Графические редакторы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Сентября 2014 в 15:48, отчет по практике

Описание работы

Графикалық редактор (Графический редактор; graphics editor) –
1) графикалық кескіндермен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін, әрі оларды түзетуге, толықтыруга арналған программа; графикалық ақпаратты редакциялайтын бағдарлама;
2) дисплей бетінде графикалық кескіңдер салу процесін автоматтандыруға арналған бағдарлама;
3) графикалық кескіндерді, көріністерді, суреттерді, сол сияқты мультипликацияны құруға арналған құралдармен қамтамасыз ететін бағдарламалық комплекс. Графикалық редактор дисплей экранында әр түрлі түспен қалам, тышқан және т.б. көмегімен сурет салады. Сондай-ақ редактор дайындалған кескіндерді сақтау, принтермен, жадпен жұмысты ыңғайлау және т.б. жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Содержание работы

1) Графикалық редактор:
а) CorelDRAW;
ә) Adobe Photoshop;
б ) Autodesk 3ds Max;
2) Тәжірибе бойынша берілген нұсқа тапсырмалары;
3) Тәжірибе бойынша орындалған нұсқа нәтижелері;
4) Сұрақтарға жауаптар:
а) CorelDRAW графикалық редакторы бойынша;
ә) Adobe Photoshop графикалық редакторы бойынша;
б) Autodesk 3ds Max графикалық редакторы бойынша;
5) Қорытынды.

Файлы: 1 файл

отчет.docx

— 661.15 Кб (Скачать файл)

Бас мәзір. Дәл осы жерде көптеген әртүрлі командалардың топтамасы жиналған. Олардың көбісі интерфейстің басқа көрінетін жерлерінде қайталанған не болмаса бұл командаларды белгілі бір батырмалардың қосындысы арқылы орындауға болады. Мәзірдегі барлық опциялар тематикалық түрде орналасқан. Мысалы, Image (Изображение) мәзірінде бейнені жалпы түрде өңдейтін опциялар орналасса, ал Layer (Слой) мәзірінде қабаттармен жұмыс істеуге арналған опциялар жинақталған.

Құрал-саймандар панелі – бұл бағдарламаның барлық негізгі құралдары жинақталған панель. Мұнда орналасқан кез келген құрал белгісінің оң жақ төменгі бұрышында кішкентай үшбұрыш орналасқан. Бұл үшбұрыштың бар болуы мұнда бір құрал емес, құралдар топтамасы орналасқанын білдіреді. Топтаманы қарау үшін батырманы басып, біраз ұстап тұру керек. Мысалы, Brush Tool (Кисть) батырмасын басып тұрсақ Brush Tool (Кисть), Pencil Tool (Карандаш), Color Replacement Tool (Замена цвета) құралдарынан тұратын топтаманы көреміз.

Қасиеттер панелі. Бұл панельде қолданыстағы құралдың қасиеттер тобы жинақталған. Әрине, оның мазмұны сіздің қандай құрал таңдағаныңызға байланысты.

Қосымша панельдер ретінде құрамында көптеген қосымша құралдары мен опциялары бар әртүрлі панельдердің жинағы саналады. Осы панельдердің стандартты және ыңғайлы құрылысына көшу үшін Window (Окно) мәзірін ашып Color (Цвет), Layers (Слои), Navigator (Навигатор) секілді пункттер белгіленіп тұрғанына көз жеткізу керек. Айта кететін жайт, егер құрал-саймандар панелі мен қасиеттер панелі көрінбейтін болса, Options (Опции) және Tools (Инструменты) пункттерін белгілеп шығу керек.

    1. Қабатқа бейненің құрылымдық элементі ретінде анықтама беріңіз.

Қабат – көрші аймақтарды бұзбай бейненің жеке объектілерімен әртүрлі іс-әрекеттерді жасауға мүміндік беретін аса ыңғайлы құрал, бейненің бір немесе бірнеше бөліктері орналасқан жеке бет болып табылады.

    1. Қабаттарды қалай құруға, жоюға, орнымен алмастыруға болады?

