Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2013 в 18:27, реферат
Операциялық жүйе компьютердің программалық құралдарының ажырамас бөлігі болып саналады. Әрбір адамға компьютердің барлық құрылғыларын басқару мүмкіншілігін беретін, сол себепті басқа программаларды аппаратурамен байланыс жасаудан босататын, компьютерде жұмыс істегісі келетін әрбір адамға өте қажет операциялық жүйенің , яғни системаның (ОС) алатын орны ерекше больш есептеледі.
Сонымен, ОС – адам мен компьютер аппараттық құралдарының арасындағы байланысты ұйымдастыратын программа немесе өзара байланысқан программалар тобы. Оның құрамына өз командалары және драйверлер – сыртқы құрылғыларды басқару программалары, утилиттер – жұмысты жеңілдететін программалар және тағы басқалар кіреді.