Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 14:09, дипломная работа
Adobe компаниясы өзінің ең мықты және атақты графикалық дестелерін біріктіріп, жаңа Creative Suite, қысқаша айтқанда CS атты толық графикалық дестесін ұсынды. Оның құрамына Photoshop бағдарламасы мен бірге ImageReady, Illustrator, InDesign, GoLive және Acrobat бағдарламалары кірді. Photoshop бағдарламасы өзінің жаңартылған өзгерістерімен графикалық кескіндер мен суреттерді жеңіл, ұтымды өзгертуге және өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл нағыз ақпаратты сандық өңдеу жүргізетін кәсіби қосымша десте. Adobe Photoshop бағдарламасы графикалық объектілерді өңдеу, өзгерту, сақтауда қолданылатын дестелердің бірі.
1.44-сурет. History палитрасы.
Actions (Іс-әрекет) палитрасының көмегімен бейнені өңдеу автоматтандырылады. Бір немесе бірнеше командаларды жазғаннан кейін, олардың орындалуын бір бейнеге немесе бейнелер тобына қолдануға болады.
Tool Presets (Дайын құрал-саймандар) палитрасында дайын стандартты параметрлары бар құрал-саймандар келтірілген.
Layers (Қабат) палитрасының көмегімен жаңа қабат құруға, бейнені қабатқа ерекшелеуге, бейне қабатын жасыруға, көшіруге, орнын ауыстыруға, топқа біріктіруге, өшіруге, яғни онымен жұмыс істеуге болады.
Channels (Арналар) палитрасы түсте RGB және CMYK түстік модельдерін ұсынады. Арналар палитрасы ерекшеленген аймақтарды сақтауға арналған қосымша немесе альфа-арналарды құруға мүмкіндік береді.
Paths (Жиектер) палитрасы көмегімен жиектер құрылады. Жиек фигураларды құру құралдарымен немесе Pen (Қалам) құралымен салынады. Сонымен қатар жиекті аймақты ерекшелеп және оны жиекке түрлендіріп алуға болады.
Brushes (Қылқалам) палитрасы жөндеуде және жаңа бейне құруда негізгілердің бірі болып табылады. Brushes палитрасынан және ашылатын қылқалам үлгілерінен тұратын тақтадан қылқалам пішіндерін, өлшемдерін, түрлерін таңдауға болады.
Character (Символ)/Paragraph (Абзац) палитраларының көмегімен шегіністерді, аралықтарды, түзетулерді, сөздердің автоматты ауысуын орындауға болады, сонымен қатар қаріпті таңдауға және мәтіннің басқа да параметрларын анықтауға мүмкіндік береді. Үнсіз жағдайда мәтінмен жұмыс істеу палитралары Character (Символ) және Paragraph (Абзац) экранда жоқ. Character палитрасын Window (Терезе) мәзірінің сәйкес командасын таңдап ашуға болады.
Histogram (Гистограмма) палитрасы бейненің түстік деңгейлері туралы ақпаратты алу үшін арналған. Photoshop CS-да тек нақты жағдайдың гистограммасын ғана емес, сонымен қатар түс түзеуші құралдарды қолданғандағы нәтижені алдын-ала қолдануға мүмкіндік береді [12].
1.4 Құжаттармен жүргізілетін амалдар және түстік модельдер
Photoshop бағдарламасы файлдардың әртүрлі пішімдеріндегі бейнелерді ашуға және сақтауға мүмкіндік береді. Пішім дегеніміз файлда бейне туралы ақпаратты ұйымдастыру әдісі, бұл файлды басқа қосымшаларда қолдануға мүмкіндік береді немесе оларды Internet-те, Web-беттерде қолдануға болады. Windows әлемінде файл пішімін жекешелеу (идентификациялау) үшін оның атына қосылатын үш әріпті кеңейтпесі қолданылады, мысалы, мәтіндік құжат үшін .doc немесе графикалық бейне үшін .bmp. Macintosh компьютерлерінің қолданушылары үшін файлдар кеңейтпесін қолдану қажеттілігі тек РС платформасындағы компьютерлер қолданушыларымен осы файлдармен алмасу жасағанда немесе оларды Web-беттерде орналастырғанда туады. Олар Preferences File Handling (Жалпы баптаулар Файлдарды басқару) командасының көмегімен ашылатын Append File Extention (Файл кеңейтпесін қосу) опциясын қолдана отырып файл аттарына кеңейтпелерін қосуды белсенді етеді немесе өшіреді. Photoshop-та көбіне өзінің файл пішімі .psd қолданылады. Бұл пішімнің кемшілігі мұндай файлдарды басқа бағдарламаларда ашқанда қиындықтар туындауы мүмкін. Бейне файлдарын әртүрлі бағдарламаларда қолдану қажет болғанда, оларды баспаға шығарғанда немесе оларды Web-беттерде орналастыру қажет болғанда, жалпылама пішімде сақтау қажет. Photoshop CS-да Large Document Format (.psb) жаңа пішімі құрылған. Ол үлкен өлшемдегі файлдарды сақтауға арналған. Бұл пішім мегапиксельдік сандық фотокамераларды қолданушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құрылған, себебі оның көмегімен үлкен өлшемдегі бейнелер үшін қабаттар жиынын құруға, өңдеуге және сақтауға болады. Бұл пішім жаңадан құрылғандықтан, ол әлі басқа бағдарламаларда қолданылмайды, .psb кеңейтпесімен сақталған кез-келген файл тек Photoshop CS-да ғана ашылады. Жұмысты бастау үшін файлды ашу керек немесе жаңа файл құру қажет. Жұмысты аяқтағанда өзгерістерді сақтап, құжатты жауып және бағдарламадан шығу қажет. Файлды басқару командалары File (Файл) мәзірінде орналасқан, мәзірдің командалар атауының жанында олардың жылдам өту батырма комбинациялары көрсетілген.
