Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 14:09, дипломная работа
Adobe компаниясы өзінің ең мықты және атақты графикалық дестелерін біріктіріп, жаңа Creative Suite, қысқаша айтқанда CS атты толық графикалық дестесін ұсынды. Оның құрамына Photoshop бағдарламасы мен бірге ImageReady, Illustrator, InDesign, GoLive және Acrobat бағдарламалары кірді. Photoshop бағдарламасы өзінің жаңартылған өзгерістерімен графикалық кескіндер мен суреттерді жеңіл, ұтымды өзгертуге және өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл нағыз ақпаратты сандық өңдеу жүргізетін кәсіби қосымша десте. Adobe Photoshop бағдарламасы графикалық объектілерді өңдеу, өзгерту, сақтауда қолданылатын дестелердің бірі.
1.25-сурет. Қарындаш/Қылқалам құралдары.
Қандай да болмасын сурет салушы құралды қолданғанда, әрдайым Brushes (Қылқаламдар) құралдар тобы қажет болады. Show Brushes (Қылқаламдарды көрсету) бұйрығын орындағанда, Brushes (Қылқаламдар) палитрасы дөңгелек пішінді әр түрлі өлшемді қылқаламдар тобын ұсынады. Ал, одан кейін Paintbrush (Қылқалам) құралын таңдап, меңзерді жұмыс аймағына қойып, тышқанның батырмасын басу арқылы құралмен жұмыс жасауға болады. Қылқаламдардың қажетті түрін ойдан істеуге болады. Алдымен мына бір жағдайды еске алу керек, жаңа қылқаламды үш жолмен алуға болады. Біріншіден, бар қылқаламды модификациялау арқылы. Екіншіден, жаңа қылқаламды жасау, үшіншіден, суреттің қылқалам ретінде үзіндісін анықтау арқылы. Pencil (Қарындаш) құралы қатты шекаралы ерікті сызықтарды салу үшін арналған. Pencil (Қарындаш) құралын құрал-саймандар тақтасынан немесе пернетақтадан <В> пернесін басу арқылы қосуға болады. Палитрадағы Options (Параметрлар) қатарынан Fade (Қамтамасыз ету) амалын қосып, мән беру керек. Бұл жолда 1-ден 999-ға дейінгі аралықтағы мәндерді қоюға болады.
Airbrush (Аэрограф) құралы. Airbrush (Аэрограф) құралы шашыратқыш кұрал болып табылады. Ол түске дәлдік бермейді, яғни нақты шекарасыз түс береді. Airbrush (Аэрограф) құралын құрал-саймандар тақтасынан немесе пернетақтадан <А> пернесін басып қосуға болады. Brushes (Қылқаламдар) палитрасында керекті жұмсақ қылқаламды таңдауға болады, сонымен қатар лайықты параметрларды орнату қажет.
1.26-сурет. Штамп/Клондаушы штамп құралдары.
Clone Stamp (Клондаушы штамп) құралы бейненің жеке элементтерін көшіруге және оны сол бейнеге немесе басқа құжатқа орналастыруға мүмкіндік береді. Stamp (Штамп) құралының Clone Stamp (Клондаушы штамп) құралынан ерекшелігі оюлар жиынтығын қамтитын модель өрісінің бар болуы. Бейненің зақымдалған жерлерін Rubber Stamp (Штамп) құралымен түзетуге болады. Егер меңзерді бейнеге әкеп қойсақ, ол кішкентай штамп пішінін алады.
4. Eraser (Өшіргіш)/Background Eraser (Фонды өшіргіш)/Magic Eraser (Сиқырлы өшіргіш) құралдарын құрал-саймандар тақтасына шертіп немесе пернетақтадан <E> пернесін басу арқылы қосуға болады (1.27-сурет). Өшіргіш құралы бейнені фондық түске дейін өшіреді. Фонды өшіру құралы фондық түсті өшіреді. Бұл құрал көмегімен түс реңдері бойынша жақын және ұқсас бейне бөліктерін ерекшелеп және өшіруге болады.
