Қолданбалы программа

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2014 в 08:04, курсовая работа

Описание работы

ХХІ ғасырдың бас кезіндегі адамзаттың даму процесі информациялық қоғамның қалыптасуымен ерекшеленеді, оның негізгі бағыты информация және оны өңдей ұғымымен анықталады. Осыған байланысты бірінші кезекке қарапайым еңбек құндылығы мен табиғи байлықтар емес, білім құндылығы шығады. Информация мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стартегиялық ресурсқа (қорға) айналып, ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, яғни мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады.

Содержание работы

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Қолданбалы программа.
Қолданбалы программалармен байланыс
Қосымша программаларды іске қосу
Бірнеше қосымша программаларды іске қосу.
Программа диспетчері.
ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер.

Файлы: 1 файл

колданбалы прог.doc

— 736.00 Кб (Скачать файл)

Бұл істі атқарудың басқа жылдамырақ жолы – Alt+Tab пернелерін қатар басу болып табылады, ол былай орындалады:

- Alt пернесін басу;

- оны басулы күйде ұстап тұрып, Tab пернесін қоса басу қажет.

Осы күйде Tab пернесін басқан сайын, экран ортасына іске қосылып тұрған программалар аттары шығып тұрады, сол сәттердің бірінде Alt пернесін қоя беру – аты шығып тұрған программаны екпінді етуге себепші болады.

 

6.3. сурет Калькулятор үш рет іске қосылған кездегі жұмыс столы

 

Екпінді программа жұмысын тоқтатып, оның терезесін жауып тастау үшін Жүйелік меню батырмасында тышқанды шерту немесе Alt-F4 пренелерін басу керек.

Сөйтіп, осы мезетте экранда терезе түрінде бір Калькулятор программасы тұр, ал жадта олардың саны екеу болды.

Бұл жерде Windows жүйесімен жұмыс істеу барысында өте жиі кездесетін қате, яғни бір программаны бірнеше рет жедел жадқа жүктеу орындалып тұр.

Бұған сіз: «Оның несі бар, программа бір рет не екі рет іске қосылғанда не тұр?» деуіңіз мүмкін. Мұның мәнісі жадтан белгілі бір орын бөлінеді және де ол орынды басқа программалар қолдана алмайды. Калькулятор – жадта өте аз орын алатын қарапайым программа, сондықтан оны екі, үш немесе одан да көп жүктеу ешқандай зиян келтіре қоймас. Алайда, кейбір программалардың бір өзі жедел жадқа әзер сыйғызылады, мұндай кезде ол программаны қайта іске қоссақ, онда компьютердің жұмысы өте баяулайды.

Windows - та жүктелген программаларды бақылауға арналған арнайы мүмкіндіктер бар. Олардың бірі – Alt+Tab пернелер комбинациясымен сіздер бұдан бұрын таныстық, осының тағы бір тәсілін қарастырамыз.

Тексеру кезінде қандай программалар іске қосылғанын білу үшін:

- Windows З.х. жүйесінде – Программа Диспетчері арқылы немесе басқа жолмен кез келген жіберілген программаның Жүйелік Менюін шақырып, ондағы Басқа программаға ауысу (Переключиться в ...) деген команданы таңдау қажет. Бұл команданы таңдаған соң, экранда осыған дейін жұмыс істеген терезелерден біршама өзгеше «Есептер тізімі» (Список Задач) деген тақырыпты жолында тек Жүйелік Меню батырмасы ғана бар, ал Ықшамдау, Үлкейту, Қалпына Келтіру батырмалары мүлде жоқ. Екіншіден, мұндағы терезе аумағын өзгертуге болмайды (мұндай қасиет Калькулятор терезесінде де бар). Үшіншіден, терезе бетінде арнайы жазуы бар батырмалар (басқару батырмалары) бар. Есептер тізімі терезесі – бұл сұхбаттасу терезесінің мысалы болып табылады. Мұндай терезелердің басты мақсаты – адамға кейбір параметрлерді анықтауға мүмкіндік беру және басқару батырмаларының көмегімен белгілі бір іс-әрекетті шақыру. Сонымен, Есептер Тізімі терезесінде барлық іске қосылған программалар көрсетіледі.

