Қолданбалы программалық құралдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2015 в 17:35, реферат

Описание работы

Қолданбалы программалық құралдар - қолданбалы программа дестелері мен қолданбалы программаны пайдаланушылардан құралған. Қолданбалы программалық құралдар қазіргі заманғы есептеу жүйелерін программалық жабдықтауды дамытуда басты міндеттер атқарады, есептегіш құралдарын әртүрлі пайдалану орталарына енгізуді тездетеді және оңайлатады. Қолданбалы программалар программалық құралдарын іске қосу арқылы пайдаланушымен жасалады.
Қолданбалы деңгейдегі программалық жабдықтау – қолданбалы программалардың жиынтығын құрайды, яғни олардың көмегімен нақты жұмыстар атқарылады. Бұл тапсырмалар ауқымы өте үлкен – өндіріс және шығармашылықтан бастап түрлі электрондық оқулықтарға дейін кең таралған. Есептегіш техникалық құрылғының өте үлкен функционалдық диапазонының мүмкіншілік қосымшалары әр түрлі ықпалдағы қолданбалы программалардың болуына себепті.

Файлы: 1 файл

ИВТ-СРС-КОЛДАНБАЛЫ.docx

— 986.22 Кб (Скачать файл)

11-сурет. Adobe Photoshop CS2 программасындағы қиылып алынған сурет.

 

2.Егерде рамкаңыздың шеті  түзу болмаса, оны қиып алу  батырмасындағы баптауында  - деген батырма таңдау қажет.Сонда сізде төменде көрсетілгендей сурет пайда болады.

 

12-сурет. Adobe Photoshop CS2 программасындағы қиылып алынған сурет.

 

3.Келесі ретте түсін  қалыпқа келтіру керек.Оны Levels функциясы арқылы жүзеге асырады.Ол функцияныImage → Adjustments (Изображение → Корректировка) арқылы таба аламыз немесе Ctrl-L пернетақта көмегімен орындауға болады.

13-сурет. Adobe Photoshop CS2 программасындағы құжаттың түсін қалыпқа келтіру.

 

4.Суретті сақтау үшін  оның көлемін кішірейту қажет. Image (Изображение) менюінен ImageSize (Размер Изображения) таңдап алынады. Нәтижесі төмендегі суреттегідей болады.

 

14-сурет.Adobe Photoshop CS2 программасындағы құжаттың көлемін кішірейту.

 

5.Суреттің түсін анығырақ  ету.Ол үшін негізгі мәзір жолынан  Filter → Sharpen (Фильтр → Резкость) таңдап алынады.Фильтр төмендегі суреттегідей орындалады.

15-сурет.Adobe Photoshop CS2 программасындағысуреттің түсін анықтау.

 

Amount (Величина)Үлкендігі: 70 — 90 
Radius (Радиус): 0,4 — 0,5 
Threshold (Порог)Табалдырығы: 0 — 4

Суреттің қалыпты көлемі 540х480

6.Сақтау.File → Save As (Файл → Сохранить как). Рng, .jpg  немесе .gif форматында  сақтау қажет.

 

 

 

 

2.5 Деректер қорын басқару жүйесі

 

Ақпаратты сақтау- компьютердің ең маңызды функцияларының бірі. Оның ең көп тараған құралы деректер қоры (ДҚ) болып табылады. ДҚ-берілген құрылымдағы ақпараттардан тұратын арнайы форматтағы файл. ДҚ-да сақталатын берілгендер кесте түрінде дайындалады.

Деректерді және олардың арасындағы байланыстарды ұйымдастырудың келесі типтері бар:

1)иерархиялық;

2) тораптық;

3) реляциялық.

Иерархиялық ДҚ-да жазба элементтері реттеліп жазылады да, оның бір элементі негізгі, қалғандары бағыныңқы элементтер деп есептеледі. Мұнда элементтер нақты тізбек бойынша сатылы түрде реттеліп қойылады. Онда берілгендерді іздеп табу саты бойынша төмен бағытта жүргізіледі. Мысалы: Windows бумасындағы файлдар жүйесі, Norton Commander программасындағы каталогтар жиыны.

