Мәліметтер қоры ортасында пайдаланушылар программасын дайындау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2014 в 10:01, реферат

Описание работы

Мәліметтер қоры дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Ең алғаш мәліметтер қоры ұғымы жаңадан қалыптасқан кезде онда шындығында мәліметтер сақталатын. Бірақ қазіргі кездегі көптеген мәліметтер қоры басқару жүйелері өздерінің құрылымдарында тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушымен және басқа да ақпараттық – программалық кешендермен қарым – қатынасының әдістерін де қамтиды. Сондықтан біз қазіргі заманғы мәліметтер қорында тек мәліметтер ғана емес, ақпараттар да сақтай аламыз.

Содержание работы

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қарапайым мәліметтер қорының құрылымы
2.Мәліметтер қорын құру қағидалары
3. Мәліметтер қорын басқару жүйелері
4. MS Access кең тараған мәліметтер қорын басқару жүйесі
III. Қорытынды

Файлы: 1 файл

информатика срс.docx

— 54.75 Кб (Скачать файл)

1.1.-кесте Access 2007 өрістеріндегі таңдалған мәліметтер типтері

Мәліметтер типі

Өлшемі  

Қызметі  

Мәтіндік  

255 белгіге дейін

Есеп жасауда қолданылмайтын (мысалға, тауар коды) мәтіндерді немесе мәтін мен сандарды енгізу үшін қолданылады

MEMO өрісі     

1073741824 белгіге дейін немесе 2 Гбайт жадыға (белгіге2 байттан), басқару  элементінде 65535 белгі түрінде беруге болады

Бұл типтің өрісіне  алфавитті-цифрлық белгілерді енгізуге болады (255 белгіден көп) немесе форматталған мәтінді. 255 белгіден көп мәтіндер немесе форматталған мәтіндер үшін қолданылады. Бұл типтегі өрістің қолданылу мысалы — ескертулер, жартылай қою немесе курсивпен жазылған ұзақ сипаттаулар мен азат жолдар

Сандық  

1, 2, 4 және 8 байт немесе 16 байт  (егер репликацияны кодтау үшін қолданылса )

Бұл өріске сандық мәндерді енгізуге болады (бүтін немесе бөлшек). Ақшалық мәндерден басқа, есептеулерде қолданылатын сандық мәліметтерді сақтау үшін қолданылады, (ақшалық мәндер үшін "Ақшалық" мәліметтер типі қолданылады)  

Мерзім /уақыт        

8 байт

Бұл типтегі өріске мерзім мен уақытты енгізуге болады. Әрбір сақталған мән бір мезгілде мерзімнің де, уақыттың да компаненттерін құрайтын-дығына назар аударыңыздар.

 Ақшалық   

8 байт

Бұл өріс ақшалық мәндерді енгізуге арналған. Ақшалық мәндерді сақтау үшін қолданылады.  (валюталар)

Есептегіш  

4 байт немесе  16 байт,егер репликацияны кодтау үшін қолданылса 

Access 2007 –ге автоматты  түрде енгізілетін Уникальное  сандық мән. Уникальный мәндерді  құру үшін, мысалға алағашқы кілтті қолданылады. Мынаған назар аударыңыз, мәліметтердің "Есептегіш" типті командаларында сандар көрсетілген нұсқауларға тізбекті түрде өсуі немесе кездейсоқ таңдалуы мүмкін.

Логикалық   

1 бит (8 бит = 1 байт) 

Мәліметтердің бұл типі мына мәндердің біреуін "Ия" және "Жоқ" немесе True и False қамтитын өрістер үшін қолданылады.

OLE объектсінің  өрісі  

1 Гбайтқа дейін 

Бұл өріске OLE –объектлері немесе басқа екілік мәліметтер енгізіледі. Microsoft Windows –тің басқа қосымшаларының OLE-объектлерін сақтау үшін қолданылады.

Салымдар

Сығылған  салымдар үшін — 2 Гбайт. Салымдардың сығылу дәрежесінің мүмкіндігіне байланысты,  сығылмаған салымдар үшін шамамен 700 Кбайт.