- Windows 98 жүйесінде іске қосылған программалар тізімі экранның төменгі жағындағы Есептер тақтасында көрсетіліп тұрады. Іске қосылған программалар тізімінде олардың біреуі басқа түспен белгіленіп қойылады – ол өз кезегінде тап осы программаның екпінді екендігін көрсетеді. Тізімнің кез келгенін, оған курсорды әкеліп, бір рет шерту арқылы екпінді етуге болады.

Экранның төменгі жағындағы батырмалар – басқару батырмалары деп аталады, олардың атқыру функциялары меню командаларына сай келеді, яғни кез келген біреуін таңдау кейбір іс-әрекеттердің орындалуын қамтамасыз етеді.

Жіберілген, яғни іске қосылған программаларды тексерткіңіз келсе, Есептер тізімі терезесін шақыру қажет,  егер де тізімде бір атау екі рет кездесетін болса, оның бірі тұрған жолды таңдап алып, сосын Есепті алу (Снять задачу) батырмасын шертсе жеткілікті. Осы таңдалынған программа жадтан шығарылады да, оның терезесі жабылады.

Алғашқы кездерде Есептер тізімі терезесін жиі-жиі қарап отыру қажет, ол программаларды қатар жұмыс істетпеуде өз септігін тигізді. Тіпті тәжірибелі адамдар да компьютер жадына бір программаны екі-үш рет жүктеп қоятын кездері болады.

Өндірісітік құрылымының негізгі көрсеткіштері және оларды жетілдірудің жолдары

Өндірістік шығындар құрылымын толық сипаттау үшін түрлі көрсеткіштер қолданылады. Олардың ішіндегі негізділері:

    •     оның құрамына кіретін бөлімшелердің жалпы тізімі;
    • бөлімшелер қызметкерлерінің саны;
    • жабдықтардың қуаты;
    • өндірістік қорлардың құны;
    • өнім шығару көлемі;
    • мамандардыру және механикаландыру;
    • күрделі қаржының құрылымы.

Кәсіпорынның құрылым көрсеткіштерін дұрыс таңдау өндірістің «осал жерлерін» ашуға және осы кәсіпорынның оңтайлы құрылымын таңдауға мүмкіндік туғызады.

Келтірілген бірқатар көрсеткіштерді пайдалану цехқа қатысты кәсіпорынның үдемелі құрылымын анықтайды.

Салалық құрылымдарды жетілдіру көзінің бірі – бұл өндірістік бірлестіктер құру. Оның түрлі үлгілері әр түрлі құрылымдарды алдын ала анықтайды. Дегенмен, қағида бойынша, өндірістік бірлестіктерде ғылыми-зерттеу лабораториялары, жобалау-конструкторлық бюролар, жабдықтар, өткізу қызметтері, көмекші шаруашылықтар орталықтандырылады.

Өндіріспен қатар ғылыми-өндірістік бірлестіктер құрылады. Оларды құрудың басты мақсаты – машиналардың, жабдықтардың, приборлардың, материалдарды және басқа да өндірістік бұйымдардың үдемелі технологиялық процестерінің жаңа үлгілері таңдамаларының техникалық деңгейлігін арттыру. Сөйтіп, олардың негізінде саладағы ғылыми-техникалық прогресті жеделдету болып табылады.

Ғылыми-өндірістік бірлестіктер бірыңғай ғылылми-өндірістік және  шаруашылық кешені болып саналады. Оның құрамына тәжірибелі үлгілер шығару, жұмыспен қамту және жаңа өнімнің бірінші тобын немесе тәжірибе-өнеркәсіп үлгілерін жаңа техникамен шығаруды қамтамасыз ететін ғылыми-зерттеу, конструкторлық, жобалау конструкторлық және технологиялық ұйымдар, эксперименттік зауыттар (фабрикалар), іске қосуды реттеушілер және т.б. қосылады.

