Java бағдарламалау тілі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Сентября 2013 в 21:15, контрольная работа

Описание работы

Java – бағдарламашылардың (программистердің) арасында кең таралған, танымал ОБ(объектіге бағытталған) бағдарламалау тілдердің бірі. Sun Microsystems 1995 жылы шығарған Java 1.0 версиясы бағдарламалауда жаңа стандарттар орнатып, революция жасады. Нәтижесінде Web нағыз интерактивті ортаға айналды. Әрине ғаламдық тордың дамуы есептеуіш жүйелердің қалыптасуына үлкен әсерін тигізді. Web пайда болмаған кезде көпшілік қолданушыларда бір-бірімен байланыспаған дербес компьтерлер болған. Ал қазіргі кезде компьтерлердің барлығына жуығы Интернетке қосылған, ал ол, өз кезегінде есептеуіш жүйелердің жаңадан қалыптасуына және ақпатарты бірлесіп қолдануға мүмкіндік береді. Сол жаңа жүйелердің қалыптасуы мен Интернеттің дамуы бағдарламалауда Java-ға негізделген жаңа көз-қарас, шешім алып келді. Бұл тіл тек қана Web-бағдарламалауды жеңілдеткен жоқ, оған қоса желілік бағдарламалаудағы жаңа типке, аплетке, жол ашты.

Содержание работы

1. Java-ға кіріспе
JavaScript
Негізгі операторлар
Мәліметтер типі

Файлы: 1 файл

Java бағдарламалау тілі.doc

— 110.50 Кб (Скачать файл)

                                          Жоспар

 

  1. 1. Java-ға кіріспе
  2. JavaScript
  3. Негізгі операторлар
  4. Мәліметтер типі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Java-ға кіріспе

Java – бағдарламашылардың (программистердің) арасында кең  таралған, танымал ОБ(объектіге бағытталған) бағдарламалау тілдердің бірі. Sun Microsystems 1995 жылы шығарған Java 1.0 версиясы бағдарламалауда жаңа стандарттар орнатып, революция жасады. Нәтижесінде Web нағыз интерактивті ортаға айналды. Әрине ғаламдық тордың дамуы есептеуіш жүйелердің қалыптасуына үлкен әсерін тигізді. Web пайда болмаған кезде көпшілік қолданушыларда бір-бірімен байланыспаған дербес компьтерлер болған. Ал қазіргі кезде компьтерлердің барлығына жуығы Интернетке қосылған, ал ол, өз кезегінде есептеуіш жүйелердің жаңадан қалыптасуына және ақпатарты бірлесіп қолдануға мүмкіндік береді. Сол жаңа жүйелердің қалыптасуы мен Интернеттің дамуы бағдарламалауда Java-ға негізделген жаңа көз-қарас, шешім алып келді. Бұл тіл тек қана Web-бағдарламалауды жеңілдеткен жоқ, оған қоса желілік бағдарламалаудағы жаңа типке, аплетке, жол ашты. 

 

Java-да “аплет” ұғымы  web бетте орындалатын кішкентай  бағдарлама ретінде қарастырылады.  Қолданушының компьютеріне жүктелген  соң, ол браузер арқылы қолданушымен  өзара әрекет жасап, белгілі  бір тапсырмаларды орындайды.

 

1 ActiveX технологиясы.

2 Java бағдарламасы

3  JavaScript бағдарламасы

 

WEB бағдарламалаудың негізгі  мәні дәл сәйкес есептерді  шығару үшін ең тиімді технологиясын  таңдау.  Көп жағдайда мұндай  кезде бағдарлама жасаушы дизайнерлер  өзінің ең жақсы көретін технологияларын таңдайды. Шындығына келсек әр технологияның өз жетіспеушілігі, әрі өз артықшылықтары бар.

4 кесте - Клиенттік  тарапынан қолданатын бағдарламалық  жабдықтар тізімі 

Клиенттік тарапынан

Серверлік тарапынан

Қосымша көмекші жабдықтамалар

Сценария және GUI бағдарламасы

Броузер интерфейсінің  бағдарламалық бағдарламасы:

– Netscape ауыспалы модульдер

– Басқару элементтері ActiveX

 – Java апплеттер 

– Тілдік сценариялар

– JavaScript

– VBScript

Сервер интерфейсінің  бағдарламалық бағдарламасы:

– Apache модульдері

– ISAPI кеңейіткіштер және сүзгілер

– JAVA апплеті

Сервер сценариясы

– Active Server Pages (ASP/ASP.NET)

– Gold Fusion

– PHP


ActiveX технологиясы.