1.27-сурет. Өшіргіш/Фонды өшіргіш/Сиқырлы өшіргіш құралдары.
1.28-сурет. Тарихи қылқалам/Оюлы қылқалам құралдары.
6. Gradient (Градиент)/Paint Bucket (Бояу) құралдарын құрал-саймандар тақтасына шертіп немесе пернетақтадан <G> пернесін басып қосуға болады. Осы құралдар көмегімен бейнені немесе ерекшеленген аймақты бояуға болады (1.29-сурет).
1.29-сурет. Градиент/Бояу құралдары.
7. Blur (Жуу)/Sharpen (Қанықтылық)/Smudge (Саусақ) құралдарын әдеттегідей немесе пернетақтадан <R> пернесін басып белсенді етуге болады. Blur (Жуу) құралы түстерді жуады және бейне қанықтылығын төмендетеді. Sharpen (Қанықтылық) құралы бейне қанықтылығын жоғарылатады (1.30-сурет). Smudge (Саусақ) құралы араластыру (растушевка) әсерін береді.
1.30-сурет. Жуу/Қанықтылық/Саусақ құралдары.
8. Dodge (Жарықтандыру)/Burn (Қараңғылау)/Sponge (Мақта) құралдарын құрал-саймандар тақтасына тышқанмен шертіп немесе пернетақтадан <O> пернесін басып қосуға болады (1.31-сурет). Dodge (Жарықтандыру) және Burn (Қараңғылау) құралдары бейненің ақшыл жерлерін қаралату үшін және қаралау жерлерін ақшылдату үшін керек. Dodge (Жарықтандыру)/Burn (Қараңғылау)/Spоnge (Мақта) құралдарының қажетін құрал-саймандар тақтасынан қосу керек. Spоnge (Мақта) құралы мақталар жинағын ұсынады, оны фотосуретшілер фотоқағазын баспаға шығарар кезінде қолданады. Мақта құралы түстер қанықтылығын әлсіздендіреді немесе жоғарлатады [9].
1.31-сурет. Жарықтандыру/Қараңғылау/Мақта құралдары.
III. Тақтаның үшінші тобын Жолды таңдау/Тура
таңдау (А) (1.32-сурет), Мәтінмен жұмыс (Т) (1.33-сурет), Қарындаш/Еркін қалам/Іліну нүктесі/Іліну
нүктесін өшіру/Іліну нүктесін түрлендіру
(Р) (1.34-сурет), Тіктөртбұрыш/
1.32-сурет. Жолды таңдау/Тура
Туре (Мәтін) құралы Т әрпі бейнеленген батырма. Path (Жиек) жиек салатын (түзу немесе фигура) қауырсын. Түзу немесе фигура салынғаннан кейін осы құралдар көмегімен жиектің кез-келген үзіндісін белгілеп және оның пішінін өзгертуге болады. Path тобының құрал-саймандарын ерекшелеу, сонымен қатар сурет салу құрал-саймандары ретінде қолдануға болады. Shape (Фигура) тобының құрал-саймандары боялған, сонымен қатар мөлдір фигураларды, соның ішінде көпбұрыштар, эллипстер, арнайы пішіндегі фигураларды ұсынады. Line (Түзу) құралы да осы топтың жиынына жатады. Ол түзулерді салуға мүмкіндік береді, ал <Shift> пернесін қолданғанда бұл түзулер 45° немесе 90° бұрышпен автоматты түрде салынады.
1.33-сурет. Мәтінмен жұмысқа арналған құралдар.
1.34-сурет. Қарындаш/Еркін қалам/Іліну нүктесі/Іліну нүктесін өшіру/Іліну нүктесін түрлендіру құралдары.
1.35-сурет. Тіктөртбұрыш/Дөңгелектенген тіктөртбұрыш/Эллипс/Полигон/
IV. Тақтаның төртінші тобын Мәтіндік ескертпе/Дыбыстық аннотация, Тамызғыш/Түстік таңдау/Өлшеу, Қол, Лупа сияқты құрал-саймандар құрайды.