Объектіні жеке қабатқа орналастыру үшін кез келген белгілеу құралының көмегімен оны бейненің бетінде белгілеп алып, содан соң тышқанның оң жақ батырмасын басып, пайда болған контекстік мәзірден "Скопировать на новый слой" пунктін таңдауымыз керек. Сонда белгіленген объект өз орнында қалады да, жаңа қабатта оның копиясы пайда болады. Не болмаса "Вырезать на новый слой" пунктін таңдасақ, онда бейнедегі объектінің орны босап, объектінің өзі жаңа қабатта пайда болады. Ал жаңа қабатты құру үшін СЛОИ панелінің төменгі жағында орналасқан "Создать новый слой" батырмасын басамыз. Бағдарлама автоматты түрде ат беретін жаңа қабат пайда болады. Келесі барлық іс-әрекеттер осы жаңа қабатта орындалатын болады. Асқа қабатта жұмыс істеу үшін алдымен оны белсенді ету керек.

Көпқабатты бейнелермен жұмыс барысында олардың орналасу рету өте маңызды орын алады. Жоғарғы қабат түгелімен көрінсе, оның астындағы қабаттың тек кейбір бөліктері жоғарғы қабаттың түссіз аймақтарынан көрінеді. Ал төменгі қабаттардағы объектілер кішкентай болса, олар тіпті көрінбеуі мүмкін. Қабаттарды алмастырғанда жағдай да өзгереді. Қабаттың қатардағы бастапқы орнын өзгерту үшін, оны тышқанмен жаңа орынға жылжыту керек. Мысалы, мәтіні бар қабат алғашқыда фон қабаты мен жоғарғы қабат арасында орналасқантын, сол себепті мәтіннің бір бөлігі көрінбей тұрды. Мәтіні бар қабатты ең жоғарғы қабаттың орнына қойсақ, мәтінді түгелдей көре аламыз.

Қабаттар компьютер жадында орын алады, сондықтан қабат сізге жұмыс кезінде қажет болмай қалса, оны жойып тастаған жөн. Ол үшін қабатты қатарда белгілеп СЛОИ панелінің төменгі жағында орналасқан "Удалить слой" батырмасын басу керек.

 

    1. «Холст» мөлшерін қалай өзгертуге болады?

 

«Холст» - бейненің көрінетін бөлігі. Қалыпты жағдайда «Холст» мөлшері қабаттардың мөлшеріне сәйкес келеді. «Размер холста» командасы оның мөлшерін үлкейтуге не кішірейтуге мүмкіндік береді. Холстты үлкейткен кезде ішіндегі суреттің айналасында бос орын пайда болады, ал кішірейткен кезде көрінетін бөлік кішірейеді, алайда қабаттардағы мәлімет өзгеріссіз қалады. Кішірейту кезінде жаңа холсттың айналасында рамка пайда болып, бейнені осы рамканың ішінде жылжытуға мүмкіндік туады. «Размер холста» командасы «Изображение» мәзірінде орналасқан.  Бұл команда барысында келесідей терезе пайда болады:

Мұнда холсттың биіктігі мен енін таңдауға болады. Қалыпты жағдайда өлшеу бірлігі нүкте олып табылады, бірақ оны басқа өлшеу бірлігіне лде, мысалы, пайызға өзгертуге болады. Егер холсттың биіктігі мен ені арасындағы байланыс үзілмеген болса, онда олардың біреуінің мөлшерін өзгерткен жағдайда екіншісі де қоса өзгереді. Ал байланыс белгісіне басып оны үзу арқылы биіктік пен еннің мөлшерін жеке жеке таңдауға болады. Кеңейтілуді «Размер холста» терезесінде өзгертуге болмайды, ол үшін «Размер при печати» терезесін шақырту керек.

 

    1. Adobe Photoshop құжатын қалай сақтауға болады?

 

Adobe Photoshop бағдарламасында құжатты сақтау келесі тәсілдермен жүреді:

 

1 тәсіл. Файл (File) – Сохранить (Save). Бұл жағдайды бастапқы бейне өңделген бейнемен алмастырылып, бастапқы бейне қандай форматта және қай папкада болса, сол формат пен сол қапшықта сақталады.

 

2 тәсіл. Файл (File) – Сохранить как (Save as). Келесі ашылған терезеде құжатқа ат беріп, ол сақталатын формат пен қапшықты таңдап алу керек.

 

3 тәсіл. Құжатты web үшін сақтау. Егер келесі құжатты интернетке салғыңыз келсе Файл (File) – Сохранить для web-устройств (Save for web) командасын орындаған жөн немесі мына батырмалардың қосындысын да қолдануға болады: (Alt + Shift + Ctrl + F). Ашылған терезеде бейненің сапасын, форматын т.б. таңдап алуға болады.

