Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Сентября 2014 в 15:48, отчет по практике
Графикалық редактор (Графический редактор; graphics editor) –
1) графикалық кескіндермен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін, әрі оларды түзетуге, толықтыруга арналған программа; графикалық ақпаратты редакциялайтын бағдарлама;
2) дисплей бетінде графикалық кескіңдер салу процесін автоматтандыруға арналған бағдарлама;
3) графикалық кескіндерді, көріністерді, суреттерді, сол сияқты мультипликацияны құруға арналған құралдармен қамтамасыз ететін бағдарламалық комплекс. Графикалық редактор дисплей экранында әр түрлі түспен қалам, тышқан және т.б. көмегімен сурет салады. Сондай-ақ редактор дайындалған кескіндерді сақтау, принтермен, жадпен жұмысты ыңғайлау және т.б. жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
1) Графикалық редактор:
а) CorelDRAW;
ә) Adobe Photoshop;
б ) Autodesk 3ds Max;
2) Тәжірибе бойынша берілген нұсқа тапсырмалары;
3) Тәжірибе бойынша орындалған нұсқа нәтижелері;
4) Сұрақтарға жауаптар:
а) CorelDRAW графикалық редакторы бойынша;
ә) Adobe Photoshop графикалық редакторы бойынша;
б) Autodesk 3ds Max графикалық редакторы бойынша;
5) Қорытынды.
Жоспар.
а) CorelDRAW;
ә) Adobe Photoshop;
б ) Autodesk 3ds Max;
а) CorelDRAW графикалық редакторы бойынша;
ә) Adobe Photoshop графикалық редакторы бойынша;
б) Autodesk 3ds Max графикалық редакторы бойынша;
ГРАФИКАЛЫҚ РЕДАКТОР
Графикалық редактор (Графический редактор; graphics editor) –
Тәжірибені өту барысында біз CorelDRAW, Adobe Photoshop, Autodesk 3ds Max графикалық редакторларымен жұмыс жасадық.
CorelDRAW
CorelDRAW — Канадалық Corel корпорациясының векторлық графикалық редакторы. Қазіргі нұсқасы — CorelDRAW Graphics Suite X6, тек қана Microsoft Windowsқа қолжетімді. Одан бұрынғы нұсқалары Apple Macintosh пен Linuxқа да арналып жасалатын. Linuxтың соңғы нұсқасы — 2000 жылы шыққан 9-шы нұсқа. 2002 жылы Macintoshқа арналған 11-ші нұсқасы шықты. CorelDRAW бағдарламалар пакетінің құрамына векторлы графикалық редактордан өзге Corel Photo-Paint растрлі графикалық редакторы кіреді. Екі бағдарламаның да интерфейстері өзара ұқсас, ал мүмкіндіктері бойынша олар бір бірін толықтырады. Осы екі бағдарламаны қолдана отырып кез келген, тіпті, ең қиын деген графикалық жұмысты орындауға болады.
