Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2015 в 13:05, курсовая работа
Мектепте информатикадан білім беруді қайта құру осы жұмыстың басты мақсаттарының бірі болып табылады. Оқушылардың информатикаға даярлауды жақсарту проблемасы, әсіресе қазіргі кезеңде, барынша алуан түрлі ғылымдарға информатиканың жедел енуі өмір шындығына айналып отырған кезде ерекше артып отыр. Алайда, оқушыларды мектепке оқыту мен тәрбиелеу ісін жетілдіру болашақ мұғалімді педагогтік институттар мен университеттерде әдістемелік-математикалық, психология-педагогикалық және кәсіптік даярлауды жетілдірумен барынша тығыз байланысты.
3. Tstring типі SQL қасиеті Tquery компонентінің ең қажетті бөлімі. Жоғарыда кестеде көрінген көп нүкте енгізілген Tstring қатары шертілген кезде String List editor (редактордың жолдық парағы) терезесі көрінеді. Терезеге SQL тілінде орындалатын сұрыныстың командалық мәтіні (оператор) енгізілуі тиіс. Берілген мысалдың орындалуын қанағаттандыру үшін енгізілетін сұраныс:
SELECT* FROM <Rourl.db> WHERE Sigargan
jiIy>=01.01.01
(erep Sigargan jily String типімен сипатталған болса, 01.01.01 санын тырнақшаларға не дәйекшелерге алып жазу керек).
4. Терезеге операторды енгізген соң, оның OK түймесін шерту. Forml терезесі қайта көрінеді.
5. Query1 компонентін қайта таңдап, оның Active қасиетіне True мәнін меншіктеу. Сұраныс DBGrid1 компоненті терезесіне енгізліп қойылады
Сұраныс енгізілген DBGrid1 терезесін тазалау үшін Query1 компонентінің Active қасиетіне False мәнін меншіктесе болғаны.
Сұранысты сақтау тәсілі DBGrid компонентінің терезесіне енгізілген кестені сақтау тәсілі сияқты.
Сұраныс құру үшін SQL Builder (Сұраныс құрастырушы) программасын пайдалану ыңғайлы және оны мына амалдар арқылы орындауға болады:
1. Жаңа проект ашып, Forml терезесіне DataSource1, Query1 компоненттерін орнату.
2. Компоненттер қасиеттеріне мәндер меншіктеу:
Компонент |
Қасиет |
Мән |
DataSourcel
Queryl |
DataSet Name DatabaseName |
Query 1 DataSource 1 My Databases |
3. Query 1 компонентін оң түймемен шертіп, көрінген контексті мәзірден SQL Buelder қатарын таңдау.
Сұраныс құрастырушы программасы іске қосылып, терезесі экранға шығады. Алғашқы терезе бос болып, оның жоғарғы қатарындағы Database өрісіне алиас атауы жазылғаны көрінеді. Table өрісінен қажетті кесте атауын таңдау. Төртбұрыш ішіне алынған кесте (кесте жөнінде мәлімет) терезенің жоғарғы қабатына енгізіліп қойылады.
4. Кесте өрістерін таңдау. Ол үшін көрінген белгілегіштердің жоғарғысын таңдау жеткілікті.
5. Criteria (Іріктеу шарттары) қосымша бетін ашып, төменгі панельдің сол жақ өрісіне керекті кесте және өріс атауын, орта (Compare) өрісіне >= операторын, сол жақ өрісіне керекті мәліметті енгізуіміз. Егер кесте құруда сәйкес өріс символдық типі етіп (A) белгіленген болса, санды тырнақшаларға алып енгізу керек.
6 Query-Run командасын беру. Қажетті сұраныс Query ResuIts терезесінде көрінеді. Ол DBGrid компоненті терезесіне енгізілген сұраныспен бірдей.
Есепті формаға түсіру. Мысалы, My Databases бумасында (алиасында) сақтаулы қарапайым Rousl.db кестесін форматты түрде басып шығу керек.
