Компьютер техникасының экспоненциалды дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2013 в 18:10, реферат

Описание работы

Компьютер (ағылшынша: computer — «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) — есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі — есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі — басқару болып табылады.
Негізгі принциптері: Өзінің алдына қойылған тапсырманы орындау үшін компьютер механикалық бөліктердің орын ауыстырылуын, электрондардың, фотондардың, кванттық бөлшектердің ағынын немесе басқа да жақсы зерттелген физикалық құбылыс әсерлерін қолданады. Көбімізге компьютерлердің ең көп таралған түрі — дербес компьютер жақсы таныс.

Файлы: 1 файл

Компьютер.doc

— 291.50 Кб (Скачать файл)
    1. –Презентацияның жалпы уақыты көрініп тұрады;Бұл батырмада тышқанды шерткенде ағымдағы слайдқа арналған секундомер көрсеткішін алып тастайды;
    2. –Баяндауды тоқтатады;
    3. –Ағымдағы слайдқа кеткен уақытты көрсетеді;
    4. –Қайталау(Повторить)батырмасы.Бұл батырманы шерткен соң презентацияны көрсету басынан басталады.

         Power Point программасы  презентацияны  көрсету уақытын уақытты қадағалаукомандасы берілген мезеттен бастап есептейді .Жаттығу(Репитиция) аяқталған соң, презентацияның ұзақтығын көрсететін және слайдтарды көрсетудің жаңа уақыт шамасын енгізуді таңдау мүмкіндігін беретін сұқбат терезе ашылады(4.2-сурет).Егер нәтиже қанағаттандырмаса Иә(Да) батырмасын шертіп жаңа уақыт шамаларын енгізуге мүмкіндік аламыз.Нәтиже қанағаттандырса Жоқ(Нет) батырмасын шертеміз.”””””””

4.3-суреттегідей әрбір слайдтың  астында оны көрсету ұзақтығы  шығып тұрады.Енді презентацияның  сапасын жоғарылату және ұзақтығын  бағалауға болады.Егер слайд көрсетілуі  өте ұзақ болса, оны қысқартуға немесе басқа да маңыздырақ қосымша материалдар қосу мүмкіндігі бар.””””””34

              Жалпы презентацияны  көрсету  уақыты әрбір слайдтың ұзақтығына  шартты түрде тәуелді болады.

               Бұлай слайдты көрсету уақытын  бекіту қиын болса,берілген уақыт аралығында слайдтың автоматты түрде ауысу параметрін тағайындау арқылы орындауға болады.Бірақ бұл кезде слайд ауысуы мен баяндау уақыты бір-біріне сәйкес келмесе біраз қиындықтар туады.

              2.Слайдқа ескертпелер жазу

              Бетке ескертпелер жазу(Режим страниц заметок) режимінде әрбір слайдқа белгілі бір ескертпелер жазуға болады.Осы режимге көшкен соң, слайдтың төменгі жағында ескертпе жазуға арналған бөлігі көрінеді.Өзімізге қажетті мәліметтерді теріп енгіземіз.Бұл ескертпелер аудиторияға көрінбейді.Презентацияны көрсету алдында, осы ескертпелерді қарап немесе қағазға басып алу арқылы ұмытылған мәліметтерді еске түсіруге болады.

              3.Слайдтық шоуды жүзеге асыру

       Презентация дайын болған соң оны ұйымдастыру тәсілдерін таңдау қажет.Сондай-ақ,презентация үшін компьютер мониторы,диапроектор немесе слайдтық кодоскоптың қайсысы пайдаланатынын,тыңдаушыларға презентацияның қағазға түсірілген көшірмесін тарату мәселесін шешу қажет.Осы мәселелер шешілген соң,  Power Point программасы   ұйымдастыру тәсілдеріне қарай презентацияны шығару әрекеттерін реттейді.

        Егер  презентация саны шектеулі қызметкерлерге арналған кезекті хабарлама болса, бір компьютер жеткілікті.Ал, презентация үлкен аудиториға өткізілетін болса, бірнеше компьютерлерді пайдалануға тура келеді. Мұндай жағдайда дұрысы үлкен экранды проектор қолдану.

  • Презентацияны бөтен компьютерлерде өткізу

       Егер  презентация компьютерлерде өткізу компьютерлерде өткізу керек.Кейбір жағдайларда презентация өткізілетін компьютерлердің оны дайындаған компьютерден айырмашылығы болуы мүмкін.Мұндай кезде презентация өткізілетін компьютерге ,  Power Point программасын орнатудан басқа жеңіл жолы бар.Кез келген компьютерге арналған презентациялар пакетін Жинақтау шебері(Мастер упаковки)көмегімен дайындауға болады.Бұл жинақтау шебері байланысқан файлдармен бірге бүкіл презентацияны басқа компьютерде көрсету үшін жазу мүмкіндігін береді. Презентацияны иілгіш дискетке,қатты дискіге немесе желі арқылы басқа компьютерге жазу мүмкіндігі бар.

