MS access-ті үйренуде компьютерлiк оқыту жүйесiн жасау негiздерi

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Июня 2015 в 21:41, курсовая работа

Описание работы

ХХ ғасырдың ортасында информацияны өңдеуді автоматтандыру ісінің қажеттілігі (көбінесе әскери талаптарға сай) электрондық техника мен технологияның қарқынды дамуына себепші болды.
Информациялық қоғамға көшу перспективалары әлеуметтік, құқықтық және техникалық сипаттағы көптеген мәселелерге қозғау салуда. Мысалы, өндірістік роботты пайдалану адамның қатысуна бағдарланған бүгінгі технологияны толық өзгертуге әкеледі. Мұндай технологияны жасау ісі басталып та кетті. Жаңа қоғам мүшесін өз бетінше өмір сүруге дайындау да күрт өзгерді. Оқытудың жаңа түрлерін жасаудағы ізденіс жұмыстары да басталып келеді

Содержание работы

КIРIСПЕ…………………………………………………………………..
1 MS access-ті үйренуде КОМПЬЮТЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ.................................................
1.1 MS access-ті үйренудің теориялық негiздерi.....................................................................................................
1.2 MS access-ті үйренуде компьютердi пайдаланудың алғышарттары...............................................
1.3 MS access-ті үйренуде компьютерлiк оқыту жүйелерiн пайдалану......................................................................
1.4 MS access-ті үйренуде компьютерлiк оқыту жүйесінiң құрылымы......................................................................
2 MS access-ті үйренуде КОМПЬЮТЕРЛіК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСіН ДАЯРЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ.............................................
2.1 MS access-ті үйренуде компьютерлiк оқыту жүйесiн жасау негiздерi................................................................
2.2 MS access-ті үйренуде компьютерлiк оқыту жүйесiн оқу процесiнде пайдалану....................................
2.3 Компьютерлiк жүйенi пайдалануға нұсқау.........................................................................................................
3 Экономикалық бөлім...................................................................
3.1 Жүйені құруға және енгізуге кеткен шығын есептеулері..............................................................................................
3.2 Экономикалық сферасының есептеулері................
4 БИЗНЕС-ЖОСПАР БӨЛІМІ...................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………............….
Түйін..............................................................................................................
ҚОСЫМША.......……………………………………………......………….
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...................

Файлы: 1 файл

Дип.-Microsoft-Access-ті-Visual-Basic-те-үйрену-үшін-электрондық-анықтама-құру.doc

— 1.43 Мб (Скачать файл)

 

 

2.2 MS Access-ті үйренуде компьютерлiк оқыту жүйесін оқу процесiнде пайдалану

 

   «Жүйелік бағдарламалау» курсының теориялық материалдары мен тапсырмалар жүйесін құруда FronPage веб-беттер құру ортасы қолданылды. Алдыңғы тарауларда курс мазмұнын құрылымдаудың теориялық негiздерi қарастырылған болатын. Ендi осы оқу материалдарын электронды оқулықты құруда қандай формада, құрылымда беру мәселелерiн қарастырайық. Оқу материалдары әрине бiрiншiден курс мазмұнынан тұрады. Электронды оқулық құрудың инструменталды құралдарын пайдалан отырып, бiз оқу курс мазмұнын оқулықтың сол жақ бөлiгiне орналастырдық және курс мазмұны MS WORD редакторында дайындалады. 

    Жоғары тарауда атап өтiлгендей курстың теориялық мазмұны мен оның материалдары компьютерлiк оқыту құралының Мазмұн және Тапсырма бөлiмдерінде орналасады.

 

Курс мазмұнын құрып болғаннан соң, оқу материалдарын компьютерлiк оқыту құралының терезсiнiң оң жақ негiзгi бөлiгiне орналастыру қажет. Ол бiрiншiден оқу материалдарын FrontPage ортасында даярлап алған жөн. Теориялық материалдардың Бұл ортада даярлануы оқу материалдарының арасындағы логикалық байланысты күшейтiп, оқушыға интерактивтi жүйеде жұмыс жасауға мүмкіндiк бередi.  Оқу материалдарының арасындағы байланыс гиперсiлтемелер жүйесi арқылы жұзеге асырылады. 11-суретте Стектер тақырыбындағы оқу материалдары мен гиперсiлтемелер келтiрiлген. Гиперсiлтемелер жүйесi кез келген компьютерлiк оқыту жүйесінiң ажырамас бөлiiг ретiнде қарастырылуы тиiс. Ол компьютерлiк оқыту құралындағы интерактивтiлiктi қамтамасыз етедi. Ал интерактивтiлiктi бiлiм алуда үлкен маңызға ие екендiгi барлығымызға белгiлi.