СorelDRAW – машиналық графиканың нағыз шедеврлерін жасау үшін қолданылатын компьютерлік дизайнердің құралы. Түрлі-түсті көркемдеулерді; күрделі сызбаларды, кітаптар мен журналдар мұқабаларын, фотографиялық шын және фантастикалық шын емес бейнелерді жасау үшін; дайын бейнелеулерді редакциялау үшін, графикалық Web-беттерді құру үшін, т.б. жасау үшін қолданылатын қолайлы, игеруге қарапайым құрал. Векторлық графика да қолданылады, оның көмегімен сапаны жоғалтпай, бейнелеуді бірнеше есе үлкейтуге болады, ал мысалы Paint редакторында суреттерді растрлық берілуі кезінде ондай мүмкіндік жоқ. Сorel Draw винчестерде жадының 120-дан 700 МБ алады. Векторлық графика безендіру және сызба бейнелеулерін құру үшін пайдаланылады. Векторлық графикада қисық негізгі объекті болады. Оны үлкейткен кезде векторлық бейнелеулердің сапасы өзгермейді. Мысалы, Сorel-де машина жазба бетінен бірнеше метрлік плакаттарға дейінгі көлемде бейнелеулерді құруға болады. Сorel-ге кіруде экранның ортасында тікбұрыш орналасқан, мұнда өз объектіңді құруға болады. Объектіні беттің сыртында құруға да болады, ал бетті таңдаған беттің форматына өз объектілеріңнің орналасуын және көлемін өлшеу үшін қолдануға болады. Сorel Draw – бірнеше беттен тұрады, оны толықтыруға, жоюға, басқа атпен атауға болады. Клон – оригиналға еңгізелген барлық өзгерістерді қабылдайтын объекттің дубликаты. Свиток – вкладка - әр түрлі эффектерді: бұрылыстарды, айналуларды, түсте өзгертуді, т.б. құру үшін аспаптардың қосымша панелі. Объект – құжаттың фрагменті. Объекттер бір-бірімен қиылысуы, бір-бірінің үстіне жапсырылуы мүмкін, олардың көмегімен түрлі-түсті мәтіндердің комбинацияларын, суреттерді жасауға болады. Интерактивтілік – басқарылатын режім. Интерактивті құралдар өте қарапайым және қолдануға тиімді. Бұрынғы кезде қызметіне бірнеше меню мен терезелерді ашу жатса, бүгінгі күні интерактивті панель көмегімен екі объекттің арасында өткелді құру үшін тышқанмен бір объекттен екіншіге жүргізу жеткілікті. Сorel-де түрлі-түсті модельдер пайдаланылады:
Adobe Photoshop
Adobe Photoshop - суреттерді, мәтіндерді өзгертуге, түрлендіруге, сақтауға арналған ең танымал графикалық бағдарлама болып табылады, ол полиграфиядан интернетке дейінгі қолданылу аясы өте кең растрлі графиканың барлық түрімен жұмыс істейді. Adobe Photoshop графикалық бағдарламасы түстер палитрасымен жұмыс істеуге, суреттерді еңгізуге және шығаруға, контурларын ерекшелеуге, түс тандауға, сурет фильтрін тандауға, өлшемі мен кеңейтілімін өзгертуге, суреттерді түстендіруге және басып шығаруға мүмкіндік береді. Растрлі бейненің негізгі элементі нүкте болып табылады. Егер бейне экранда болса, бұл нүкте пиксель деп аталады. Операциялық жүйе экранның қандай графикалық кеңейтілуін қолдануына байланысты экранда 640х480, 800х600, 1024х768 және одан да көп пиксельдері бар бейнелер орналасуы мүмкін. Бейненің өлшемімен 1 дюймге келетін нүктелер санымен (dots per inch - dpi)(1 дюйм = 25,4 мм) өлшенетін оның кеңейтілуі тікелей байланысты. Толыққанды бейненің полиграфиялық басылымы 200-300 dpi-дан кем түспейтін кеңейтілуді талап етеді. Растрлі бейнелердің негізгі кемшілігі болып детальдарды қарастыру үшін олардың үлкейтілмейтіндігі болып табылады. Бейнені үлкейту барысында нүктелер ұлғайып сурет құрылымын бұзады. Бұл әсер пикселизация деп аталады.
Сурет 1. Adobe Photoshop бағд. бейнесі
Adobe Photoshop интерфейсі бағдарламамен өзара әрекеттесуі әртүрлі деңгейдегі қолданушыларға арналып ойластырылған. Бағдарламамен жұмыс істеу: командаларды тышқанды басу арқылы жүзеге асыру және пернетақтада белгілі бір перне комбинацияларын басу арқылы операцияларды жүзеге асыру. Операцияларды жүзеге асырудың екі түрі де бір бірінен оңайлығымен және функцияны орындау жылдамдығымен ерекшеленеді. Әдеттегідей: бағдарламамен енді жұмыс ісеуді бастаған адам меню арқылы жұмыс істегенді таңдайды, ал маман пернетақта арқылы.
