Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Июня 2015 в 21:41, курсовая работа
ХХ ғасырдың ортасында информацияны өңдеуді автоматтандыру ісінің қажеттілігі (көбінесе әскери талаптарға сай) электрондық техника мен технологияның қарқынды дамуына себепші болды.
Информациялық қоғамға көшу перспективалары әлеуметтік, құқықтық және техникалық сипаттағы көптеген мәселелерге қозғау салуда. Мысалы, өндірістік роботты пайдалану адамның қатысуна бағдарланған бүгінгі технологияны толық өзгертуге әкеледі. Мұндай технологияны жасау ісі басталып та кетті. Жаңа қоғам мүшесін өз бетінше өмір сүруге дайындау да күрт өзгерді. Оқытудың жаңа түрлерін жасаудағы ізденіс жұмыстары да басталып келеді
КIРIСПЕ…………………………………………………………………..
1 MS access-ті үйренуде КОМПЬЮТЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ.................................................
1.1 MS access-ті үйренудің теориялық негiздерi.....................................................................................................
1.2 MS access-ті үйренуде компьютердi пайдаланудың алғышарттары...............................................
1.3 MS access-ті үйренуде компьютерлiк оқыту жүйелерiн пайдалану......................................................................
1.4 MS access-ті үйренуде компьютерлiк оқыту жүйесінiң құрылымы......................................................................
2 MS access-ті үйренуде КОМПЬЮТЕРЛіК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСіН ДАЯРЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ.............................................
2.1 MS access-ті үйренуде компьютерлiк оқыту жүйесiн жасау негiздерi................................................................
2.2 MS access-ті үйренуде компьютерлiк оқыту жүйесiн оқу процесiнде пайдалану....................................
2.3 Компьютерлiк жүйенi пайдалануға нұсқау.........................................................................................................
3 Экономикалық бөлім...................................................................
3.1 Жүйені құруға және енгізуге кеткен шығын есептеулері..............................................................................................
3.2 Экономикалық сферасының есептеулері................
4 БИЗНЕС-ЖОСПАР БӨЛІМІ...................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………............….
Түйін..............................................................................................................
ҚОСЫМША.......……………………………………………......………….
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...................
Ендi Электронды оқулықтың сыртқы құрылымын, яғни пайдаланушыға көрiнетiн элементтерiн қарастырайық. Электронды оқулықтың қүндылығы әрине, оның тақырыптық мазмұнында. Егер оқулық кейiн сынақ не емтихан тапсырылуы тиiс пәннен болса, онда бiр материалды үш түрлі құрылымда берген жөн:
Мазмұндау мәтiн, сурет, кескiн, схема, кесте, график т.с.с. түрінде берiледi. Сонымен қатар мұнда, қарапайым оқулықта мүмкін емес, анимация, видео, дыбыстық эффектiлер сияқты компьютерге тән элементтер орын алуы мүмкін.
Схемокурс – оқулықтың мазмұнын қысқартылған мәтiн – график түрінде бейнелеу. Бұл оқу материалының құрылымын, ондағы негiзгi идеяларды түсiнуге септiгiн тигiзедi. Оқулық мазмұнын графикалық образдар арқылы бейнлеу мазмұнды ассоциативтi түрде есте сақтауда үлкен көмек бередi.
Өзiн өзi бақылаудың тестiк жүйесi – оқу материалының мазмұны арнайы интерактивтi жүйенi пайдалану арқылы сұрақтар мен жауаптар түрінде берiледi. Тестiк жүйе көбiне алынған бiлiм деңгейiн тексеруге арналғандықтан, пайдаланушы үшін оқулықтың ең қызықты бөлiгi болып табылуы да мүмкін. Жүйе оқулықтың авторлары құрған тест сұрақтар қорынан тұрады. Бұл тестер қорын сынақ және емтихан қабылдау кезiнде де пайдалануға болады.
Қазiргi ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану негiзiнде жаңа педагогикалық әдiстердi қалыптастыруға бағытталған бiлiм беру жүйесін ақпараттандыруды зерттеу iстерi оқулықтар шығарумен қатарласа немесе оның алдында атқарылуы керек.