 

    Суреттен көрiп тұрғанымыздай бiрiншi және екiншi сiлтемелер пайдаланушыға сәйкес оқу материалдарын шақырып бередi. Егер ол қажет болмаған жағдайда, яғни оқушы Бұл тақырыптарды игерiп қойған болса, онда ол мазмұннан келесi тақырыпты таңдау арқылы Бұл тақырыптан шығып кетуiне болады.

    Тақырыптар арасындағы осындай байланыстарды қамтамасыз ету оқушының нәтижелiк блiмiнiң тиянақты болуын қамтамасыз етедi. Ол осының көмегiмен өз санасында курстың толық құрылымы мен мазмұнынын қалыптастырады және курсты тез игерiп кетедi.

    Курстың тапсырмалар жүйесін құруда ұғымдық деңгейдегi тапсырмаларды тастап кетуге болады, себебi қолданбалы программалық қамсыздандыру курсы туралы жалпы теориялық мәлiметтер мен ұғымдық деңгейдегi сұрақтар электронды оқулықтың тест бөлiмiнде толық қарастырылған. Сондықтан мұнда берiлетiн тапсырмалар бiр жағынан лабораториялық жұмыс ретiнде деп есептеуге болады.

    Курстың тапсырмалар жүйесi FronPage ортасында веб-беттер түрінде құрылған. Тапсырмалар қадамдап орындау арқылы iске асырылады. Оқушы тапсырманы орындап болғаннан соң оның нәтижесiн оқытушыға мiндеттi түрде өткiзуi тиiс.  Операциялық жүйенiң FronPage ортасында құрылған 1-тапсырмасында Санау жүйесінің есептерін шығару iс-әрекетi жүзеге асырылады. 12-суретте тапсырманың жалпы көрiнiсiнiң ортада қалай құрастырылғаны келтiрiлген.

 

2.3 Компьютерлiк жүйенi пайдалануға нұсқау

 

    «MS Access» программасын үйрену компьютерлiк оқыту құралын iске қосу үшін “Access программасы.exe” программасын жүктеу қажет. Нәтижеде экранда алты бөлiктен тұратын оқулықтың негiзгi терезесi ашылады (13-сурет). Экранның сол жақ бетiнде пән мазмұны, ал оң жағында оқу материалдары орналасқан.

a) Access берілгендер қорының  анықтамалығын программалау .   

    Кез келген программаға сол программамен тиімді жұмыс істеу туралы, кейде программа параметрлерін таңдау, өзгерту, тағайындау мүмкіндіктері қарастырылған анықтамалық кіріктіріледі. Бұл анықтамалық ? түймесі түрінде не мәзір түрінде берілді.Windows оператциялық жүйесінің қосымшалары көмегімен үлкен анықтамалықтарды даярлауға болады. Windows-тің кез келген қосымшасы объектілі-бағдарлы программалау жүйесінде құрылған интерфейс екендігін ескертіп ,объектілі-бағдарлы программалау тілдерінің бірі Visual Basic көмегімен анықтамалық қосымша интерфейсін құрдық.

    Даярланған қосымшаға Access берілгендер қорын оқыту мүмкіндігі, бақылау жұмыстары қосылды.

    Мысал ретінде 14-суретте Access объектілері интерфейстік терезенің сол жақ бөлігінде тізім түрінде келтіреді.

    Ол объектілер  тізімі;

     Кесте

     Форма

     Сұраныс 

         Есеп

     Макрос

     Модуль

    Таңдалған объектіге қатысты сол объектінің мазмұнын ашатын , онымен жұмыс жасау туралы ақпараттар интерфейстік терезенің оң жақ бөлігінде анық шрифтпен экранға шығады.Access объектілерімен жұмыс анықтамалықтары 14-19 суреттерде келтірілген.

13-cурет


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

14-сурет


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15-сурет

   Кестемен  жұмыс істеу пункті қолданушыға кестемен жұмыс істеудің Access-де қарастырылған бар мүмкіндігін ашатын анықтамалық. Оның ішкі мәзірлері:

  • Кестедегі берілгендерді іріктеп алу
  • Контексті мәзірлер
  • Кесте жазбаларын көшіру
  • Сұрақтар мен тапсырмалар

 

Сол сияқты Сұраныстар пунктін таңдап, оның ішкі мазмұнын көруге болады. Олар:

    • Қарапайым сұраныстар
    • Сұраныс конструкторы
    • Өрнек құрастырушы
    • Айқасқан сұраныс
    • Қайталанатын жазбаларды таңдау
    • Сұрақтар мен тапсырмалар

 және т.б.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

16-сурет

Келтірілген мәзірлердің анықтамалығының мазмұндарымен танысу қолданушыны жалықтырмайтындай ыңғайлы түрде беріліп отыр. Мысалы, 5-суретте конструктор режимінде Сұраныс құру іс-әрекеттерінің барлық мүмкіндігі қамтылған анықтамалық бет келтірілген.

