Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 15:37, курсовая работа
INTERNET желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70-жылдар басында АҚШ қорғаныс министірлігінің APRANET компьютерлік жүйесі болып саналады. Желі нүктелерінің үлкен аумақта шашырап жатқандығына және олардың бір-бірімен қосылу желілерінің күрделілігіне байланысты оның аздаған бөліктері бұзылғанмен сау желілердің өзара байланысы жылдам қайта кұрылып, қалыпты жағдайына келе алатыны айқындалды.
Сурет 11.Encrypted.google.com-
2 Әлеуметтік желілер
Әлеуметтік желіні «әлеуметтік медиа» деп те атайды. Бұл – адамдардың бір-бірімен ғаламтор арқылы өзара байланысын қамтамасыз ететін интернет сайт(тар). Жалпыға ортақ сөзбен айтар болсақ, әлеуметтік желі дегеніміз бұл – адамдар мен олардың бір-бірімен қарым-қатынасы.
Сурет 12.Әлеуметтік желілердің түрлері
Baq.kz - Қазіргі таңда ақпарат тарату
мүмкіншілігі бойынша интернет
торабы алдыңғы қатарға шығып
отыр. Газет, теледидар, радионың түгелге
жуығы интернет торабында сайт
немесе өз парақшаларын ашып,
электронды ақпарат
Ал интернеттегі әлеуметтік желілердің қолданушыларының орта жасы 7-ден 48-ге дейін болып отыр. Қазір кез келген ұялы телефонда әлеуметтік желілерге қосылу үшін қосымша бағдарламалар орнатылатын болды. Кез келген компанияның өз тауарларын жарнамалау мақсатында әлеуметтік желіде парақшалары бар. Тіпті Үкімет мүшелері, көптеген лауазымды тұлғалар интернетте өз парақшаларын, блогтарын ашып, сол арқылы өздерінің қызметіне байланысты ақпарат беріп отырады.
2.1 Әлеуметтік желілердің статистика мәліметтер
Massaget.kz сайтының мәліметтері
бойынша:
– Әр 20 минут сайын facebook-те бір миллион
сілтеме таралады;
– Әр сағат сайын facebook-те 4,5 миллион адам
қандайда бір іс-шараға шақыру алады;
– Әр минут сайын facebook-те 100 мың адам дос
болып қабылданады;
– Барлық қолданушылардың 50 пайызы аптасына
1-5 сағат уақытын әлеуметтік желілерде
сөйлесумен өткізеді;
– Әр секунд сайын 8 адам қандайда бір
әлеуметтік желіге тіркеледі;
– Google-дегі іздеу саны күніне 1 миллиардтан
асады;
– Адам саны жағынан Facebook Қытай, Үндістан
елдерінен кейінгі әлемдегі үшінші «мемлекет»;
– Орта есеппен алғанда әрбір қолданушы
өз аккаунтына күніне 2 рет кіреді;
– Жыл сайын әлемде шамамен 100 адам әлеуметтік
желіде қалдырған хаты үшін өмірден озады;
– Әлеуметтік желілер интернетте уақыт
өткізудің тәсілі саналатын порнографиялық
сайттарды басып озды;
– Әлеуметтік желі әлемдегі әрбір үшінші
жұптың айырылысуының басты себепшісі;
– АҚШ елінде қиылған некелердің 10 пайыздан
астамы әлеуметтік желілердің арқасы;
– Балалардың 80 пайызында әлеуметтік
желілерде өздерінің жеке аккаунты бар;
– Жаңалықтар адамдарға басқа каналдар
арқылы әсіресе, әлеуметтік желілер арқылы
келетін болғандықтан, әлемдік 25 газеттің
24-інде тираж саны азайған;
– Танымал әлеуметтік желілердің көбісі
қолданушының өшірген суреттерін сақтайтыны
анықталды;
– Facebook бар болғаны бір жыл ішінде 200 миллион
қолданушы жинаған, ал теле өндіріске
60 миллион көрермен жинауға 13 жыл уақыт
кетті;
– Бүгінде 5 компанияның төртеуі жұмысшыларды
іздеу кезінде әлеуметтік желілердің
көмегіне жүгінеді.
Ал Қазақстанда
5,6 миллион адам әлеуметтік желілерді
күнделікті пайдаланады екен. Ең танымал
әлеуметтік желілердің қатарында :
-күніне 1 млн 125 мың рет қаралатын
«Мой мир»
(3 миллионнан астам қазақстандықтар тіркелген);
- 558 мың рет қаралатын «Одноклассники»;
-252 мың рет қаралатын «В контакте»;
-410 мың рет қаралатын «Facebook»
-ті жатқызуға болады. Өкінішке қарай,
қазақстандық ешбір сайт, портал мұндай
кең аудиторияны әлі күнге дейін қамти
алған жоқ. Күніне 350 мың қазақстандық
ұялы телефонмен «mail.ru agent»-ті тұтынады.