Қасиет |
Мән |
Font |
Times Kaz, 10 |
Bands HasHeader |
True |
DataSet |
Tablel |
QRSubDetaiIl компоненті терезесінің бірінші, екінші қатарлары ерекшеленіп, GroupHeader, SubDetaile сөздері жазылып қойылады.
QuickRep терезесінің оң түймесін шертіп, ашылған мәзірдің Preview (Көріп шығу) қатары арқылы дайындалған есепті арнайы терезеде көріп шығуға болады.
5. Buttonl түймесін екі рет шертіп, код терезесінде процедура құру:
Procudure Tforml.ButtonlClick(Sender: TObject);
QuickRepl.Preview;
QuickRepl.Print;
End;
6. Іске қосу командасын берін, көрінген форманың Buttonl түймесін шерту.
7. Алдымен тақырып аты
енгізілген көріп шығу
Тест туралы мӘлiмет
3.1 Автоматтық оқыту жүйесі
Қазіргі кездегі жоғары мектеп педагогикасы алдында тұрған басты мәселе - қатаң шектелген мерзім аралығында жаппай білім алу және маман сапасына қойылатын талаптардың жоғарлауы жағдайларында, үздіксіз өсіп отырған оқу және ғылыми информацияларды студенттердіқ игеруі қажеттілігі мен мүмкіндігі арасындағы қарама-қайшылықты жою.
Осыдан ондаған жылдар бұрын, бұл мәселенің шешілуі автоматтандырылған оқыту жүйелеріне (АОЖ) жүктелген болатын. АОЖ қолданылуы оқыту процесінің, әсіресе, техникалық құралдарды пайдаланудың жаңа әдістері мен түрлеріне алып келеді деп күтілген еді.
Алайда, АОЖ пайдаланудың алғашқы нәтижелерінің өзі, оларға қатысты қарама-қайшылықты көзқарастар туғызды (64, 4-бет). Мысалы, кейбір оқытушылар арасында ЭЕМ қолдану жөнінде пессимистік көзқарас пайда болуы. Олардың ойынша, ЭЕМ көмегімен оқыту — оқу процесін даярлауға кететін уақыт мөлшерін айтарлықтай арттырады. Ал ЭЕМ-ді оқыту процесіне қолдану барысында оқытушының кейбір педагогикалық функцияларының компьютерге берілуі — АОЖ-ға қатысты пессимистік ой-пиғылды бекіту түсті.
Ғылыми педагогикалық қызметкерлердің екінші бір бөлігінде, жаңа әдістің таңқаларлық нәтижелілігі жөнінде шектен тыс оптимистік көзқарас орнықты. Олардың түсінуінше — оқытудық барлық деңгейлерінде қолдануға болатын жақа әдіс, түрлі пәндерді оқытушы көмегінсіз, оқушылардың өз бетінше және тиімді түрде оқып - үйренуіне мүмкіндік береді.
АОЖ-дарды оқу процесіне кірістіру нәтижесіне кері әсер тигізген себептер ретінде объективті және субъективті факторларды атауға болады:
АОЖ — оқыту процесінде программалап оқыту әдісі мен ЭЕМ қолданады.
3.2 Тест туралы түсінік
Бүгінгі танда жоғары оқу орындарының жұмысын жетілдіру ici оқу үрдісінің құрылымы мен көптеген дәстүрлі әдістерін қайта қарауды талап етеді. Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі соңғы кезде оқыту мен студенттер білімін тексеруде жаңа технологияны іздеп, енгізуге көп көңіл бөліп келеді. Қазіргі педагогикалық практикада тестер өте жиі пайдаланып келеді. Оларды қолдану аясы да күннен күнге ұлғайып барады: оқушылардың бір пәннің бір тақырыбынан ғана алған білімін тексеруден бастап, жоғары оқу орындары мен мектеп пәндерінің барлығынан да жаппай осы тест жүргізу әдісіне көшуге бет бұрып келеміз. Тестер мен олардың айналасындағы материаддар тек ғылымдар зерттеуіне ғана өзекті материал болып қалмай, оқу процесіне жаңа педагогикалық және ақпараттық тәсілдер мен технологияларды енгізу мақсатында білім жүйесін басқару органдары да қызықтыра бастады. Осы факторлар қолданылатын тестердің сапасын көтерумен қатар, олардың бүгінгі пайдалану аймағын да анықтау жүйелерін даярлауға әкеліп отыр. Мұндағы бір айта әкететін мәселе - кез келген бір тестің қолданылу аясы оның мазмұндық технологиялық және де басқа ерекшеліктеріне тәуелді болатыны. Осыған орай педагогтар пайдалануындағы тест материалдарын топтарға бөліп жіктеу (классификациялау) қажеттілігі туындап отыр.
