Қолданбалы программалық құралдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2015 в 17:35, реферат

Описание работы

Қолданбалы программалық құралдар - қолданбалы программа дестелері мен қолданбалы программаны пайдаланушылардан құралған. Қолданбалы программалық құралдар қазіргі заманғы есептеу жүйелерін программалық жабдықтауды дамытуда басты міндеттер атқарады, есептегіш құралдарын әртүрлі пайдалану орталарына енгізуді тездетеді және оңайлатады. Қолданбалы программалар программалық құралдарын іске қосу арқылы пайдаланушымен жасалады.
Қолданбалы деңгейдегі программалық жабдықтау – қолданбалы программалардың жиынтығын құрайды, яғни олардың көмегімен нақты жұмыстар атқарылады. Бұл тапсырмалар ауқымы өте үлкен – өндіріс және шығармашылықтан бастап түрлі электрондық оқулықтарға дейін кең таралған. Есептегіш техникалық құрылғының өте үлкен функционалдық диапазонының мүмкіншілік қосымшалары әр түрлі ықпалдағы қолданбалы программалардың болуына себепті.

Файлы: 1 файл

ИВТ-СРС-КОЛДАНБАЛЫ.docx

— 986.22 Кб (Скачать файл)

КІРІСПЕ

 

Компьютердің жұмысы операциялық жүйе (ОЖ) арқылы басқарылады, ал пайдаланушының машинада түрлі информацияны өңдеу үшін арнайы дайындалған програмалар қолданылады. Оларды бірге қосып компьютерді программалық қамтамасыз ету немесе қолданбалы программалар деп атайды. Программалар арқылы бұйрықтардың жалғасуы тәртіпке келтіріледі. Барлық компьютерлік программаның мақсаты - аппараттық құралдармен басқару. Сондай-ақ оның жұмысы компьютердің аппараттық құрылғыларын басқаруға негізделген.

Қолданбалы программалық құралдар - қолданбалы программа дестелері мен қолданбалы программаны пайдаланушылардан құралған. Қолданбалы программалық құралдар қазіргі заманғы есептеу жүйелерін программалық жабдықтауды дамытуда басты міндеттер атқарады, есептегіш құралдарын әртүрлі пайдалану орталарына енгізуді тездетеді және оңайлатады. Қолданбалы программалар программалық құралдарын іске қосу арқылы пайдаланушымен жасалады.

Қолданбалы деңгейдегі программалық жабдықтау – қолданбалы программалардың жиынтығын құрайды, яғни олардың көмегімен нақты жұмыстар атқарылады. Бұл тапсырмалар ауқымы өте үлкен – өндіріс және шығармашылықтан бастап түрлі электрондық оқулықтарға дейін кең таралған. Есептегіш техникалық құрылғының өте үлкен функционалдық диапазонының мүмкіншілік қосымшалары әр түрлі ықпалдағы қолданбалы программалардың болуына себепті.

 Қолданбалы және жүйелік программалық құралдар арасында тікелей өзара байланыс болғандықтан, есептегіш жүйенің әмбебаптығы, қолданбалы программалық жабдықтаудың мүмкіншілігі және компьютердің функционалдық мүмкіндігінің кеңдігі тікелей пайдаланылып отырған операциялық жүйенің түріне байланысты, сонымен бірге, оның ядросының қандай жүйелік құрал ұстайтынында және адам-программа-құрылғы үшбірлік жиынтығының бірге іс-қимылын қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Қолданбалы программалық құралдар классификациясы

Программа — магниттік тасымалдаушыда (дискіде) файл түрінде сақталып, әрбір адамның командасы бойынша компьютер жадына жуктеліп, орындауға арналған машина тіліндегі нүсқаулар жиыны. Көптеген мәселелер өзара байланыстағы бір-бірімен бірігіп отырып жұмыс істейтін программалар кешендерінің көмегімен шешіледі .

Алдын ала келісім нақты программа арқылы орындалатын әрекеттер (функциялар) жиынының және әр функцияның орындалу вариантын анықтайды.

