Delphi программалау тілін пайдалану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2015 в 13:05, курсовая работа

Описание работы

Мектепте информатикадан білім беруді қайта құру осы жұмыстың басты мақсаттарының бірі болып табылады. Оқушылардың информатикаға даярлауды жақсарту проблемасы, әсіресе қазіргі кезеңде, барынша алуан түрлі ғылымдарға информатиканың жедел енуі өмір шындығына айналып отырған кезде ерекше артып отыр. Алайда, оқушыларды мектепке оқыту мен тәрбиелеу ісін жетілдіру болашақ мұғалімді педагогтік институттар мен университеттерде әдістемелік-математикалық, психология-педагогикалық және кәсіптік даярлауды жетілдірумен барынша тығыз байланысты.

Файлы: 1 файл

Дип.-Delphi-программалау-тілін-пайдалану (1).doc

— 469.50 Кб (Скачать файл)

Кіріспе

 

Ғылыми-техникалық және әлеуметтік прогресс және Қазақстан Республикасының егемендік алуы жағдайында жастарды өмір мен еңбекке баулу мақсатымен оларды оқыту мен тәрбиелеудің сапасын жан-жақты жақсарту қажеттігі қазіргі заманда дәлелдеуді талап етпейді.

Мектепте информатикадан білім беруді қайта құру осы жұмыстың басты мақсаттарының бірі болып табылады. Оқушылардың информатикаға даярлауды жақсарту проблемасы, әсіресе қазіргі кезеңде, барынша алуан түрлі ғылымдарға информатиканың жедел енуі өмір шындығына айналып отырған кезде ерекше артып отыр. Алайда, оқушыларды мектепке оқыту мен тәрбиелеу ісін жетілдіру болашақ мұғалімді педагогтік институттар мен университеттерде әдістемелік-математикалық, психология-педагогикалық және кәсіптік даярлауды жетілдірумен барынша тығыз байланысты.

Соңғы жылдардағы жұмыс тәжірибеміз университеттердің түлектерін информатикаға даярлауда бірқатар елеулі кемшіліктер бар екенін көрсетті, олар мыналар: түлектердің мектепте информатика курсы бойынша алған білімдерінің қазіргі талаптарға сай келмейтіндігі; информатикалық білімдерді алудағы формализм; информатикалық мәдениет пен математикалық ойлау деңгейінің төмендігі; әдістемелік білімдердің атүстүлігі; түлектің алдағы әрекетке даярлауының мұғалімдік кәсіпке, ғылым және оқу пәні ретіндегі информатикаға деген ынта-ықылас, пәндік тұрғыдан да алдағы қызметті білуге ұмтылушылық сияқты қасиеттерінің жеткілікті дәрежеде дамығандығы. Сонымен, студентті университетте оқыту кезеңінде информатика мұғалімінің кәсіптік шеберлігі негіздерінің қазіргі кезеңде мектепті дамыту міндеттерін шешу үшін қажетті деңгейіне қол жеткізілмейді. Сондай проблемаларды шешуде өзімнің үлесімді қосу мақсатында мен осы тақырыпты таңдап, аддыма оны ары қарай зерттеу жұмысын жалғастыруды жөн көрдім.

 

DELPHI  ТУРАЛЫ ТҮСIНIК

1.1 DELPHI  ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ

 

Программа негізінен екі бөлімен түрады.

  1. Borland Delphi программалау тілі.
  2. Paradox берілгендер қоры.

Дипломдық жұмыста Delphi программалау тілін пайдалану себебім,қазіргі таңдағы күрделі және жұмыс істеу жағынан мүмкіндігі тілдердің бірі.

Программалау тілінде негізгі жұмыстарды істейді, яғни формаларды іске қосып және форма бетіндегі алма суреттерін шығаруға және есеп нәтижесін беріп отыруда пайдаланды.

Paradox берілгендер қорын пайдалануымның себебі, Delphi программалау тілімен жақсы байланысады және онымен жұмыс істеу кез-келген адамның қолынан келеді.

