Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2013 в 08:52, курсовая работа
Жұмыстың тақырыбы өте ауқымды болып келеді. Және қозғалып отырған сұрақ қазіргі уақыттағы ең белсенді сұрақтардың бірі болып табылады.
Жұмысты жазу барысында келесідей негізгі тақырыптар қозғалмақшы:
Мәліметтер базасы, оның бүгінгі күнгі жағдайы және жұмыс атқаруы.
Мәліметтер базасын пайдаланушылар, олардың категориялары және оның әкімшілігінің функциялары.
Даталогиялық жобалау туралы жалпы мағлұматтар
Мәліметтер базасын жобалау (практикалық көрінісі).
Кіріспе ..........................................................................................
3
1
Мәліметтер базасы туралы жалпы мәлімет..........................
5
1.1
Бүгінгі күнгі мәліметтер базасы...............................................
5
1.2
Мәліметтер базасының кең түрде қолданылуының алғы шарттары....................................................................................
8
1.3
Кестелермен жұмыс. Кесте құру................................................
14
2
Мәліметтер базасын пайдаланушылар.......................................
26
2.1
Пайдаланушылар категориясы....................................................
26
2.2
Мәліметтер базасы администраторының байланыстары.........
29
3
Даталогиялық жобалау туралы жалпы мағлұматтар.................
31
3.1
Даталогиялық жобалаудың бастапқы деректері.........................
31
3.2
Іштей жазу құрылымы................................................................
37
4
Мәліметтер базасын жобалау (практикалық көрінісі)
42
Қорытынды...................................................................................
52
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................
Иерархиялық және желілік МБ қайсыбір ортақ белгісі бар мәліметтер арасындағы байланыстардың бар болуын көздейді. Иерархиялық МБ-да мұндай байланыстар ағаш-сызық жол (графа) түрінде бейнеленуі мүмкін, мүнда биік үшар бастан төменгі кішілеріне қарай біржақты байланыстар ғана болуы ықтимал. Егер барлық ықтимал сүрақтар ағаш құрылымында бейнеленсе ғана, бұл қажетті ақпаратқа жетуді тездетеді. Ақпарат алудың ешқандай басқа сұрау салулары қанағаттан-дырмайды,
Аты айтылған кемшілік желілік МБ-дан алып тасталды, онда (тым болмағанда, теориялық жағынан) «бәрімен барлық жағынан» байланыс болуы ықтимал еді. Іс-тәжірибе жүзінде мүны іске асыру мүмкін болмағандыктан, кейбір шектеулерге жүгінуге тура келеді.
Мәліметтердің әрбір элементі құрамында кейбір басқа элементтердің сілтемесі болуы тиіс. Сол себептен ЭЕМ (электронды есептегіш машинаның) оперативті және дискілік жадындағы едәуір ресурстар талап етіледі.
Кейбір МББЖ туралы мәліметтер кестеде келтірілген.
МББЖ атауы |
МБ типі |
MS Access |
Реляциялық |
Clipper |
Реляциялық |
DBase |
Реляциялық |
FoxBase+ |
Желілік |
FoxPro |
Желілік |
IMS/VS |
Иерархиялық |
Oracle |
Реляциялық |
Paradox |
Реляциялык |
МБ жіктеу
Мәліметтер базасымен жұмыс режимі. Мәліметгер базасын басқару жүйесінің екі жұмыс режимі бар: жобалаушылық және пайдаланушылық. Бірінші режим база құрылымын құру немесе баяндауға және оның объектілерін жасауға арналған. Екінші режимде базаны толтыру немесе одан мәліметтер алу үшін бүрын дайындалған объектілер пайдаланылады.
Жобалаушы кесте құрылымдарын мәліметсіз жасайды және оны тапсырыс берушімен бірге келісіп, бір қорытындыға келеді.
Базаны құрушылар базаны
нақты мәліметтермен
Базаны пайдаланушы - формалардың көмегімен оны ақпаратпен толтырады, мәліметтерді сұрау салулардың көмегімен өңдейді және қорытындыны нәтижелік кестелер мен есептер түрін де алады. Жалпы жағдайда пайдаланушылардың қызметі - нақгы жұмыс парағында қарастырылғандарға тана, база құрылымын басқаруға қолы жететіндей құралдары жоқ.