Autodesk 3ds Max
Үш өлшемді графика – ұзындығы, ені, биіктігі бар бейнелердің көмегімен құрылатын графика. Autodesk 3ds Max ( бұрын 3D Studio MAX ) – үш өлшемді модельдеу, анимация, визуализация үшін арналған кәсіби программалық жүйелердің жетекшісі. Бұрыңғы уақытта анимация жасаудың дәстүрлі тәсілі (қарындашпен қағаз бетіне салу) көптеген ай немесе жылдар барысында созылған тынымсыз еңбекті қажет ететін. Себебі, тіпті, бір ғана минутқа созылатын анимациялық фильм жасау үшін мың шақты кадрды қолмен салып шығу қажет болатын. Біздің заманымызда жағдай күрт өзгерген. Кең ауқымды алған дербес компьютер ғалымдар, дәрігерлер, жазушылар және де, әрине, суретшілердің қолында мықты құралға айналды. Autodesk 3ds Max-тың пайда болуымен дербес компьютерде сапалы анимацияны жасау мүмкін болды. Басты кадрлар әдісіне негізделген Autodesk 3ds Max түсінуге жеңіл, соның арқасында ол өздерін анимацияда байқап көргісі келетін адамдардың кең ауқымына колжетімді болып отыр. Autodesk 3ds Max келесі салаларда қолданыла алады:
Тәжірибе бойынша берілген нұсқа тапсырмалары
Сұрақтарға жауаптар
CorelDRAW
CorelDRAW интерфейсі келесі элементтерден тұрады:
Жұмыс өрісі — қолданушы жұмыс жасайтын барлық объектілер көрсетіледі. CorelDRAW бағдарламасында атап өтетін жағдай бірнеше құжатпен бір уақытта Windows (Окно) терезесінің көмегімен жұмыс жасауға болады. Жұмыс жасау аймағы жұмыс столынан және қағаздың бетінен тұрады. Объектілер жұмыс жасау аймағының кез-келген бөлігінде орналаса алады, бірақ баспаға шығару кезінде тек қана беттің шекарасын ғана шығара алады.;
Баспа беті — беттің шекарасын көрсетеді, осы шекараның аймағында қолданушы барлық жұмысты жасауға тиісті, баспаға шығару кезінде осы көрсетілген бет қана шығады;
Терезенің атауы — ағымдағы құжаттың ашуын сипаттайды;
Менюлер жолы (Menu Bar) —CorelDRAW менюін құрайды;
Стандартты құрал-саймандар панелі (Standard) — менюлер пунктінен жиі қолданылатын пункттерді сиаепттайды;
Құрал-саймандар панелі (Toolbox) — объектілерді құру үшін және эффектілерді қолдану үшін сипатталатын негізгі құрал-саймандар панелі;
Қасиеттер панелі (Property Bar) — бұл панельде ағымдағы бейненің параметрлерін сипаттайды;
Бетпен басқару— ағымдағы редакторланып жатқан құжат бетінің тез ашылу навигациясының тобы;
Сызғыштар — курсор мен объектінің позициясын нақты анықтау үшін берілген тігінен және көлденеңінен берілген сызғыштар;
Жылжыту жолағы — қолданушының жұмыс аймағын көрсететін жылжыту үшін қолданылады;
Түстер палитрасы — үнсіздік бойынша жұмыс аймағының оң жағында түстер палитрасы жинақталады;
Жағдайлар жолы (Status Bar) — маустың бағыттауышын көрсететін қалыптың ақпаратын және басқа да ақпаратты береді.