Жаңа құжат құру. Жаңа құжат құру үшін File New (Файл Құру) командасын орындау керек. Құрылатын құжаттың параметрларынан тұратын диалогтік терезе ашылады (1.45-сурет).
1.45-сурет. Жаңа құжат құру терезесі.
Name (Аты) өрісіне файл аты енгізіледі. Ашылатын Preset Size (Алдын-ала орнатылған өлшемдер) тізімінде құжаттың стандартты өлшемдері келтірілген. Ашылатын тізімдерде өлшем бірліктерді таңдау қажет. Жаңа құжат үшін Width (Ені) және Height (Биіктігі) өрістерінде тиісті мәндерді орнату керек. Resolution (Шешім) параметрінің мәнін орнату қажет. Width, Height, Resolution өрістеріне мән енгізілгеннен кейін, Image Size (Бейне өлшемі) өрісінде құрылатын құжаттың өлшемін бейнелейтін сан пайда болады. Ашылатын Mode (Режим) тізімі келесі нұсқалардан тұрады:
Құжат терезесінде фонның ақ түсін алу үшін Background Contents (Фон түсі) қайта-қосқышына White (Ақ) мәнін орнату керек. Фондық түсті баптау үшін Background Color (Фон түсі) мәні пайдаланылады. Түстің болмауы, яғни құжаттың мөлдір фонын құру Transparent (Мөлдір) мәнін таңдау арқылы орындалады. OK батырмасын басу арқылы жаңа құжат терезесі ашылады.
Құжатты ашу. Құжатты ашу үшін Open (Ашу) командасы қолданылады.
Егер белгілі пішімнің файлын немесе файлдар тобын ашу қажет болса, File Open As (Файл Қалай ашу) командасын орындау керек, ашылған тізімде файлдың қажетті типін таңдап және Open (Ашу) батырмасына шерту керек. File Open Recent (Файл Жақында ашылғандар) командасы көмегімен жақында жабылған файлды ашуға болады. Ол үшін Open Recent командасының ішкі мәзіріндегі қажетті файлдың атына шерту керек.
Құжатты сақтау. Photoshop бағдарламасы File (Файл) мәзірінде орналасқан бірнеше Save (Сақтау), Save As (Қалай сақтау) және Save for Web (Web үшін сақтау) командаларымен ұсынылған бейнені сақтау әдістерін ұсынады. Жұмыс істегенде өзгерістерді сақтап отыру керек, себебі программадағы үзіліс немесе қоректендірудің үзілуі жөндеу нәтижелерінің жоғалуына әкеледі. Құжатты сақтау үшін File (Файл) мәзірінің командалары арналған: Save (Сақтау) және Save As (Қалай сақтау). Save (Сақтау) командасына <Ctrl>+<S> батырмалар комбинациясы сәйкес. Бұл команда бейненің ағымдағы жағдайын алдыңғының орнына сақтайды. Мұнда бірақ қате қауіпі бар, себебі соңғы өзгеріс қажет емес болуы мүмкін. Осындай маңызды деректердің жоғалуын болдырмау үшін файлдардың резервті көшірмелерін сақтау керек. Бұл үшін Save As (Қалай сақтау) (<Ctrl>+<Alt>+<S>) командасы қолданылады. Құжатты сақтау кезінде пішімдер тізімінде файлдың ағымдағы пішімі немесе Photoshop-тың өзінің PSD пішімі көрсетіледі. Құжатты сақтау үшін қажетті буманы таңдау керек. File Name (Файл аты) өрісінде құрылатын көшірме үшін жаңа ат беріледі. Соңында Save (Сақтау) батырмасын басу керек.
Құжатты жабу және бағдарламадан шығу. Құжатты жабу үшін бейненің оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу батырмасына шерту керек. Егер бейнеге өзгеріс енгізіліп және оны сақтамай жапса, онда Yes (Иә), No (Жоқ), Cancel (Орындатпау) батырмаларын қамтитын ескертпе терезе шығады. Yes батырмасы файлды жабу кезінде сақтайды, No батырмасы өзгерістерді сақтамайды, Cancel батырмасы файлды жабу командасын болдырмайды. Құжатты, сонымен қатар File Close (Файл Жабу) командасын орындап жабуға болады [13].