Тест деген түсінік әрбір сұраққа сәйкес оның мүмкін болатын бірнеше жауаптарымен бірге берілген тапсырмалар жиынын білдіреді. Тест материалдары көбінесе бланк түрінде немесе компьютерге арналған бейнелеу формасында беріледі, онда оның дұрыс жауаптарымен бірге келтірілген сұрақтар, оның бағалау критериі немесе нормасы, нәтижелерді есепке алу процедурасы, яғни шкаласы, оқушылардың тест жауаптарын қалай толтыруы керектігі жайлы нүсқаулар және т.б. болады. Егер тест алу компьютер арқылы жүргізілсе, онда тест материалдары тест тапсырмаларының арнайы банктерінде жинақталып түрады да, олардан сүрақтар вариантын қандай тәсілмен алуға болатыны жайлы нұсқау беріледі.
Студенттерді оқыту мен тәрбиелеуде, білім нәтижесін тексеруге қолданылатын ғылыми негізделген жүйе педагогикалық бақылау деп аталады. Мамандарды дайындау процесіндегі бақылау ici студенттердің біліктілігін тексеру, білім деңгейін анықтау екенін көрсетеді.
Педагогикалық тест дегеніміз біртіндеп күрделенетін, жеке адамның педагогті қызықтыратын білімі мен басқа да қасиеттерін түпкілікті түрде сенімді бағалай алатын, бір-бірімен тығыз байланысқан тапсырмалар жиынтығы. Педагогикалық тест ұғымын ашу - тестің тапсырмасы, күрделілік деңгейі, сенімділігі және біліктілігі ұғымдарымен танысуды қажет етеді. Әртүрлі тапсырмалар арқылы білім және қабілеттікті тексеру тарихы төрт мың жылға созылады екен. Ежелгі Вавилон, Қытай, Греция, Спарта және басқа халықтар талапкерлерді тандау мақсатымен көптеген әртүрлі сынақтар жүргізген.
Тест - оқушының білімін, іскерлігі мен дағдысын тексерудің немесе оқушы білімінің белгілі бір сапалық қасиеті бар-жоғын тексерудің ерекше формасы болып табылады. XIX ғасырдың бас шенінде шет елдерде тексерудің тестілік әдісі өзінің қолданылу мақсатына орай бірнеше бағытта дами бастады.
Тарихи тұрғыдан тестердің ең көне түрі оқушылардың дарындылығы немесе олардың ақыл-ойының жалпылама даму барысын тексеруге қолданылған. Бұл тестер оқушының белгілі бір мәліметті жадында сақтау қабілетін, ынтасын, зеректігін, нақтылы көріністі көз алдында елестету қабілетін т.б. маңызды сипаттарды анықтауға көмектеседі деп есептеледі.
Шет елдерде бұл жұмыс басқаша сипатталады АҚШ-та, мысалы, тест жұмысын жетілдіру және қолдану мен бірге оны үнемі сынға алу да тоқталмайды. Бұл елдің 90% түрғындары өз өмірінде кемінде бір рет тестілеудің өткен. Әр жыл сайын оқушылардың білімі мен қабілеттігі шамамен 400 тест компаниялар шығарған 47 млн. тест бланкілерінің көмегімен тексеріледі. Жыл сайын жоғары және орта оқу орындары студенттерінің интелектуалдық қабілеттері мен білімдері тексеруден өтеді. Осы тексерулердің нәтижесінен оқу орынының мәртебесі көрінеді. АҚШ-та педагогикалық тестілеу қызметі жұмыс жасайды. Ол жастардың жоғары оқу орнында оқу жарамдылығын тексеретін тестілер жүйесін, яғни Америкалық колледж бағдарламасының тестілерін және жеке пәндер бойынша білім тереңдігін анықтау, тестілерін жасаған.