Компоненттік объектілердің  үлгілерін интернет тарапынан жобалауға  арналған (Component Objec Model, Com)–бұл Microsoft технологиясының компоненттері,  WEB басқару элементтерін және компоненттерін құруға арналған. Бұл элементтерді ActiveX интернет жүйесі ішінде таратады және Internet Explorer–ге жаңа функциональды мүмкіндіктерді береді. ActiveX басқару элементтері Netscape ауыспалы модульдерін еске түсіреді. Ресурстарды қолдануда қиындық туындамайды. Компоненттер автоматты түрде орнатылып, жүктеледі.

Басқару элементтеріне қауіпсіздік  шаралары онша үлкен емес блок кодтары  потенциальды түрде жүйелі орналасу мүмкін, олар бағдарламаға қиындықтар туғызады. Әрине қолданушы кез–келген сәтте функция орындау үшін түймеше орналастыру мүмкін. Бұл жүйеге және бағдарламаға көптеген қателер туғызатын болады. Мүмкін бағдарламаның ары қарай жұмыс жасауына күрделілік тұғызады.

WEB-парақтарға ActiveX басқару элементтерін  қолдану кезінде <object> тәгілерін  қолданады. Мысалға, төменде жазылған  код параққа Flash файлын қолдану  мүмкіндігін береді:

<object classid=”clsid:d27cdb6e-ae6d-11cf-96B8-444553540000”

Codebase=”http://download.macromedia.com/pub/shockwave/cabs/flash/

Swflash.cab#version=5.0.0.0”

Width=”406” height=”59”>

<param name =”movie” value=”welcome.swf”/>

<param name=”quality” value =”high”  />

<param name =”scale” value =”exactfit”/>

<strong> кешіріңіз сіздің броузеріңізде орналаспаған

ActiveX! </strong>

</object>

Белгі-кодтық ActiveX сертификаттары.

Броузерде берілген қысқаша  хабарлама, қолданушыда компоненттің жоқ екендігін хабарлайды. Бірақта  хабарлама шықпас бұрын парақтағы  қателіктерді алтернативті технологиялар көмегімен жөнделген болуы қажет. Мысалға, ауыспалы модульдер <embed> тәгілермен қамтамасыз етеледі.

Ескерту: Егер сайтқа аталмыш  басқару элементтерін қолданатын болса альтернативті Netscape броузерлеріне қолдануды ұсыныс етеміз.

Java

ActiveX басқару элементтерін қолданудағы кемшілігі оның Netscape ауыспалы модульдерін қолдану және белгілі операциялық жүйелер негізінде жұмыс жасау болып табылады. Әр адам әр түрлі операциялық ортада жұмыс жасайды. Сондықтан олардың барлығына ортақ жұмыс жасай алатын технология Java болып есептеледі.

Java бағдарламасы Sun Microsystems компаниясының технологиясы Internet базасына  негізделген платформалық өңдеу  бағдарламаларына қолданады. Өзіндігімен  тәуелсіз жұмыс жасай алады,  ешбір платформаға бағынбайды, бағдарламалык кодты бір мәрте жазуға болады сол жазылған код кез–келген бағдарламалық ортада өз бетінше жұмыс жасай алады. Көптеген сайттарда Java технологиясын аздап қолданады,  оларды бағдарламада апплет деп атаймыз Олар тек броузерде орындалып және жаңа функциональдық мүмкіндіктер қосып орындап сол ортада жүктеледі. Java–да апплеттер кодтар арқылы жазылады және машинаға тәуелсіз машиналық байттарда формалық .class файл түрінде компиляцияланады. Үрдіс жылдам болған күннің өзінде де бағдарлама өте акырын жүктеледі. Жалпы бағдарлама жасаушылардың пікірі боынша Java мүмкіндігі мол өте акырын бағдарлама деп айтылады. Шынына келсек Java ақырын емес оның интерпретациялық машина тіліне аударлуы өте күрделі үрдіс. Бағдарламаны жаңа ортада жүктеседе ол өз ортасы арқылы жүктелетін жағдайы жоқ емес.