Компьютерлiк оқыту жүйелерiн жасау және қолдану үшін оның түрлерiнiң мүмкіндiктерi мен ерекшелiктерiн бiлу керек. Негiзгi КОҚ түрлерi келесi белгiлерi бойынша топтастырылады:
Пән мазмұны бойынша КОҚ-рi жаратылыстану, гуманитарлық, техникалық мазмұндағы болып бөлiнедi.
Жүзеге асыра алатын педагогикалық мәселелерi бойынша жiктеу үшін алдымен КОҚ-рi шеше алатын мәселелердi қарастыру керек. Олар: пәндi оқудың мақсатымен танысу, оның негiзгi ұғымдары мен тұжырымдарын түсiну; түрлі деңгейдегi базалық дайындық жұмыстарын орындау; пәннiң практикалық есептерiн шешу дағдысы мен ебдейлiктерiн қадлыптастыру; эксперименттiк жұмыстар жасау дағдысын қалыптастыру; стандарты емес жағдайлардағы есептердi шешу қабiлетiн қалыптастыру; зерттелетiн объектiлердi, процесстердi игеру; бiлiмдi, дағды мен ебдейлiктi бекiту, орнықтыру; бiлiм мен дағды деңгейiн бағалау.
Осы аталған педагогикалық мәселелердi шешу мүмкіндiгiне қарай КОҚ-рi келесi топтарға жiктеледi:
Бiрiншi топқа келесi КОҚ-ры кiредi:
Компьютерлiк оқулық (КО) – баспа оқулық негiзiнде жасалған, белгiлi бiр курс бойынша базалық Ұғымдар мен процесстер жайлы мейлiнше толық материалдар қамтылған КОҚ;
Бiлiмдi тексерудiң компьютерлiк құралы (БТКҚ) – белгiлi пән бойынша студенттiң теориялық бiлiмiн тексеруге арналған көпнұсқалы, көпдеңгейлi тапсырмалар жүйесi.
Практикалық дайындық КОҚ-рi:
Компьютерлiк практикум (КП) – пәннiң типтiк есептерiн шығаруға және есептер арасындағы байланыстарды анықтуға арналған тапсырмалар жинағы;
Компьютерлiк тренажер (КТ) – iс-әрекет дағдысын қалыптастыруға және оған қатысты қабiлеттi дамытуға арналған құрал.
Көмекшi КОҚ-рi:
Компьютерлiк лабораториялық практикум (КЛП) – автоматтандырылған лабораториялық жұмыстар жинағы; Компьютерлiк анықтамалық (КА) – пән бойынша ұғымдарға, терминдерге, анықтамаларға қысқаша түсiнiктемелер беретiн құрал;
Кешендi құралдар қатарына келесi КОҚ-лерi енедi:
Компьютерлiк оқу курсы (КОК) – теориялық, практикалық және техникалық дайындық функциялары мен құралдары бiрiктiрлген түрде қарастырылатын белгiлi бiр курс бойынша берiлген құрылымданған оқу материалдары; Компьютерлiк бекiту курсы (КБК) – квалификацияны көтеру үшін берiлетiн стандартты және стандартты емес жағдайлар туралы және игерiлген курс мазмұнындағы бiлiмдi, дағдыны, ебдейлiктi қайта бекiтуге арналған материалдар жиынтығы.
Оқу материалдарын қамту көлемi бойынша интегралды және интегралды емес КОҚ-рi бар. Интегралды КОҚ-рiнде курс мазмұны толығымен қамтылады және теориялық бiлiм мен дағдыны, ебдейлiктi қалыптастыру мәселелерi өзара тығыз байланыста құрылады. Интегралды емес КОҚ-рi студенттiң кейбiр жеке қабiлеттерiн дамытуға арналған.
КОҚ-рi телекоммникациялық технологияларды пайдалану мүмкіндiгi бойынша жергiлiктi және желiлiк болып бөлiнедi.
