Қолданбалы программа

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2014 в 08:04, курсовая работа

Описание работы

ХХІ ғасырдың бас кезіндегі адамзаттың даму процесі информациялық қоғамның қалыптасуымен ерекшеленеді, оның негізгі бағыты информация және оны өңдей ұғымымен анықталады. Осыған байланысты бірінші кезекке қарапайым еңбек құндылығы мен табиғи байлықтар емес, білім құндылығы шығады. Информация мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стартегиялық ресурсқа (қорға) айналып, ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, яғни мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады.

Содержание работы

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Қолданбалы программа.
Қолданбалы программалармен байланыс
Қосымша программаларды іске қосу
Бірнеше қосымша программаларды іске қосу.
Программа диспетчері.
ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер.

Файлы: 1 файл

колданбалы прог.doc

— 736.00 Кб (Скачать файл)

 

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

    1. Қолданбалы программа.
    2. Қолданбалы программалармен байланыс
    3. Қосымша программаларды іске қосу
    4. Бірнеше қосымша программаларды іске қосу.
    5. Программа диспетчері.

ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

ХХІ ғасырдың бас кезіндегі адамзаттың даму процесі информациялық қоғамның қалыптасуымен ерекшеленеді, оның негізгі бағыты информация және оны өңдей ұғымымен анықталады. Осыған байланысты бірінші кезекке қарапайым еңбек құндылығы  мен табиғи байлықтар емес, білім құндылығы шығады. Информация мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стартегиялық ресурсқа (қорға) айналып, ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, яғни мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады.

Бұдан былайғы қоғамның жалпы инфрақұрылымын информация жинау, сақтау және тарату құралдары мен тәсілдері анықтайтын болады. Сондықтан біздің елімізде де осы мәселелерге көптеп көңіл бөлінуде, оның бір айғағы ретінде Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» заңының (8.05.2003ж.) шыққанын айту жеткілікті шығар.

Соңғы кездегі жеке пайдаланылатын компьютерлердің өндірісте, бизнесте кеңінен қолданыла бастауы жалпы көпшілікке кәсіби информациялық технологияларды пайдалана білудің аса қажеттігін көрсетті. Біздің қоғамымызда болып жатқан өзгерістер орта білім беру саласының дамуына да өзгерістер енгізуге себепші болды.

Назарларыңызға ұсынылып отырған бұл кітаптың мақсаты – оқушыларға компьютерлік технологиялардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін игеруде көмек көрсету және нақты жұмыс істеуді үйрету. Сондықтан оқулықтың өңделіп шыққан жаңа басылымының аты да «Жаңа ақпараттық технологиялар» деп аталған. Оқулық Респуликамыздың орта білім мемлекеттік стандартының 10-11 сыныптары бағдарламасына сәйкес құрастырылған.

Кітап материалдарын игеру барысында оқытушыға сабақтың теориялық және практикалық материалдарын таңдауда және сабақты өткізу әдістемесінде біраз еркіндік беріледі. Іс жүзінде әр сабақтың теориялық және практикалық жақтары қатарластырыла берілгенде, ол бір сағаттан төрт сағатқа дейінгі уақытты қамтиды.

Теория мен практика қатар жүргенде, яғни оқытушы теориялық материалды түсіндіргенде бір мезгілде оны компьютерде көрсетіп, оқушылар оқытушының іс әрекетін қайталауы өте тиімді. Осыған байланысты оқулыққа қосымша лабораториялық практикумдар бірге шығарылып отыр. Практикумдағы тапсырмаларды орындау материалды дұрыс ұғуға, машықтану (тренинг) уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Біздің оқулық программалауға арналған басшылық немесе белгілі бір программада жұмыс істеуге арналған нұсқау емес, себебі оқулықта программаларды орналастыру мен баптаудың техникалық мән жайлары қарастырылмаған. Біздің мақсатымыз – оқушыларға жұмыс істеу кезінде туындайтын нақты сұрақтарды шешу үшін информациялық технологиялар негіздерін үйрету.

Оқулықтың әрбір тарауында бақылау сұрақтары мен тапсырмалар берілген. Мұнда оқушылар теориялық материалдармен және әртүрлі сұрақтар таба алады.