Бұл типтегі өрістерге сәреттер, бейнелеулер, екілік файлдар, Microsoft Office файлдары енгізілуі мүмкін. Цифрлы бейнелерді және екілік файлдардың кез келген типтерін сақтауға арналған мәліметтердің стандартты типі.

Гиперсілтеме             

1073741824 белгіге дейін немесе  жадының 2 Гбайты (белгіге 2 байттан), басқару  элементінде 65535 белгімен беруге  болады 

Бұл өріс тышқанды URL-мекен жайында немесе файлда бір рет шерту арқылы Web-беттерді шақырудың гиперсілтемелерін сақтау үшін қолданылады. Бұдан басқа, мәліметтер қорында сақталған Ассеss объектлеріне сілтеме жасауға пайдалануға болады.

Мастер подстановок

Кестелер мен сұраныстар негізінде – байланған баған өлшемі. Мәндер негізінде мәндерден тұратын мәтіндік өрістің өлшемі.

Нақтысында мәліметтер типі болып табылмайды, тек подстановка шеберін шақырады. Тізімдері бар өрісті пайдалана отырып, басқа кестелерден, сұраныстардан немесе мәндер тізімінен мәндер таңдауға мүмкіндік беретін, көмегімен өріс құруға болатын подстановка шеберін жіберу үшін пайдаланылады.


Құрылған жаңа кесте кестелер режимінде ашылады. Жаңа өрісті жылдам қосу үшін Өріс қосу бағанында мәліметтер енгізуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                       Қорытынды

Мәліметтер қоры - бір-бірімен белгілі бір тәртіппен құрылымдық тұрғыдан байланысқан, машинамен оқылатын, нақты қолданбалы сала үшін көкейтесті, ақпараттық технология үшін жарамды нысандағы нақты дүние объектілері сипаттамаларының, сондай-ақ ЭЕМ-нің жадындағы немесе машинамен оқылатын сақтағыштағы (магаитті ленталардағы, дискеттердегі, ықшам дискілердегі) ақпарат жазбаларының жиынтығы.  қоры қоғамның барлық ақпараттық қорларымен тығыз байланысты, солардың негізінде жасалады, ал олардың көбісі ақпараттың тек құжаттық көздерімен бірге пайдаланылады. Деректер қорын жасау үшін ең алдымен мүдделілік туғызған объектілер (мысалы, жеткізушілер, тұтынушылар, кәсіпорындар, қызметкерлер, т. б.) айқындалады, сонан соң әрбір объекті үшін оның өзгешеліктерін сипаттайтын деректердің жиынтығы бөліп көрсетіледі. Мысалы, кәсіпорынның өзгешеліктеріне оның атауы, мекен-жайы, банкідегі шоты, шығаратын өнімінің тұрпаты, т. б. жатады.ДҚБЖ (Деректер Қорын Басқару Жүйесі) – деректер қорынан деректерді құру, сақтау және алуды автоматтандыру үшін арналған программалар жиынтығы. Қазіргі кездегі ДҚБЖ реляциондық және объективті–бағытталған болып табылады. Кез келген кәсіпорын немесе ұжым Мәліметтер қорын басқару жүйелері (МҚБЖ) — бұл олардың көмегімен мәліметтер қорын жасауға, оларды ақпараттармен толықтыруға және жұмыс істеуге болатын бағдарламалар жиынтығы. Мәліметтер қорын басқару жүйелерінің бірнеше ондаған түрлері бар, олардың көпшілігі шындығына келгенде басқару жүйелері емес, арнайы дайындалған бағдарламалау тілдері болып табылады, олардың көмегімен осы тілді меңгерген әрбір адам қолданушыға ыңғайлы құрылымдағы, кез келген мәліметтер қорын жасап алуына, және оларға қажетті басқару элементтерін енгізуіне болады. Мұндай тілдерге Oracle, Clipper, Paradox, FoxPro және басқалар жатады. Алайда, мұндай мәліметтер қорымен жұмыс істеу үшін, қолданушылардың ауқымды бөлігі пайдалана алатындай, шынайы, тіптен кәсіби бағдарламалау дағдылары қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

                   Қолданылған   әдебиеттер

  1. Wikipedia.org
  2. Referat.nur.kz
  3. Kitaphana.kz

 


Информация о работе Мәліметтер қоры ортасында пайдаланушылар программасын дайындау