Экономикадағы ақпараттық процестер және оларды автоматтандырудың қажеттілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2014 в 14:32, лекция

Описание работы

Қазіргі кезеңдегі қоғам ақпараттық қоғам деп аталады. Мұның өзінде қоғамның елеулі бөлігі ақпаратты, сондай-ақ оның ең жоғарғы нысаны – білім шығарумен, сақтаумен, өңдеумен және сатумен айналысады екен. Ал қоғамның ерекшелігіне ақпараттың үздіксіз алмасуы жатады.
Компьютерлік техника мен телекоммуникациялардың кеңінен дамуы бұрынғымен
«Ақпарат, ақпараттандыру және ақпаратты қорғау туралы» республикалық заңда ақпарат деп адамдар, заттар, фактілер, оқиғалар мен процестер жөніндегі берілген түріне қарамастан мәлімет аталады. Әр түрлі теориялар мен тұжырымдамаларда, мысалы, экономист Фрэнк Найттың пайда теориясында, сондай-ақ инженер және математик Клод Шенноның ақпарат теориясында ақпаратқа белгісіздік пен тәуекелді төмендететін құрал деген анықтама беріледі.

Файлы: 1 файл

Жаңа ақпараттық технологиялар экономикада.doc

— 282.50 Кб (Скачать файл)

Дәріс № 8. Тақырыбы: АУДИТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТIҢ АҚПАРАТТЫҚ  ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

Аудитті кезеңдер бойынша компьютерлендіру жүйесі жүйенің қолданушылары сәйкес деңгейдің тіркелген қол жетімділігіне ие болатын желілік сәулет пен бірыңғай базада сақталатын барлық ақпараттарды қолдануды ұсынады.АҚ КАЖ шарттарындағы аудитор жұмысы технологияларының үш кезеңі ерекшеленеді:

  • дайындық кезеңі;
  • тексеру жүргізу;
  • аяқтау кезеңі.

Дайындық кезеңінде мәліметтер базасына клиент туралы ақпарат, негізгі кітаптағы мәліметтер, бухгалтерлік есептің көрсеткіштері және т.б. ақпараттар жазылады. Бухгалтерлік есеп жүйесі және  аудит жүргізілетін тұлғаны ішкі бақылауларды деректерді компьютерлік өңдеу жүйесі (ДКӨ) арқылы аудитор орындайды.

Аудитті есептер комплексі бойынша компьютерлеу жүйесі екі класқа бөлінеді:

  • ішкі аудиттің компьютерлік жүйесі;
  • сыртқы аудиттің компьютерлік жүйесі.

Ішкі аудиттің компьютерлік жүйесі маманданған және ол белгілі бір ұйымдардың ерекшеліктерін көрсетеді. Жүйе екі есептік кешеннен тұрады:

  • «Құжаттама» комплексі, бухгалтерлік құжаттамалар мен есеп берулердегі қаржылық-шаруашылық операцияларды тексеру дұрыстығын сипаттауға арналған.
  • «Кеңес беру» кешені, кәсіпорының есеп беруі негізінде оның даму бағытын анықтауға мүмкіндік береді.

Сыртқы аудиттің компьютерлік жүйесі әмбебаптығымен ерекшеленеді. Ол кез келген обьектке сыртынан жүгінеді, сондықтан жалпы стандарттарды ескеріп, клиент компьютерлерде операциялық ортаны баптау қабілеттілігіне ие болуы қажет. Кез келген ақпараттық жүйе сияқты атқарымдық және жабдықтау бөлімдерінен тұрады.

  1. Жергілікті атқарымдық жұмыс орны. Бұл технологияда әрбір жұмыс орнындағы компьютерлер толық дербес автономды жұмыс істейді әрі әрқайсысында тұтас деректер қоры сақталады. «Файл-сервер» технологиясы. Бұл технологияны пайдалануда ақпараттарды өңдеу жұмыс орындарындағы жеке компьютерлерге орталықтандырылған.
  2. «Клиент-сервер» технологиясы. Бұл технология үлкен көлемдегі өнімсіз ақпараттың ағымдарын желі арқылы өткізіп отыру. Бұған қол жеткізу программаның екі бөлігінде орындалады:
  • клиенттік;
  • серверлік.
  1. Толық ортақталындырылған оңдеу моделі. Модельде барлық есептің шешу тәртібі ортақтандырылған компьютерде орындалады. Жұмыс істеу жүйесі үлкен ЭЕМ-де орындалады. Оған көптеген терминалдар, клавиатуралар т.б. қосылады.