MS Access 2000 жалиы сипаттамасы қазіргі уақытта Microsoft Access-мәліметтер базасын басқарудың үстемдік (дербес) программалық жүйелері арасында ең танымалдарының бірі. Көпшілікке кең тараған танымалдық себептері мыналар:
• әмбебаптығы мен интерфейстің ойланып істелу деңгейі жоғары, өйткені көбінесе әр түрлі біліктіліктегі пайдаланушылардың жұмысына арналған, негіз құраушы режимінен оларды тікелей пайдалану режиміне икемді және жедел көшуге мүмкіндік беретін мәліметтер базасының объектілерін басқарудың жүйесі іске асқан;
• Microsoft Office құрамына кіретін программалық басқа өнімдермен, сондай-ақ технологиясын қолдайтын кез келген программалық өнімдермен бірігіп-кірігу (интеграция) мүмкіндіктерінің терең дамуы;
• Жасалған жұмыста көрсеткіш құралдардың молдығы.
Мәліметтер базасы обьектілері.
Кез келген МББЖ-мен жұмыс процесінде мәліметтер базасында файл (немесе файл топтары) жасау басталған жері болып саналады. Жаңа база пайда болғаннан кейін көрінетін терезе 29-суретте көрсетілген.
Access мәліметтер базасын құра алатын объектілердің типтеріне басты терезенің негізгі боліктері сәйкес келеді. Бұлар Таблицалар, Сұрау салулар, Есептер, Парақтар, Макростар мен Модулъдер.
Терезе тақырыбы - мәліметтер базасының файл атауы.
Мәліметтер базасының негізгі объектілерге арналған қосымшасынан басқа үш бұйрықтық кнопкалары бар: Aшy, Конструктор, Құру. Олардың көмегімен кесте жұмысының режимі таңдалады.
Егер Таблица қосымшасы таңдалса, бұл қосымшаның терезесінде осы МБ-да бар кестелердің тізімі бейнеленеді.
Бар кестені ашу үшін оның атын бұл тізімде ерекшелеп, Ашу кнопкасын басу керек. Жаңа кестедегі МБ-ны іске қосу үшін Құру кнопкасын басу қажет.
Бар кестенің макетін түзеу үшін оның тізімдегі атауын ерекшелеп, Конструктор кнопкасын басу керек.
Кестелер - мәліметтер базасының негізгі объектілері. Біріншіден кестелерде базада бар мәліметтердің барлығы сақталады, екіншідеи, кестелер базанық құрылымын (өрістерін, олардың типтерін, қасиеттерін) да сақтайды. Сұрау салулар - кестелерден мәліметтер алу үшін және оларды пайдаланушыға қолайлы түрде ұсынуға арналған арнайы құрылымдар. Сұрау салулардың көмеғічен мәлімет-терді іріктеу, оларды сүрыптау мен сүзгіден өткізу сияқты операңғіялар атқарылады. Сонымен қатар берілген алгоритм бойынша мәліметтер өз-гертуге, жаңа кестелер жасауға, басқа шығу көздерінен алынған мәліметтер кестесін автоматты түрде орындауға, кестелердегі қарапайым есептеулерді және т.б. жасауға болады.
Формалар көмегімен базаға жаңа мәліметтер енгізетін немесе бары қаралатын объектічер. Формалар пайдаланушыға толтыруға болатын әрістерді ғана толтыруға арналған құралдар ұсынады. Сонымен қатар формада бір мезгілде енгізуді автоматтандыру үшін басқарудың арнайы элементтерді (есептегіштер, ашылатын тізімдер, ауыстырып қосқыштар, жалаушалар және тағы басқаларды) орналастыруға болады. Формалардың артықшылығы толтырылған бланкілерден мәліметтер енгізу болған кезде, әсіресе, көрнекі көрінеді. Бұл жағдайда графикалық құралдарды форма бланктің ресімделуін кайталанатындай етіп жасайды - бұл терімшінің жұмысын оңайлатады, оның шаршап, қажуын азайтады және баспа қателерін болдырмайды.
Форманың көмегімен мәліметтерді енгізіп қана қоймай, бейнелеуге де болады. Сұрау салулар да мәліметтерді бейнелейді, бірақ оны нәтижелік кестелер түрінде, дайындаудың ешқандай құралдары болмай-ақ жасайды. Формалардың көмегі-мен мәліметтерді шығарған кезде дайындаудың арнайы құрал-дарын қолдануға болады:
Есептер - мәліметтер ұсынудың ерекше формасы. Әдетте, есепті қалыптастыру үшін есептелетін ерістер, топтастырулар, іріктеу шарттарымен бірге әр түрлі кестелерден мәліметтер жинайтыи сұрау салулар жасалады.
Содан кейін MS Access-тің жалпы ережелері бойынша осындай сұрау салулар негізінде есеп жобаланады, ол мыналарға жол ашады:
- оку мен тандауға қолайлы формалармен мәліметтер ұсынуға;
- қорытынды және орта мәндерді есептеп, жазбаларды топтастыру (бірнеше деңгей бойынша);
- графикалық объектілерді есепке кіргізу мен басып шығару (мысалы, диаграмма).
