Экономикадағы ақпараттық процестер және оларды автоматтандырудың қажеттілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2014 в 14:32, лекция

Описание работы

Қазіргі кезеңдегі қоғам ақпараттық қоғам деп аталады. Мұның өзінде қоғамның елеулі бөлігі ақпаратты, сондай-ақ оның ең жоғарғы нысаны – білім шығарумен, сақтаумен, өңдеумен және сатумен айналысады екен. Ал қоғамның ерекшелігіне ақпараттың үздіксіз алмасуы жатады.
Компьютерлік техника мен телекоммуникациялардың кеңінен дамуы бұрынғымен
«Ақпарат, ақпараттандыру және ақпаратты қорғау туралы» республикалық заңда ақпарат деп адамдар, заттар, фактілер, оқиғалар мен процестер жөніндегі берілген түріне қарамастан мәлімет аталады. Әр түрлі теориялар мен тұжырымдамаларда, мысалы, экономист Фрэнк Найттың пайда теориясында, сондай-ақ инженер және математик Клод Шенноның ақпарат теориясында ақпаратқа белгісіздік пен тәуекелді төмендететін құрал деген анықтама беріледі.

Файлы: 1 файл

Жаңа ақпараттық технологиялар экономикада.doc

— 282.50 Кб (Скачать файл)

Мақсат 2: ҚР-ның қаржылық жүйесінің, оның негізгі компоненттерінің (банк жүйе, қаржы мекемесi, қаржы органдарының жүйесi, салық полициясы, кеден комитетi, зейнетақы жүйесi) неғұрлым жоғары интеграциялануы арқылы күшейтілуі.

Міндеттер:

  • ақпараттық ағындардың және олардың ақиқаттығының тиiмдiлiгiн жоғарылату;
  • мемлекеттік басқару органдарымен бірге қолданылатын жалпы ақпарат бөлігін жоғарылату.

Стратегиялар:

  • әр түрлi жүйелердiң бiрнеше рет мәндердi енгiзуiн және олардың автоматты бақылау әдiстерiнiң электрондық деректердi берудi әр түрлi деңгейлерде қолдану арқылы қысқарту;
  • мемлекеттiк басқарудың барлық органдары үшiн болатын ортақ қызметтер үшiн бiртұтас ақпараттық жүйенiң тағайындалуы.

СБАЖ негiзгi iшкi жүйелерi

Бiрiншi кезекте жүйе төрт негiзгi iшкi жүйелердi құру үшiн арналған:

  • салық төлеушiлердiң тiркеулерi;
  •  жеке шоттардың жүргiзілуi;
  •  ұйымдастырушылық басқару;
  •  шешiм қабылдауды қолдау.

Салық төлеушiлердiң тiркеулері тiркеуге құжаттардың қабылдауынан, алынған мәліметтерді сақтаудан, салық төлеушiге СТН-ді иемдетуден және тіркеу туралы растауды беруден, иемденулер тіркелу үшін төлқұжатты өзімен бірге болуы тиіс.

Жеке шоттардың жүргiзілуi декларациялар және түсулердi өңдеуден, айыппұл мен өсімдерді есептеуден, төлемеушiлердің шоттарына ұйғарымдардың және қайтару немесе артық төлемдерді қайтару туралы қорытындылардың шығарылуынан тұрады.

Ұйымдастыруды басқаруы аудандарда бақылап, облыстық немесе республикалық салық инспекциялары, инспектордың аудандардағы салық операциялары тағы басқалар салықты тексерулердi өткiзу жеңiлдетедi және автоматтандырылған тәртiпте олардың орындалуын зерттеп отыруға мүмкiндiк бередi.

Шешiм қабылдауды қолдау жүйенің таратылған атқарымдық үрдісінде жинақталған ақпаратты жалпылауға мүмкіндік береді.

Географиялық жүйе үш деңгейден тұрады: республикалық, облыстық және аудандық. Оның атқарымдығы iшкi жүйелерде толығырақ қаралады.

Тiркеудiң iшкi жүйесi. Республикалық деңгейде салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiмi жүргізіледі. Төлеулер және декларацияның iшкi жүйесi. Салық төлеушiлердiң жеке шоты облыстық деңгейде сақталады. Декларациялар негiзiнде және банктерден оған салық төлеушiлердiң өтiнiштерi және төлеу мәлiметi есептiк жазуларда енгiзiледi

Әкiмшiлiк басқарудың iшкi жүйесі. Бұл iшкi жүйедегі негiзгi элемент тексеру iсі болып табылады.

Шешiм қабылдауды қолдау, мәні бойынша ДҚ-на сұрау салуға мүмкiндiк алып нәтижелерді бейнелейді.

