Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Сентября 2013 в 21:15, контрольная работа
Java – бағдарламашылардың (программистердің) арасында кең таралған, танымал ОБ(объектіге бағытталған) бағдарламалау тілдердің бірі. Sun Microsystems 1995 жылы шығарған Java 1.0 версиясы бағдарламалауда жаңа стандарттар орнатып, революция жасады. Нәтижесінде Web нағыз интерактивті ортаға айналды. Әрине ғаламдық тордың дамуы есептеуіш жүйелердің қалыптасуына үлкен әсерін тигізді. Web пайда болмаған кезде көпшілік қолданушыларда бір-бірімен байланыспаған дербес компьтерлер болған. Ал қазіргі кезде компьтерлердің барлығына жуығы Интернетке қосылған, ал ол, өз кезегінде есептеуіш жүйелердің жаңадан қалыптасуына және ақпатарты бірлесіп қолдануға мүмкіндік береді. Сол жаңа жүйелердің қалыптасуы мен Интернеттің дамуы бағдарламалауда Java-ға негізделген жаңа көз-қарас, шешім алып келді. Бұл тіл тек қана Web-бағдарламалауды жеңілдеткен жоқ, оған қоса желілік бағдарламалаудағы жаңа типке, аплетке, жол ашты.
1. Java-ға кіріспе
JavaScript
Негізгі операторлар
Мәліметтер типі
Мәліметтер типі
Мәліметтер типі – белгілі бір мәндердің жиынтығы. Мысалы, бүтін сандардың жиынтығы (Z) немесе нақты сандардың жиынтығы (R).
Java – қатты типтелген
бағдарламау тілі. Демек барлық
айнымалылардың анықталған
1. Бүтін сандар (Integers)
2. Өзгермелі нүктесі бар
типтер (Floating-Point)
3. Символдар типі (Characters)
4. Логикалық тип (Boolean)
Бүтін сандар (Integers)
Математикадағыдай Java-да бүтін сандар бөлшек бөлігі жоқ сандар. Java тілінде бүтін сандар үшін 4 тип қарастырылған.
Тип |
Жадтағы орны |
Анықталу облысы, [ ] |
int |
4 байт |
–2,147,483,648; 2,147,483, 647 |
short |
2 байт |
–32,768; 32,767 |
long |
8 байт |
-9,223,372,036,854,775,808; 9,223,372,036,854,775,807 |
byte |
1 байт |
–128; 127 |
Көп жағдайда int типі тапсырманы шешу үшін жеткілікті болады. Бірақ егер бағдарлама үлкен сандармен жұмыс істейтін болса, онда long бүтін сан типін таңдасақ болады.
Өзгермелі нүктесі бар типтер (Floating-Point)
Өзгермелі нүктесі бар типтер, яғни нақты сандар, бөлшек бөлігі бар сандарды сипаттайды. Бұл мәлімет типінің екі түрі бар.
Тип |
Жадтағы орны |
Анықталу облысы, [ ] |
float |
4 байт |
шамамен ±3.40282347E+38F |
double |
8 байт |
шамамен ±1.79769313486231570E+308 |
Байқасаңыз double типі float-қа қарағанда екі есе көп орын алады. Демек double типі санды екі есе дәлдікпен көрсетеді.
Символдар типі (Characters)
Символдар типі char кілт сөзі арқылы белгіленеді және 1 байттық символдар мен әріптерді сақтай алады.
Логикалық тип (Boolean)
Логикалық типтің екі ғана мәні бар: true (ақиқат) және false (жалған). Бұл тип логикалық шарттарды бағалау үшін қолданылады. boolean кілт сөзі арқылы белгіленеді.
Мәліметтер типтерімен танысқаннан кейін сол типтерге тиісті мәндерді сақтайтын айнымалылар керек. Ал кез-келген айнымалының өзіндік типі болу керек. Сонымен айнымалыны жариялау үшін алдымен оның типін содан кейін айнымалының атын жазамыз. Мысалы:
double zhalaky;
int demalysKunderi;
boolean bitti;
Естеріңізде болса барлық командалар үтір нүктемен аяқталады.
Айнымалының аты кез-келген әріптерден, “_” және “$” символдарынан басталуы мүмкін. Бірақ сандардан бастап жазуға болмайды. Және кез-келген ұзындықта бола алады. $2, ComputeArea, area, radius және showMessageDialog деп айнымалыны атауға болады. Бірақ 2A және d+4 деп айнымалыны атай алмаймыз. Java символдардың регистріне сезімтал тіл болғандықтан x және X айнымалылары екі бөлек болады.
Және айнымалылар келесі кілт сөздер бола алмайды.
abstract default goto package this
assert do if private throw
boolean double implement protected throws
break else import public transient
byte enum instanceof return true
case extends int short try
catch false interface static void
char final long strictfp volatile
class finally native super while
const float new switch
continue for null synchronized
Айтқандай айнымалылар бағдарламада мәліметті сақтау үшін қолданылады. Мысалы келесі бағдарлама шеңбердің ауданын есептейді:
class ComputeArea {
public static void main(String args[]) {
int radius = 1;
double area = radius * radius * 3.14159;
System.out.println("The area is " + area + " for radius " + radius);
}
}
main() методының ішіндегі кодқа тоқталайық. Бірінші жолда radius деп аталатын бүтін сан типі айнымалыны жариялап оны 1-ге теңестірдік: radius айнымалысы 1 деген санды сақтайды. Келесі жолда бөлшек типті area айнымалысын жарияладық және шеңбердің ауданын табу формуласына теңестірдік. area айнымалысының типі неге double екендігі түсінікті шығар?! Десекте, шеңбердің ауданын табу формуласы (PI*R^2) нақты санды қайтарады (бүтін санды бөлшек санға көбейткенде бөлшек сан шығады). Ал егер шеңбердің ауданын сақтайтын айнымалы бүтін сан типті болса, онда есептеу нәтижесінің бөлшек бөлігін жоғалтамыз. Ал ол есептің жауабымен сәйкес емес.
Қолданылған әдебиеттер
1. Брюс Эккель. Философия Java. 3-е изд. СПб.: Питер, 2003.
2. Жерздев С. B.Java 2 Micro Edition. ИТЛаб, ННГУ, ВМК, 2003.
3. Вартан Пирумян. Платформа программирования J2ME для портативных устройств. КУДИЦ-Образ, 2002.
4. Кен Арнольд, Джеймс Гослинг. Язык программирования JAVA. СПб.: Питер, 1997.
5. http://javapower.da.ru/
6. http://www.purejava.ru/