Әлеуметтік желілердегі әрбір екінші
адам өзі жайында өтірік мәлімет жазатын
көрінеді. Тарқатып айтсақ, олардың 29 пайызы
есімі мен жасын, 23 пайызы отбасылық жағдайын,
22 пайызы түр-әлпеті және қызығушылықтары
туралы, 17 пайызы білімі мен жұмысына қатысты
жалған ақпар беретін болып шыққан.
Қазақстанда интернет қолданушылар көбіне
ресейлік сайттарды қарайтыны және бұл
жайттың тұрақты өсіп келе жатқаны алаңдатады.
Мысалға, Казнеттің ең танымал сайттарын
қарау күніне 100 мыңдай ғана болады екен.
Ал МойМир@Маіl.ru сайтын қолданушылар саны
екі жылда 185%-ға жеткен.
2.2 Зерттеу жүргізу
Осы жүргізген зерттеуімде мынадай қорытындыға келдім:
В контакте әлеуметтік желісі ең ауқымды желі екен. Қолданушылардың 58%-ң тек 20%-ы құжаттармен алмасу яғни, сабаққа керекті ақпараттар алу, ал қалған 38%-ы адамдармен қарым-қатынас жасау үшін пайдаланылады екен;
Mail.ru Agent-ң 5%- ң 4,5%-ы
ақпараттар алмасу үшін яғни,
“почта” арқылы құжаттар
3. Бұлттық құжат сақтау
Бұлттық құжат сақтау — бұл құжат сақтау модельі, интернетте ақпаратты көптеген серверлерде құжаттарды бөліп сақтау арқылы өзінің тұтынушыларына қалаған уақытта құжатпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл құжатты сақтау жүйесінде сіздің ақпаратыңыз бір серверді жалға алу немесе сатып алып меншіктеп сақтау емес. Бұнда сіздің құжаттарыңыз көптеген серверлерде бөлініп сақталынады. Ақпарат әр түрлі серверде сақталынғанмен бірақ тұтынушы түсінігінде үлкен бір виртуалды серверге жинақталынып ақпарат өңделініп, құжатыңыз сақталынып отырады.Ал енді нақты төбеде айтып кеткен мүмкіншіліктерді сізге тегін түрде құжаттарыңызды сақтауға мүмкіндік беретін 5 сайтты назарларыңызға ұсынамын.
1) Google Drive – бұл Google атты алпауыт компанияның шығарған бұлтты құжат сақтау жүйесі. Бұл бұлтты құжат сақтау сайтын қосу туралы ақпарат сонау 2006 жылдары шыққанымен, жақында ғана іске қосылды. Басқа бәсекелестеріне қарағанда бастапқы кеде Google Drive сізге тегін 5 Гб орын, қосымша одан бөлек Gmail поштасына 10 Гб, Picasa сурет сақтауға 1 Гб орын береді.
Арнайы Google Drive-пен жұмыс жасау үшін PC, Mac, Linux немесе мобильді құрылғыларға арналған бағдарламасын жүктеп, орнатып, еркін бұлтты құжат сақтау серверіндегі құжаттармен жұмыс жасай беруіңізге болады. Басып атап көрсететіні бәсекелестеріңнің алдындағы артықшылығы сақтаған құжаттарыңыз Google-дің басқа да ұсынатын қызметтері арқылы құжатты өңдей беретіндігіңізде. Мысалы: Мәтіндік немесе кестелік құжаттарыңызды Google Docs арқылы онлайн өңдей бересіз. Өңделген құжат үлкен виртуалды бұлтты құжат сақтау жүйесі серверінде сақталынады. Одан бөлек құжатты қарапайым браузер арқылы құжатты жүктеп, өңдеп қажет болса өшіріп тастауыңызға болады. Барлық құжаттарды жүктелген, өңделген күні бойынша немесе құжаттың түрін кесте бойынша сорттауға болады.
Ал сіз естімеген болсаңыз мына Google Drive туралы ақпаратты оқып сонда толықтай көшіп кетсеңіз таң қалмаймын. Google Drive-та сканерленген құжаттағы мәтіндерді автоматты түрде танып(распозновать) мәтінге айналдырып беретін мүмкіншілігі қарастырылған.Сайтты қолдану үшін тек Gmail-ға тіркелген логин және құпия сөзіңіз жарай береді. Google Drive-тың веб-беті: https://drive.google.com
Қазіргі таңда Google Drive үш тарифтік жоспарын
ұсынады.
Free – 5 Гб тегін.
Pro 25 – 25 Гб – айына $2.49 төлеуіңіз
керек.
Pro 100 – 100 Гб – айына $4.99 төлеуіңіз
керек.
2) Dropbox – бұл бұлтты құжат сақтау
жүйесінің ең танымал әрі көшбасшысы болып санады. Мұнда құжатпен жұмыс істеу синхронды түрде жүреді. Яғни сіз өзгертке құжат автоматты түрде серверде де өзгертілініп, сақталынып отырады.
Dropbox арнайы бұлтты құжатты сақтау сайтымен жұмыс істеу үшін PC, Mac, Linux немесе мобильді құрылғыларға арналған бағдарламасын жүктеп, орнатып, еркін қалаған уақытыңызда қажеттілігіңізге қарай қолдана бересіз.