Берілгендер қорын басқару жүйесі (БҚБЖ) — берілгендер қорымен жұмыс істеуге арналған Delphi ортасындағы программалар қатарында dBase, Paradox, Access, FoxPro т.б. да бар. Database Desktop утилитасының құрамындағы Paradox ең қолайлы, көп тараған программа. Paradox программаның  Paradox 1, Paradox 2, Paradox 3, Paradox4, Paradox5, Paradox6, Paradox 7 сияқты бірнеше нұсқалары бар.

Берілгендер қорында екі өлшемді кестенің жолдары жазбалар деп, бағандары өрістер деп аталады. Дәлірек айтқанда берілендер қорында кестедегі әрбір жол жазба болып табылады, ал жазба бірнеше өрістерге бөлінеді.

Windows жүйесінің элементтерімен таныс кез-келген қолданушының Paradox программасын оқып үйренуіне қиындық жоқ десе де болады. Өйткені, Paradox программасымен жұмыс істеу принциптері Windows жүйесіне негізделген, оның объектілері терезе түрінде ашылады.

Процедуралық программалау тілдерінде программаның жұмысы операторларды ретімен орындау бойынша, ал, логикалық программалау тілдерінде ол қатаң логикалық ережелерге сәйкес өзгертулер енгізу ретінде қарастырылған болатын. Объектіге бағдарлы оқиғалық программалау тіліне программаның жұмысы негізінен оқиғалар тізбегінен және түрлі объектілердің осы оқиғаларға жауабынан тұрады. Олардың визуальды түрлері — Visual Basic тілі Qbasic программалау тілі негізінде, ал Delphi (Дельфи) Объектілі Паскаль (Object Pascal) тілі құрылған (visual — көзбен көру, экрандық). Олар, әсіресе, Delphi программалау тілі — кез келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл.

Паскаль тілін оқып үйренуге жеңіл және MSDOS жүйесінде программа дайындауға ең жақсы құрылымдық программалау тілі екені белгілі. Delphi-де Паскаль тілінде орындау мүмкін және мүмкін емес күрделі процестерді программалауға болады. DeIphi-дің негізгі ерекшелігі — онда қосымша құруда компоненттік және объектілік тәсілдер пайдаланылды (Windows ортасында пайдаланатындықтан, Delphi-де программаны көбінесе қосымша      деп айтады). Бұл программалау технологиясында нағыз революция жасады деуге болады.

Компоненттік тәсілдің мәнісі жеңіл: әр қосымша кітапханасы программалау ортасында дайындалып, арнайы іс-әрекеттерді орындайтын компоненттер элементтерінен жинақталады. Олар жеткіліксіз болса, объектіні өңдеуге арналған үстеме программа құрылады. Delphi-де қолданылатын негізгі кітапхананы визуальды компоненттер кітапханасы (VCL, Visual Component Library) деп атайды. Компоненттер панелінде топ-тобымен жинақталған, жүздеген кластарға тиісті, стандартты компоненттер бар. Пайдаланушы жаңа компонент дайындап, оны осы панельге қосуына да болады.

Delphi Windows жүйесінде праграммалаудың ыңғайлы құралы. Онда көптеген операторларды пайдаланып программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедиа процестерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және т.б. іс-әрекеттерді орындау да мүмкін. Көптеген операторлардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты.

Delphi ортасында төрт терезе бар. Олар:

l) Delphi5-Projectl - Delphi5-тің негізгі терезесі;

2) Form1 — Форма;

3) Object Inspector  - Объект инспекторы терезесі;

4) Unitl.pas — Редактор терезесі.

1 DeIphi-дің негізгі терезесі үш құрылымнан тұрады:

1 Мәзір.