Содан соң «Сохранить» батырмасын басып, сақтау орнын таңдап, құжатқа ат береміз. Осы жолмен сақталған бейне аз орын алады, сол себепті web парақтың жүктелу жылдамдығын төмендетпейді, алайда бейне сапасы біраз төмен болуы мүмкін.

Формат таңдауға келер болсақ, бейнені ең жақсы сапада сақтағыңыз келсе, jpg форматын таңдап алыңыз. Бұл формат барлық түстер мен реңдерді айқындап, қиын графикалық элементтерді жақсы сапада көруге мүмкідік береді. Бұл форматтың кемшілігі ретінде оның қызыл түске аса сезімталдығын атап өтуге болады.

 

Autodesk 3ds max

1)     Дұрыс дөңгелек пен шаршыны қалай салуға болады?

 

Дұрыс дөңгелек не шаршыны салу үшін біз Сплайндарды қолданамыз. Сплайн дегеніміз кез келген 3D объект не болмаса 2D фигураны салуға арналған үш өлшемді кеңістіктегі қисық сызық. Сплайнды жасау үшін Create панеліндегі Shapes бөліміне ауысамыз.

Қажетті жазық фигураның аты бар батырманы шертіп фигураны құру режиміне ауысамыз, біздің мысалымызда ол дөңгелек пен шаршы. Енді кез келген көрініс терезесінде тышқанның сол жағын басып тұрып фигураны созамыз. Содан соң тышқанның оң жағын басып фигураны құру режимінен шығамыз. Мұнда 3ds Max бағдарламасында жасауға болатын сплайн түрлері көрсетілген:

LINE - сызық

CIRCLE - дөңгелек

ARC - доғал

NGON – бұрыш санын беруге болатын көпбұрыш

TEXT - мәтін

SECTION – кез келген үш өлшемді объектінің қимасын жасауға мүмкіндік береді.

RECTANGLE – бұрыштарын дөңгелектеуге болатын тіктөртбұрыш

ELIPSE - эллипс

DONUT - сақина

STAR – бұрыш санын реттеуге және дөңгелектеуге болатын жұлдыз

HELIX – спираль

 

  1. Мәтінді қалай еңгізіп өңдеуге болады?

 

Autodesk 3ds max бағдарламасында мәтін жазу үшін Create (создать) панеліндегі Shapes (формы) категориясында орналасқан Text (текст) батырмасын басу керек. Ашылған терезеде Text деген бөлімде мәтінді енгізіп, содан соң оның қаріп түрін, Size бөлімінде мөлшерін таңдауға, ал Kerning мен Leading категорияларында сәйкесінше символдар аралығы мен жолдар аралығын өзгертуге болады. Ал мәтінді үш өлшемді қылудың әдістері жетерлік. Оның ең жеңіл және ыңғайлысы – Modify панеліндегі more менюіндегі Bevel модификаторын таңдау.

 

  1. Бір құжаттан бейнені басқа құжатқа қалай енгізуге болады?

 

Бір құжаттан бейнені басқа құжатқа енгізу үшін оны ашудың қажеті жоқ. Ол үшін бейне енгізілетін құжатты ашып пуск не болмаса файл менюінде орналасқан Megre батырмасын басу керек. 2010 жылдан кейінгі бағдарлама версияларында  пуск батырмасының орнына Autodesk 3d Max бағдарламасының логотипі қолданылады..Сонымен Megre батырмасын басып, ашылған тізімде Import  батырмасын таңдаймыз. Сонда браузер терезесі ашылады, қалыпты жағдайда мұнда scenes қапшығы көрсетілген. Онда біз жасаған барлық бейнелер сақталады. Берілген тізімде кажетті бейнені таңдаймыз.

 

 

 

 

Қорытынды

 

Мен бұл тәжірибе барысында Corel Draw, Adobe Photoshop және Autodesk 3ds Max графикалық редакторларымен, оларда жұмыс істеу ерекшеліктерімен танысып, теориялық білімімді толықтырдым. Алған теориялық ақпаратты әр бағарламада тікелей әр түрлі тапсырмаларды орындау арқылы тәжіребелік түрде бекіттім.


Информация о работе Графические редакторы