Тапсырмаларды орындау үшін тек компьютер ғана емес, дербс компьютерлерге арналған офистік программалық жабдықтар керек болады, олар бұл кітаптың компьютерлік сүйемелдеуі – тәжірибелік негізі болып табылады. Олардың информатиканы оқып үйренудегі рөлін геометрияны оқыған кездегі сызғыш пен циркульмен, физиканы оқығандағы физикалық құралдармен салыстыруға болады.

Оқулықты жазу барасында елімізде және шет елдерде жарияланған материалдар пайдаланылды. Кітап сапасы жайлы сіздердің пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды қабыл алуға дайын екенімізді айтқымыз келеді.

 

 

 

 

    1. Қолданбалы программалармен байланыс

Windows 98 жүйесінде әрбір файл типіне байланысты сол файлды дүниеге келтірген, белгілі бір программамен тығыз (ассоциациялық) байланысты болады, яғни осы файлды толықтыру, түзету үшін оның негізгі программасын шақыруымыз керек. Сілтеу терезесіндегі файлдың шартбелгісі оның негізгі программасының белгісіндей болады.

Сонымен, негізгі программа файлды алғашқы рет даярлау кезінде анықталады. Бірақ кейде сол программаны өзгерту қажет болып жатады, яғни файлды әрі қарай өңдеу үшін басқа программа қолданғымыз келеді. Осындай кездерде негізгі программаны өзгерту үшін:

- дискіні қарап шығу мүмкіндігін беретін кез келген терезеде Сыртқы түр Параметрлер (Вид Параметры) командасы орындалады;

- оны Файл типтері (Типы файлов) парағына көшеміз;

- керекті типті таңдап алып, оған сәйкес программаны өзгертеміз (қарап шығу тақталары арқылы);

- бұрын кездеспеген жаңа тип  енгізсек, оған дайындалған негізгі программалар ішінен бірін таңдап алу керек.

Файлдармен басқа операциялар орындау. Сілтеу терезесінде файлдың атын, өзгерту, дискетті формат-тау, дискінің көшірмесін алу, файлдың немесе файл топтарының атрибуттарын өзгерту және т.с.с. операциялар атқарыла алады. Бұлар меню арқылы жылдам орындалады, тек оларды қалай орындайтынын алдын ала мұқият қарап шығу керек.

Бір айта кететін жайт, тышқанның оң жақ батырмасы арқылы шақырылатын динамикалық менюде (қасиеттер менюі деп те аталады) Жіберу (Отправить) деген командалық жол бар, ол файлды дискетке жылдам көшіріп алу мүмкіндігін береді.

Windows 98 жүйесінде файлдың мәтінін экранға шығаратын жылдам қарап шығу тәртібі (Быстрый просмотр) бар, оны іске қосу Қасиеттер менюі бойынша оңай толықтыра (түзете) алмаймыз.

Кез келген файл атын өзгерту үшін:

- файлды каталогтар тақтасынан  таңдап алу керек;

- Файл Атын өзгерту командасын орындау керек;

- пайда болған сұхбаттасу терезесінде жаңа атты енгізіп, «ОК»-ны басу керек.

Иілгіш дискеттерді форматтау үшін каталогтар тақтасынан А: дискісін таңдап алып, динамикалық менюді шақыру арқылы Форматтау командасын орындау қажет, сол сәтте пайда болатын сұхбаттасу терезесіне дискеттің көлемін (3,5 дюймдік дискеттер үшін көбінесе 1,44 Мб), форматтау тәсілін және енгізілетін белгілер атауларын енгізу керек. Соңында ОК-ны басқан соң, форматтау процесі басталып кетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2.  Қолданбалы программаларды іске қосу

Сілтеу программасынан қолданбалы программаларды іске қосу бірнеше жолмен жүргізіледі, олар:

- программаның командалық (негізгі) файлын таңдап алып, тышқанды  екі рет шерту (Enter пернесін басса да болады) керек;

- өңделуге тиіс құжаттық файл шартбелгісін таңдап алып, тышқанды екі рет шартсе болғаны, сонда сол файлға сәйкес программалық файл іске қосылып, оның терезесіне құжаттық файл шақырылады;

- құжаттық файл шартбелгісін тышқанмен іліп алып (сол жақ батырмасын басып тұрып), оны сол файлдың негізгі программасы белгісіне жеткізу де жеткілікті.