Басқа бұлтты құжат сақтаудан Dropbox артықшылығы жеңіл орнатылып, тұтынушыға түсінікті, қолдануға ыңғайлылығында. Құжатты алып Dropbox істеген арнайы Бумаға (Папка) салсақ жеткілікті. Dropbox-тың басқа бәсекелестерінен басымдығы оның құжатпен жұмыс істегенде барлық құжатты толықтай қайта жүктемей,тек құжаттың өзгертілген бөлігін ғана жүктеп өзгеріс енгізіп сақтап қояды. Құжатты сақтауға жүктегенде сығылып жылдам жүктеледі, соның есебінен жұмыс істеу жылдамдығы жоғары. Осындай ерекшелігімен Dropbox басқа бәсекелестеріне қарағанда өте танымал. Dropbox –тың сайты: http://www.dropbox.com
Basic – 2 Гб – тегін. Арнайы жеңілдіктер
арқылы тегін арттыруға болады;
Pro 50 - 50 Гб – айына $9.99 төлеуіңіз
керек немесе жылына $99.00;
Pro 100 - 100 Гб – айына $19.99 төлеуіңіз
керек немесе жылына $199.00;
3) Яндекс.Диск – бұл ТМД бөлігінде
кеңінен тараған өте мықты іздеу жүйесі Яндекс компаниясының өнімі болып саналады. Яндекс ұсынатын бұлтты құжат сақтау сервисін 2012 жылдың 5 сәуірінде іске қосты. Бірақ әзірге бұл қызмет түрін тек арнайы шақырту арқылы қолдана аласыз. Толық тексеруден кейін жалпы барша қолданушыға жалпы қолданушыларға ашық түрде қолдануға беріледі.
“Яндекс.Диск” –та өзіндік ерекшелігімен тұтынушыларының көңілінен шықпақ. Мұнда сіз құжаттың қалаған түрін сақтай аласыз. Мұнда ән, сурет, видео және құжаттардың қалаған түрін сақтай аласыз. Сізге бұлтты құжат сақтау серверлерінен 10 Гб тегін орын беріледі. “Яндекс.Диск” арнайы бұлтты құжатты сақтау сайтымен жұмыс істеу үшін PC, Mac немесе мобильді құрылғыларға арналған бағдарламасын жүктеп құжаттармен жұмыс жасай аласыз. Құжаттарды браузер арқылы да емін-еркін қолданып, қажет болса достарыңызбен де бөлісе аласыз. Егер тез арада сайттың мүмкіншілігін қолданып, құжаттарыңызбен синхронды түрде осында сақтағыңыз келсе шақырту алып тез арада сайттың мүмкіншілігін бағалағыңыз келсе онда өзіңіздің Е-Майл мекеніңізді көрсетілген бөлікке жазып шақырту қалдыру батырмасын басыңыз.“Яндекс.Диск” –тың сайты: http://disk.yandex.ru
5) Box.net – Қазіргі таңда қолдану
жағынан ең тиімді бұлтты құжат сақтаудың бірі болып Box.net саналады. Тек жеке тұтынушы қолданушыларға ұсыныстарынан бөлек, бизнесін жүргізіп отқан ірі компанияларға бизнеске қолайлы файл сақтау жүйесі болып отыр. Сервисті жасаған мамандар API жүйесін де жақсы жетілдірген, сондықтан Box.net сервисін корпоративті жүйемен байланыстыруға болады.Box.net жасаушылардың ақпараты бойынша 120 мыңнан жоғары компаниялар қызметті пайдаланатын көрінеді. Тиісінше басты назарда құжаттардың ұқыпты, артық ешкім сіздің рұқсатыңсыз құжаттарға қол жетпейтіндей болуының қауіпсіздігі басты назарда ұсталады.Box.net-та қазіргі таңда қалаған кеңейтілімді құжатты браузер арқылы көріп, қажет болса офистік құжаттарға браузерде ашып қойып өзгертулер мен толықтырулар енгізіп сақтап қоя аласыз. Қызметті қолдану үшін арнайы бағдарламаны жүктеп оны орнатып отырудың қажеті жоқ, барық іс-әрекеттер браузер арқылы іске асырылына береді.
Жаңа мүмкіншіліктер арқылы сіз құжаттарды көріп ғана қоймай, ол құжатты блогыңызда жариялауға немесе басқа достарыңызға көру, пікір қалдыру немесе өңдеуге рұқсат бере аласыз. Бұл қызмет түрі егер сіз өзіңіздің клиенттеріңізге бір құжатты көрсету немесе түсіндіру үшін өте ыңғайлы болып саналады.Box.net –тың сайты: http://box.com
Box.net бір тегін және екі ақылы тарифтік
жоспары бар:
Personal 5 Гб – тегін;
Business – $15 айына; 3 тен 500 қолданушы
қолдана алады, 500 Гб орын беріледі;
Enterprise – қолданушы саны мен
берілетін орынға қарай баға бекітіледі.
Информация о работе Интернет желісінің студенттерге әсері мен үлесі