 

JavaScript

JavaScript  Java бағдарламасына  еш қандай қатысы жоқ. Бұл  бағдардама клиенттік тарапынан  берілген негізгі тілдердің бірі. Алғаш Netscape компаниясы Navigator–лар  үшін жасап шығарған соңғы  жылдары бұл бағдарлама ерекше даму үстінде, қазіргі кезде барлық мүмкін болатын бағдарламалық ортада жұмыс жасауда. JavaScript–ті ECMAScript форма түріндегі стандарттын осы күнге дейін кең қолдануда.

Сіздер үшін массивтік  кеңейтілуі «length.Его» атауымен анықтауға  болады. Оның маңыздылығы - массив элементін қолдан санау емес және бағдарламаның түр сипатын өзгерту емес, тек тікелей автоматты түрде  қолданылуында.

5 кесте  JavaScript салыстыру  операторын төмендегідей көрсетейік:

 

             ==

тең

(қатарынан екі тең)

!=

тең

>

үлкен

>=

үлкен және тең

<

кіші 

<=

кіші және тең


 

Басқа тілдерден артықшылығы

Java шынында да желілік  ортада құнды құрал болып табылады. Бірақ ол тек онымен шектеліп  қалмайды. Java тілі әртүрлі бағдарлама  жасау үшін қолданылатын универсалды  тіл. Оған қоса Java платформаға тәуелсіз проектер жасау үшін қолданылады. Бағдарлаудың қарапайымдылығы және қауіпсіздік амалдары тез және түсінікті код жазуға мүмкіндік береді. Басқа бағдарлау тілдерінде кеңінен тараған қателер Java бағдарламаларында болмайды. Десекте, барлық ішкі әдіс-амалдарына қарамастан Java бағдарлау тілі қарапайым, үйренуге оңай тіл. 

 

Артықшылықтары:

  • Архитектураға тәуелсіз
    • Интернет бағдарламалар үшін мінсіз
    • Бір рет жазылған код басқа жерлерде орындалады
  • Көп ағымды
    • Бағдарламалар желі арқылы тапсырманы орындай алады
  • Динамикалы
    • Код қажет болған жағдайда ғана қолданылады
  • ООП-ның бар болуы
    • Java бағдарлау тілі қазіргі ООП негізіне сәйкес бағдарламалар жазу үшін қолданылады
  • Жад басқарылмалы
    • Жад автоматты түрде бөлінеді
    • “Garbage collector” қолданылмайтын жадты өшіріп отырады
  • Сенімді
    • Қатты типтелген
    • Көрсеткіштер жоқ (С бағдарлау тілін өткенде түсінесіздер :-))
  • Қарапайым
    • Бір-бірімен өте жақсы қиысқан тілдің элементтері оның қолданысын жеңілдетеді.

 

 

Java бағдарлау тілі – ол JDK (Java Development Kit). Яғни, бағдарлау тілі бір-бірімен топтасқан көптеген кішкентай бөлшектерден, класстардан, тұрады. Демек, Java-да жазылған бағдарламалар, негізінде, осы класстардың жиынтығын, пакеттерді, қолданады. 

 

Сонымен, Java-да бағдарлау кезінде қолданылады:

  • Java-ның страндартты пакеттеріндегі класстар
  • Өзіміз жаңадан жазған класстар
  • Басқалардың көпшілік үшін жазған класстары

 

 

Java-да бағдарламаның  жазу процессі:

  • Жазу: .java файлын жазу арқылы өзіміздің классты анықтаймыз.
  • Компиляция: жазылған .java файлды Java компиляторына жіберіп .class файлды аламыз.
  • Орындау: пайда болған .class файлды Java интерпретаторына кодты орындау үшін жібереміз.

 

 

Java компиляторы – жазылған кодты  орындау үшін дайындайды және  байт-коды бар .class файлды шығарады. Егер компиляция кезінде қателер  болса, онда кодтағы қателерді түзетіп қайтадан компиляциядан өткізу керек.  

 

Байт-код – Java виртуалды машинасында  орындалатын оңтайландырылған нұсқаулардың жиынтығы. Яғни, JVM байт-кодтың интерпретаторы. Бұл әдіс басында әдеттегіден  тыс болып көрінуі мүмкін, өйткені қазіргі кездегі бағдарлау тілдерінің компиляторлары байт-кодты шығармай бірден орындалатын кодты шығарады (.exe). Бірақ бұндай әдістің өзіндік артықшылықтары бар және жылдамдық ерекшеліктері зор емес. 