Үнсіз келісім егер жұмыс істеп отырған адам айқын түрде нұсқамаса, көрсетілген немесе басқа әрекеттің, яғни функцияның нақты атқарылу параметрлерін (басқа да вариантгары болғанда) тағайындайды.

Интерфейс – программалық құрал пен.жұмыс істейтін адам арасындағы сұхбат жүргізу шарттары мен келісімдер жиыны.

Программалық құрал - информациялық технологиялардың елеулі бір бөлігі. Программасыз кез келген аппаратура жай элементгер жиыны болады да, ол ешнәрсе істей алмайды.

ЭЕМ программалары екі топқа бөлінеді, олар:

1)  жүйелі программалық  құрал;

2)  қолданбалы (кәделі) программалық құрал.

Қолданбалы программалық құралдар - әртүрлі мәселелік аумақтардағы қолданбалы есептерді шешуді жасақтайтын жеке қолданбалы программалар мен қолданбалы программалар дестелерінен (ҚПД) тұратын программалық жасақтама бөлігі. Оның құрамына:

-   жалпы мақсаттағы ҚПҚ;

-   мәселелік бағытталған ҚПҚ;

-   интегралданған ҚПҚ

кіреді.

Жалпы мақсаттағы қолданбалы программалық құралдар құрамына әртүрлі қолданбалы есептерді шешуге жиі қолданылатын программалық құралдар енеді, олар:

-  мәтіндік редакторлар мен процессорлар;

-  графикалық редакторлар;

-   электрондық кестелер (ЭТ) процессорлары;

-   мәліметтер қорын басқару жүйелері;

-   оқыту жоне ойнау программалары;

Мәселелік бағытталған қолданбалы программалық құралдар  -белгілі бір саладағы есептерді жүзеге асыруға мамандандырылған программалық құралдардың жиынтығы. Мұндай программалық құралдарға:

-   жобалауды автоматтандыру жүйелері (ЖАЖ);

-   таңбаларды айыру жүйелері;

-   статистикалық, қаржылық – аналитикалық жүйелер;

-   ғылыми зерттеулер жүйелері

және т.с.с. жатады.

Интегралданған ҚПҚ – қазіргі уақыттағы ҚПҚ-ның қарқынды және қуатты дамып жатқан бөлігі. Олар – көп функционалды, бірнеше қолданбалы программалық жабдықтарды бір ресурстық қор негізінде жинақтап объектілер деңгейінде әсерлесулерін жүзеге асыратындестелер (Lotus Works, Microsoft Office  және  т.б.)

 

    1. . Мәтіндік редактор

 

Компьютерде пайдаланушының жұмысы көбінесе әртүрлі мәтіндік ақпараттарды өңдеумен байланысты. Мәтіндік ақпараттарды еңдеудің негізгі ұғымдары, міндеттері, әдістері мен құралдарына қысқаша шолу жүргізейік. Мәтіндік құжаттарды өңдеудің келесі негізгі қадамдарын атауға болады:

  • мәтінді енгізу;
  • редакциялау (соның ішінде пішімдеу түрлері);

құжатты сақтау;

  • жариялау;
  • құрылған құжатты іздеу және ашу;
  • аудару;

Мәтінді енгізу.  Мәтінді енгізуді пернетақтаның көмегімен, қағаздағы құжатты электрондық пішімге аударумен, дауыс арқылы, қолмен жазу арқылы енгізуге болады.

Редакциялау - терілген мәтінде өзгерту және шрифт, абзац пішімдерін орнату арқылы қажетті түрге келтеру.

Құжатты сақтау – мәтіндік құжатты дайындаудың маңызды қадамдарының бірі. Сақтауда мәтіндік құжаттың сақталу пішіміне көңіл аудару керек. Жиі қолданылатын пішімдерге – ASCII, RTF, DOC, HTML пішімдері жатады.

ASCII  (American Standard Code for Information Interchange)  -  ең алғашқы және ең қарапайым ұйымдастырылатын пішім (әрбір әріпке бір байт сәйкес).