Бейнені қарау құрал-саймандарының тобына Hand (Қол) және Zoom (Масштаб) құрал-саймандары жатады. Zoom құралының белгішесі үлкейтетін әйнек тәрізді, ал Hand қол тәрізді. Zoom құралы бейне масштабын үлкейтуге (ол үшін құралмен бейнені шерту қажет) немесе кішірейтуге (ол үшін <Alt> пернесін басып тұрып құралмен бейнені шерту қажет) мүмкіндік береді. Hand құралы көмегімен бейненің жұмыс істеуге және көруге қажет бөлігіне өтуге болады. Hand құралы, сонымен қатар әртүрлі қаттамаларда орналасқан жазбалар немесе объектілерді араластыруға мүмкіндік береді. Бұл топқа, сонымен қатар Eyedropper (Тамызғыш), Color Sampler (Түстік таңдау) және Measure (Өлшеу) құралдары жатады. Eyedropper құралы шерткен түсті таңдауға мүмкіндік береді, осыдан кейін бұл түс белсенді болады және оны сурет салу үшін қолдануға болады. Color Sampler құралымен кенепке (холст) шерткенде таңдалынған нүктеге сілтейтін таңба қалады, ал осы нүкте түсі туралы барлық ақпарат Info палитрасында бейнеленеді. Бір уақытта төрт таңбаға дейін қойылады. Measure құралы бейне өлшемдерін және бұрыштарын өлшеу үшін қолданылады. Бейненің екі нүктесін байланыстыратын түзу салса, Info палитрасында осы екі нүкте арасындағы мәлімет бейнеленеді. Бұрышты өлшеу үшін бірінші осы тектес өлшегіш түзуді құру қажет. Одан кейін тышқан меңзерін оның бір соңына апару керек. <Alt> батырмасын басып тұрып, қажет бұрыш шығатындай тышқан меңзерін жылжыту қажет. Егер компьютер микрофонмен жабдықталған болса, онда суретке дыбыстық аннотацияларды қосуға болады. Құжатты баспаға шығарғанда белгілер көрінбей қалады [10].
1. Notes (Мәтіндік ескертпе)/ Audio Annotation (Дыбыстық аннотация) (N) құралдары көмегімен мәтін немесе дыбыс жазуға болады (1.36-сурет).
1.36-сурет. Мәтіндік ескертпе/Дыбыстық аннотация құралдары.
2. Eyedropper (Тамызғыш)/Color Sampler (Түстік таңдау)/Measure (Өлшеу) құралдарын жылдам қосу үшін <I> пернесін басу керек (1.37-сурет). Алғашқы екеуі түстерді таңдау үшін арналған, ал соңғысы өлшегіш қызметін атқарады.
1.37-сурет. Тамызғыш/Түстік таңдау/Өлшеу құралдары.
3. Hand (Қол) құралы жүмыс үстеліне сыймаған бейненің орнын ауыстырады. Құралды қосып, тышқан меңзерін жұмыс терезесіне апарғанда қол пішінді болады (1.38-сурет). Тышқанның батырмасын басып, қолмен бірге меңзерді жылжыту керек, сонда бейне жылжиды. Жұмыс терезесінің оң және сол жағында орналасқан жолақтарды айналдыру арқылы бейнені жылжытуға болады. Hand (Қол) құралының бір артықшылығы бар: оның көмегімен бейнені диагоналы бойынша жылжытуға болады.
1.38-сурет. Қол құралы.