Тышқан арқылы мәліметтердің көшірмесін алу және орнын ауыстыру.

Файлдар көшірмесін алу мен орнын ауыстыру үшін мыналарды орындаймыз:

- файл шартбелгісінде (немесе файлдары және ішкі бумалары бар бума шартбелгісінде) тышқанды шерту керек;

- Сілтеу терезесінің сол жақтағы бөлігін тік (вертикаль) айналу белдеуі арқылы қарап шығып, мәлімет жеткізілетін дискіні немесе буманы көрінетін етіп орналастырыңыздар. Керекті мәлімет табу үшін бір-екі бума ашу керек болса, «+» таңбасы тұрған квадратта тышқанды шертсеңіз. Осындай жолмен мәлімет алуға тиіс буманы ашып қойямыз.

- егер терезенің оң жақ бөлігінен, оның сол жақ бөлігіне файл көшіретін болсақ - Citl пернесін басулы күйде ұстап тұрып, керекті файлдарды курсормен іліп ала отырып сол жаққа жеткізу керек. Егер файлдардың орнын ауыстыру қажет болса

- Shift пернесін басулы күйде ұстап тұрып, керекті файлдарды курсормен іліп ала отырып, сол жаққа тасымалдау керек;

- мәліметті жаңа бумаға орналастыру  үшін тышқан курсорын сол бумаға  жеткізілген соң оны қоя береміз.

Буфер арқылы мәліметтердің көшірмесін алу және орнын ауыстыру (көішіріп алу-және-қою немесе влу-және-қою).

Алмастыру Буфері арқылы мәліметтердің көшірмесін алу және орнын ауыстыру үшін келесі қадамдарды орындаймыз:

- Сілтеу программасы арқылы  көшірмесі алынатын немесе орны  ауыстырылатын керекті файлды іздеп тауып аламыз;

- сол файл шартбелгісінде тышқанның  оң жақ батырмасын шерту керек;

- файлды алмастыру буферіне көшіріп алу үшін – шыққан контекстік жанама менюдің Көшірме алу (Копировать - Сору) командасын, ал файлды жаңа орынға ауыстыру мақсатында оны буферге қиып алу үшін – Қиып алу (Вырезать - Cut) командасын орындаймыз;

- терезенің сол жақ бөлігіндегі ашылған буманың қасындағы бос орынға курсорды жеткізіп, тышқанның оң жақ батырмасын шерту керек;

- буфердегі мәліметті жаңа бумаға  орналастыру үшін, осы сәтте экранға  шыққан контекстік менюдің Енгізу (Вставить - Paste) командасын орындаймыз. Әрекеттер дұрыс орындалса, файл жаңа орынға келіп бекітілуі тиіс.

Сілтеу терезесінде үлкен және кіші белгілерді пайдалану.

Егер файлдарды кіші белгілер арқылы бейнелесек, экранның оң жақ терезесіне көп мәлімет орналасады. Ал бірақ үлкен белгілерді пайдалансақ, (11.5-сурет) онда жұмыс істеуге ыңғайлы режим орнайды. Бұл режимдерді бірінен екіншісіне ауыстыру үшін, Сілтеу терезесінің меню жүйесіндегі Сыртқы түр (Вид) командасының Үлкен белгішелер (Крупные значки) немесе Кіші белгішелер (Мелкие значки) командасын  орыдаймыз.

 

11.5. сурет Сілтеу терезесінде үлкен шартбелгілерді пайдалану

 

Бумалардың ішкі мазмұны тізім немесе кесте түрінде бейнелеу.