Желiлiк КОҚ-рi есептеу техникасының түріне қарай жергiлiктi желiге бағытталған (Intranet) және жаїандық желiге бағытталған (Internet) болып бөлiнедi. Сонымен қатар желiлiк КОҚ студенттердiң өзара байланысын қамтамасыз ету мүмкіндiгiне қарай да екi түрге бөлiнедi: өзара байланысты және өзара байланыссыз.
Информацияны бейнелеу формасы бойынша мультимедиялық және мультимедиялық емес КОҚ-ры бар.
Программалық жүйенiң құрылымы дегенiмiз оның пайдаланушылармен байланысы мен iшкi компоненттерiнiң өзара қатынасы. Құрылым жүйенiң негiзгi программалық бөлiктерi мен ақпараттық компоненттерiнiң байланысын және сыртқы қолданбалы программмалармен байланысын бейнелейдi. Программалық компоненттердi (модульдердi) жiктеу функционалдық принцип бойынша орындалады. Ақпараттық компоненттер (массивтер, блоктар, файлдар, берiлгенде қоры, т.с.с.) қызметi, пайдаланылуы, берiлгендердi бейнелеу форматтары, қол жеткiзу тәсiлдерi т.с.с. белгiлерi бойынша бөлшектенедi.
Оқу материалы мен таспырмалар жүйесi ақпараттық және программалық объектiлерге сiлтеме жасауы мүмкін. Оқу материалының құрылымдық компоненттерi тапсырмалар жүйесіне және сыртқы КОҚ-дарға сiлтеме жасайды, ал тапсырмалар жүйесінде оқу материалына және сыртқы КОҚ-не сiлтемелер болады. Ендi оқу материалының құрылым мен оның тапсырмалар жүйесiмен байланысын қарастырайық.
КОҚ-де оқу материалдарына қол жеткiзудiң негiзгi үш тәсiлi қарастырылады:
Iздеу процесiн оқу материалдарын iздеу модулi (ОМIМ) толық мәтiндiк, не кiлттiк сөздер көмегiмен орындайды. Екiншi жағдайда кiлттiк сөздер индекстелген болуы қажет.
КОҚ орнатуға арналған ақпараттық компоненттер. Бұл ақпараттық компоненттiң бiр бөлiгi баспа кiтаптың титул бетiнiң қызметiн атқарады. Мұнда КОҚ-ның қысқаша сипаттамасы, авторлары және авторлық құқық жайлы мәлiметтер келтiрiледi.
Екiншi бөлiгiнде жүйенiң орнатылуы, КОҚ конфигурациясының пайдаланушы өзгерте алатын тұстары сипатталады және оны орындауға арналған қысқаша нұсқаулар блогы болады.
Оқушылардың жұмыс нәтижелерiн бейнелейтiн ақпараттық компоненттер. Мұнда оқушылар модулi мен олардың КОҚ-сiнде жұмыс iстеу барысының хаттамалары сақталады. Хаттамаларға пайдаланушының КОҚ-мен байланысын бейнелейтiн мәлiметтер енгiзiледi. Оқу материалымен жұмыс iстеу барысы оны оқуға кеткен уақытпен, анықтамалық жүйелерге сiлтеме жасау бiрлiктерiмен, өтiп кеткен оқу материалдарына қайта көңiл бөлу санымен анықаталады.
Оқушы модулiне оқушының игерiп жатқан пән бойынша ағымдық бiлiм деңгейi, оқу процесiнде анықталған негiзгi дербес ерекшелiктерi жайлы мәлiметтер кiрiстiрiледi.
Ендi КОҚ-ның құрылымдық схемасындағы негiзгi модiльдердiң атқаратын қызметтерiн сипаттап өтелiк:
А.Оқу материалдарымен жұмыс iстеудi қамтамасыздандыру модулiнiң (ОМЖҚМ) атқаратын негiзгi қызметтерi:
Б. Тапсырмалар жүйесi модулi (ТЖМ) келесi функцияларды атқарады:
В.Тапсырмаларды тiркеу модулi (ТТМ) ТЖМ-нiң қосымша қызметтерiн атқарады.
Г.Оқу процесiн басқару модулi (ОПБМ) оқытудағы психологиялық-педагогикалық стратегияны тиiмдi iске асыруды қамтасыз етуi тиiс. Ол келесiлерден тұрады.