4. Zoom (Масштаб) құралы. Экранда бейнені үлкейтетін немесе кішірейтетін арнайы құрал (1.39-сурет). Бейненің ағымдағы масштабы құжат терезесінің үстіңгі жағында көрінеді. Мысалы, 2:1 екі есе үлкейтілген, ал 1:2 екі есе кішірейтілген. Zoom (Масштаб) құралын құрал-саймандар тақтасынан қосып, меңзерді бейнеге қою керек. Ол сол бойдан қосу таңбалы лупа пішінін алады. Қай үзінді үлкейтілген түрде қажет болса, сол үзіндінің ортасына меңзерді әкеп қойып, тышқанмен шертсе болғаны. Ал 1:1 масштабы экранда суреттің пикселі бейненің пикселіне сәйкес келуін білдіреді. Егер бейненің рұқсаты көбірек болса, онда бейне кішірек рұқсатты құжатқа қарағанда 1:1 масштабында үлкенірек болып бейнеленеді. Бейнені кішірейту үшін сол құралды қолдану керек. Бірақ оның функциясын өзгерту үшін <Alt> пернесін басу керек. Лупадағы қосу таңбасы азайтуға ауысады. Бейненің масштабы 1:1 болу үшін қанша рет керек болса, сонша рет шерту қажет. Осылай шерте берсе лупада қосу таңбасы жойылады да, бейне үлкейтілмейді, яғни құрал өзінің 1:16 масштабына дейінгі шегіне жетеді. Осы жағдай кішірейту кезінде де болады. Масштабтаудың тағы бір әдісі бар. Құралды қосқаннан кейін, өте үлкен емес үзіндіні тышқанның батырмасын басып тұрып белгілеп, осыдан кейін тышқанның батырмасын жіберу керек. Ал, егер де бейнені нақты бір санға үлкейту (кішірейту) қажет болса, онда келесі әрекеттерді орындауға болады. Window (Терезе) мәзірін ашып, бұйрықты орындап, диалогтық терезеде Zoom Factor (Масштаб) құралы шыққаннан кейін, масштабтаудың бағытын анықтау қажет: Magnification (Үлкейту) немесе Reduction (Кішірейту).
1.39-сурет. Масштаб құралы.
V. Құрал-саймандар тақтасында түспен жұмысқа арналған екі батырма орналасқан: Foreground (Негізгі түс) және Background (Фон түсі) (1.40-сурет). Үнсіз жағдайда негізгі түс – қара, ал фон түсі – ақ. Екі түстер тіктөртбұрыштарының арасындағы бүктелген екіжақты бағыттағышқа шертіп фон және негізгі түстердің орындарын ауыстыруға болады.
1.40-сурет. Негізгі түс және фон түсі батырмалары.
VI. Quick Mask (Жылдам маска) құралын қосып Стандартты режимде жөндеу немесе Жылдам маска режимінде жөндеуді таңдап мөлдір немесе орташа мөлдір жақтары бар ерекшеленген аймақты құруға болады (1.41-сурет).
1.41-сурет. Жылдам маска құралы.
VII. Бұл топтың батырмалары
арқылы экран режимдерін
1.42-сурет. Экран режимдерінің түрлері.
VIII. Тақтаның соңында Adobe Image Ready бағдарламасын ашу батырмалары орналасқан (1.43-сурет).
1.43-сурет. Adobe Image Ready бағдарламасын ашу батырмалары.
Стандартты палитралар
Бағдарламаны басқарудың көптеген элементтері тақырыптық палитраларда орналасқан. Әрбір палитра бір тақырыпқа арналған, мысалы, түсті таңдауға, бейне арналарымен жұмысқа, құрал-сайман таңдауға арналған. Қолданушы жұмыс кезінде палитрадан бейнеге және кері команда таңдауға уақыт жұмсамай ауысады. Егер палитра қажет болмаса, онда оны экраннан алып тастауға, ал қажет болғанда шақыруға болады. Сонымен қатар палитралар экранда аз орын алу үшін оларды топқа жинауға болады. Photoshop-та 18 арнайы палитралар бар, олардың көбі стандартты құрылғыларға ие. Палитра элементтері батырмалар, сырғытпалар, үлгілер, енгізу өрістері бола алады. Палитраның жоғарғы оң жағындағы ұшбұрыш белглі батырма оған тиісті командалары бар палитра мәзірін ашады. Жиі қолданылатын командалар батырма түрінде палитраның төменгі жағына шығарылған. Палитраның жоғарғы жағында жабу және бүктеу батырмалары орналасқан. Window (Терезе) мәзірінің қайта-қосқыш командалары палитралардың көрінуін басқарады.