Парақтар - бұлар Access 2000-де мәліметтердің арнайы объектілері. Оларды майдалап айтқанда мәліметтерге қол жеткізу парақтары деп атауға болады.
Физикалық жағынан бұл Web-парақта орналастырылған және клиентке сонымен бірге берілетін HTML кодында орындалған ерекше объект. Бұл объект өзінен-өзі мәліметтер базасы болып саналмайды, бірақ серверде қалатын мәліметтер базасымен бірге Web-парақта берілген байланыс атқарылатын, компонент-терді құрамында ұстайды. Web-торапқа келуші осы компоненттерді пайдалана отырып, қол жететін парақ өрісіндегі жазбалар базасын қарай алады. Осылайша, мәліметтерге жету парақтары клиентпен интерфейсті, сервер мен серверде орналасқан мәліметтер базасы арасында интерфейсті жүзеге асырады.
Макростар мен модульдер. Объектічердің бұл категориялары программалау жолымен жаңа функцияларды жасау үшін де, мәліметтер базасын басқару жүйесімен жұмыс істегенде де қайталанатын операцияларды автоматтандыруға да арналған. Макростар ~ макробүйрыңтар. Егер базамен қайсыбір операциялар ерекше көп жасалса, бірнеше бүйрықты бір макросқа топтастырып, оны пернелердің ерекшеленген белгілеудің мәні бар.
Модульдер - Visual Basic тілінде жазылған программалың рәсімдер (проңедуралар). Егер Access стандарттың құралдар тапсырыс берушінің небір гиеберлікті талап ететін шарттарын қанағаттандыруға жетпейді, программашы бұл үшін қажетті модульдер жазады.
1.3 Кестелермен жұмыс. Кесте құру.
Өріс бағанында өрістердің атауын тересіз. Егер өріс үшін Қол қасиеті белгісі берілмесе, онда өрістің Атауы бір уақытта болашақ кесте бағанының аты болып шығады. Әрбір өріске арналған тип мәліметтер типін таңдаудың ашылатын кнопка-сымен ашылған тізімнен тандалады. Бұл кнопка - басқарудың жасырын әлементі. Ол бланк өрісінде шертуден кейін ғана бейнеленеді.
Бланктің төменгі бөлігінде жоғары бөлікте ерекшеленген өріс қасиеттерінің тізімі болады. Қасиеттердің кейбірі үнсіз келісім бойынша берілген. Өрістердің қасиеттері болуы міндетті емес. Оларды қалау-тілек бойынша баптауға, тіпті қозғамауға да болады.
Енгізілген мәліметтерді жүйе қалай өңдеу керектігіи білуі үшін Ай-күн/уақыт өрісі үшін пішімді міндетті түрде көрсету керек. Мысалы, егер Ай-күннің қысқаша пішімін таңдасақ, жүйе сізден нақ ай-күнді (орыс версиясында - ДД.ММ.ГГГГ) енгізуді күтеді, ал егер Уақыттың қысқаша пішімін таңдасақ, бұл өрісте СС.ММ (сағаттар мен минуттар) теруге тура келеді.
Мәнге арналған шарт қасиетінің мәні ретінде верификация ережесін, яғни мәліметтерді осы өріске енгізгенде TRUE («Ақиқат») мәнін қабылдауға тиісті логикалық бейнелеуді көрсетуге болады. Мысалы, егер Балл өрісі үшін былайша жазса:
[Балл] >= lAnd [Балл]<= 12
немесе одан да қарапайым: >= lAnd <= 12, жүйе 1-12-ден басқа кез келген мәнді бұл өрісте жаңылыс енгізу деп таниды.
Келесі қасиетте жүйе бетін қате жайлы ерікті хабарды жазуға болады, мысалы: Баллдың бұл мәні болуы мүмкін емес немесе Балл дұрыс емес. Одан әрі, мысалы, егер Балл өрісіңде 14 санын енгізсеңіз, экранға осы хабар түседі.
Міндетгі epic қасиетінде Иә деп көрсетуге болады (бос мәндер болмайды).
Егер сіздің кестеңіздің алғашқы кілтіне бір өріс кірсе, Өрісті индексациялау қасиетінде ол үшін мынаны таңдайсыз: Иә, тура келу болмайды, сосын Түйінді (кілтті) анықтау (кілтті бейнелеп) кнопкасында құралдар панелінде шертіңіз.
Осылайша кестеңіздің бастапқы кілтін анықтайсыз.