Өндірістік бірлестіктердің құрылуы ғылым мен өндірістің қосылу нысаны ретінде ең алдымен ондай көпшілігінде халық шаруашылығында ғылыми-техникалық прогресті жеделдету қарқынына байланысты болады.

 

 

 

Өндірістік процестерді ұйымдастырудың негізгі принциптері

Өндіріс процесінің бірқалыпты жұмыс істеуі үшін ең тиімді еңбек процесінің үйлесуін және өндірістің материалдық элементтерін белгілі бір жүйеге келтіруін қамтамасыз ету қажет: технологияға сәйкес тиімді жабдықтарды қатыстыру, олардың үздіксіз, жоғары өнімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және өндірістің тапсырыс ырғағын түпкілікті қорғау. Сонымен, өндіріс процесі уақыт пен кеңістік жағдайында үйлестілігі болу керек. Өндірістік процесті былай ұйымдастыру қажет, егер де бірлестіктер, кәсіпорындар, фирмалар, өндірістік бөлімшелердің ұжымдарының бірлескен жұмыстары жоғары сапалы және шығындарды аз жұмсай отырып, өнімдерді ең көп шығаруды қамтамасыз ететін болса.

Өндірістік процестерді ұтымды ұйымдастыру мыналарды қамтуы қажет:

    • өнімдерді дайындау немесе шығарудағы үздіксіздігі;
  • кейбір бөлісулердің өндіріс учаскелері қуаттылығының үйлесімділігі және олардың өзара үйлесуі;
  • өндірістің барлық бөлісу қызметінің ең жоғарғы қосарластығы;
  • өңделетін материалдар мен бұйымдар қозғалысының түзу дәлдігі, яғни өндіріс процесінің барлық сатысынан өткен ең қысқа жол;
  • өндірістің ырғақтылығы, яғни тең аралық уақытта тең өнім мөлшерін шығару немесе тең аралық уақытта тең жұмыс көлемін орындау.

Өндірісті ұйымдастырудың негізгі үлгілері: жеке дара сериялық және жаппай өндіріс болып табылады.

Жеке дара өндіріс – шығарылатын өнімнің кең номенклатурасын, сол сияқты көмекші операцияларға уақыт шығындарының көп жұмсалуы, еңбек өнімділігінің төмен және өнімнің өзіндік құнының жоғары болуы сипаттайды.

Сериялы өндіріс – жеткілікті көп мөлшерде шығарылатын өнімдердің түпкілікті және көп емес бұйымдардың номенклатурасын айғақтайды. Өнімді шығарудың көлеміне және номенклатуралық айырымына байланысты сериялы, орта сериялы және ірі сериялы өндіріс болып бөлінеді.

Жаппай өндіріс – ұзақ уақыт ішінде үздіксіз шығарылатын шектеулі номенклатуралық бұйымдар немесе материалдардың әрбір жұмыс орнында елеулі мөлшерде қатаң қайталанатын процестерді сипаттайды.

  • мамандандырылған жоғары өнімді жабдықтарды және өндірістік процестерді кешенді түрде механикаландыру және автоматтандыруды қолдану;
  • жабдықтарды қайта құру және оларды жетілдіруге байланысты уақыт ысырабының жоқтығы;
  • өндіріс процестерінің ұзақтылығын қысқарту, еңбек  өнімділігін және оның сапасын арттыру;
  • өндірістік қуаттарды едәуір тиімті пайдалану және өнімнің өзіндік құнын елеулі кеміту.

Өнімнің өзіндік құны – бұл өндіріске және өткізуге кететін ақшалай түрдегі шығындар.

Калькуляциялау- бұл барлық тауарлық өнімдердің де әрі бір бірліктің де өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысын оперативті басқаруда маңызды орын алады, өйткені ішкі резервті дер уақытында (уақтылы) ашуға мүмкіндік беріп, оны өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және бәсекеге жарамдылығын арттыруда пайдаланылады. Калькуляцияны өнімнің өзіндік құнын жоспарлауға және өнімнің (жұмыс, қызмет) нарықтағы сұранысын ескертетін негізгі бағасын белгілеуде пайдаланады.