2 Acnanamap панелі алтыға бөлінеді:

  • Standard — Стандарттық;
  • View — Көрсету;
  • Debug — Баптау;
  • Custom- Қолданушы;
  • Desktop — Жұмыс столы;
  • Internet — Интернет.
  1. Компоненттер палитрасы төмендегідей беттерден тұрады:
  • Standard — Стандартты;
  • Additional - Қосымша;
  • Win32 — Windows интерфейсінің 32-разряды;
  • System — функциялық жүйеге кіру мүмкіндік;
  • Data Access — Берілгендер қорындағы информациямен жұмыс;
  • DataControl — Берілгендерді элементтермен басқаруды құру;
  • dbExpress -  SQL-серверіне кіру мүмкіндігі;
  • DataSnap -   Көп салалы берілгендер қорындағы қосымшаны құру;
  • BDE — BDE  арқылы берілгендерге кіру мүмкіндігі;
  • ADO — ActivX берілгендер объектісін қолданып берілгендер қорына байланыс жасау;
  • InterBase — Аттас берілгендер қорына тікелей кіру мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
  • SOAP — Аттас техногия көмегімен анықталған ортады берілгендерді алмастыру;
  • InternetExpress — Аттас қосымшаны құру үшін берілгендер қорындағы анықталған қосымша-клиент және қосымша-сервер бір мезгілде болады;
  • Internet — Интернет желісінде қосымша Web-серверін құру;
  • FastNet — Инетернет желісіне кіру хаттамасын қамтамасыз ету;
  • Decision Cube — Көп өлшемді талдау;
  • QReport — Есепті құрастыру;
  • DiaIogs — Стандартты сұхбаттық терезені құру;
  • Win3.1 — Windows3.1 интерфейсі;
  • SampIes — Бірге қойылатын жүйелік мысалдар;
  • ActivX — ActivX компанентті;
  • COM+ - Аттас объектілерді басқару;
  • InterBaseAdmin   —   Аттас   берілгендер   қорына   кіру мүмкіндігін басқару;
  • WebSnap — Web-серверінің қосымшасын құру;
  • Server — Жалпы COM серверлер VCL бөлігі үшін;
  • IndyCIients    —    Клиент    үшін    Интернет    тәуелсіз тұжырымдама компоненті;
  • Indy Servers    - Сервер үшін    тәуелсіз тұжырымдама компоненті;
  • Indy    Miss    —    Интернеттің қосымша тәуелсіз тұжырымдама компонентті.

2. Delphi-де дайындалатын программа проект (жоба) деп аталады.     Форма    программаны    дайындау    алдында ашылатын,   программаның   сұхбаттық  терезесі.   Delphi алғашқы рет іске қосылған кезде форма Form1 атауымен көрінеді.     Оның     жиектеріне     тышқан     көрсеткішін орналастырып, ол екі жақты нұсқама түріне айналған кезде жылжыту және қалдыру тәсілі бойынша форманы кеңейту не қысу қиын емес. Кей жағдайларда экранда форма көрінбеуі мүмкін. Оны экранға шығару үшін View Forms командасын беру жеткілікті.

3. Форманы    не    онда    орынатылған    компонентті программа құру     үшін дайындау оның кейбір қасиеттерінің мәндерін өзгертуден басталады. Қасиеттер тізімі Объект инспекторы (Object Inspektor) терезесіне енгізілген.   Тізімді  инспектор  терезесіне  шығару үшін сәйкес   объектіні   (форманы   не   формада   орнатылған форма компоненттін) бір шерту арқылы таңдау керек. Инспектор   терезесінің   жоғарғы   қатарына   таңдалған объект  атауы  да  жазылып  қойылады.     Терезенің  екі қосымша    беті бар: Properties - қасиеттер және Events — оқиғалар. Терезе   ашылғанда    екі   бағанға    енгізілген жазулардан  тұратын   оның  Properties   бөлімі  ашылулы тұрады. Бірінші бағанда көрінетіндер - қасиет атаулары, екінші бағанға сәйкес жазылғандар — олардың мәндері.