Тораптық ДҚ- объектілердің арасындағы өзара байланыс түрлері қарастырылады. Егер бұл модельді графикалық түрде бейнелесек – жазықтықта бағыттауыш сызықтармен бейнеленген байланыстар шығады. Мысалы: сілтемемен байланысқан WWW-құжаты.

Реляциялық ДҚ – да кесте түрінде дайындалған берілгендер. Ол ең көп тараған берілгендер қоры, кестелер арасындағы байланыстар – жиі пайдаланылатын ең маңызды ұғым. ДҚ-да бағандарды өрістер (поля) деп, ал жолдарды жазбалар (записи) деп атайды. Кестеде қайталанатын бірдей жолдар болмайды. Өрістің негізгі ерекшелігі – бір өріс элементтері бір типті етіп құрылады. Бұл реляциялық деректер қорының Excel кестелік процессорынан негізгі айырмашылығы.

Реляциялық ДҚ құру және онымен жұмыс істеуді басқару үшін көптеген арнайы программалар дайындалған: dBase, FoxBase, FoxPro, Access және т.б. Оларды реляциялық типтегі деректер қорын басқару жүйелері (ДҚБЖ) деп атайды.

Көптеген ДҚ кестелік құрылымда болады. Кестелік құрылымда берілгендердің адрестері жол мен бағананың қиылысуымен анықталады. Кестелерді жобалау кезінде олардың құрылымдарын алдымен қағазда жасаған ыңғайлы. Кестедегі әрбір өріс оның тақырыбына сәйкес болатын жеке мәліметтен тұрады. Әр түрлі кестедегі берілгендерді байланыстыру үшін, әрбір кестедегі әрбір жазбаның өзіндік жеке мәнін бере алатын өріс не өрістер жиынтығы болуы тиіс. Мұндай өріс не өрістер жиынтығын негізгі кілтдеп атайды.

Microsort Access деректер қорын  басқару жүйесімен жұмыс істеу  негіздері.

MS Access-ті стандартты іске  қосу командасы: 

Пуск→Программы→MS Access.

MS Access программасы жүктелгеннен  соң экранда 16-суретте көрсетілген сұхбаттық терезе шығады.

 

16-сурет. Программаны жүктеу кезінде көрінетін терезе. 

 

Бұл терезеде MS Access қолданушыға үш нұсқаның бірін таңдауды ұсынады: Жаңа ДҚ-рын құру шебері; Шеберді іске қосу; Бұрыннан  бар ДҚ-рын ашу.

ДҚ-рын жаңадан құру қажет болса, 3-суретте бейнеленген терезенің тышқан нұсқағышымен Жаңа ДҚ-рын құружағдайын белгілеп, ОК батырмасын шертеміз. Сол кезде Жаңа ДҚ-ның атын және оның орналасу бумасын көрсетуді сұрайтын сұхбаттық терезе шығады.

Терезеде қажетті бума таңдалып, файл атауы енгізілген соң және файл типі көрсетілген соң,  Құру (Создать) батырмасы басылу керек. Экранда ДҚ терезесі көрінеді.

 

17-сурет. ДҚ терезесі

Access 97-де 22 түрлі  аспаптар панелі бар. Олардың  бірін экранға шығару не жасыру  үшін  Түр—> Аспаптар панелі—> Бапқа келтіру командасын беріп, көрінген сұхбаттық терезеден сәйкес ауыстырып қосқышты орнату не алып тастау жеткілікті. Қор терезесінде БҚ құрамындағы алты объектімен жұмысты бастауға арналған алты қондырма бет бар: Кестелер, Сұраныстар, Формалар, Есептер, Макростар, Модульдер.Олардың алғашқы төртеуі негізгі объектілер.

Макростар - макрокомандалар (бірнеше командаларды біріктіріп орындайтын команда). Мысалы, Quit (шығу) - Access-тен шығу, Delete (жою) - макрокомандалар. "Макрос" қондырмасын пайдаланып ашылған терезеге макросты енгізуге болады.

Модульдер - Visual Basic программалау тілінде жазылған ішкі программалар (процедуралар). "Модульдер" қондырмасы осы программалармен жұмыс істеуге арналған. Access-тің стандартты құралдары жеткіліксіз болған жағдайда программалаушы осы тілде программалық модульдерді жазып, жүйенің жұмыс істеу мүмкіндіктерін арттыруына болады.

