Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2013 в 18:27, реферат
Операциялық жүйе компьютердің программалық құралдарының ажырамас бөлігі болып саналады. Әрбір адамға компьютердің барлық құрылғыларын басқару мүмкіншілігін беретін, сол себепті басқа программаларды аппаратурамен байланыс жасаудан босататын, компьютерде жұмыс істегісі келетін әрбір адамға өте қажет операциялық жүйенің , яғни системаның (ОС) алатын орны ерекше больш есептеледі.
Сонымен, ОС – адам мен компьютер аппараттық құралдарының арасындағы байланысты ұйымдастыратын программа немесе өзара байланысқан программалар тобы. Оның құрамына өз командалары және драйверлер – сыртқы құрылғыларды басқару программалары, утилиттер – жұмысты жеңілдететін программалар және тағы басқалар кіреді.
Операциялық жүйе компьютердің программалық құралдарының ажырамас бөлігі болып саналады. Әрбір адамға компьютердің барлық құрылғыларын басқару мүмкіншілігін беретін, сол себепті басқа программаларды аппаратурамен байланыс жасаудан босататын, компьютерде жұмыс істегісі келетін әрбір адамға өте қажет операциялық жүйенің , яғни системаның (ОС) алатын орны ерекше больш есептеледі.
ОС екі негізгі қызметті орындайды:
1) барлық қолданбалы және
жүйелік программалардың
2) әрбір адамға компьютерді жалпы басқару мүмкіншілігін беру.
ОС-тің негізгі мақсаты – программалардың бір-бірімен және сыртқы құрылғылары мен әрекеттестігін қамтамасыз ету, компьютердің жадын бөлу, жұмыс кезінде туындайтын әр түрлі оқиғаларды анықтау, жұмыс нәтижелерін қағазға, экранға шығару жолдарын ұйымдастыру, мәліметтерді сыртқы ортадан алу және беру, т.б. ОС-тің негізгі ядросы машина іске қосылған сәттен бастап компьютердің жадында болады. Машинаны жалпы басқару үшін ОС-тің командалары пайдаланылады, оның көмегімен адам дискіні белгілеу, мәліметтерді көшіру, кез келген программаны іске қосу, керекті жұмыс режимін орнату сияқты әр түрлі әрекеттерді орындайды.
Сонымен, ОС – адам мен компьютер аппараттық құралдарының арасындағы байланысты ұйымдастыратын программа немесе өзара байланысқан программалар тобы. Оның құрамына өз командалары және драйверлер – сыртқы құрылғыларды басқару программалары, утилиттер – жұмысты жеңілдететін программалар және тағы басқалар кіреді.
ОС-тің атқаратын қызметін мынадай үш топқа жіктеуге болады:
1) мәліметтерді енгізу-шығарудың барлық түрлерін ұйымдастыру;
2) компьютердің сыртқы ортамен қатынасын ұйымдастыру;
3) мәліметтерді сақтау мен өңдеу жұмыстарын атқару.
Компьютерлердің әр түрлі
модельдерінде қарай ОС-тің
Жалпы ОС басқаруымен, оның ішіндегі MS-DOS, Wіndows жүйелерінің басқаруымен атқарылатын әрекеттерге келесi операциялар жатады:
МS-DOS операциялык, жүйесі 1981 жылы ІВМ дербес компьютерлерімен бір мезгілде пайда болып, әрбір компьютерге орналастырылған болатын.
Қазіргі кездерде стандартты операциялық жүйе ретінде Windows есептеледі, бірақ МS DOS жүйесінің негізгі қағидалары операциялық жүйелердің барлығында толық пайдаланылады.
Дербес компьютерлерде программалар
мен мәліметтерді сақтаушы рөлін
магниттік дискідегі
Компьютерлердің көбісінде бұрын екіден иілгіш магниттік дискідегі мәлімет жинақтауыштар болған, олар А: және В: болып, ал қатты дискідегі жинақтауыштар бір немесе бірнеше бола береді де С:, В:, Е: және т. с. с. түрінде белгіленеді. Бұрынғы компьютерлерде мәліметтерді бірінен біріне көшіру үшін екі дискет салатын ұя қолданылған еді, кейін компьютер жедел жадының көлемі үлкейген соң, тек бір ғана ұя қалдырылды. Қазіргі кезде В: дискісі қолданылмайды.
Дербес компьютер іске қосылғанда ОС құрамы көбінесе С: қатты дискісінен немесе А: иілгіш дискісінен оқылып, жедел жадқа жүктеледі де, экранға Windows ортасында жұмыс үстелі шығады, ал MS DOS жүйесінде – оның қызмет атқаруға дайындығын білдіретін төмендегідей стандартты түрдегі жұмысқа шақыру белгісі шығады.
А:\> - бұл А: дискісінің
жұмыс істеуге дайындығын
С:\> – С: дискісінің жұмыс істеп тұрғанын көрсететін шақыру белгісі.