Бағдарламада кез келген объектіні жасап, оны белгілеп, Edit (Правка) | Duplicate (Дублировать) командасын орындасақ немесе осы командаға сәйкес батырмаларды Ctrl+D бассақ, белгіленген объектінің жұмыс аймағындағы копиясын аламыз. Дубльдеу командасы объектінің копиясын алудың ең жылдам тәсілін қамтамасыз етеді, бұл жерде алмастыру буфері қолданылмайды. Дубликат негізгі объектінің барлық атрибуттарын қабылдайды, алайда онымен ешқандай байланыста болмайды. Клондау да белгіленген объектінің жұмыс аймағында копиясын жасайды, бірақ дубльдеумен салыстырғанда, ол бастапқы объект (эталон) пен оның копиясы (клон) арасында байланыс орнатады. Бұл байланыс бастапқы объектіге қатысты қолданылған барлық әрекеттер оның клонына қатысты да қолданылатынын білдіреді. Алайда клонды белгілеп, оның қандай да бір қасиетін өзгертсе, клон мен бастапқы объект арасындағы байланыс осы қасиет бойынша үзіліп, бастапқы объектінің осы қасиетін өзгерту клонға ешқалай әсер етпейді. Кез келген объектінің клонын Edit (Правка) | Clone (Клонировать) командасы арқылы алуға болады.
Белгіленген объектіні кез келген бұрышқа бұру үшін Pick (Выбор) құралын қолдануға болады, ол үшін объектіні шертіп белгілеген соң оны құрал көрсеткішімен тағы да бір рет шерту керек. Сонда белгілеу рамкасының бұрыштық маркерлерінің орнына бұру маркерлері пайда болады. Ал объектінің центрі маркері бұру центрінің маркерімен алмасады. Ендігі ретте кез келген бұру маркерін жылжыту белгіленген объектінің бұрылуына әкеледі. Нүктесі бар дөңгелек түріндегі центрлік маркерді жылжыту арқылы белгіленген объект айналасында бұрылатын центрдің орнын ауыстыруға болады. Маркерді жылжыту барысында Ctrl батырмасын басып тұрсақ, белгіленген объект 15°-қа бөлінетін сандық мәні бар бұрыштарға ғана бұрылады. Бұдан басқа белгіленген объектіні Transformation (Преобразование) терезесіндегі Rotate (Поворот) командасы арқылы бұруға болады. Белгіленген объектінің бұрылуын басқаратын элементтер:
Жай мәтін де пішінді мәтін секілді көпдеңгейлі байланысқан объект болып табылады, тек жай мәтіннің бөлшектеу барысында өтетін деңгейлері пішінді мәтіндікінен көбірек болады. Жай мәтіннің үлкен көлемін бөлшектеу барысында мәтін қатарлары, абзацтар, жолдар, сөздер, символдар секілді құрылымдық бірліктер пайда болуы мүмкін. Оған қоса пішінді мәтінмен салыстырғанда жай мәтін жеке түрде басылым бетінде орналаса алмайды. CorelDRAW бағдарламасында кез келген жай мәтін ерекше объект - рамканың ішінде орналасады.
Character Formatting (Форматирование символов) терезесінде мәтіннің негізгі параметрлері орналасқан: Font (Гарнитура), Style (Начертание), Size (Кегль), Alignment (Выравнивание). Одан басқа қаріптің қосымша өңделуін қамтамасыз ететін параметрлер де бар:
Пішінді мәтінді әрқашан жай мәтінге өзгертуге болады. Ал кері операция әрдайым жүре бермейді. Пішінді мәтінді жай мәтінге өзгерту үшін оны Pick (Указатель) құралын қолданып белгілеп алу керек. Содан соң Text → Convert To Paragraph Text (Текст → Преобразование в простой текст) командасын орындау қажет. Ал жай мәтінді пішінді мәтінге Pick (Указатель) құралымен белгілеп, Text → Convert To Artistic Text (Текст → Преобразование в фигурный текст) командасын орындау арқылы өзгертуге болады. Егер жай мәтін мәтіндік рамкалар тізбегіне кіретін болса немесе оған басқа бір өзгерту қолданылған болса, оны пішінді мәтінге өзгерту мүмкін болмайды. Ал пішінді мәтін көлемді түрге өзгертілген болса, оны да жай мәтінге өзгерту мүмкін болмайды.
Adobe Photoshop
Adobe Photoshop бағдарламасының интерфейсі оның барлық версияларында шамамен бірдей және бас мәзірден, құрал-саймандар панелінен, қасиеттер панелінен, құжат терезесінен, бас мәзірдегі «терезе» бөлімінің қосымша панельдерінен тұрады.