АҚШ-та тестілеу әдісінің іс-тәжірибеде қолданыла бастауы және одан әрі дамуы Э.Трондайк есімімен байланыстырылады, себебі ол оқушы білімін тез де объективті түрде анықтаудың бірден-бір құралы ретіндегі тестілеу әдісін XX ғасырдың басында алғаш рет ұсынған болатын. Э.Трондайк алғашында тестерді арифметика пәні мен өзге де жекелеген пәндер бойынша қолданысқа енгізген болатын. 40-шы жылдары оқушылардың жалпылама үлгерімін анықтау мақсатында бірнеше пәндер тобы бойынша құрастырылған тестер жиынтығы баспадан шыға бастады. Тестке алғашқы талаптар жүйесін - жеке адам зерттеу әдісі ретінде алғаш рет Д.Кэттел жасаған. Оның пікірінше, тест – ғылыми сынақ өткізу үшін қолданылатын құрал. Қойылатын талаптар: барлық сынаушыларға шарт бірдей; сағат бойынша шамамен тестілеу уақытын шектеу; тестілеу кезінде сырт көздің болмауы; құрал-жабдықтардың қажетті деңгейдегі сапалылығы; бәріне бірдей нұсқау беру; тестілеу нәтижелерін статистикалық өңдеуден өткізу мүмкіндігі. Кеңес Одағында білім-біліктілік, дағдыны бағалау әдісі ретінде тестілеу шамамен 30-шы жылдары қолданылған. Тестке қарсы шығушылардың көп кездесетін дәлел-дәйектерді мынадай негізгі пайымдауларға сүйенеді:
- егер де алынған ұпай саны орта деңгейден төмен болса, тестілерді қолдану жеке адамның мәртебесін кемітеді;
- оқытушыны, оның жеке тәжірбиесін ешқандай да бағалау әдістері ауыстыра алмайды.
Бұл тұжырымдарды оңай жоққа шығаруға болады.
Біріншіден тест әдістерінің мақсаты оқытушыны ауыстыру емес, қайта оған көмектесу, оны үйілген жұмыстан құтқару, оқытудың сапасын көтеруге мүмкіндік беру. Екіншіден, тестілеу теориясы мен практикасы тестер мен сынаушыларға арнаулы ережелер бойынша қарым-қатынасты қалыптастырып, олардың мәртебесінің кемуі мәселесін сол жеке адам пайдасына шешуге мүмкіндік береді.
Тестерді құрастыру барысында мейлінше қысқа да нұсқа жауаптарды қажет ететін тапсырмалар қолданылады, немесе тестер бірнеше жауаптар ішінен дұрыс жауапты тандап алуға негізделген тапсырмалардан құрылады. Жауаптарды іріктеу ыңғайлы болу үшін олар белгілі бір ретпен нақтылы орынға жазылып отырады.
АҚШ-та тандауға берілетін жауаптардың жалпылама санының ең тиімді мөлшерін анықтауға арнайы зерттеулер жүргізілген. Бұл зерттеулерде негізінен жауаптар саны 2-ден 5-ке дейінгі аралықта болу мысалдары (кейбір жағдайларда ғана 7 жауап) қарастырылған, сөйтіп олардың нәтижесінде берілмек жауаптардың ең тиімді саны 5 екендігі анықталған. Дұрыс жауаптың орналасу реті ешбір роль атқармайтыны белгілі. Тестерді қолдану ережелерінде сол тестердің жауаптары, әдетте оқушылар жіберетін қателерді ескере отырып, немесе жиі кездесетін қателерді сипаттайтын материалдарды негізге ала отырып таңдалады.