DElPHI туралы мәлімет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2014 в 10:46, курсовая работа

Описание работы

Обьектіге бағдарлы оқиғалық программалау тілінде программаның жұмысы негізінен оқиғалар тізбегінен және түрлі обьектілердің осы оқиғаларға жауабынан тұрады. Олардың визуальды түрлері – visual Basic тілі Qbasic программалау тілі негізінде, Delphi (Делфи) обьектілі Паскаль (Object Pascal) тілі негізінде Windows операциялық жүйесін басшылыққа алып құрылған (visual - көзбен көру, экрандық). Олар, әсірісе, Delphi программалау тілі - кез-келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл.

Содержание работы

1. Кіріспе
1.1. DElPHI туралы мәлімет
2. Негізгі бөлім
2.1. Дельфидің консольдік режиміндегі жұмыс.
2.2. Графикалық редактор
2.3 Көп парақты тақталар TTABCONTROL
2.4 Басқару батырмалары (tBIT Button/ TSpeed Button/)
2.5 Дәмхананың автоматтандырылған жүйесі
3. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет

Файлы: 1 файл

дамхананы автоматтандыру новый.doc

— 662.00 Кб (Скачать файл)

Өзіндік батырмаларды қолданғанда және жобалағанда келесі батырмаларды ескеру керек, батырмалардағы суреттер батырма түріне қарай әрдайым өзгеріп отыруы тиісті. Мұндай жағдай 4 болуы мүмкін: қалыпты жағдай, батырма жауапсыз, батырма басылған немесе жойылған (соңғысы тек Speed Button батырмасында ғана қолданылады) Осыған байланысты тек 4 суретке дейін ғана жобаланып жасалады,  олар растрдың ұзындығына қарай горизонтальды орналастырады.

TSpeed Button- TBitButton  батырмаларынан  3 аспекті бойынша айрықшыланады:

1) барлық жағдайда белгіленіп  тұрады

2) модальдык терезені  жаба алмайды

3) тыныштықта тұрған батырма  ретінде таңдала алмайды.

Бұл батырманы даралау үшін/ фиксация жасау/, батырма дараланған батырмалар арасында болуы тиіс. Бұл үшін  GroupIndex; Integer; қолданылады, бірақ оның мәні 0 ге тең болмауы тиіс.

 2.5. Дәмхананың автоматтандырылған жүйесі

Программаны сипаттау

Программаны іске қосу үшін café.exe орындалатын файлын жүктеу керек. Экран бетіне  суреттегідей терезе пайда болады. Алдымен тағамдар тізімі мен қызметкерлер тізімін толтырып алу керек. Содан соң келген қонақтарды «қабылдай беруге» болады. Қонактарды жайлау ушін келген клиенттер отырған столдың номерін басу керек ашылған терезеде не жасау керек екендігін келесі бөлімдерде қарастырамыз

Тағамдар мен қызметкерлер тізімін толтыру

Тағамдар тізімін толтыру үшін негізгі терезедегі «Тағамдар тізімі» батырмасын басамыз. Жаңа тағам  қосу үшін қосу өрісін таңдап, берілген екі өрісі толтырып, «Орындау» батырмасын басамыз. Тізімдегі тағамның атауын не бағасын өзгерту үшін, қажетті тағамды таңдап, «өзгерту» өрісін таңдап, өріске қажетті өзгерістерді енгізіп, «Орындау» батырмасын басу қажет. Ал өшіру әрекетін орындау қажетті тағамды тізімнен таңдап, «өшіру»  өрісін аңдап «Орындау» батырмасын таңдау керек.

Қызметкерлер кестесін өзгерту дәл осындай әрекеттер арқылы орындау керек.

Тапсырыс алу

Тапсырыс алу үшін, қонақтар жайғасқан столды шертіп, ашылған терезеде әрі қарай әрекеттерді орындаймыз. Олар мынадай ретпен орындалады: алдымен сол стола қызмет көрсететін адамды бекітеміз, содан соң оң жақ қапталында орналасқан базадағы барлық тағамдардың тізімінен тапсырыс берген тағамды таңдап, қосу батырмасын басамыз. Егер қателесіп, не қонақ тапсырысын өзгерткісі келсе, «Алу» батырмасын қолданамыз, есепті жабу үшін «Есепті жабу» батырмасын басамыз, экран бетіне 3- суреттегідей есеп парағы пайда болады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Қорытынды

Курстық жұмыста қарастырылған мәселе дәмхана әкімшілігінің қызметінің жұмысын автоматтандыру. Жалпы автоматтандыру мәселесі басталғаннан бастап, компютердің барлық мүмкіндіктерін қолдану қазіргі бағдарламашылардың басты мақсаты болып келеді.