17-сурет

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

18-сурет

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

19-сурет

 

 

 

3 экономикалық  бөлім

3.1  Жүйені құруға және еНгізуге кеткен шығын   

                                            есептеулері

 

    VISUAL BASIC ортасында MS ACCESS пәні бойынша электрондық анықтамалық құру туралы дипломдық проектісі техникалық-экономикалық көрсеткіштерге сүйене отырып жасалынды. Бағдарламалық қамтамасызданудың натуралдық эффектісі келесі көрсеткіштерден тұрады:

- бағдарламалық қамтамасыздануға  кететін капиталды шығындар;

- жылдық эксплуатациялық шығын  экономиясы;

- бағдарламалық қамтамасыздануға  кеткен капиталды шығындар;

    Жүйе шығындарының құрылу  есебі келесі формула арқылы  есептелінеді:

С = Сктс + Салг + Сотл + Свн,

Сктс – техникалық құралдар комплексіне кеткен шығындар;

Салг – алгоритмді құруға кеткен шығындар;

Сотл – жазуға және жөңдеуге кеткен шығындар;

Свн – еңгізуге кеткен шығындар;

1) Техникалық  құралдар комплексіне кеткен  шығындар

Сктс = Скомп. + Сприн. + Сббп,

Скомп. = 90500 тенге – компьютер бағасы (Intel Pentium IV 700/RAM 128 Mb/HDD 20 Gb/ CD-ROM 52X/ Monitor 17");

Сприн. = 37500 тенге – принтердің бағасы (SAMSUNG ML-1210, A4, 8ppm, 600*600dpi, 2MB, 20 pages в мин);

Сббп = 46000 – питания блогы STI K 600 UPS;   Сктс = 15000 тенге ;

Сктс =143000

2) Алгоритмді құруға кеткен шығындар есебі

Салг = Зп.разр.*Кол.*В + От,

Мұндағы  Зп.разр.=1500 тенге–құрушының еңбек ақы мөлшері;

Кол. = 1 – алгоритмді құрушылар саны;

 В =  7 күн  - алгоритмді құруға кеткен уақыт;

От = 20% - программисттің әлеуметтік сақтандырылуына кеткен айлық мөлшерінің бөлімі;

Бұдан келесі есептеу келіп шығады:  Салг = 1500*7+2100=12600.

3) Бағдарлама  жазу мен жөңдеуге кеткен шығындар:

Сотл. = Котл. + Кз.п.,

мұндағы

 Котл. – бағдарламаны  жөңдеуге кеткен машиналық уақыт;

Кз.п. – бағдарлама жазумен айналысатын программисттің төлем ақысы;

q = 150 теңге – машиналық  уақыттың бағасы. 

Квн = 7*15*150 = 15750 теңге

Б) Кз.п. = Км * Оразраб.*Кол. + отч.,

мұндағы Км = 25 күн –құруға кеткен күндер саны;

Оразраб. = 1500 тенге – программисттің бір күн ішіндегі айлық мөлшері;

 Кол. = 1 адам. – бағдарлама  құрушылар саны;  отч. = 20% бағдарлама  құрушының айлық мөлшерінің бөлігі;

з.п. = 25*1500+7500=45000  сонда:  Сотл. = 1500+45000=46500

4) бағдарлама  еңгізуге кеткен шығындар

Свн = Квн + Зп.вн.,мұндағы

Квн. – еңгізуге кеткен машиналық уақыт;

      Зп.вн. –  еңгізу кезіндегі программисттің  айлығы.

А) Квн – есептелуі келесі түрдей болады:

Квн = К * d * q,

 мұндағы К = 5 - бір күнде  ЭЕМ мен жұмыс істеуге кеткен  уақыт;

d = 16 күн – ЭЕМ-да жұмыс  істеуге кеткен күндер;

q = 150 теңге – машиналық  уақыт бағасы.  

 Квн = 5*16*150=12000

Б) Программисттің еңгізу уақытындағы айлығы келесі формуламен есептелінеді:       Зп.вн. = Qвн. * d / Д + отч.,

Мұндағы

 Квн. = 16000 тенге – программисттің  еңгізу уақытына кеткен айлық мөлшері;

d = 16 күн – ЭЕМ мен  жұмыс істеуге кеткен күндер;

 Д = 25 күн – бір айға  кеткен жұмыс күндері;

 отч. = 20% - программисттің әлеуметтік-сақтандырылуына кеткен айлық мөлшерінің бөлігі;

 Зп.вн. = 16000 * 16 / 25+2048 = 13684.36 теңге. 