Оқушыларды тiркеу және анықтау модулi (ОТАМ) КОҚ-нi орнату және алғашқы рет iске қосқан кезде оқушы жайлы мәлiметтердi тiркеуге алады. Ол мәлеметтер оқушының аты-жөнi, тобы, алғашқы тестен өту нәтижесi, т.с.с.
Д.Оқушылардың жұмыс хаттамалары модулi (ОЖХМ) – пәндi игеру барысы жайлы оқушыға не оқытушыға мәлiметтер берудi ұйымдастырады.
Е.Оқытушы интерфейсi модулi (ОИМ) – оқушының оқу барысы, тапсырмаларды орындау барысы, оқушының белсендiлiгi, психологиялық-педагогикалық стратегияның iске асуы туралы мәлiметтер модульдерi мен оқытушы интерфейсiнiң арасындағы байланысты қамтамсыз етедi.
Ж.КОҚ-ның конфигурасын сипаттау модулi (КОҚКСМ) – пайдаланушыны КОҚ-мен жұмыс жасау туралы нұсқаулармен қамтамасыз етедi.
2 MS access-ті үйренуде КОМПЬЮТЕРЛlК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСlН ДАЯРЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
2.1 MS access-ті үйренуде компьютерлiк оқыту жүйесiн жасау негiздерi
Компьютерлiк оқыту жүйелерiн жобалауда жасау құралдарын тиiмдi таңдау да оның сәттi жұмыс жасауының алғышарттарының бiрi.
Инструменталдық жабдықтар ретiнде компьютерлiк оқыту жүйелерiн құру барысында орындалуы тиiс мәселелердi шешуде қолданылатын программалық жүйелердi түсiнемiз. Негiзгi инструменталдық жабдықтар мен оларды қолдану кезеңдерi 1 -суретте келтiрiлген.
«Access» курсының электронды анықтамалығын жасауда бiз Visual Basic программалау ортасы мен FrontPage веб-беттер құру ортасын қолдандық. Сондықтан осы инструменталдық жабдықтарға толығырақ тоқталып өтсек.
Жоғарғы деңгейлі программалау тілдері жарыққа шыға бастағаннан бері көптеген программалау тілдері пайда болды. Есептеуіш техниканың қарқынды дамуы және программалық жабдыктауды тиімді дайындауга қажеттілік нәтижесінде соңғы кездерде Windows ортасында жарыкқа шыққан және объектілі - бағдарлы программалау (ОБП) негізінде кұрылған программалау тілдері - Borland C++ for Windows, Object Pascal және визуальды Microsoft Visual Basic, Borland Delphi.
Объектіге багдарлы оқиғалы программалау тілінде программаның жұмысы негізінен оқиғалар тізбегінен және түрлі объектілердің осы оқиғаларға жауабынан тұрады. Олардың визуальды түрлері - Visual Basic тілі QBasic программалау тілі негізінде, Delphi (Дельфи) Объектілі Паскаль (Object Pascal} тілі негізінде Windows операциялық жүйесін басшылықка апып кұрылган (visual — көзбен көру, экрандық). Олар, әсіресе, Visual Basic, Delphi программалау тілдері — кез келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, куатты тілдер.
Visual Basic программалау тілі–кез-келген типті қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тілдердің бірі.
Орта. Проект. Қасиеттер.
Visual Basic (VВ) программалау жүйесі компьютерге орнатылған соң оны іске қосу Windows терезесі арқылы әдеттегідей жүргізіледі: Іске қосу - Программалар - Місгоsofrt Visual Basic 5.0. Бұл кезде Ргoject Wizard (Проект шебері) программасы іске қосылады да, экранда Microsoft Visual Basіс, оның жоғарғы бетінде белсендірілген New Ргоjeсt (Жаңа проект) сұхбаттық терезесі көрінеді. Терезеге үш қосымша бет енгізілген: New (Жаңа), Ехіsting (Қолданылған), Recent (Жақында қолданылған файлдар).
Информация о работе MS access-ті үйренуде компьютерлiк оқыту жүйесiн жасау негiздерi