Аудитор аудит жұмысын жүргізген кезде жүйенің программалық құралдары келесілерді қамтамасыз етуі керек:

  1. экономикалық субъект мәліметтер базасының бухгалтериясында

қалыптасқан мазмұнына талдау жасау.

  1. экономикалық субъект  бухгалтерлік есеп тіркеуінде орналасқан көрсеткіштерге бақылау жасау.
  2. бухгалтерлік есептің автоматтандырылған жүйесінде қолданатын алгоритмдерді тестілеу.
  3. алғашқы құжаттамаларды өңдеу барысында бухгалтерияда құралған деректер қоры немесе бухгалтерлік тіркеу деректері бухгалтерлік есеп формасында орналасқан көрсеткіштерсәйкестігін бақылау.
  4. ҚР-да бухгалтерлік есеп және аудитте жарияланатын, құқықтық нормативтік актілер облысындағы анықтамалық-іздеу ақпарттық жүйелерінің мүмкіндіктерін қолдану.
  5. аудиторлық құжаттаманың қалыптасуы (қорытынды және жұмыстық).

Офистік программаларға кестелік процессорлар, деректер қорын басқару жүйесі және мәтіндік процессорлар.

Құқықтық-анықтамалық жүйе. Іздеушілік және сервистік программалар құралдарымен байланысқан, өңделген және жедел жаңаратын құқықтық ақпараттан тұратын жүйе. ҚАЖ-ға қойылатын негізгі талаптар:

Құрамының толықтығы бұл көпшілік қолданушылардың жұмысының барлық қажетті құжаттарынан тұратын жүйені білдіреді.

Ақпаратты толық заңды өңдеу - мұнда жүйе әр құжатқа толық заңды ақпаратты беруі керек.

Толық іздеу - бұл жерде жүйе жүйеден құқықтық ақпаратты іздеудің толық мүмкіндіктерімен қамтамасыз етуі керек. (Реквизит, контекст, класификатор, жағдай бойынша іздеу).

Құқықтық және сонымен байланысты экономикалық ақпараттың толық спектрі.

Толық біріктіру - жүйеде бірлік және гипермәтіндік кеңістік болуы қажет. Бұл жаңа құжаттарды іздеу ыңғайлылығымен және ақпаратты өңдеу эффективтілігімен қамтамасыз етеді.

Аудиторлар бухгалтерлік программаларды екі бағытта пайдаланады:

  1. Аудиторлық тексеру жүргізілгенде –яғни программаның дұрыс қолданылуын бағалау.
  2. Қызмет көрсету аясында – бухгалтерлік есеп-қисапты қалпына келтіру.

 

 

 

Дәріс № 9. Тақырыбы: БАНК АҚПАРАТ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕ РІ

Депозиттерді сақтандыру жүйесінің қызметі мынадай, сақтандыру премиясын төлеу арқылы ұйымдастырылған арнайы фондтан, банк банкротқа ұшыраған жағдайда салымшыларға төленеді.

Капиталға талап қою дағдарысқа  ұшырамау үшін, меншік пен қарыз арасында қолайлы байланыс орнатуға бағытталған.

Банк реттейтін тағы бір элемент, банк жағдайының мониторингі (қадағалау), әкімшілік және оперативті шара қолдану арқылы қауіп деңгейін төмендету. Мониторингтің мақсаты нәтиже алу ғана емес, банк міндеттемелерін сапалы бағалау. Егер мониторинг шығынынан өтімділік көп болса, онда мониторинг енгізу қолайлы болады.

Қоржындық шектеу құнды қағаздар нарығында сауда банктерінің әрекеттеріне қауіп келтірмес үшін қолданады. Сондықтан көптеген банктер инвестициялық және саудалық болып бөлінеді.

Аутсоринг дегеніміз қандай да бір қызметті, мысалы, банк операциясын автоматтандыруды сыртқы орындаушыға беру.