Сонда бағдарлама еңгізуге кеткен шығын келесі сумма бойынша анықталады:     Свн = 12000+13684.36=25684.36

Енді алынған есептеулерден жүйені құруға кеткен шығын есептеулерін шығаруға болады: 

  С = 143000+12600.+ 46500+25684.36=227784.36

 

3.2 Экономикалық сферасының есептеулері

 

1. Бағдарламаны қолдануға байланысты эксплуатациялық шығындар есептеулері

Еэкспл. = Тмв * Sм,  мұнда

Тмв = 7*288 = 2016 сағат – ЭЕМ ді қолдану уақыты;

Sм = 150 теңге – машиналық  сағаттың бағасы.

Еэкспл. = 2016*150 = 302400 теңге.

2. Жылдық эксплуатациялық шығындар үнемділігі:

d Еэкспл. = ( (1+Wo) * (1+Wq) * Вз.пр - Еэкспл. ),

мұнда 

Еэкспл. = 302400 теңге – бағдарламаны қолдануға байланысты эксплуатациялық шығындар;

Wo = 1,35 – ай сайын айлыққа  қаражат түсуі;

Wq = 1,65 –қосымша айлықты ескеретін коэффициенті;

Қызметкерлердің қолмен еңбек ету айлығы:

Вз.пр = 485000

d Еэкспл. =1,35*1,65*485000-302400=777937.5

3. Өтелу мерзімі:

Т = С / d Еэкспл.

Т = 227784.36/777937.5=0.29*12=3,48

4. Бағдарлама құны:

S = Sр.п. / N,

Мұндағы Sр.п. = С =227784.36

N = 1 – бағдарлама қолданылатын  бөлімдер саны.

S = 227784.36/ 1 = 227784.36теңге.

5. Пайда құны:

P=q*g, мұндағы  q-диск саны 250, g- дисктың құны 7000, P –пайда құны.

P=250*7000=1750000 теңге

6.Табыс көзі:

K=P- d Еэкспл.

d Еэкспл.*20/100=A

Ta=K-A  Мұндағы Ta-жалпы табыс көзі

K=1750000-777937.5=972062.5

A=777937.5*20/100=155587.5

Ta=972062.5-155587.5=816475

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 БИЗНЕС-ЖОСПАР  БӨЛІМІ

АННОТАЦИЯ

        Бизнес-жоспар тақырыбы: Электронды анықтамалық құру .

Мекен-жайы: ОҚО, Төлеби ауданы, Тоғыс ауылы, Қонаев көшесі 1А

Кіммен жасалған: Оразалиев Арапбай Жандарович

Бизнес сферасы: бағдарламалық қамтамасыз құру

Қызметтің   негізгі   түрлері:   бағдарламалар   құрастыру,   бағдарламалар құрастыру, «Информатика» кафедрасының студенттерін электрондық анықтамалармен  қамтамасыздандыру.

 Басталу мерзімі: 2005 жыл

Бизнес-жоспар қандай мерзімге есептеліп жасалған: 8 ай Дипломдық   жоба   тақырыбы:   «Microsoft Access-ті Visual Basic-те үйрену үшін электронды анықтама құру».

ТҮЙІН

Бұл дипломдық жоба университет студенттердің  білімін толықтыруға арналған. Бағдарламада студенттерге тараулар, тапсырма, іздеу келтірілген.

Қазіргі кезде мекемелер саласы адамзат өмірінде ең керекті әрі маңызды орын алатыны бәрімізге белгілі. Елімізде жыл сайын жаңа бағдарламалармен, жаңа   сұраныстар, ұсыныстар әрі тиімді операциялары бар мекеме салалары көбеюде. Жоғары оқу орындарында информатика мамандығының   “Информатика” курсы біраз программалық жабдықтарды қамтиды. Қазiргi кезде объекттіленген  бағдарланған программалау орталарын көптеп дайындалуы және олардың түрлі нұсқаларының пайда болуы курс мазмұнының да, оны оқыту әдiстемесiнiң де өзгерiп отыруына әкелуде. Осының әсерiнен Visual Basic курсын оқытудың түрлi әдiстерi мен құралдары пайда болуда. Осындай әдiстердiң бiрi ретiнде, үйренушiнiң өз бетiмен жұмыс iстеуiне негiзделген компьютер көмегiмен оқыту әдiсiн алуға болады. Ал компьютерлiк оқыту жүйелерi компьютер көмегiмен оқытудың негiзгi құралы. 

Дипломдық жобалау проектісінде мекеме қызметкерлерінің жеке мәліметтері құрылып олармен түрлі операциялары жүргізілген.

Бағдарламалық өнім диск түрінде жэне Интернет - дүкендерінде сатылатын болады. Жоспар бойынша келесі жарты жылдықта сату көлемінің мөлшері 200 диск (күндізгі жэне кешкі бөлімде оқитын студенттерге -120, қашықтықта оқитындарға-80)

Информация о работе MS access-ті үйренуде компьютерлiк оқыту жүйесiн жасау негiздерi