    1. Файл-Жинақтау(Файл-Упаковать) командасын орындаймыз.Ашылған Жинақтау шебері терезесінде Ары қарай(Далее) батырмасын шертеміз(4.4-сурет).
    2. Басқа компьютерге ағымдағы презентацияны жинақтағымыз келетінін мақұлдаймыз.Қажет болса,бірнеше презентацияны тасымалдауға болады.
    3. Жинақтау шеберіне қандай дискі қолданалатынын және байланысқан файлдар қосылатындығын көрсетеміз.
    4. True Type қаріптерін енгізу (Внедрить шрифты True Type) опциясы таңдалғанына көзімізді жеткіземіз,себебі презентация көрсетілетін компьютерде ол дайындалған қаріптер жарамсыз болып қалуы ықтимал.

              Power Point Viewer өзімізбен бірге алғанымызды хабарлаймыз да, Дайын(Готово)батырмасын шертеміз.Әсіресе презентацияда байланысқан және ендірілген файлдар көп болса,бірнеше дискеттер және біраз уақыт қажет болуы мүмкін.”””””””

             Презинтацияны басқа компьютерде көрсету үшін, дискіні дискіжетекке орналастырған соң, бас менюдегі Орындау (Выполнить) командасында тышқанды шертеміз. Дискета орналастырылған дискінің атын көрсетемізде, қос нүктеден кейін PNGSETUP.EXE көшірілетін адресті және буманың атын көрсетеміз. Осы файл көшірілген соң презинтацияны көрсете беруге болады, яғни файлдың шарт белгісінде тышқанды екі рет шертеміз.

                  4.  Жасырын слайдтар құру

      Power Point программасы  жасырын стайдтар құру мүмкіндігін  береді. Бұл слайдтар презентацияның  көрсетуге арналмаған бір бөлігі  болады. Бірақ қажет болса, кез  келген уақытта көрсетуе аламыз.

      Слайдтарды жасыру  үшін:

    1. Слайдтарды сұрыптау режиміне көшеміз.
    2. Жасыруға қажетті слайдтарды белгілейміз.
    3. Слайдтарды сұрыптаушы (Сортировщик слайдов) тақтасындағы

  /   Слайдтарды  жасыру (Скрыть слайд) батырмасында тышқанды шертеміз. Бұл кезде слайд мүлде жоқ болып кетпейді, оның нөмірі жиктелінеде де, үсті сызылады(4.5- сурет).$$$$$$$$$$

        Слайдты жасыру  баьырмасы тек слайдтарды сұрыптау  режимінде ғана екпінді, ал  слайд рижимінде жұмыс жасап  отырып оны жасыру қажет болса, Сервис- Слайдтарды жасыру (Сервис- Скрыть слайд) командасын орындаймыз.

         Жасырылған слайдтарды ашудың екі тәсілі бар :

    • Жасырылған слайдтың алдындағы слайдта тышқанның оң батырмасын шертіп, Ауысу- Жасырын слайд (Переход- Скрытый слайд) командасын орындаймыз
    • Жасырылған слайдтың алдындағысымен жұмыс жасап отырғанда Н немесе Һ әрпін басамыз.

                  5.Слайдтың айрықша бөліктерін  ерекшелеу

        Презентация  кезінде белгілі бір ақпараттарды  көрсету кезінде оған аудитория  назарын аударту үшін:

1.Слайдты көрсету кезінде тышқанның  оң жақ батырмасын шертеміз.

2.Жанама менюден  Қалам (Перо) командасын орындаймыз.Осы мезетте тышқанның көрсеткіші қаламға ұқсас болады. CTRL+P қос перенсін басу арқылы да орындауға болады.

3.Тышқанның батырмасын басулы  күйінде ұстап тұрып, слайдтың  белгілі бір элементтерін ерекшелеп  белгілей отрып қоршауға  немесе кез келген суреттер салуға болады.

4.Осы салынған суреттерді немесе  қоршауды өшіру үшін, Е пернесін  басамыз. Бұл перне басылмаған  күнде де, осы символдар келесі  слайдқа өту кезінде өз- өзінен  өшіріліп қалады.

5.Курсорды бастапқы қалпына  келтіру үшін, CTRL+A қос пернесін басамыз.

 Тақтада маңызды нәрсені  бормен белгілеп көрсету сияқты, слайдта да ерекшелеп көрсетуге  болады.

6.Презентацияларды баспаға  шығару

         Презентацияларды  бапаға шығармас бұрын, шығарылатын  қағаздың параметрлерін тағайындау қажет. Фаил- Парақ параметрлері (Фаил-Параметры страницы) командасын орындаймыз да , ашылған парақтын макеті (Макет страницы) сұхбат терезесінде тиісті параметрлерді , яғни қағаздың өлшемін, ориентациясын енгіземіз.(4.6-сурет). Бағыт (Ориентация) ретінде қағаздың кітап немесе альбом ретінде айтады.””””””””””””

         Парақ параметрлерін  тағайындаған соң, Фаил-Баспаға шығару (Фаил-Печать) командасын орындаймыз. Баспаға шығару параметрлерін тағайындау мүмкніндігін беретін сұхбат  терезе ашылады.(4.7-сурет).””””””””””””