Түстік модельдер
Табиғатта түстер екі қарама – қайшы жолдармен түзіледі. Біріншіден, жарық көздері (күн, компьтер экрандары және теледидарлар) көзбен түрлі-түсті болып қабылданатын толқынның әр түрлі ұзындықтарының жарықтарын шығарады. Екіншіден, жарқын емес заттардың бетіне түсіп жарық жұтылады да, біраз бейнеленеді, ал бұл бейнеленген сәулелену көзбен заттар бояуы ретінде қабылданады.
RGB моделі
RGB моделі сәулеленетін
түстерді бейнелейді және
1.46-сурет. RGB моделінің графикалық түрі.
Бұл модельдің негізгі нүктелерін және түзулерін ерекшелеп өту қажет:
HSB моделі
HSB бұл компьютер суретшілері жиі жұмыс істейтін модель. Ол RGB моделінің түстеріне негізделген, бірақ координаттар жүйесі өзгеше. HSB моделіндегі әр түс өзінің түстік реңімен, қанықтылығымен және жарықтығымен анықталады (1.47-сурет). Берілген модель ағылшынның Hue, Saturation, Brightness сөздерінен HSB атауын алған. Осылайша, модельдің үш түстік арналары бар.
1.47-сурет. HSB моделінің графикалық түрі.
Спектрлік түстер (күн спектрінің таза түстері) немесе түстік реңдер түстік шеңбердің бойымен орналасады. Жарықтық – жарықты немесе қараңғылықты анықтайтын параметр. Түстік шеңбердің барлық түстері реңге тәуелсіз максималды жарықтыққа ие. HSB моделінде кез-келген түс ақ және қара бояулардың белгілі спектрлі қосылуымен алынады.
CMYK моделі. Боялған жарқырамайтын объектілер оларға түсетін ақ түстің спектрінің біразын жұтады және қалған сәулеленуді бейнелейді. Спектрдің қай облысында жұту жүретініне қарай объектілер осы объектілердің бояуын анықтайтын әр түрлі түстерді бейнелейді (1.48-сурет). Одан спектрдің белгілі аймақтарын алып тастайтын ақ жарықтықты қолданатын түстер субтрактивті деп аталады. Оларды сипаттау үшін CMY (Cyan, Magenta, Yellow) моделі қолданылады. Бұл модельде негізгі түстер ақ түстен RGB моделінің негізгі аддитивті түстерін алу арқылы құрылады. Бұл жағдайда негізгі субстрактивті түстер үшеу болатыны белгілі: көк, пурпурный (ақтан жасылды алу), сары (ақтан көгілдірді алу). Осылайша, барлық үш компоненттердің максимал мәндерін араластырғанда қара түс шығады. Ал бояу толығымен жоқ болғанда ақ түс пайда болады. Үш компонентті тең араластырғанда сұр реңді береді.
1.48-сурет. CMYK моделінің графикалық түрі.
Lab моделі. RGB және CMYK модельдері аппараттық тәуелді болып табылады. Егер RGB туралы сөз болса, онда негізгі түстер мәндері сіздің мониторда қолданылатын люминофор сапасымен анықталады. Ал егер CMYK туралы сөз болса, онда мұнда ерекшелігі айқынырақ, себебі нақты бояулар туралы айтылады. Егер түсті қабылдау бақылаушыға немесе бақылау шарттарына тәуелді болса, онда жоқ дегенде бұл шарттарды стандарттауға болады. Сәулелендіру бойынша Халықаралық комиссия осы жолмен жүрді. 1931 жылы түстерді бақылау шарттарын стандарттады және түсті қабылдауды адамдар тобында зерттеді. Нәтижесінде XYZ жаңа түстік моделінің негізгі компоненттері анықталды. Компьютерлік графикада қолданылатын Lab түстік моделі XYZ түстік моделінен туындаған. Атауын өзінің негізгі компоненттерінен алған. L компоненті бейне жарықтығы туралы ақпаратты қамтиды, ал a және b компненттері оның түстері туралы ақпаратты қамтиды. а компоненті жасылдан қызылға өзгереді, ал b көктен сарыға өзгереді.
Тиімді бейнелерді құру үшін файл пішімдері. Түстік ақпаратты, яғни бейнені сақтап, компьютерлер арасында және әртүрлі қосымшалар арасында орын ауыстыру үшін жазу әдісінің стандарты-файлдар пішімдері қажет.
PNG-8 пішімі. PNG-8 пішімі Save for Web терезесінде ұсынылған параметрлері GIF пішімімен сәйкес.
PNG-24 пішімі. PNG-24 пішімі барлық параметрлері бойынша GIF пішіміне ұқсас. Бұл форматта анимациялар құрылмайды, сонымен қатар бұл кейбір Web-браузерлерді қолданылмайды.
Информация о работе Компьютерлік графика мүмкіндіктерін оқытудың теориялық негіздері