Кесте құрылымын жасау аяқталып, бланк жабылады (мұндайда жүйе кестені сақтауға сұрау береді), сонан соң кестеге атау беріледі, сол сәттен бастап ол Мәліметгер базасындағы негізгі терезеде басқа кестелермен бірге қол жеткізуге боларлықтай жол ашылады. Қажет болған жағдайда оны ашуға болады.
Жасалған кестені Мәліметтер базасы терезесінде оның таңбашасында екі рет қатарынан шертіп ашады. Жаңа кестенің жазбалары жоқ - кесте құрылымын сипаттайтын, бағандардың атаулары ғана бар. Кестелерді мәліметтермен толтыру әдеттегі тәртіппен жүргізіледі. Енгізу меңзері қажетті ұяшыққа тышқан-тетіктің нұсқағышымен қойылады. Келесі ұяшыққа көшу Tab. пернесімен орындалады. Кезекті жазбаға көшу соңғы ұяшықты толтырғаннан кейін орындалады.
Кестенің төменгі бөлігінде Көш
Кестелерді мәліметтермен толтырғаннан кейін сактап қажеті жоқ - барлығы нақты уақыт режимінде автоматты түрде сақталады. Нақты уақыт режимі біз кестемен жұмыс істеген кезде үздіксіз сақтау болатындығын білдіреді.
Алайда, егер кестемен жұмыс істеген кезде оның макетін редакциялау болып өтеді (мысалы, бағандардың ені өзгереді), МББЖ осы өзгерістерді сақғауды растауды өтінеді.
Егер кестенің (өрістер кұрамын немесе олардың қасиеттерін) өзгерту қажеттігі туындаса, кестені Конструктор режимінде ашу керек. Бұл үшін Мәліметтер базасы терезесінде ерекшелеп, Конструктор кнопкасын шерту керек.
Кестелер арасындағы байланыстарды құру. Мәліметтер базасын басқару жүйесінің негізгі артықшылықтары жекелеген кестелермен жұмыста емес, өзара байланысты кестелердің топ-тарымен атқарылады. МББЖ кестелері арасындағы байланыстарды құру үшін Access Мәліметтер схемасы деп аталатын арнайы терезесі бар.
Мәліметтер схемасы терезесін құралдар панелінің кнопкасында шертіп немесе Сервис/Мәліметтер схемасы бұйрығымен ашады.
Егер бұрын кестелер арасында мұндай байланыстар берілген болса, схемаға жаңа кестенің мәліметтерін енгізу үшін мәліметтер схемасында тышқанның оң кнопкасын шертіп, контекетік мәзірде Кесте қосу тармағын тандау керек.
Мәліметтер схемасына байланыстырылуы керек барлық кестелерді енгізе отырып, кестелер өрісі арасындағы байланыстарды құруға кірісуге болады.
Өрістер арасындағы байланыс өріс атауын бір кестеден басқасына өзіне тиісті байланысты өріске апарып қою арқылы орнатылады.
Кестелер арасында пайда болған байланыс әр түрлі кесте өрістерін біріктіретін сызықтар түріндегі Мәліметтер схемасы терезесінде бейнеленеді. Мұндайда кестелердің бірі басты, ал басқасы - байланысты болып саналады. Басты - өзінің негізгі өрісіне байланысты қатысатын кесте (бұл өрістің атауы мәлі-меттер схемасында жартылай қарайтылғаи шрифтпен бейне-ленеді.
Байланыстың екі негізгі белгіленген мақсаты бар. Бірінші -мәліметтердің тұтастығын қамтамасыз ету, ал екіншісі - базаға қызмет ету міндеттерін автоматтандыру. Елестетіп көрелік, әрбір клиент бірегей деп саналатын Клиент кестесінде біреу бір клиентке арналған жазуды жояды делік, бірақ мүны Тапсырыстар кестесінде жасайды. Тапсырыстар кестесіне сай аты, адресі жоқ біреу тек абстрактылы код жасап, тапсырыс берген болып шығады. Код бойынша мұның кім болғанын білу мүмкін емес - мәліметтердің тұтастығына нұқсаи келеді.
Мұндай жағдайда база иесі үш тәсілді қолданады: мәліметтердің тұғастығын қорғау үшін мүлдем ештеңе істемеу керек, не болмаса, негізгі өрістерден басты кестелердің мәліметтерін жоюға тыйым салу, не болмаса, рұқсат беру, бірақ сонымен бірге байланысты кестелерді де барабар өндеу керек. Мұны қолдан істеу қиын, сондықтан автоматтандыру құралдары да керек.
Информация о работе Мәліметтер базасын жобалау (практикалық көрінісі)