Деректер қоры терезесінің оң жағында үш командалық батырма орналасқан: Ашу, Конструктор, Құру.

Ашу батырмасы қондырмадан таңдалған объектіні ашады. Егер объект кесте болса, оны көріп шығуға, жаңа жазу қосуға және кесте берілгендерін өзгертуге болады.

Конструктор батырмасы қондырмадан тандалған объект құрылымын ашып, оны түзету, бапқа келтіру үшін пайдаланылады. Егер объект кесте болса, оған жаңа өрістер не бар өрістерінің қасиеттерін (типін, өріс ұзындығын, т.б.) өзгертуге не жаңа кесте құруға да болады.

Құру батырмасының іс-әрекеті: жаңа объект құру үшін пайдаланылатын сұхбаттық терезені ашу.

 

18-сурет. Access 2000-дағы ДҚ терезесі.

 

Access 2000-да ашылған ДҚ терезесінің Жаңа ДҚ құру ауыстырып қосқышын орнатып, ОК батырмасын шерткен кезде файл аты сұралатын терезе ашылады. Мысалы, онда Okam1атауын берген соң көрінген ДҚ терезесі (13-сурет) көрсетілген. (Деректер қоры .mdbкеңейтілуі бойынша сақталады.) Одан әрі орындалатын жұмыс Access 97-де орындалатын жұмыстан көп айырмашылығы жоқ.

Кесте – деректер қорының негізгі объектісі. Кесте құру үшін ДҚ терезесін ашып, кестелер→құру командасын беру керек сұхбаттық терезесі көрінеді:MS Access –те  кестелер  құрудың  үш  түрі бар:

1)Кесте  режимі

2)Кестелер шебері

3)Конструктор

Access 2000-да (19-суретте) көрінген терезені құру үшін кестені деректерді енгізіп құру→құру командасын беру керек. Алғашқы кездерде кестені бірінші режим бойынша құрған жөн. Ол кесте құруға машықтандырып, түрлі терминдермен танысуға көмегін тигізеді.

 

19-сурет. Жаңа кесте терезесі.

Кестені қолдан құру технологиясы:

1. "Жаңа кесте" терезесінен "Кесте  режимі" қатарын таңдап, ОК батырмасын  шерту (режим қатарын екі рет  шертуге де болады). 4-суретте кескінделген "Кесте1" атаулы бос терезе  көрінеді. ("Кесте1" — Access тағайындаған  кестенің уақытша атауы.)

2. Ретімен оның Өріс1, Өріс2,... тақырыптарын екі реттен шертіп, олардың орнына құрылатын кестенің өріс тақырыптарын (атауларын) енгізу.

3. Ұяшықтарға жазу элементтерін (өріс мәндерін) енгізу. Ұяшыққа ендірілген  элемент оған сыймаса, оны ескерудің  қажеті жоқ. Көрінісін көргіңіз  келсе, көрсеткішті өріс тақырыбының  шетіне әкеліп, баған сызығын  әдеттегідей әрі-бері жылжытуға болады. Қатені түзету үшін BS не Del пернелерін пайдалану жеткілікті.

 

20-сурет. Кесте режимінде ашылған кесте құрылымы

 

1 - Access-тің негізгі мәзір жолы; 2 - Access-тің аспаптар панелі; 3 —  кесте тақырыбы жолы; 4 — кесте  маркері (белгішесі); 5 - уақытша өpic тақырыптары; 6 - жол маркері (белгішесі); 7 — ұяшықтар; 8 — бірінші, алдыңғы, келесі, соңғы  жолға өту батырмалары; 9 - қалып-күй  жолы

4. Терезенің Жабу батырмасын  шертіп, терезені жабу. Access кесте  құрылымын сақтау сұралатын сұхбаттық  терезе шығарады. Оның Иә батырмасын шерту.

Ескерту.Кесте не басқа ДҚ объектілерінің берілгендері пернетақтадан енгізіліп, бекітілген (курсор басқа ұяшыққа көшірілген) сайын Access оларды автоматты түрде сақтап қояды.