Төлемдік ақпараттың импорты. Жүйеге бұл интерфейс банктiк төлеулердiң үйреншiктi банк-аралық түрінде мәлiметтердi қабылдауға мүмкiндiк бередi. Қазына мекемесiнiң жүйесiмен өзара әрекеттесу арқылы және Зейнетақы төлеу жөнiндегi Мемлекеттiк Орталықта ескеріледі.

Салық төлеушiлер туралы қосымша ақпараттың импорты. Салық төлеушiлер туралы әр түрлi мәлiметтерді (ТЗБ, кеден, банктер, көлiк терминалдары және тағы басқалар) үшiншi ұйымдардан алуға үнемi мүмкiндiк бередi.

Ақпараттың экспорты. Салық төлеушілер туралы мәліметтерді мүдделі мемлекеттiк құрылымдарға жүйелі таратуды оңайлатуға мүмкiндiк бередi.

Дәріс № 11. Тақырыбы: АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН БЮДЖЕТ ПРОЦЕССІ

ҚР-ның бюджет жүйесінің құрылымы ҚР-ның мемелекеттік бюджеті (ҚР МБ) өкіметінің орталық органдарымен орындалатын жалпы мемелекеттік іс шараларды қаржылық қамтамасыз ету үшін құрылады. МБ арқылы жалпы ішкі өнімді үлестірмен қайта үлестіру және халықтық шаруашылық шаралары, аймақтар және тұрғылықты халықтың әлеуметтік топтары арасында мемелекеттің ұлттық кірісін құру процесі жүзеге асырылады. МБ-не жалпы мемелекеттік өкімет органдарын және жергілікті басқаруды қаржыландыру мемелекеттің қорғаныс қабілеттілігін ғылымды дамыту білім, аймақтық арнайы программаларын және т.т. қолдау жүктелген.

 

11.1-сурет. ҚР-ның бюджет жүйесінің құрылымы

Жиынтықтап қаржылық жоспарлау жалпы мемелекеттік және аймақтық деңгейде материалдық және еңбек баланстарымен байланысқан қаржылық жоспар жүйесімен қамтамасыз етеді.  ҚР МБ жобасы ҚР үкіметінің тапсырмасы бойынша ҚР қаржы министрлігімен жасалады, Мемелекеттік қызымет және аймақтық қаржы органдары елдің әлеуметті-экономикалық даму болжамы, салық саясаты мен басты бюджет бағыттарын, еркін қаржы баланысы болжамын қаржылық шығындар мөлшерлерін экономиканың муниципальдық секторлары мен мемелекеттік даму жорспарын, ұзақ мерзімді мақсатты программалар және т.т. қамтитын қажетті ақпараттық базамен қамтамасыз етілуі қажет.

МБ орындалуы өкілетті биліктің органдарының қабылдауынан кейін басталады. Қаржылық органдарда бюджеттің орындалуын қымтамасыз ететін бөлімдердің міндеттері анықталатын ұйымдастыру жоспары дайындалды, сондай-ақ биліктің орындалушы органдарымен қабылданатын бюджет көрсеткіштері негізінде бюджеттік шығыс және кіріс нақыштары құрылады.

Бюджетті құралдардың мақсатты қолданылуын бақылау бюджеттік есеп берудің әр түрлі варианттарын қарастырады. ҚР-ның бюджеттік жүйелерінің барлық деңгейлеріндегі бюджеттерінің жиынтығы ҚР топтастырылған бюджетін көрсетеді. ТБ деңгейлері үшін келесі атқарымдық мәселелер кешеніне бөлу тән (сипатты):

  • ҚР субьектілерінің бюджетіндегі реттеуші налогтар түсімдерінің нормалы шамаларын және әкімшілік жергілікті білімдер бюджеттерінің көлемінің үстемелерін (дотация) қоса есптегендегі өлшемдерін анықтауы;
  • Елдің орталықтандырылған қаржы қорының қолданылуы және қалыптастыру анализі; мемелекеттің шығыстарының және кірістерінің жинақталған қаржылық жоспарлауы;
  • Мемелекет және оның территорияларының экономикалық-әлеуметтік дамуының болжамдарын әзірлеуі;
  • ҚР-ң жекелеген территорияларының жағдайы туралы басқа мемелекеттің көрсеткіштеріне сәйкес салыстырмалы анализ өткізу үшін аймақ және ел тұрғындарының қамтамасыз етілу көрсеткіштерін есептеу.

Бюджет есебінде бюджет орындалуын қадағалау кезеңі маңыздырақ болады. Оның негізінде шаруашылық есебінің құрамдас бөлігі болып табылатын және қазынашылық, қаржылық пен салықтық органдардағы бюджеттердің орындалу есебінен және мекемелердің бюджеттік шығыстары мен кірістерінің сметаларының орындалу есебінен тұратын бюджеттік есеп жатыр.