Сонымен, ОС магниттік дискіде (қатты) немесе дискетте (иілгіш) сақталады. Дискілердің негізгі бөлігі мәліметтерді немесе программаларды сақтауға арналған. Оның шамалы бөлігінде ғана ОС пен әрбір адамның программаларының мазмұны (каталогта не бумада) сақталады.
2.1. Файлдық жүйе
Мәтіндер мен программаларды тұрақты сақтауға арналған дискідегі мәліметтер жиыны файл деп аталады. Файл (file - бума, десте) белгілі бір атпен магниттік дискіде жазылған біртектес информациялар жиыны. ОС жұмысы үшін керекті мәліметтер рөлін әр түрлі типтегі файлдар атқарады. Файл программадан немесе оларға қажетті берілген сандар тобынан, мәтіннен тұруы мүмкін. Дискіде аттары әр түрлі көптеген файлдар болады. Файлдың толық атауы екі бөліктен қүралады: аты және типі. Файлдың аты – MS DOS жүйесінде 8 таңбаға дейінгі әріптен басталатын сандар мен латын әріптері жиыны (Windoows-те ол 255-ке дейін ұзартылған және орыс, қазақ әріптері де қолданыста), ал оның 3 таңбадан аспайтын екінші бөлігі типі болып саналады, типті файл атының кеңейтілуі деп те айтады. Бір каталогта аттары бірдей файлдар болмауы тиіс. Файлдың типі кейде болмауы да мүмкін. Файлдың аты мен типі нүктемен бөлінеді.
Файлдың толық аты латынның бас немесе кіші әріптерімен беріледі (цифрлар да кіреді). Мысалы:
СОММАND.СОМ NORTON.ЕХЕ TANIA5.DOC
START' GAME.BAS AIGUL.TXT MARAT.DOC ТЕХТ1
Файлды дискіге жазғанда немесе өзгерткенде, оның көлемі, жазылған уақыты, мерзімі де тіркеледі. Файлдың аты, типі, байтпен берілген көлемі, операциялық жүйенің календары мен сағатынан алынып жазылған күні, айы, сағаты файлдың атрибуттары (көрсеткіштері) деп аталады. Олар файл жазылғанда, өзгертілгенде немесе көшірілгенде тіркеліп отырады.
2.2. Файлдарды топтап белгілеу
Кейбір командаларды орындау барысында файлдардың атын толық көрсетпеуге болады, бұл жағдайда ОС файлдар тобын іздейді.
Кейде файлдардың біреуін ғана емес, қатар орналасқан бірнешеуін топтауға тура келеді. Мұны файлдың атына шаблондарды немесе нұсқаларды, яғни "*" және "?" белгілерін қою арқылы істеуге болады.
* - файлдың атындағы кез
келген сөз тіркестерін
? - файлдың атындағы болуы
мүмкін кез келген таңбаны
немесе оның болмауын да
Мысалы:
таңбадан тұратын файлдар тобы (ali.bas, a.bas, t1.bas, tor.bas, olia.bas
...);
екі таңбадан тұратын типі кез келген сөз болатын файлдар
тобы (a.txt, a.com, as.doc, a2.bas, ad.pas ...).
2.3. Файлдар каталогы
Дискіде сақталатын файлдар өте көп болып, олар бірнеше мыңдаған сандарға жетуі мүмкін. Мұндай информациялармен жұмыс істейтін адам қандай мәлімет қай жерде орналасқанын және ол файлдардың аттарын есте сақтауы тиіс.
Файлдарды дискілерде сақтауды белгілі бір жүйеге келтіру үшін оларды каталогтарға біріктіреді. Каталог немесе бума (папка, folder) – белгілі бір ортақ қасиеттеріне қарай бір магниттік дискіде орналастырылған файлдар тобына қойылған атау, яғни бума аты. Каталогты компьютердің сыртқы жадының бір бөлігі немесе тарауы деп қарауға болады. Windows жүйесінде каталог бума деп аталады, бұл атау оның мән- мағынасын толығырақ ашады. Әрбір каталогтың өзіндік белгілі бір аты бар. Бір каталог басқа каталогқа кіруі мүмкін, оңда ол басқа каталогқа бағынышты каталог болады. Осы тәрізді тармақталған бұтақ тәріздес файлдар жүйесі қүрыла береді (5.1-сурет).
Каталог файл тәрізді өз иесі қойған атпен аталады. Әр адам каталогтарды қалай деп атап, қалай құратынын өзі шешеді. Мысалы, ол бір каталогқа мәтіндік файлдарды, екінші бір каталогқа кесте түріндегі файлдарды, ал үшіншісіне – өз программаларын енгізуі мүмкін.
Дискілерді форматтағанда, онда автоматты түрде әр түрлі мәліметтер жазылатын басты немесе түпкі каталогы ашылады.
Бір каталогқа аттары бірдей екі файлды орналастыруға болмайды, оның соңғысы жазыларда алдыңғысы бірден жойылып кетеді, бірақ аттас файлдар әр түрлі каталогтарда орналаса береді.