 

Нөмір

Тегі-Аты

Шифр

Матем

Физика

Информ

 

Ермекулы

101111

5

5

5

 

Толеген З.Т

10112

4

4

5

 

Бауржан А. У

10113

5

5

5

 

Жантелі Б.У

10114

5

4

4

 

Ахмет М. Ю

10115

5

5

3


21-сурет. Қолдан толтырылған Сессия кестесі

5.  Сұхбаттық терезе көрінеді. Ассеss-тің уақытша тағайындаған атауын өзгерткіңіз келсе, жаңа атау енгізіп (мысалы, Сессия), ОКбатырмасын шерту.

6. Кілттік өріс құру сұралатын сұхбаттық терезе көрінеді (22-сурет). Егер Иә батырмасын шертсеңіз, Access автоматты түрде кестеге Код атаулы есептегіш өрісті қосып қояды. Бұл өpic келешекте қажет болмаса, Жоқ батырмасын шерту.

22-сурет. Кілттік өріс құру сұралатын терезе

Құрылған кесте ДҚ-ның Кестелер бөліміне жазылып қойылады.

Дайындалған кесте мазмұнын көріп шығу үшін ДҚ терезесінің Кестелер қондырмасын ашып, кесте атауын, одан әрі Ашу батырмасын шертсе болғаны.

Access кесте өрістері типтерін  оларға енгізілген мәндер бойынша  автоматты түрде анықтап қояды. Бірақ кейде өріске енгізілген  бүтін сандық деректер типін  мәтіндік деп белгілейді, т.б. Кесте құрылымын өзгерту қажет болса, "Конструктор" режимін пайдалану керек.

 

2.6. Компьютерлік ойындар және оқулық программалар

 

Ойын программалары дербес ЭЕМ-дердегі қызғылықты, кез келгенжан әуестенетінтопқажатады. Дербес компьютерлердің кеңінен таратушы да себепші болған ойын программалары еді. Компьютерлік ойындар - демалудың жаңа технологиясы. ЭЕМ-де ойнағанда онымен шектен аса өуестенудің зиян екенін есте сақтау жөн.

Оқыту программалары оқу-үйрену сабақтарын ұйымдастырады, олардың мектепте не үйде тарихтан, информатикадан, тілден, биологиядан, математикадан, физикадан т.б. пәндерден сабаққа дайындалу кезінде өте ыңғайлы екені талас тудырмайды. Компьютерлер сабақ оқуда электрондық оқулық жөне тренажерлер түрінде, лабораториялық аспап әрі информациялық анықтамалық жүйе есебінде кеңінен пайдаланылады.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Соңғы кезде компьютерлік технологиялар үдемелі түрде дамып келеді және бұл программалық қамсыздандыруға әсер етуде.

 Программалық қамсыздандыру - технологиялық  жұмыс болып саналады, яғни программалық  қамсыздандырудың құрамына ортақ  жүйелік және арнайы бағдарламалық  өнімдер, сонымен бірге техникалық  құжаттар енеді.

Қолданбалы программалық құралдың  дәрежелері өздігінен пирамидалық құрылым сияқты. Әрбір келесі дәреже программалық жабдықтаудың өткен дәрежесіне сүйенеді. Олай бөліну есептегіш жүйенің жұмысының барлық кезеңдеріне ыңғайлы, программаны орнатқаннан бастап оның іс жүзінде жұмыс істегені мен техникалық қызмет көрсеткеніне дейін. Әрбір жоғарыдағы дәреженің барлық жүйенің функционалдығын көтеретініне назар аудартады. Мысалы, есептегіш жүйе базалық дәрежедегі программалық жабдықтаумен көпшілік қызметтерді атқаруға шамасы келмейді, бірақ жүйелік программалық жабдықтауды орнатуға мүмкіндік береді.

Қолданбалы программалық құралдар компьютермен жұмысты жеңілдетеді. Және көптеген мүмкіндіктерімен қажет ақпаратты өңдеуге барынша көмек береді. Көптеген мәселелер өзара байланыстағы бір-бірімен бірігіп отырып жұмыс істейтін программалар кешендерінің көмегімен шешіледі .

Қолданбалы программалық жабдықтауда-пайдалану жағынан мәселе-анықтайтын, жалпы тағайындау дестелері және шоғырлану дестелерінен тұратын қолданбалы программалар дестелері үлкен орын алады.

Информация о работе Қолданбалы программалық құралдар