Navigator (Навигатор) палитрасы бейнені үлкейту үшін арналған. Сол жақ төменгі бұрышта бейнені өзгерту өлшемдері пайызбен беріледі. Бейне өлшемін үлкейтіп қажетті үзіндіні таңдауға болады. Ол үшін жиекті тышқанмен қажет үзіндіге апару қажет. Мұнда тышқан меңзері қол сияқты түрге ие болады.
Info (Ақпарат) палитрасының көмегімен ақпаратты сандық көрсеткіштер түрінде алуға болады. Бұл ақпарат ерекшеленген аймақ түсіне, өлшеміне, түрленетін аймақтың иілу бұрышына, масштабталуға, меңзер орнына байланысты болады.
Color (Түс) палитрасы көмегімен негізгі және фон түсін беруге болады. Ұшбұрыш белгілі дөңгелек батырмаға шерткенде түс моделі таңдалатын палитра мәзірі ашылады. Сырғытпаларды қозғалтып, араластыру арқылы түсті алуға болады.
Swatches (Үлгілер) палитрасы дайын түс үлгілерін қолдану үшін арналған. Палитра мәзірінде командалармен қатар түстер кітапханасы орналасқан.
Styles (Стильдер) палитрасы дайын стильдерді, түстер үлгілерін және әсерлерді қолдануға мүмкіндік береді. Оларды Layers (Қабат) палитрасынан ашылатын диалогтік терезеде жөндеуге және қосуға болады.
History (Тарих) палитрасы бейнеге орындалатын барлық амалдарды тіркейді. Тіркелетін амалдардың максимал мәні 100-ге тең. Бұл палитра көмегімен команданы болдырмауға, өңделіп жатқан бейненің кез-келген жағдайына келуге, кез-келген әрекетті өшіруге, бейненің аралық жағдайын (Snapshot) сақтауға болады. Бағдарламаның құралдарымен жасалған бейнедегі әрбір өзгеріс History (Тарих) палитрасына жазылады. Тарих палитрасы істелінген іс-әрекет, сонымен қатар оның тізбегін кері қайтаруға мүмкіндік береді. Палитраның сол жағындағы жылжымалы жолақты жоғары тартып командаларды кері қайтаруға болады. Кері қайтарылған командалар палитрадан жоғалмайды, оларды жылжымалы жолақты артқа жылжытып сәйкес командаларды қалпына келтіруге болады. Тарих палитрасының төменгі жағында “Жаңа құжат”, “Жаңа сурет”, “Өшіру” командаларының батырмалары орналасқан. New Snapshot (Жаңа сурет құру) командасы ашық тұрған құжат бейнесінің жаңа суретін құрады. Бірінші сурет астында екіншісі пайда болады. Delete (Өшіру) командасы керек емес суретті өшіреді. Палитраны толық тазарту үшін Clear History (Тарихты өшіру) командасын орындау керек. History палитрасында бұрын қолданылған барлық құрал-саймандардың тізімі және бейнеге енгізілген өзгерістер бейнеленеді (1.44-сурет). History палитрасындағы бейненің кез-келген бұрыңғы жағдайына шертіп, одан кейін орындалған барлық іс-әрекеттердің нәтижелерін кері қайтарып қажет жағдайды шақыруға болады. Бұл Undo командасын бірнеше рет орындағаннан гөрі тиімді. Ең маңыздысы жұмысты сақтағаннан кейін де қандай да бір командаларды кері қайтаруға болады. Соңғы орындалған іс-әрекетті кері қайтару және оны қайта орындау үшін <Ctrl-Alt-Z> пернелер комбинациясын қолдануға болады.
Информация о работе Компьютерлік графика мүмкіндіктерін оқытудың теориялық негіздері