RTF (Rich Text Format) - әртүрлі мәтіндік процессорлар арасында құжаттар алмасу пішімі. Ең негізгі ерекшелігі  -  оның ішкі ұйымдастырылуы пішімдеулердің барлық элементтерін (шрифт өлшемі мен параметрлері, абзац параметрлері, т.с.с.) беруді қамтамасыз етеді.

DOC  -  бұл Microsoft Word мәтіндік процессорының ішкі пішімі (MS Word 2000  және  MS Word 97 үйлесімді, ал одан көне нұсқалар үйлесімді емес).

HTML (Hypertext Markup Languange)  -  Интернетте Web-беттер құру үшін қажетті гипермәтінді белгілеудің әмбебап тілі. Word 2000 үшін doc сияқты ішкі пішімге жатады.

Мәтіндік құжатты жариялау. Құжатты құрып және сақтағаннан кейін оны жариялау мәселесі туады. Құжатты көрсету типтеріне байланысты жариялаудың үш түрі бар, олар:

  • құжатты басу (қағазда немесе таспада қатты көшірме жасау);
  • электрондық жариялау (электрондық пошта арқылы, тасуышта );
  • Web-құжаттар арқылы (Интернетте жариялау).

Құрылған құжатты іздеу және ашу. Құрылған құжатпен жұмысты қайта іске қосу үшін оны тауып және ашу керек. Бұл операциялар оның Web-бет түрінде жарияланғаны немесе сәйкес файлдық жүйеде сақталғанына байланысты олардың нақты іздеу және ашу мүмкіндіктерін қолдана отырып жүзеге асырылады.

Мәтіндік құжаттарды өңдеуде кездесетін негізгі ұғымдар:

- символ (таңба, әріп, цифра, т.с.с.). Әрбір символ шрифтімен, өлшемімен, кескін стилімен, түсімен анықталады;

- абзац  -  аяқталған ойды білдіретін текст фрагменті, компьютер үшін Enter түймешесінің екі басуы арасында орналасқан мәтін бөлігі.

- колонтитул  -  документтің әрбір бетінде қайталанатын элемент (жоғарғы немесе төменгі колонтитул).

Мәтіндік  ақпаратты өңдейтін бағдарламалық құралдар. Мәтіндік құжаттардың күрделілігіне байланысты, олардың сапалық орындалу дәрежесіне байланысты текстік редакторлар, текстік процессорлар, үстелдік баспа жүйелерін анықтауға болады.

Мәтіндік редакторлар – күрделі емес мәтіндік құжаттар дайындаудың негізгі мүмкіндіктерімен қамтамасыз етілген программалық жабдықтар.

Мәтіндік процессорлар – кез келген күрделі мәтіндік құжаттар дайындаудың барлық күрделі мүмкіндіктерімен қамтамасыз етілген программалық жабдықтар (MS Word, TeX, LaTeX, т.б. ).

Баспалық жүйелер – мәтіндік және иллюстративтік мәліметтерді компьютерлік теру, басып шығару, термелеу қызметтеріне арналған аппараттық және программалық жабдықтардың кешені.

MS Word мәтіндік процессоры.

MS Word – Windows жүйесінде мәтіндік  құжаттармен жұмыс істеудің қуатты  процессоры. Қазіргі замандағы мәтіндік  процессор пайдаланушыға төмендегідей  қызметтерді тиімді орындауға  мүмкіндік береді:

- мәтіндерді интерактивті  режімде теру;

- мәтінді редактрлеу (түзетулер  жасау, символдарды пішімдеу, абзацтарды  пішімдеу, беттерді пішімдеу, құжатты  пішімдеу, ендірілетін объектілерді  пішімдеу);

- көп терезелілік режімді  қолданып бірнеше мәтіндік құжатпен  бір уақытта жұмыс істеу;

- мәтіндерді импортау (экспорттау мүмкіндіктері, басқа қолданбалы жабдықтармен қарым-қатынас жасау);

- арнайы таңбалармен жұмыс  істеу (математикалық белгілер, формулалар  редактрлері, индекстер, т.с.с.);

- грамматикалық тексеру  жүргізу, жолдарды автоматты тасымалдау;

- ендірілетін объектілермен  жұмыс істеу (графиктер, кестелер, кескіндер, суреттер, фигуралар, WordART коллекциялары, т.с.с.)