Бір каталог екінші бір каталогтың ішінде орналаса береді, мұндайда ол бағынышты атанып, сатылы түрде бұл каталогқа басқа бір каталог бағынышты болып орналасуы мүмкін. Осындай түрде бірінің ішіне бірі орналасқан каталогтар бұтақ тәрізді көп сатылы (иерархиялы) файлдар жүйесін құрайды.
Дискіде міндетті түрде түпкі немесе 1-деңгейдегі каталог болуы тиіс. Оған файлдар және 2-деңгейдегі каталогтар енеді, ал оның ішіне 3-деңгей каталогы, т.с.с. енуі мүмкін.
Бағынышты каталогтар тізбегі бір-бірінен "\" таңбасымен бөлініп жазылады, мысалы,
С:\DEMO> – DEMO С: дискісіндегі 1-деңгейлі каталог;
С:\DEMO\SYSTEM> – SYSTEM С: дискісіндегі 2-деңгейдегі каталог; Әрбір мезетге бір каталог жұмыс атқарады да, ол екпінді немесе активті (ағымдағы) деп аталады. Компьютер іске қосылғанда мұндай каталог рөлін түпкі каталог атқарады немесе компьютер өшірілер кездегі екпінді болған каталог атқарады, пайдаланушы өз қалауынша командалар көмегімен басқа каталогты екпінді ете алады.
Файлдар бұтақ тәрізді күрделі түрде құрылса, онда оның тек өз атын ғана емес, сонымен қатар тұрған каталогын, оның басты каталогпен байланысын, дискісін көрсету қажет. Мұндай файлдың нақты тұрағын (адресін) көрсететін каталогтар тізбегін – маршрут немесе жол деп те атайды. Сонымен, файл толық түрде мынадай элементтермен беріледі:
1) дискінің аты, ол бірақ кейде көрсетілмей де кетеді;
2) бірінің ішіне бірі кіретін каталогтар тізбегінің аттарынан тұратын маршрут (ол да кейде көрсетілмей кетеді);
3) тізбекті аяқтайтын
файлдың өз аты (файл
Уақыттың әрбір мезетінде бір дискіжетек ағымдағы екпінді күйде болады, оның айғағы ОС шақыруы, яғни жұмыс істеп тұрған дискіжетек пен файлдар маршруты атының көрсетілуі.
Мысалы: А:> немесе С:\>
С:\DEMO\VICTOR> немесе С:\SYS\AZAT \ALMA>
Сонымен файлдың маршрутын немесе адресін толық көрсету үшін дискінің атын, каталог аттарының тізбегін, ең соңында файлдың атын және типін толық көрсету қажет. Жалпы ереже бойынша файлдың толық аты төмендегідей болады.
[дискінің аты:\] [маршрут\] файлдың аты[.типі]
Тік (квадрат) жақшаның ішіндегі сөздер көрсетілмеуі де мүмкін. Компьютер іске қосылып ОС жұмысқа кіріскен соң, экранға жұмысқа шақыру (немесе дайындық) белгісі шығарылып отырады. Ол жұмыс істеп отырған ағымдағы диск аты мен ағымдағы каталог аты тізбегінен тұрады, мысалы,
С:\DOS\> - С: дискісінің DOS каталогы жұмыс істеп тұр;
С:\> - С: дискісінің түпкі, ең жоғары деңгейдегі каталогы іске қосылып, жұмыс істеуге дайын тұр;
D:\BAS\STUDENT\> - D: дискісінің BAS каталогындағы бағынышты STUDENT каталогы ағымдағы күйде жұмысқа дайын тұр;
А:\> - А: дискісінің түпкі каталогы жұмысқа дайын, т. с. с.
Әрбір іс-әрекет орындалған сайын экранға компьютердің келесі команданы орындауға дайын екендігін көрсететін осындай шақыру тізбегі автоматты түрде экранға шығып отырады. Маршрутта ағымдағы диск аты көрсетілмесе де болады. Егер маршрут С: таңбаларынан басталса, файл орны осы дискінің түпкі каталогынан есептеледі, диск көрсетілмесе, файл орны ағымдағы каталогтан бастап есептеледі.
2.5. Файлдың аттарының стандартты типтері
Файлдың аты немесе типі (Windows-те суреті, белгішесі) онда сақталынатын информацияның тегіне, мазмұнына, типіне қарап беріледі. Файлдарды толық аттары бойынша айырып тануға мүмкіндік беретін мына төмендегідей стандартты типтері бар:
.ASM - ассемблер тіліндегі программа;
.BAS - BASIC тіліндегі программа;
.СОМ - тікелей атқарылуға арналған командалық файл;
.DАТ - мәліметтер файлы;
.DОС - Word программасында дайындалған құжаттық файл;
.ЕХЕ - ОС басқаруымен атқарылатын файл;
.РАS - Паскаль тілінде жазылған программалық файл;
.ТХТ – Блокнот программасында дайындалған мәтіндік (текст) файл.
Информация о работе Операциялық жүйелер және олардың атқаратын қызметі