Программа құру үшін алдымен оның алгоритмін жасау керек. Менің программамның алгоритмі тағамдардың және қызметкерлердің тізімінен басталады. Тізім арқылы барлық қосымша әрекеттерді орындауға болады.

Алдыға қойылған мақсаттарға жету үшін, алдымен программаның қағаз жүзінде алгоритмін жасап алу қажет. Блок схемалар түрінде не болмаса өзіңізге түсінікті тіл де прграмманың «жоспарын» құру қажет. Программаның жоспарына қателерді өңдеу де кіреді. Өйткені қазіргі кезде қарапайым қолданушылар қай батырманы басқанын да білей қалады. Біздің жағдайда сандарды тексеріп, яғни литерлік шаманы ажырату алгоритмі құрылған. Ол өте қарапайым. Алдымен санды жолдық типке айналдырып аламыз Сандар өте қысқа ке леді. 2-3 символ болуы мүмкін, асып кетсе 6 символдан тұрады. Бұл дегеніңіз мұндай символ дар массивін басқару оңай болады деген сөз.

Программаны әсерлеу үшін соңғы екі аталған программаны пайдаландым.

Веб-парақтар жасау үшін көптеген түрлі формалар бар. Олардың құрылымының күрделілігіне қарай, сонымен қатар тапсырманы шешу ортасына байланысты ажыратылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. В Фаронов. Объектно-риентированная среда Delphi. Версия 6. Учебное пособие. "Русская редакция", 2002.
  2. Я. Н. Глинский, В. Е. Анохин, В. А. Ряжская – TURBO PASCAL 7.0 и Delphi. Учебное пособие. Москва – Санкт – Петербург-Киев. 2001.
  3. Культин Н. Delphi 3. Программирование на Object Pascal. Санкт- 
    Петербург, 1998. -304 с.
  4. Конопка Р. Создание оригинальных компонентов в среде ОеІрһі.Перс англ.Рей.К.:НИПФ «Диа Софт ЛТД», 1996. -152 с.
  5. Орлик С.В. Секреты Delphi на примерах. М.: Бином, 1996. - 136 с.
  6. Нурбекова Ж. Практикум решения задач на Delphi 5.O. Учебно- 
    методическое пособие. Павлодар, 2001. -106 с.
  7. Халықова К.З. Паскаль тілінде программалау. Оқу құралы. Абай ат.ҚазҰПУ. Алматы, 2002. -2106.
  8. Дудина И.П. Построние графиков функций в Delphi. Информатика и образование. №6, 2003, стр.27-31.
  9. Давыдова Е.В., Скородумов И.А., Балаханов В.А. Создание базовых элементов интерфейса Windows программы в среде Delphi. 
    Информатика и образование. №4,5,6. 2002.
  10. Халықова К.З., Ануарбекова Г.Ж. Object Pascal тілі. Delphi ортасы. Оқу әдістемелік құрал. – Алматы: Абай ат.ҚазҰПУ, 2008. – 220 бет.
  11. Б. Д. Сыдықов, Ш. Т. Шекербекова, Н. И. Культин - Delphi ортасында бағдарламалау практикумы

 

 

 

 

 

 

Мазмұны:

Кіріспе................................................................................................................2

1 DElPHI туралы мәлімет.................................................................................3-7

Негізгі бөлім

Дельфидің консольдік режиміндегі жұмыс....................................................8

Графикалық редактор......................................................................................13-28

Көп парақты тақталар......................................................................................28-30

Басқару батырмалары......................................................................................31-34

Дәмхананың автоматтандырылған жүйесі....................................................35-37

Қорытынды............................................................................................................38

Пайдаланылған әдебиет........................................................................................39

Мазмұны ................................................................................................................40

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 



Информация о работе DElPHI туралы мәлімет