Калькуляцияда субъект шығындары ақшалай түрде қорытындыланады.

Калькуляцияның мына түрлері болуы мүмкін:

  • жоспары – еңбек шығынының, оөық техника мен өндірістің және жұмыстың жақсы ұйымдастырылуын білдіретін өндіріс қаражатының озық (прогрессивті) нормасы негізінде жоспарланған кезеңге жасалады;
  • есеп берушілік (нақты) калькуляция - өнімнің құны кәсіпорынға тәуелді (өндіру, үнемдеу немесе жекелеген ресурстарды артық шығындау бойынша жоспарлы көрсеткіштердің асыра орындалуы немесе кем орындалуы) және тәуелді болмайтын (материалдар құнын, амортизациялық аударымдардың нормасын, электр энергиясына, жылуға, газға, суға және т.б. тарифін өзгерту) себептер бойынша жоспардан ауытқуы мүмкін нақты шығындармен сипатталады;
  • нормативті калькуляциялар – ағымдағы жоспарлы калькуляцияның әр түрлілігі болып табылады. Ол шығын есебінің нормативті әдісін қолданатын және өнімнің өзіндің құнын калькуляциялайтын кәсіпорында жасалады. Оның негізінде көбінесе қол жеткізген шығын деңгейін сипаттайтын ағымдағы әрекет ететін нормалар жатады. Нормативті калькуляция жоспарлымен салыстырғанда есептік кезеңдегі өнім өндіруге кететін шығын деңгейін әлдеқайда нақты көрсетеді;
  • жобалық калькуляциялар – келешекке құрылған жоспарлы калькуляцияның әр түрлілігі болып табылады. Ол күрделі салымның (капитальных вложений), жаңа техниканың және технологияның тиімділігін анықтау үшін қолданылады;
  • алдын ала жүргізілетін калькуляция – нақты шығын негізінде және он айда немесе төртінші тоқсандағы немесе басқа кезеңдегі болжалдық (ожидаемому) өнім өндіру мен шығын бойынша есеп айырысудың басқа кезеңінде алынатын нақты өнім (табыс) негізінде жасалады. Бұл калькуляцияның мәліметтері өнім өндірудің ағымдық жылдағы нәтижесін алдын ала анықтауда қолданылады. Мұндай калькуляциялар, негізінде, ауыл шаруашылық кәсіпорындарында қолданылады.

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Соңғы кездегі жеке пайдаланылатын компьютерлердің өндірісте, бизнесте кеңінен қолданыла бастауы жалпы көпшілікке кәсіби информациялық технологияларды пайдалана білудің аса қажеттігін көрсетті. Біздің қоғамымызда болып жатқан өзгерістер орта білім беру саласының дамуына да өзгерістер енгізуге себепші болды.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, Windos оpтасында терезені жабу мен оны ықшамдау әрекеттерінің әрқайсысы әртүрлі амалдар тобына жатады. Топтар терезесімен жұмыс істеу барысында бұл айырмашылық тіптен байқалмайды да, себебі топ белгісінің терезеге айналуы қосымшаны іске қосуды және оны жадқа жүктеуді орындаттырмайды. Мұндағы барлық өзгерістер тек экран бетінде ғана болады.

Оқулықты жазу барасында елімізде және шет елдерде жарияланған материалдар пайдаланылды. Кітап сапасы жайлы сіздердің пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды қабыл алуға дайын екенімізді айтқымыз келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер.

 

  1. Паскаль тілінде программалау негіздері А.Б.Дәулетқұлов., С.С.Алғазы. Алматы 2004ж.
  2. Марченко А.И., Марченко Л.А. программирование в среде Turbo Pascal. М.; Бином Универсал, 1997.
  3. Балапанов Е.Қ. Бөрібаев Б.Б. Дәулетқұлов А.Б. Жаңа информациялық 30 сабақ. Алматы, ЖТИ, 2004ж.

Информация о работе Қолданбалы программа