Банк бизнесінің дамуының және ақпараттық – технологиялық шешімдерді таңдау бағыттарын қарастырайық.

Біріншіден, клиенттік бәсекелестіктің артуы, әсіресе сапалы клиентке.

Банктердің нарық және клиенттер жайлы ақпаратты көп болуы тиіс, клиенттердің сұранысына оңай әрі жылдам әрекет етуі қажет, клиент талаптарын жобалау және осыларды ескере отырып жаңа өнім шығару тиіс. Бұл тек жекелеген бизнеске, дамып келе жатқан банктерге қатысты.

Екіншіден, несиелік қауіпті кешенді басқаруды қамтамасыз ететін жүйеге қызығушылықтары артты.

Үшіншіден, ірі несиелік кәсіпорынның, банктің, барлық жұмысын қамтитын қазіргі заманға сай  ақпарттық жүйені енгізу.

Төртіншіден, стратегиялық басқару және жоспарлау мәселесі.

Банктер технология жағынан  артта қалдырмау үшін,  бизнестің таңдалған бағытын автоматтандыру қажет. Технология жағынан жоғары банктің бәсекелесу қабілеті де жоғары болады.

Аутсорингті қызмет, банктің вексельдермен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ақпараттық технологияларды жобалау және сатып алу үшін банктің әзірлемеуші - фирмаға бет бұруын демейді. Нақтылы банктің әрекетіндегі жаңа функция сыртқы орындаушы мен оның ресурстарымен орындалады, бұл оның жүзеге асырылуының ең тиімді тәсілі болып табылады

Ағымдағы мәліметтерді оперативті өңдеу үшін OLTP (On - Line Translation Processing – процессы транзакций в линий связи) жүйесіндегі мәліметтер базасы қолданылады. Олар базадағы ақпараттың әрдайым жаңартылуына негізделеді, мәліметтер әрдайым қосылып, жойылып, түзетіледі. Транзакция дегеніміз базадағы мәліметтер құрамының қысқа уақыт ішінде өзгеруі мен байланыс линияларымен (сұраныс – орындау – жауап) әрекеттесуі.

Сақтау орны (хранилище) – пәндік аймаққа бағдарланған, мәліметтерді теру хронологиясы демейтін, өзгермейтін, біріктірілген. Ол мәліметтер базасымен салыстырғанда мәліметтердің  неғұрлым үлкен көлемімен жұмыс істейді де, ұйымдардың күрделірек жүйесіне ие. 

Үйымдар – банктік программалық-технологиялық түйіндерді шешуге әр-түрлі өнімдерді ұсынады. Мысалы, InterBank программалық кешені клиенттерге дистанциондық қызмет көрсетуге арналған. Бұл кешен өзіне көптеген модульдер, біріккен концептуальды, архитектуралы және технологиялық шешімдерден тұрады. InterBank электронды әсері бар әр-түрлі каналдармен қолданылады: яғни телефон

Дәріс № 10. Тақырыбы: САЛЫҚТАҒЫ ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ ААТ

Салық органдарын басқару жүйесінде қажетті беренелерді орындау үшін «Салық» атты автоматандырылған ақпараттық жүйе құрылды.

«Салық» атты автоматандырылған ақпараттық жүйе (ААЖ) жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, мәліметтерді өңдеудің жаңа құралдары мен әдістерін пайдалануға негізделген салық органдарын ұйымдастырушылық басқару формасы болып табылады. «Салық» ААЖ шешілетін мәселелер шеңберін кеңейтуге, талдамалылықты жоғарылатуға, қабылданылып отырған шешімдердің негізделген және уақытылы болуына, салық органдарының басқарушылық әрекетін экономико-математикалық әдістерді, есептеуіш техника мен байланыс қралдарын қолдану, ақпарат ағымын реттеу арқылы оңтайландыруға мүмкіндік береді.