            Осы сұқбат терезенің жоғарғы  жағында компьютерге қосылған  принтердің аты жазылып тұрғанына  көзімізді жеткіземіз.Терезенің  элементтері мынадай бөліктерден  құралған:

    • Баспаға шығару.Әрбір слайдты жеке параққа шығарасыз ба? Әлде бір бетке екі,үш немесе алты слайд шығару арқылы қағазды үнемдейсіз бе? Беттерді ескертпелерімен бірге баспаға шығарасыз ба?Тізімнен қажеттісін таңдап аламыз.
    • Көшірме саны (Число копий) .Қажетті көшірме санын көрестеміз.Көшірмелер бойынша реттеу (Разобрать по копиям) белгісін қажет болса көрсетіп қоямыз.
    • Баспаға шығару аралығы(Диапозон печати).Презентацияны тұтас немесе таңдап алынған слайдтарды ғана баспаға шығаруға болады.
    • Жасырын слайдтарды баспаға шығару(Печать скрытых слайдов).Жасырын слайдтарды да баспаға шығару қажет болса осы өрістің белгісін көрсетіп қоямыз.
    • Ақ-қара түсті(Черно-белый).Слайдтағы әртүрлі түстер сұр түсті дақтарға айналыдырылады.
    • Бет бойынша масштабтандыру(Масштабировать по листу).Егер жасалған слайд қағаз бетіне сыймай тұрса немесе оның бір бөлігін ғана алып тұрса, осы өрістегі белгіні көрсетіп қоямыз.Бүл кезде Power Point программасы бетті максималды түрде толтыруды қамтамасыз етеді.
    • Слайдтарды жиектеу(Обрамление слайдов).Қағазға басылытын слайдтар жіңішке сызықтармен қоршалып шығады.

Жеке элементтерді,мысалы жасырын  слайдтарды қағазға басып алған  соң, осы сұқбат терезеге қайтадан оралып, беттерге жазылған ескертпелерді, слайд  құрылымын,презентация слайдтарының өзін де қағазға шығара аламыз.

 

6.1 Беттерге жазылғын  ескертпелерді қағазға шығару

                Презентация материалдарын екіге  бөлеміз. Бірі аудиторияға көрсетуге  арналған қажетті мәтіндер мен  бейнелер, ал екіншісі көмекші  құрал ретіндегі жеке өзімізге  арналған слайдтармен ескертпе  беттер болсын. Бұлай жасау үшін,Баспаға жіберу(Печатать) тізімінен Ескертпелер(Заметки) командасын таңдау қажет.Бұл кезде жоғарғы жағында слайдтар,төменгі жағында ескертулер жазылған беттерді қағазға шығара аламыз.

               Презентация  кезінде екі слайдты  көрсету үшін, слайдтардың тізімі  болуы керек.Осындай тізім қолымызда болуы үшін , презентацияны құрылымын баспаға шығару қажет. Баспаға жіберу тізімінен Құрылымы(Структуры) қатарын таңдаймыз.Сондай-ақ осы тізімде бір бетте екі, төрт, алты слайдтты баспаға шығару қатарының бірін таңдай аламыз.

              Тапсырмалар

  1. Алдыңғы сабақта дайындалған Жарнама презентациясын көрсету уақытын қадағалаңыз.
  2. Презентацияның екінші слайдына ескертпе жазыңыз.
  3. Үшінші слайдын жасырын жасаңыз да, презентацияны көрсетіңіз.
  4. Презентацияны көрсету кезінде жасырын слайдты экранға шығарыңыз.
  5. Презентацияның екінші слайдындағы таңбаланған тізімді қалам көмегімен көрсету кезінде ерекшелеңіз.
  6. Жазылған ескертпе беттерді баспаға шығарыңыз.
  7. Презентацияны басқа компьютерде өткізуге арнап жинақтап, дискетке жазыңыз.
  8. Презентация слайдтарын баспаға шығарып,жұмыстың нәтижесін оқытушыға көрсетіңіз.

                Бақылау сұрақтары

  1. Презентацияны көрсету кезінде уақытты қадағалау не үшін қажет?
  2. Уақытты қадағалау қалай орындалады?
  3. Презентацияны жинақтау не үшін қажет?
  4. Презентацияны жинақтау қалай орындалады?
  5. Презентацияны көрсету кезінде айрықша бөліктерді  ерекшелеуге бола ма?
  6. Айрықша бөліктерді  ерекшеленген таңбалар қалай өшіріледі?
  7. Жасырын слайдтар қалай құрылады?
  8. Жасырын слайдтарды ашуға бола ма?
  9. Слайдтың жасырын екенін қалай анықтауға болады?
  10. Презентация слайдтарын баспаға қалай шығарады?
  11. Ескертпе беттер баспаға қалай шығарылады?
  12. Презентацияның құрылымын баспаға шығаруға бола ма?

 

 

     

 

 

               


Информация о работе Компьютер техникасының экспоненциалды дамуы