4. Delphi-де программа (проект) екі бөлімнен тұрады:

алғашқыда автоматты түрде project1 атауы берілетін проект файлы (негізгі модуль) және unit1.pas атауы берілетін модуль. Олар жеке терезелерде орналастырылған. Модульге оқиғаларға сәйкес ic-әрекеттерді орындайтын программа мәтіні (процедуралар) енгізіледі. Программа                                                                                                                                                                                                                                                     мәтінін программалық код деп, терезені программалық код терезесі не қысқаша редактор терезесі деп те атайды. Delphi іске қосылған кезде ол форма терезесінің астында көрінбей тұрады. Оны экранға шығару тәсілдері:

  • форманы жабу (жабу түймесін шерту);
  • код терезесінің бір шеті форма астында көрініп тұрса, оны шерту. Терезе белсендірулі түрде ашылады да, онда процедура дайындамасы  (үлгісі) көрінеді.

 

1.2 Object Pascal тілі

Object Pascal тілі Delphi бағдарламалау тілі және стандартты Pascal тілінің объекті - ориентирленген кеңейтілуі болып келеді. Delphi жүйесі визуалды бағдарламалау мүмкіндігін VCL визуалды компонеттердің библиотекасы көмегімен қамтамасыз етеді.

Визуалды компоненттердің библиотекасы (Visual Component Library, VCL) қосымшаларды тез өңдеуге арналған көптеген кластарды құрайды. Библиотеканың элементтері Object Pascal - да жазылған, сондықтан ол интегралданған Delphi қосымшасының өңдеу ортасымен тығыз байланысты. VCL де негізінен визуалды емес компененттерден тұрады, және визуалды компоненттер, және де TObject абстракті кластан бастап басқа да кластар бар. Барлық компонентер - бұлар кластар, бірақ барлық кластар компоненттер емес.

VCL - дің барлық кластары иерархияның анықталған сатысында орналасқан және кластың ағашын құрайды.

Object класы - барлық Object Pascal класының жалпы тегі (атасы) ол иерархияның тамырында (түбірінде) орналасады. Бұл класс абстактілі болып келеді және барлық ұрпақтар кластары үшін жалпы әдістер қолданылады. Негізгі әдістерін атап өтейік:

* Create - объектіні кұру

« Destroy - объектіні жою (өшіру)

« Free - Create әдісімен құрылған объектіні өшіру, бұл уақытта Destroy әдісі де шақырылады.

Бұл әдістердің көпшілігі ұрпақ класында қайта анықталады. TPersistents, TComponent, TControl көптеген кластардың атасы болып келген. Көрсетілген кластарға негізінде жалпы қасиеттері, әдістері және оқиғалары (события) кіреді.

TPersistents класы ағымнан icкe қосылады және ағымға сақталатын қасиеттері бар объектілер үшін абстракты болып келеді. Ағымның механизмі жадымен жұмыс істеу үшін қолданылады. TObject кластың әдісіне қосымша болатын TPersistents класы бір объектіден екінші объектіге алаңды және қасиеттерді беруге мүмкіндігі бар Assign әдісіне ие.

TComponent класы — барлық компоненттерге негіз; өзінің атасының әдісіне қосымша болып, оның басқа компоненттеріне ие болатын құралдарды қамтамасыз етеді. Формаға кез келген компонентті орналастыру нәтижесінде, ол басқа компонентке тиісті болады (негізінен формата). Компонента құру барысында, ол оған тиісті компоненттерді автоматты түрде құрылуын қамтамасыз етеді, ал оны жою барысын оған тиісті барлық компоненттер автоматты түрде жойылады.

TComponent класы келесі қасиеттерін белгіленген:

• Components — тиісті компоненттер тізімі

• ComponentCount   тиісті компоненттердің саны

• Componentlndex -- тиісті компоненттер тізіміндегі компонент номері,

• ComponentState - ағынды компоненттің жағдайы

• Name - компоненттің аты

• Owner - компоненттің иесі

Tag - компонентпен сақталынатын бүтін мәні TComponent компонентінің кейбір әдістері:

• Destroy Components - барлық тиісті компоненттерді жою (бұзу)

• Destroying - тиісті компоненттің жойылғаны (бұзылғаны) туралы хабар беру» FindCoraponent - Component тізімінен компонентті табу (іздеу)

Информация о работе Delphi программалау тілін пайдалану