«Салық» автоматандырылған ақпараттық жүйенің қызметінің мақсатын келесі түрде қалыптастыруға болады:

  • Қабылданатын шешімнің жеделділігі мен сапасын арыттыру арқылы салық жүйесінің әрекет ету тиімділігін жоғарылату.
  • Салық инспектрлерінің жұмысын жеделдетуді және еңбегінің өнімділігін арыттыруды жетілдіру.
  • Барлық деңгейдегі салық комитеттерін салық заңдылығы туралы толық және уақытылы ақпаратпен қамтамасыздандыру.
  • Салық төлеушілер есебі бойынша мәліметтер сенімділігін және салық заңдылығының сақталуын қадағалаудың әсерлілігін жоғарылату.
  • Бухгалтерлік есептің сапасы мен жеделділігін арыттыру.
  • Салық пен бюджетке деген басқа да төлемдердің түскені туралы мәліметтерді алып отыру.
  • Салық сомаларының түсу серпінділігін талдау және осы сарпінділікті болжай алу мүмкіншілігі.
  • Салықтың түсуі мен салық заңдылығының сақталуы туралы әртүрлі деңгей әкімшілігін ақпараттандыру.
  • Қағаз құжат айналымының көлемін қысқарту.

Салық жүйесіндегі автоматтандырылған ақпараттық технология (ААТ) дегеніміз – ақпараттық ресурсты қолдану үрдісін жеңілдету және олардың сенімділігі мен жеделділігін арыттыру мақсатында, ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау, тарату және көрсетуді қамтамасыздандыратын технологиялық тізбекке біріктірілген әдістер, ақпараттық үрдістер мен программалық-техникалық құралдар жиынтығы. Ақпараттық ресурстар деп пішінделген ойлар мен білім, түрлі мәліметтер, оларды жинақтау, сақтау, мәліметтер көзі мен тұтынушылар арасындағы ақпарат алмасу әдістері мен құралдарын атауға болады

Техникалық қамтамасыздандыру дегеніміз – ақпаратты өңдеудің техникалық құралдар жиынтығы, олардың негізін әртүрлі қуатты және жылдамдықты компьютерлер мен түрлі автоматтандырылған жұмыс орындары арасында ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін құралдар.

Программалық жабдықтау дегеніміз – салық органдарымен шешілетін түрлі мәселелерді орындау үшін жалпы және қолданбалы сипаттағы түрлі программалық құралдар кешені.

ҚР СБАЖ өңдеуiнiң негізгі мақсаттары:

ҚР СБАЖ Қазақстан республикасының мемлекеттiк табыстары министрлiгiнiң тапсырысы бойынша құрылады. Автоматтандыру объектілері мемлекеттің салық органдарының бөлiмшелерi болып табылады. Салық қызметінің құрылымдарына: Бас салық комитетi, облыстық салық комитеттерi және 200 аудандық салық бөлiмдерi жатады. Бұл бөлiмшелер республиканың барлық аумағына таратылған.

Мақсат 1: Салық түсiмдер жиынының, бюджеттен тыс қорлар мен басқа да міндетті төлемдердің ұлғаюы.

Міндеттер:

  • салық комитетiнiң барлық ұйымдастыру деңгейлерiнде тиiмдi және бiртiндеп басқару;
  • салықпен басқарудың атқарымдық тәртіптерін бақылауды жүзеге асыруды жақсарту;
  • салық операцияларын қолдану әдістері мен технологияларының тиімділігін жоғарылату;
  • салықтық әкімшіліктерді жүзеге асыру барысында материалдық-еңбектік шығындарды қысқарту.

Стратегиялар:

  • дер кезiнде және жеткiлiктi мәлiметпен, шешiм қабылдайтын адамды қамтамасыз ету;
  • тексерулер үшiн салық төлеушiлердiң iстерiнiң таңдауы, ықтиярсыз төлем және тағы басқалар және автоматты салықпен басқару қызметін жүйелік бақылауы;
  • қазіргі заманғы салықтық әкімшіліктін атқарымдық тәртіптерін жүзеге асыру үшін ұйымдастырудың әр деңгейінде барлық қажетті ақпаратты ұсыну.
  • жинақтаудың әлеуетті сомасы мен басқа критерийлер негізінде жұмыстағы басымдықтарды анықтау (жедел және қорларды тексеру және үлестiрiлуi үшiн салық төлеушiлердiң таңдауы).

Информация о работе Экономикадағы ақпараттық процестер және оларды автоматтандырудың қажеттілігі