ҚР ұлттық банкі және кредит ұжымдары арқылы бюджеттен қаржыландырылатын (мемелекеттік, аумақтық, жергілікті) есеп–шоттарға қызымет көрсетіледі.

Салық органдары бюджет кірістерін құрастыруды бақылауды қамтамасыз етеді. Осы мақсатта салық қызметі органдарында бюджет пен бюджеттен сырт қорлардың басқа міндеттік түсімдері мен салықтық жиындардың автоматты талдау және басқаруды қамтамасыз ететін «Салық» ААЖ қолданылады.

Салық төлеушілер жергілікті, аймақтық, териториялық билік органдарымен анықталатын әр текті салықтар есебінен барлық деңгейдегі бюджет биліктерінің, кірісін құрастырады

Қазынашылық ұжымдар бюджет шоттары және әртүлі деңгейдегі бюджет шығындарының баптары бойынша ақша қозғалысын бақылайды. Қазынашылық ААЖ құрамына екі программалық кешен кіреді:

1. МБ кірісін есептейтін  және әтүрлі деңгейлер бюджеттері  арасындағы қалыптандыру салықтарын  үлестіретін «КАЗНА».

2. МБ-тен шығыстарын есептейтін  және аймақтық қазынашылық органдарымен  ұйымдастырылған бюджет алушыларын қаржыландыратын  «СМЕТА-W», «СМЕТА-F».

Қала бюджетін құрастыру процестерін автоматтандыру үшін және оның қаржы комитеті бөлімшелері және аумақтық қаржы басқармаларында, қала әкімшілігінің салық пен аумақтық басқарма органдарында орындалуын автоматтандыру үшін, сондай-ақ қаланың бюджеттік ұжымдары деңгейінде бюджетті процестің ААЖ-электрондық қазынашылық қолданылады (БПААЖ-ЭҚ).

Бюджеттік ұжымдар бюджет жиынтығын, олардың бюджетте қарастырылған тармақтарына және бекітілген сметасына сәйкес шығындайды. Бюджеттік кәсіпорындар мен ұжымдардағы қаржылық пен бухгалтерлік есепті және қаржылық есептілікті автоматтандыру үшін өздерінің программалық жасаулары және жиі кездесетін «Галактика», «Парус», «1С», «Интеллект-сервис» өнімдері қолданылады.

 «Бюджеттік процесс» АІЖ алдағы жылғы бюджет тармақтары бойынша көрсеткіштерін болжауды және жоспарлауды бюджетті тармақтарды қарастыруға және бекітуге дайындықты, іске асыруды, бюджеттік көрсеткіштердің орындалуының ағымдағы қадағалауын қамтамасыз етеді, топтастырылған бюджет (ТБ) және мемлекеттік бюджет (МБ) туралы есеп беру тіркеулерін құрастырады. «Бюджеттің кіріс бөлігі» АІЖ басқарудың барлық деңгейіндегі бюджеттің кіріс бөлігінің жоспарланатын және болжамдалатын көрсеткіштерін есептеуді, бюджетке қайта төленген салықтарды есепке алу мен мүмкін қайтаруларды әшкереленумен бірге кірістердің бухгалтерлік есебі.

«Мемлекеттік несиелеу» АІЖ мемелекетті қарыздарды оны өтеу операцияларын тіркеу мен бірге жоспарлау мәселелерін шешуді жүзеге асырады және құнды қағаздар шығарумен, валюталық, несиелік саясатын және несие қатынастарын жасаумен, т.б. байланысты мәселелерді ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді.

«Бюджетті қаржылық бақылау» АІЖ ақпараттық-аналитикалық сараптаумен және қаржы-бюджет қарекеттері аймағында дайындалатын және қабылданатын шешімдердің бағамдарымен байланысты процестерді автоматтандырады, қаржылық тәртіптің сақталуын тексерумен бірге тенге және валюта қаржылық қорларының шығындалуын бақылауды жүзеге асырады.

«Халық шаруашылық салаларын қаржыландыру» АІЖ халық шаруашылық салалары (әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау және дене шынықтыру, мемелекеттік апарат, қорғаныс кешені, жеңіл өнеркәсіп, т.т.) бойынша бөлінген құралдарды тіркеуді қамтамасыз ете отрып, келесі бюджет кезеңіне қаржылық көрсеткіштерді жоспарлауға жауап береді.

 

 


Информация о работе Экономикадағы ақпараттық процестер және оларды автоматтандырудың қажеттілігі