- электрондық поштамен  жұмыс істеу;

MS Word процессоры интерфейсінің  негізгі элеметтері төмендегі  суретте көрсетілген. MS Word процессорында  жұмыс істеу негіздеріне арналған  көптеген арнайы әдебиеттер, оқу  құралдары болғандықтан шолу  қысқаша жүргізілді.

  1. сурет. MS Word программасының негізгі интерфейс элементтері

 

TеX (гр.с τέχνη-«өнер», «шеберлік») – 1978 жылы америкалық профессор Дональд Кнут ойлап тапқан компьютердің мәтіндік редакторы. Оның мақсаты: компьтерлік типографияның жұмысын жеңілдету. ТеХ мәтіндік редакторы математикалық формулаларды оңай енгізеді. Сондықтан ТеХ мәтіндік редакторы физико-математика бағытындағы ЖОО орындарына немесе сол саладағы қызметкерлерге арналған.

ТеХ мәтіндік редакторының ерекшіліктері:

  • ТеХ мәтіндік редакторында тек мәтін және оның құрылымы жазылады, ары қарай өзі автоматты түрде берілген мәліметтер бойынша құжатты пішімдейді.
  • Құжаттары ASCII-файлдарымен белгіленеді.
  • Кеңейтілуі «.tex»
  • Кеңейтілген түрі: LаTеX, AMS-TеX
  • қысқа хаттардан бастап улкен томды кітаптарды жазып шығуға болады;
  • көптеген ғылыми мекемелер ТеХ мәтіндік редакторын қолданады;
  • түрлі химиялық формулаларлы енгізуге мүмкіндігі бар (XymTeX);
  • диграмма құруға болады;
  • визитка жасайды.

          ТеХ мәтіндік редакторын шрифтінде  Дональд Кнут ойлап тапқан

арнайы METAFONT жүйесі қолданылады. Онда мәтіннің шрифті арнайы Meta тілінде қолданылады. Сонымен қатар векторлық шрифтер: PostScript Type 1, TrueType және OpenType.

Кең таралған нұсқалары: Windows ОЖ- TeX Live, MikTeX, UNIX ОЖ — TeX Live, teTeX. Бір қызықтыратыны, Уикипедиядағы (қазақша энциклопедия)барлық математикалық формулаларда ТеХ мәтіндік редакторы қолданылады.

 

2-cурет. ТеХ мәтіндік редакторының негізгі жұмыс терезесі

 

LaTeX ( [ˈleɪtɛk], [ˈleɪtɛh], [ˈlɑːtɛk] или [ˈlɑːtɛh][1],— лате́х) – ТеХ

мәтіндік құжатының кең таралған түрі. Оның құрамында арнаулы командалардан тұрады. Күрделі құжаттармен жұмыс істеуге арналған.Ең алғашқы нұсқасын 1984 жылы Лэсли Лэмпорт шығарды.

LaTeX мәтіндік құжатының мүмкіншіліктері:

  • мәтіндік құжат преамбула және дене деп бөлінеді;
  • Преамбула құжат жайлы ақпараттан, автордан, құжаттың дайындалған күнінен және  т.б мәліметтерден тұрады.

 

 

 

 

 

\documentclass[12pt]{article} % Документ принадлежит классу article, а также будет печататься в 12 пунктов.

 \usepackage[russian]{babel} % Пакет поддержки русского языка

 \title{Нормальное распределение} % Заглавие документа

 \date{\today} % Дата создания

3-сурет. LaTeX мәтіндік құжатының прембула бөлігі.

 

  • Құжаттың денесі мәтіннен және түрлі командалардан тұрады.

Олар  \begin{document} және  \end{document} командаларының арасында тұру  қажет.

 

\begin{document}

Информация о работе Қолданбалы программалық құралдар