары мен міндеттерін айқындау.

2-қадам:Берілген модуль бойынша оқу материалының тұтас мазмұнын оқып – зерттеу.

3-қадам:Берілген модуль бойынша негізгі мағынаны білдіретін түйінді ұғымдарды, тақырып бойынша негізгі ақпарат беретін рельефтік (код сияқты) сөздерді табу. Олардың өзара байланысы мен өзара бағыныштылығын анықтау.

4-қадам:Тұтас тақырып бойынша тірек сызбаларын құрастыру (анықталған түйінді ұғымдар мен “кодтар” негізінде).

5-қадам:Оқу модулінің тұтас мазмұны бойынша тестілік тапсырмалар құрастыру (15-20 тапсырма шамасында).

6-қадам:Берілген модульдегі оқу материалының тұтас мазмұны бойынша сынаққа қажетті сұрақтар иен тапсырмалар блогін құрастыру (оқу пәнінің өзіндік ерекшелігіне  орай сынақты диктантпен, бақылау жұмысымен алмастыруға болады).

7-қадам:Сөйлесу бөлімін әзірлеу. Оқытудың белсенді формаларын таңдау дәрежесіндегі, орташа күрделілік дәрежесіндегі тарсырмалар және оқытудың ізденушілік (зерттеушілік) элементтері бар  аса күрделі дәрежесіндегі тапсырмалар әзірленеді. 

 

Сонымен қорыта келгенде, дипломдық жұмысының  барысында оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім парадигмасына сүйене отырып, мен оқыту технологиясының өзіндік нұсқасын қарастырып шықтым.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, түрлерін, технологияларнын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процесті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. Сондықтан мен

Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы» нұсқасын өз дипломдық жұмысымда қолдандым.

Зерттеулер көрсеткендей, осы технологияны қолдану барысында білім сапасын едәуір арттыруға және білім стандарты бекіткен оқу материалын барлық оқушылардың жүз пайызға меңгеруін қамтамасыз етуге болады.Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады.

Мен өзімнің дипломдық жұмысымда модульдік оқыту технологиясының міндеттерімен, мақсаттарымен таныстырып, олардың мән-мағынасын ашып, оларды пайдалану жолдарын көрсеттім.

Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалылығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжірибесі білім жүйесін  ақпараттандыру  экрномика,  ғылым  және мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр.   Ендеше   қазіргі   заманның   ақпараттық технологиясын игеру міндетіміз.

Модульдік оқыту технологиясы әлі түбегейлі зерттеуді қажет етеді. Сондықтан мен өз зерттеулерімді келешек мұғалім болған кезде одан әрі жалғастырамын.

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер  

 

  1. Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения. Актобе. РИПК СО, 1999.
  2. Қазақстан Республикасы “Білім мемлекеттік бағдарламасы” / Қазақстан мұғалімі. – 2000. - №33-34
  3. Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы. – Алматы: Қазақстан,1994ж
  4. Қазақстан Республикасында орта білімнің дамыту тұжырымдамасы. – Алматы: Қазақстан,-1997, 34б. 
  5. Әбдіғалиев Қ. Шоғырландырып қарқынды оқыту жүйесі. // Қазақстан мектебі. – 1998.-№11-12, 24-35б.
  6. Таубаева Ш.Т., Барсай Б.Т. Оқытудың қазіргі технологиялары // Бастауыш мектеп. - №3, 4, -1999.
  7. Основы дидактики. Под ред. Б.Т.Есипова. – М.,-1967.
  8. Таубаева Ш.Т., Лактионова С.Н. Педагогическая инноватика как теория и практика нововедений в системе образования: научный фонд и перспективы развития (Книга 1). – Алматы: Научно-издательский центр “Ғылым”,-2001.
  9. Бабанский Ю.К. Методы обучения в современной общеообразовательной школе. М.: Просвещение.-1985.
  10. Бегалиев Т.Б. Педагогика. Тараз: ТарМУ, 1999.
  11. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. М.: Педагогика. – 1989.
  12. Лемберг Р.Г. Дидактические очерки. – Алматы. – 1995.
  13. Скаткин М.Н. Ппроблемы современной дидактики. 2-е изд. М.,-1975.
  14. Талызина Н.Ф. Управление процессом усвоение знаний. М., - 1975.
  15. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңы/баптары бойынша түсіндірмелерімен және оны жүзеге асыру негізіндегі құжаттар. – Астана, 2000ж.
  16. Гусев Л.И. Некоторые вопросы внедрения достижений педагогической науки в школьную практику. Алма-ата: Мектеп, - 1974.
  17. Дьяченко В.К. Новая педагогическая технология учебно-воспитательного процесса. Усть-Каменогорск.-1999.
  18. Выбор методов обучения в средней школе. Под ред. Ю.К.Бабанского. М.,1981.
  19. Айтмамбетова Б.Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері./23-лекция/ - Алматы.1991.
  20. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. – Алматы,-2000.
  21. Монахов В.М. Технологические основы проектирования и конструирования учебного прцесса. Волгоград: - Перемена.-1995.
  22. Репкина Н.В. Что такое развивающее обучение? М., 1993.
  23. Педагогикалық ізденіс. – Алматы: Рауан, 1990.
  24. Выбор методов обучения в средней школе. Под ред. Ю.К.Бабанского. – М.,-1981.
  25. Махмутов М.И. Мектепте проблемалық оқытуды ұйымдыстыру. Алматы : Мектеп.- 1981.

Информация о работе Білім беру жүйесінің жаңа бағыттары