 

Java интерпретаторы (JVM – Java Virtual Machine) – .class файлды оқып оны компьютерге түсінікті тілге аударады, яғни бағдарламаны орындайды.

 

 
Негізгі операторлар

1. Арифметикалық операторлар 
2. Логикалық және салыстыру операторлары

Арифметикалық операторлар

Java-да математикадағыдай  қарапайым арифметикалық амалдар  орындалады. Төмендегі кестені қараңыз.  

 

Оператор

Арқаратын қызметі

+

Қосу

-

Азайту

*

Көбейту

/

Бөлу

%

Қалдықты табу


 

 

+, -, *, / амалдары алдыңғы бөлімде өткен сандық типтерге (бүтін сандар, бөлшек сандар) қолданылады. Сонымен қатар басқа типтерге де қолданылуы мүмкін ( char ). Арифметикалық оперциялар қарапайым және түсінікті болғанына қарамастан, бағдарламау тілдерінде, оның ішінде Java тілінде, өздерінің ерекшеліктері бар. 

 

Біріншіден, егер бөлу ( / ) операторы бүтін сандарға қатысты қолданылса, онда бөлінді бүтін сан болады, яғни қалдық қарастырылмайды. Мысалы, 19 / 4 өрнегінің мәні 4-ке тең, өйткені бүтін санды тип тек бүтін сандарды сақтайды. Ал егер де 4,75 мәнін алғымыз келсе, ондаdouble немесе float бөлшек сан типтерін қолданған жөн. 

 

Екіншіден, егер бөлу амалы  кезінде қалдықты табу керек болса, онда % операторы қолданылады. Бұл оператор Java-да басқа тілдердегідей жүзеге асады. Мысалы, 19 % 4өрнегінің мәні 3-ке тең. Қалдықты табу операторы тек бүтін сандарға ғана емес, бөлшек сандарға да қолданылады. Демек 19.0 % 4.0 өрнегінің нәтижесі 3.0 болады.  

 

Кейбір жағдайларда айнымалыға арифметикалық амалдарды орындап, нәтижені сол айнымалыға теңестіру қажет болады: х = x + 19. Бұндай жағдайларда өрнектің қысқартылған түрін пайдалану ыңғайлы: x += 19 (яғни оператор тең белгісінің алдына қойылады, -=, *=, /=, %=). 

 

Айнымалыны бірге қосу және азайту көп қолданылатындықтан x = x + 1 немесе x += 1 жазуының орнына x++ өрнегін  жазу өте ыңғайлы (азайту үшін x--). Бұл  операторлар инкремент (++) және декремент (--) деп аталады. Инкремент және декремент операторлары префиксті немесе постфиксті бола алады. Мысалы, x = x + 1 өрнегін х++ (постфиксті) немесе ++х (префиксті) түрінде жазуға болады. Бұл екі инкремент түрлері айнымалыны бірге арттырады, ал олардың айырмашылығы тек қана қолданылуында. Префиксті түрі қосуды бірінші орындаса, постфиксті түрі бірінші болып ескі мәнді қайтарады.

Логикалық және салыстыру  операторлары

Салыстыру операторларының  логикалық операторларынан айырмашылығы сол, біріншілері мәндердің арасындағы қатынасты анықтаса (үлкен, кіші, т.с.с), екіншілері салыстыру кезіндегі логикалық мәндерді біріктіреді (ақиқат немесе жалған). Салыстыру операторы мен логикалық операторының қолданысының нәтижесі boolean типті мән болады (ақиқат немесе жалған). 

 

Оператор

Салыстыру қатынасы

==

тең

!=

тең емес

>

үлкен

<

кіші

>=

үлкен немесе тең

<=

кіші немесе тең


 

 

Салыстыру операторы  барлық сандық типтерге және char типіне қолданыла алады. 

 

Оператор

Атқаратын амалы

&

және

|

немесе

&&

қысқа формалы және

||

қысқа формалы немесе

!

терістеу

^

XOR


 

 

Логикалық операторының операндтары boolean типті айнымалылар болуы шарт. 

 

a

b

a & b

a | b

a ^ b

! a

true

true

true

true

false

false

true

false

false

true

true

false

false

true

false

true

true

true

false

false

false

false

false

true

Информация о работе Java бағдарламалау тілі