Бумалардың ішкі мазмұнын Сілтеу терезесінің оң жақ  бөлігінде тізім немесе кесте түрінде бейнелеуге болады. Терезедегі мәлімет 11.6.Cypeт. Тізім түрінде болса – мәлімет көлемі азаяды, бірақ әр файл жөнінде толық информация ала аламыз. Мұндайда Norton Commander программасын-дағыдай файл көлемі, оның типі және жазылған уақыты мен мерзімі бейнеленіп  тұрады. Бұл екі режимді бірінен біріне ауыстыру үшін – Сыртқы түр (Вид) командасының Тізім (Список) немесе Кесте (Таблица) опцияларын таңдап алу қажет.

 

 

 

 

 

 

 

1.3. Қосымша программаларды іске қосу

Windos қосымша программаларын іске қосу мынадай тәртіппен жүргізіледі:

- Windos З.х үшін – қажетті программалар тобының терезесі ашық болғанда ғана іске асады. Іске қосу үшін қажетті программа белгісіне курсорды әкеліп, тышқанды екі рет шерту қажет. Сонда оның терезесі экран бетінде пайда болады.

- Windos 98 үшін – Іске қосу (Пуск) батырмасын басып, сол кезде шыққан менюден өзімізге қажет топты немесе команданы белгілеп, оның ішінде орналасқан программалар белгісінің біріне курсорды жеткізіп тышқанды бір рет шертсе болғаны.

Мысалы ретінде (6.1.-сурет) Калькулятор программасын іске қосайық (Windos З.х Реквизиттер тобы, Windos 98 Іске қосу Стандартты топ Калькулятор).

Калькулятор программасының терезесін қарастырайық. Мұнда терезе аумағын өзгерте алмаймыз, сол себепті терезе толық экранды қамтымайды. Тақырып жолының сол жақ шетінде тек жүйелеік меню батырмасы, ал оң жақ шетінде Ықшамдау батырмасы ғана орналасқан (6.2.-сурет).

 

 

 

 

6.1. сурет. Калькулятор іске қосу 6.2. сурет. Калькулятор бейнесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Бірнеше қосымша программаларды іске қосу

Windos - та бір уақытта бірнеше қосымша программаларды іске қосуға болады. Әдетте, мұны бір программадан екіншісіне жиі өту қажет болғанда жасайды. Іске қосылған программалар саны компьютердің жедел жады көлемімен ғана шектеледі.

Бір уақытта бірнеше программалармен жұмыс істеу мүмкіндігі - Windos жүйесінің ең негізгі артықшылықтарының бірі. Алайда, мұндай жұмыс алдын ала белгілі бір дайындықты талап етеді, өйткені тәжірибелі адамдардың өздері де бір мезетте бірнеше программалармен жұмыс істеу барысында көптеген мәселелерге тап болады.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, Windos оpтасында терезені жабу мен оны ықшамдау әрекеттерінің әрқайсысы әртүрлі амалдар тобына жатады. Топтар терезесімен жұмыс істеу барысында бұл айырмашылық тіптен байқалмайды да, себебі топ белгісінің терезеге айналуы қосымшаны іске қосуды және оны жадқа жүктеуді орындаттырмайды. Мұндағы барлық өзгерістер тек экран бетінде ғана болады.

Мысалға, Калькулятор программасын іске қосу арқылы біз оны жедел жадқа жүктедік. Енді осы программа терезесі уақытша кішірейтілген (программаның өзі жадта қалады) белгі түрінде болуы, ал кейде толық жабылуы да мүмкін (программа жедел жадыдан шығарылады). Осы айтылған екі жағдайда да программа терезесі экраннан жоғалады. Егер де осы мезетте сіз 10-15 минутқа басқа бір әңгімеге  көңіл бөліп кетсеңіз, онда экранда белгі түрінде жасырынған программа жайлы тіпті ұмытып кетіп, оны тағы да екінші рет жүктеуіңіз ықтимал.

Калькуляторды екінші рет іске қосалық.

Экрандағы терезелердің біреуі үнемі екпінді күйде болып, басқалардың үстінде орналасады. Мұндай терезе екпінді (активті) терезе деп аталып, оның тақырыбы айқын (көк) бояумен белгіленеді. Басқа терезені екпінді ету үшін оның көрініп тұрған аумағына курсорды жеткізіп, тышқанды шерту керек, сонда ол терезе толық көрініп, басқаларының үстіне орналасады.

Информация о работе Қолданбалы программа